Жаңа технологиялардың нарықты қамтамасыз етілуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 19:04, реферат

Описание

Шаруашылықтың қазіргі әлемдік жүйесі ресурстардың алғашқы түрлерінің шектеулігіне байланысты оларды тиімді қолдануға деген қажеттіліктердің тереңдеуімен сипатталып отыр. Ресурстарды тиімді қолдану ұлттық экономиканың әртүрлі секторлары мен құрылымдық деңгейлерінде инновациялық процестермен іске аспақ. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесіне енуі мен жаһандық бәсекенің қысымына төтеп бере алу мүмкіншіліктері инновациялық шараларды дұрыс ұйымдастырып, оны іске асыра білуіне байланысты.

Работа состоит из  1 файл

эконом дипл срсп.doc

— 55.50 Кб (Скачать документ)

 

                   Жаңа технологиялардың нарықты қамтамасыз етілуі

 

Шаруашылықтың қазіргі  әлемдік жүйесі ресурстардың алғашқы  түрлерінің шектеулігіне байланысты оларды тиімді қолдануға деген қажеттіліктердің тереңдеуімен сипатталып отыр. Ресурстарды  тиімді қолдану ұлттық экономиканың әртүрлі секторлары мен құрылымдық деңгейлерінде инновациялық процестермен іске аспақ. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесіне енуі мен жаһандық бәсекенің қысымына төтеп бере алу мүмкіншіліктері инновациялық шараларды дұрыс ұйымдастырып, оны іске асыра білуіне байланысты. Олай болмаған жағдайда бәсекеге қабілеттіліктің барлық деңгейлерінде: тауарлық, фирмалық, салалық және мемлекеттік ауқымда олар қосымша құны жоғары бәсекелік артықшылықтары бар өнім өндіруде көптеген кедергілерге соқтығады.

Елбасы Н.Назарбаевтың 2004 ж. Қазақстан  халқына Жолдауында инновациялық дамудың, яғни ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыруға бағытталған жаңа экономикалық саясат белгіленген. Республикамыздың 2003-2015 ж.ж. индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшіру мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялауға негізделген. Яғни бұл мәселеге ұлттық ауқымда көңіл бөліне бастады. «Үшінші мыңжылдықтағы ғылым» айдарымен өткен халықаралық конференцияда Елбасы: «Жаңа жүзжылдықтағы тұрақты даму стратегиясы отандық ғылым жетістіктеріне ресурстарды үнемдейтін және экологиялық таза технологиялар негізінде ғылыми сыйымдылығы жоғары және бәсекеге қабілетті өнім өндіруге байланысты екендігі күмәнсіз», деп атап өтті. Жетілген экономика деп жаңа, әрі күрделі салаларда бәсекеге түсе алатын экономиканы атайды, ал бұндай жетістіктерге тек инновациялық қарқынмен ғана қол жеткізуге болады.

«Инновация» ұғымы ағылшынның «innovation» сөзімен ұғымдас және жаңалықтар енгізу деген мағынаны білдіреді. Бұл терминге Оксфордтың түсіндірме сөздігінде төмендегідей ауқымды мағына берілген: «Конструкциялаудың, тауар өндірісі немесе оны өткізудің кез-келген жаңаша әдісі, бұны енгізген инноватор немесе компания қандай да бір бәсекелік артықшылыққа ие болады». Патенттерді қолдана отырып табысқа қол жеткізген инноватор уақытша монополист болғанымен, қандай да бір мерзімнен кейін бәсекелестер де табысты нарыққа кірудің әдісін табады. Кейбір компаниялар өнімнің жаңаша түрін қалыптасқан сұранымға қарай бейімдесе, басқалары жаңа нарықтар құрай алатын технологиялық жаңалықтар енгізіп отырады.

Егер қандай да бір салада бір өнімді басқа өнім тек алмастырып отырса, онда фирмалар өзінің техникалық артықшылықтарын сақтап қалып, өз өнімдерін бәсекелестерге қарағанда шапшаң енгізу үшін инновациялық стратегияларды ұстанып отыру фирмалардың нарықтағы өмірщеңдігін анықтайды. Сонымен қатар саладағы тәжірибе қисығы қиғаш болса, жаңа өнімді ең алғаш енгізіп, басым нарықтық үлеске қол жеткізген фирмалар өндіріс шығындарын төмендетуге негізделген бәсекелік артықшылықтарды да қолдана алады.

