Журналистік мамандық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:03, курсовая работа

Описание

Әрбір кәсіптің өз мамандығы болатыны секілді, журналистік мамандық та өз саласы бойынша пайда болған. Журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз, творчествосы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады.

Содержание

Кіріспе
1 Журналистік мамандық
1.2 Журналистің ерекшелігі
2 Журналистика және журналистің құқығы
2.1 Журналистика этикасы
2.2 Журналистика- әлеуметтік құбылыстардың бірі
3 Журналистиканың ақпараттық қызметі
3.1 Журналистиканың демократиялылығы
3.2 Қазақ журналистикасындағы шетел тақырыбы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Курсовая.docx

— 42.70 Кб (Скачать документ)

 Журналистиканың халыққа қызмет етуі сол халықтың реалды қажеттерін өтеу үшін, оны прогреске бастайтын, жақсылыққа жеткізетін жолды таңдау деген сөз. Дүниеде бірер адамның бақытты болғанынан ештеңе бітпейді, ал бүкіл халық бақытты болса онан асқан арман — мақсат жоқ шығар. Міне, журналистика да осы жағдайды ескеріп, осы бағытта жұмыс істемек. Халық өмірінде қандай жаңалықтар, өзгерістер, бастамалар болып жатыр, осының бәрі журналистикада айнадағыдай көрініп отыруы керек. Сондай-ақ халықтың пікірі, ойы, мақсаты журналистиканың ең бір мұқият назар аударып отыратын тұсы. Ал өмірде жақсылықтар болып жатса, соны журналистика ең бірінші көре біліп, ізін суытпай жариялап отыруы тиіс. Оны кең насихаттап, қолдап, таратып отыруы жөн. Ал егер, қажет болған жағдайда, оны тіпті, тез өмірге енгізуге күресіп отырудың да артықтығы жоқ. Өмірдегі нағыз заңдылықтардың өзі халықтың шынайы керегін қанағаттандыратын болуы керек. Сол үшін де халықты біріктіріп, оның жетімсіз нәрсесін жеткізуге ұмтылу үлкен жауапкершілік. Ал журналистер жан-тәнін аямай, қате идеяларды немесе астарында жалған мақсат жатқан істерді халық алдында әшкерелеп, кемшілігін ашып айтып, оны толықтыруға, түзетуге тырысу керек. Мүмкін жалған идеяға халық алданып қалған шығар, осы жағын ойластыру жөн. Халық өміріне кедергі келтіретін нәрсенің бәрін журналистика дер кезінде көріп-біліп, ескертіп отыруы, қоғамдық пікір туғызуы қажет екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан өмірде сенімсіз нәрсеге жол бермеу керек. Мүндай жайларды айтқанда, жазғанда өрине, оның қарапайым халыққа түсінікті болуын ойластыру керек. Бұл ретте ауыл адамы үшін де, қала адамы үшін де, сондай-ақ интелигентке де қозғалып отырған мәселе ортақ әрі екі жаққа бірдей түсінікті, ұғынықты болуы өте маңызды. Жалпы журналистикада екіұшты ойдан, бір-біріне қайшы пікірден сақтану керек. Ондай жағдайда оқырманды не тындаушыны шатастыру оңай. Ал бұл журналистиканың беделін түсіретіні белгілі. Журналист үшін түсінікті тіл, анық ой қажет. Сөзді, сөйлемді ауырлатпауға тырысу керек. Халық әрбір мақаланы оқығанда, не тыңдағанда қиналмай ұғатындай дәрежеде болуы тиіс. Әртүрлі терминдер мен шетелдің сөздерін және түсініксіз ұғымдарды журналистикаға тықпалай бермей, тиімді тәсілдерді қолдану қажет.

