Жорықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Реферат, 05 Декабря 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылған. Аталмыш бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 59 млрд. теңгеден астам сома көлемінде қаржы бөлу жоспарланып отыр.
Работа состоит из 1 файл
Туризмді дамытудың 2007.docx
— 49.03 Кб (Скачать документ)Туризмді
дамытудың 2007-2011 жылдарға
арналған мемлекеттік
бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде
халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және
ішкі туризм көлемінің артуы есебінен
кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен
қатар Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық
аймақтың туризм орталығына айналдыру
үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия
құру қарастырылған. Аталмыш бағдарламаны
іске асыруға республикалық бюджеттен
59 млрд. теңгеден астам сома көлемінде
қаржы бөлу жоспарланып отыр.
Баяндамада бүгінгі таңдағы мемлекеттік
және жеке меншік секторлардың өзара әрекеттерінің
кластерлік моделі өзін өзі ақтағаны баяндалған.
Мұның нақты факторы ретінде «Туризм»
кластерінің пилоттық жобасын іске асыру
болып табылады.
Кластерлік инициатива шеңберінде туристік
инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция
жұмылдыру мүмкіндігі маңызды болып саналады.
- Қонақүйлер жүйесін, Ұлы Жібек Жолы үлгісінде керуен-сарайлар мен өзге де маңызды туристік маршруттардың құрылысына жағдай жасалатын болады.
- Инвестжобалар бойынша ұсыныстар негізінде аймақтық мөлшерде база қалыптасқан. Алғашқы кезеңде 90 инвестжоба сарапталып, жинақталды. Олардың 11 – і 386 млн АҚШ долларына өзектірек саналып алынды, және «Қазына» тұрақты даму қорына мемлекеттік қолдау көрсету үшін жіберілді.
- Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі заманауи көпфункционалды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы жасалды, оны Елбасы мен ел Үкіметі мақұлдап отыр. Аталмыш жоба бойынша инвестиция жұмылдыруға жоспарланып отырған сома 30 млрд АҚШ долларын құрайды.
1.
Таушаңғы туризмінің
болашағы
Алматы және Шығыс-Қазақстан облыстарында
таушаңғы базасын салу. Алматы облысында
– 5 (Шымбұлақ, Алматау, Табаған, ЦСКА);
Шығыс-Қазақстанда – 2 (Изумруд Алтай,
Алтай Альпілері). Алматы облысы, Талғар
ауданындағы Әскери шатқалда әлемдік
стандартқа сай келетін «Ақбұлақ» таушаңғы
базасы салынған.
Туризмнің инфрақұрылымын дамыту көліктік
инфрақұрылым желісін құрумен тікелей
байланысты. Ішкі және сыртқы туризмді
дамытудың басты алғышарты барлық санаттағы
туристерге арналған авиа, теміржол, автомобиль
және су көлігіне қолжетімділік болып
табылады.
2. Туристік кадрларды
даярлау деңгейін жоғарылату.
Бүгінгі күні кадрларды даярлау деңгейін
көтеру жұмыстарына айрықша көңіл бөлінеді.
2006 жылы туристік фирмалардың саны 921 ді
құрады және өткен жылмен салыстырғанда
9 пайызға көтерілген. Министрлік туристік
кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын
өткізіп тұрады. Бұл жылы Астана қаласында
бірінші республикалық ақпараттық туристік
орталықты ашу, келесі жылы Алматы, Түркістан,
Атырау және Ақтау қалаларында ашу жоспарланып
отыр. 2005 жылдан бастап ҚР Үкіметінің қолдауымен
«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде туризм
саласына кадрлар даярлануда. ҚР Туризм
және спорт министрлігі мен Білім және
ғылым министрлігімен бірлесе отырып
жоғарыда аталған Бағдарлама аясында
білім алушыларға арналған квотаны арттыратын
болады.
3. Қазақстанның тартымды туристік имиджін нормалау
Әлемдік туристік
рыноктағы Қазақстанның тартымды туристік
имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның
туристік әлеуетін ілгерілетудің мақсатты
Бағдарламасын жасалды. Онда халықаралық
туристік форумдарға қатысуды, көрме,
жәрмеңке өткізу, әлемнің жетекші телеарналарында
жарнамалық бейнероликтерді орналастыру
және беру, сонымен қатар шетелдік БАҚ
өкілдеріне инфотурлар өткізу және жарнамалық-ақпараттық
өнім шығаруды қарастырылған.
Имиджді жоғарылату үшін Қазақстанның
2007 жылы Дүниежүзілік туристік Ұйымының
атқарушы кеңестігіне (ЮНВТО) өтуі мен
2009 жылы Астана қаласында ЮНВТО-ның Бас
Ассамблеясын өткізу маңызды роль атқарады.
Өткен жылғы туризм саласындағы негізгі
көрсеткіштер:
- Сырттан келу туризм 8 пайызға артып, 4 млн. 706 мың адамды құрады;
- Ішкі туризм 7% артты, 3 млн. 495 мың адамнан тұрды;
- Сыртқа шығу 23% және 3 млн. 687 мың адамды құрады.