Ноу-хау мен технологиялардың ақпараттық тұйықтығы саладағы бәсеке интенсивтілігіне ықпал ете алатын  мықты фактор болып саналады. Ерекше технологияларға патенттер мен біліктілігі жоғарғы деңгейдегі персоналдың болуы 58 салаға жаңадан енгісі келетін және басқа да бәсекелестрге мықты тосқауыл бола алады. Әр фирма ерекше бәсекелік артықшылықтар беріп отырған технологиясын қорғап отыратындықтан, бақталастардың мүмкіндіктері техникалық деңгейі жағынан бәрібір толыққанды бәсекеге түсе алмайды.

Технологиялық инновациялық өндірістік аяда ең алғаш рет зерттеу жүргізген  ғалым Й.Шумпетер еді. Ол өзінің «іскерлік белсенділік циклдері» ілімінде экономикалық дамудың қозғаушысы кәсіпкердің инновациялық әрекеттері деп көрсетті. Яғни кәсіпкер экономика мен экономикалық өсімнің бәсекелік тұрғыдағы құрылымдық өзгерісінің қайнар көзі. Жалпы инновацияларды өнім өндірудің кез-келген кезеңінде енгізуге болады.

Инновациялық өзгерістер технологиялық  процестерден басқа жабдықтар мен  құралдардың жаңаша түрлерін енгізу мен тұтынушыларға тауарды сатуға дейін және сатудан кейін қызметтің  ерекше, жаңашыл түрін көрсете  отырып, дифференцияланған бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізудің басты шарты.

Инновацияларды шартты түрде екі  деңгейде қарастыруға болады:

1. Өндіріске алғаш рет енгізіліп  отырған жаңалықтар, идеялар –  ал бұларды енгізіп отырған  инноваторлар жоғарғы деңгейдегі  бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізе алады.

2. Имитатор – фирмалар енгізіп  отырған қайталанбалы ноу-хау  немесе жаңалықтар.

Бірінші деңгейдегі инновациялар мекемелердің барлығында жаппай қолданыс таба алмауы ықтимал.

Екіншісі қатаң бәсеке талаптарына  төтеп бергісі келетін фирмаларда қолданыс табуы керек.

Қазіргі кезде экономикалық байланыстармен қатар ақпараттар мен технологиялардың да жаһандық сипатқа ие болуы ішкі нарықтағы бәсеке мен халықаралық  бәсекеге де сәйкесінше өзгерістер енгізіп  отыр. Мұны төмендегі тенденциялардан байқауға болады:

- бір текті өнім ұсынып отырған  жабдықтаушылар сыбайлас мекемелермен  өндірістік байланыстарын нығайта  отырып, шығындарын барынша азайтуға ұмтылысы;

- мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін  көтеру мақсатында тік интеграция жүргізе отырып, құндылықтар шынжырын жетілдіруі;

- нарықтағы бәсекеге интенсивтілігінің  күшеюіне байланысты өз фирмаларының  мүдделерін қорғауға бағытталған  стратегиялық альянстардың және  диверсификация негізінде құрылған  конгломераттардың көбеюі.

Ұлттық экономикадағы инновациялық белсенділік қана өнеркәсіптің жетекші факторы бола алады. Бұл мәселе жөнінде ресейлік экономистердің дұрыс пайымдауынша ресейлік экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің көп факторлы мәселелері жанжақты бағытта қарастырылуы тиіс. Бұл факторлардың ішінде жетекші орында инновациялық факторлар тұр, өйткені дәл осы факторлардың ықпалымен экономиканы құрылымдық түрде өзгертуге болады. Мемлекеттің экономикалық жағдайы мен экономикалық өсімінің мықты көрсеткіші алғышарттарын алдыңғы технология мен инновацияның, жұмыскерлердің кәсіпқойлылығының артуы қамтиды. Бірақ бұл процесс мемлекетемізде инновациялық әлеуеттің болуына қарамастан нарық субъектілері тарапынан толық қолданыс таппай отыр. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай ұлттық ресурстарды мақсатты түрде дұрыс шоғырландыру, инвестициялық ресурстарды стратегиялық бағытта қолдану бәсекелі ортаны қалыптастырып, фирма қызметінің тиімділігін арттыруға, инновациялық белсенділігін жеделдетуге және олардың ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, 59 мемлекеттің инновациялық бағыттағы тұрақты өсімін анықтай алады.

Республикамызда инновациялық белсенділікті арттыруға кедергі болып отырған негізгі факторларға келесілерді жатқызуға болады:

- бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

- банктердің несиелік мөлшерлемелерінің жоғарылығы;

- тапсырыс берушілердің төлемқабілетсіздігі  сияқты макроэкономикалық факторлар. 

Салық кодексіндегі кемшіліктер  кіші бизнестің дамуының басты кемшіліктерінің  бірі болып, инновациялық процестердің де тежеуішіне айналуда. Оған қоса Қазақстанның экономикалық дамуы мен өндірістік қуатының артуына байланысты шетелдік бәсекелестер де өздерінің инновациялық өнімдерін әлемдік нарыққа, оның ішінде біздің елімізге экспорттауда контрастратегияларын күшейтіп отыр.

Ұлттық экономикада  ғылыми сыйымдылығы жоғары және жоғарғы  технологиялық  салалардың болуы, олардың  ішкі нарық пен әлемдік деңгейдегі бәсекелік артықшылықтары бар өнім шығару қабілеттері түбінде ұлттық өндірістің бәсекеге қабілеттілігі мен ұлттық инновациялық жүйенің басты факторы бола алады.

Көздеген бәсеке ауқымына қарай  инновациялық саясат сәйкесінше әртүрлі  деңгейлерде – ұлттық, корпоративті, аймақтық, фирма, тауар төңірегіндегінде жүргізілуі ықтимал. Аймақтық және ұлттық деңгейде бизнестің бәсекеге қабілеттілігін кешенді түрде бағалау жүйесінде олардың жүргізіп отырған инновациялық саясатына ерекше назар аударылады. Әлемдік деңгейде өнеркәсіп салаларындағы ғылыми зерттеулерге, ғылымға, жаңа технологиялық және инновациялық өнімге деген инвесторлардың салымының жылдан жылға артуы бәсекеге қабілттілікті дамытудағы өндірісті инновациялық тұрғыда дамытудың рөлі тереңдеп отырғанның белгісі.

Мемлекеттік негізгі инновациялық саясаты келесі шараларды қамтуы тиіс:

- инновациялық шаралардың экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық  негіздерін қалау;

- өндіріс тиімділігі мен ішкі  нарықтағы тауар өндірушілердің  өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін  технологиялық жаңалықтар енгізу негізінде арттыру;

- кәсіпкерлердің инновациялық  белсенділігін көтеру және инновациялық  іс-әрекеттерді асыруға бөлінген  мемлекеттік қаржыларды тиімді  қолдану;

- отандық инновациялық өнімді  халықаралық нарықта өткізуде  қолдау және Республикадағы өнімнің осы түрі бойынша экспорттық әлеуетті арттыру.

Жаңа инновациялық саясат іске асқаннан кейін келесі нәтижелерді күтуге болады:

- өндірістік жүйедегі ресурстарды  қолданудың тиімділігін арттыра  отырып, бәсекелік артықшылықтың  ерекше түрімен ұлттық экономиканы жетілдіруде құрылымдық өзгерістер енгізу;

- халықтың әл-ауқатын, өмір сүру  деңгейінің жақсаруы.

Қазақстанда ғылымды несиелеу, яғни ғылымның ЖІӨ-гі үлесі 0,3%-дан аспай  отыр, ал Юнеско дамушы мемлекеттерге  ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығындар ЖІӨ-нің 1%-нан кем болмауын ұсынады. Қазақстанның стратегиялық мүдделірне қарай 2010 ж. Ғылымды қаржыландыру ЖІӨ-нің 2%, ал 2015 ж. 2,5-3% жеткізу қажет. Еуропалық одақ өзінің барлық мүшелеріне ғылымға салынатын қаржы үлесі ЖІӨ-нің 2,5%-дық үлесін нұсқап оытр. Ғылыми-техникалық өнімдер нарығын зерттеу нәтижелері бойынша  өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс және ауыл шаруашылық салаларындағы 2146 сұрастырылған мекемелердің тек 16,5% ғана болашақта инновациялық процесс негізінде жаңа өнім түрлерін шығаруды жоспарлап отыр екен. Егер отандық өндірушілер тарапынан инновациялық селқостық жалғаса беретін болса, онда өнмнің шығындары, сапа, қызмет көрсету параметрлері бойынша ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкіншіліктері шектелді. Өйткені нарықтағы жаңа өнімнің сапасы мен бағасы, технико-технологиялық параметрлері бәсекеге қабілеттіліктің басты анықтаушы.