Анықтама:
Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын
арттыруға және Қазақстанның әлемдік
туристік рынок жүйесіне кіруіне әсер
ететін болады. Ел экономикасының шикізаттық
салалары арасындағы секторлардың маңызды
кіріс көзі бола алатын, дамыған бәсекеге
қабілетті туристік индустрия құралу
жоспарда бар. Республикада Қазақстанның
Ортаазиялық аймақ туризмінің орталығы
болуына жағдай мен мүмкіндік жасалатын
болады.
Қазақстандағы туризм
Ұлы
Жібек Жолы бойында
орналасқандықтан Қазақстан аум
Әуесқой туристердің бастауымен Алатау
қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында
туристер үшін шағын үй салынды. 1936 жылы
бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50
кісілік “Горельник” турбазасының шаңырағы
көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында
(Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер
слеті өтті. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың
басынан “Горельник” турбазасында Кеңес
армиясының тау атқыштарын даярлайтын
Бүкілодақтық нұсқаушылар мектебі орналасты.
Соғыстан кейін “Горельник”
тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын
даярлайтын базаға айналды. Адамдардың
белсенді демалысы мақсатында 1952 жылы
Қазақстанда Туристік-экскурсиялық басқарма
(ТЭУ) құрылды. 1961 жылы Алматыда Респубикалық жас туристер станциясы
ашылды. 1960 жылы кәсіподақтардың
Қазақ республикасының кеңесі жанынан
туризм жөніндегі республика басқарма
ұйымдастырылды. 1962 жылы Туристік-экскурсиялық
басқарма Туризм жөніндегі кеңес болып
қайта құрылды. 1965 жылыҚазақстанда республикалық және
5 облысық (Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Орал, Шымкент)
туристік кеңес және әр облыста экскурсиялық
бюро ашылды.
- 1950 – 60 жылдары Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмі, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесінде туристік нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмді дамытуда үлкен үлес қосты.
- 1958 жылы Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның спорт шебері атағы берілді.
- 1970 жылы құрылған Туризм және саяхатшылықтың республикалық кеңесі туризмнің одан әрі дамуына әсер етті.
- 1971 – 75 жылдары Қазақстанда туризмнің материалдық базасын нығайып, саяхаттық-туристік ұйымдар көбейді, жаңа туристік базалар мен мейманханалар пайдалануға берілді.
- 1978
жылы Қазақстанда экскурсия мен туризмнің
респ. кеңесі және 14 облыстық кеңес, 17 туристік
база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия
бюролары және шет ел туристеріне қызмет
көрсететін 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкент қалалары
нда туристік автомоб. базалары құрылды. Туристік базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жетті. - 1988 жылы туризм құрылымында біршама өзгерістер болды. Жаңадан туристік экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмінің дамуына Н.И. Самойленко, С.Әбденбаев, Т.Жездібаев, А.Чукреев, О.Мазбаев, С.Р. Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды.
- 1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 жылы 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағы туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау, т.б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді.
- 2002 жылы республикада 430 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі бюролар жұмыс істеді. Оларда 6 мың адам, оның ішінде 1500 кәсіптік экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетеді. Қазақстанның туристік фирмалары дүние жүзінің 80-ге жуық елімен қарым-қатынас жасайды. Алматы қ-ның 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндістанға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т.б. елдерге чартерлік әуе рейстерін жолға қойған.
Қазақстанда туризмнің барлық түрлері
(танымдық, ойын-сауық, этника, экология,
денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық,
аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу),
т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін
Қазақстан аумағы бойынша 700-ден
астам саяхаттық маршруттар белгіленген.
Оларға Қазақстанда жиынтық
Туризм мамандары
Туризм және спорт академиясында, Қазақ
халықаралық қатынастар және әлем тілдері
университетінде, Алматы мемлек
[өңдеу]Туристік нысандар
Қазақстандағы
туристік ресурстарға – туристік
қызмет көрсету нысандарын қамтитын
табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени,
сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің
рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын,
олардың күш-жігерін қалпына
Қазақстандағы туристік
нысандар бірнеше
топтарға бөлінеді:
- табиғи-рекреациялық
- тарихи-археологиялық
- тәуеп ету
Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау
Тарихи-археологиялық
ескерткіштердің туристік-
Түркістан – қазақ хандығының
алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи
кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына
қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір
Қазақстанда Отырар, Сарайшық,
Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика
аумағында көптеп кездеседі. Оларға
түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан
қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб
мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті,
т.б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге
тәуеп етіп, Аллаға сиыну үшін келеді.
Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауданы) Арыстан баб кесенесі, Ибраһим-ата бейіті,
Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауданыннда
– Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында
– Айша
бибі кесенесі
мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында
– Артық, Айтман кесенелері, Балқаш көлі
маңында – Тектау ата, Әуез бақсы, т.б.
киелі орындар бар. Қазақ халқының азаттық
күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға
деген құрмет белгісі мемориалдар мен
ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға Райымбек
пен Қарасай батыр ескерткіштері (Алматы
облысы) Қордайдағы (Жамбыл облысы) Өтеген
батыр, Ақтөбедегі Есет батыр, Солтүстік
Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы Қара