Инновациялық саясаттың іске асуының  белсенділігі негізі қаржы мәселесін, оларға деген экономикалық қажеттілігі  анықтайтын нарықтық сұранымға, бәсекелік ортаның дамуына, ғылыми-техникалық әлеуеттің дамуы, тұрғындардың менталитеті, олардың білімі мен мәдени деңгейі және сыртқы экономикалық байланыстарға тәуелді.

Бұлардың әрқайсысы инновациялық процестерге тікелей немесе жанама түрде әсер етіп отырады.

Егер дамудың ішкі механизмдері мен сыртқы құралдары инвестициялық  негіздер мен инновациялық жандандырумен  ерекшеленсе, онда ұзақ мерзімді және динамикалы экономикалық өсімге қол  жеткізуге болады. Сондықтан Республикамызда  келесі мәселелерді шешу қажеттілігі тұр:

- отандық тауарлар мен өндірушілердің  бәсекеге қабілеттілгін арттыру;

- бәсекеге қабілеттіліктің әртүрлі  деңгейлеріндегі мекемелердің даму  механизмдері;

- технологиялар мен менеджментті, яғни ұйымды кәсіби басқарудағы  инновацияның атқаратын рөлдерін дамыту мәселелері;

- отандық кәсіпорындардың бәсекеге  қабілеттілігі мен инновациялық  белсенділігі арттырудағы институтционалдық  факторларды жетілдіру. 

Бәсекеге қабілеттілікті және экспортқа  бағытталған өңдеуші салаларды  дамыту мен жетілдіру ұлттық экономикамыздың шикізаттық бағытын алмастырып, тұрақты даму жолына түсуге кең мүмкіндіктер туғызады. Сонымен қатар, Республикамыздың Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі қарсаңында өндірісті диверсификациялау мен инновациялық саясатты қарқынды түрде іске асыру қажеттілігі тұр. Өндіруші салалардың қарқынды түрде дамуы отандық экономиканың шикізаттық бағыттарымен шартталып отырғандығы мұнай, газ, түсті және қара металлдарға әлемдік нарықтың оңтайлы конъюнктурасына байланысты болып отыр. Қазақстандағы экспорттық секторында ұлттық экономиканың модернизациясына елеулі ықпалы болмай, керісінше, ұлттық экономиканың экспорттық секторға қарай бағытының басымдығы ішкі және сыртқы нарықтардағы өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп отыр.

 Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы бәсекеге қабілеттіліктің төменгі деңгейі ДСҰ-на кіруде бірқатар қиыншылықтар туғызуы ықтимал. Сондықтан қосымша құны жоғары дайын өнім мен жоғарғы технологиялық өнімдердің әлемдік нарығына шығуда өңдеуші салаларды да жедел түрде инновациялық бағытқа бұру қажеттілігі өзекті мәселеге айналып отыр.

Ішкі нарықтағы өндірістік әлеуеттің  тиімділігін арттыру мақсатында өндіріс факторларын қолданудың рационалдығын көтеру, негізгі қорларды жаңартуға, өндіріске жаңа және жоғарғы  технологияларды енгізу, өнім сапасын әлемдік стандарттарға дейін көтере отырып, ДСҰ-на кіру барысында маңызы артып отырған мәселе - өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған болуы тиіс.

Мемлекетімізде инновациялық және техникалық прогресстің тежеуі немесе баяу қарқынмен дамуы әлемдік нарықтың шикізаттың көзі болып қала беруіне соқтықтырады. Ал мұндай болашақ технологиясы жетік дамыған мемлекеттерге тәуекелді еткізіп, прогресстің соңғы сатыларында жүруге итермелейді. Отандық өндірушілер мен тұтынушылардың қандай да бір тауар түрі бойынша сыртқы нарыққа тәуелділігі түбінде мемлекеттің халықаралық бәсекедегі орнын төмендетіп, оларды сатып алудан түскен қосымша құн мен валюталық түсімдер шетелдік бәсекелестердің өндірісі мен технологияларын жаңартуға жұмсалады.

Информация о работе Жаңа технологиялардың нарықты қамтамасыз етілуі