        3.1 Келесі бір білуге тиіс нәрсе журналистиканың демократиялылығы. Яғни, журналистика шынайы демократия үшін еңбек етеді, күреседі. Халықтың демократиялық құқықтарын кеңейту үшін күш жұмсайды. Халықтың еркіндігі, өз ісін атқаруы мен мемлекет ісіне араласуы баспасөз, радио, телевидениенің үздіксіз жүргізіп отыратын мәселесіне айналуы қажет. Демократия саяси құрылыстың формасы ретінде азаматтардың теңдігі мен бостандығын, өкіметті басқаруға араласуын, әртүрлі орындарға сайлануға қатысуын, Конституцияда адам праволарын қамтамасыз етуді көздейтін бағыт. Ол қоғамдық ұйымдар қызметін, өкіметті, мемлекеттік мәселелерді бүкілхалықтық етіп талқылауды жүргізуге пайдалы. Демократия жағдайында барлық адам заң алдында бірдей құқыққа ие болады, олардың әділ өмір сүруіне кепілдік береді. Біреуге біреу қысым жасау демократияға жатпайды. Сондықтан қоғам жан-жақты демократияға көшкенде ғана шынайы өмір қатынастары орнығады. Демократияның тағы бір пайдасы жариялылықты күшейтіп, әділетсіздікке қарсы сынды дамытуға жағдай жасайды. Демократия мен журналистика тығыз байланысты болуы тиіс. Демократия кезінде журналистиканың рөлі онан сайын артып, қоғамдық пікірдің үйымдастырушысы мен жариялаушысы ретінде көрінеді. Қоғамдық пікірді туғызатын да, жасайтын да халық, әлеуметтік топтар. Қоғамдық пікір — өз кезегіндегі әлеуметтік өмірдің маңызды мәселелеріне байланысты туады. Өткен мен бүгінге байланысты процестер мен фактілерге байла-нысты өріс алады. Актуальді оқиғалар мен құбылыстар, іс-әрекеттер мен идеялар бағаланып, нақты мақсаттар мен міндеттер және оған жету жолдары жөнінде қоғамдық пікір пайда болады. Ол көзқарастар мен тарихи санаға қатысты болып келеді. Жалпы қоғамдық пікір — өмірдің нақты жағдайдарын байқай отырып, оны қалай өзгертудің жолдарын қарастыратын жүйе болып табылады. Қоғамдық пікір тарихи жағдайларга байланысты өзгеріп отырады. Ол ғылым, саясат, экономика, мәдениет, яғни барлық саланы қамти береді. Демек, журналистика болса, сол қоғамдық пікірдің туып, дамуына, жариялануына қызу араласып отырады. Егер демократия болмаса, қоғамдық пікір де еркін дами алмайтыны белгілі. Қоғамдық пікір — қоғамдық санадан туып, әртүрлі пікірлер арқылы қалыптасады. Журналистиканың халықтығы мен демократиялылығы оның қалың көпшілікпен байланысында. Сол арқылы журналистика өз жұмысы туралы халықтың қатысын әрі пікірін біліп отырады және халық арасында демократиялық құбылыстардың ашық, екпінді жүруіне мүмкіндік туғызады.

 Қазір Қазақстан журналистикасы тек өз республикамызбен ғана шектеліп калмайды. Бүгінгі заманда олай болуы мүмкін де емес. Әрине, уақыт талабы да басқа екені белгілі. Өйткені, бүрынғыдай емес, әр ел өз тәуелсіздігін алғанмен жер шарының бүкіл елдерге, халықтарға ортақ мәселесі аз емес. Мысалы, бейбітшілік, табиғат апатына тосқауыл, экология, экономика, саясат, мәдениет, ғылым, халықтар достығы еш уақытта тар шеңберде қалып қоймайды, оған қоса, ондай мәселелерді тек бір елдің, бір республиканың шешуіне де мүмкіндік бола бермейтіні белгілі. Сондықтан бүкіл адамзаттық мәселелер бәрібір ортақ тіл табысуға, бірлесуге, өзара келісімдер жасауға әкелетіні белгілі. Осы ретте Қазақстан журналистикасы да жер жүзі журналистикасы секілді даму, қалыптасуды бастан өткеріп отыр. Кейде өзара байланыстар да болып, бір-біріне әсер ету арқылы жаңа жетістіктерге жол ашылуда. Баспасөз, радио, телевидение коллективтерімен бірге, жекелеген журналистер де шетелдерге шығып, тәжірибелер алмасып тұрады. Ал енді нақты мысалдарға келетін болсақ, Қазақстанда алдымен көпұлтты халықтар тұратыны белгілі. Соған орай әрбір ұлттың, мысалы, орыс, неміс, ұйғыр, корей т.б. халықтардың өз тілдерінде газеттері шығып, радио, телевидение арқылы арнаулы программалар беріліп тұрады. Сондай-ақ, театрлар мен ұлттық орталықтар жұмыс істейді.

              3.2 Қазақ журналистикасындағы шетел тақырыбына тоқталсақ, мына жайларды айтуға болады. Мәселен баспасөздің «қара шаңырағы» саналатын «Егемен Қазақстан» газеті күнделікті нөмірінде шетел жаңалықтарын міндетті түрде беріп отырады. Бұл ең басты қоғамдық-саяси газет болғандықтан, әлемде болып жатқан оқиғаларды назардан тыс қалдырмайды. Идеология, саясат саласында және мемлекет басшылары жайлы материалдарға мол орын беріледі. Ондай материалдар мүмкіндігінше бірінші бетке орналастырылады. Мұнда, әсіресе, дипломатиялық қарым-қатынастар туралы жиі айтылады. Президент пен Парламент төрағасы, Премьер-министр кабинеті төрағасының шетелдерге ресми сапарлары туралы тілшілер репортаждары, есептер және фотосуреттер басылады. «Егемен Қазақстан» тиражы жағынан ең көп тарайтын газет. Тіпті, оны шетелдегілер де алдырып түрады.

 Келесі бір газет «Алматы ақшамы» деп аталады. Бұл республикада таралатын газет. Негізінде әкімшіліктің органы, жаңалықтары туралы жазады. Сонымен бірге бұл газет те шетел хабарларын үзбей береді. Ал «Жас Алаш» газеті жастарға арналған. Яғни, жастар өмірі туралы қызғылықты материалдар берумен бірге, шетел өмірінен де назар аударарлық материалдарды жариялайды. Бұлармен бірге Қазақстанда «Қазақстан-Заман» деген халықаралық газет шығады. Ол Түркиямен бірлесіп шығарылады. Осы екі елдің және басқа да елдердің өмірінен материалдар береді.

 Енді телевидениеге келсек, «Қазақстан» телекомпаниясы бар. Сондай-ақ «Хабар», «Ел арна» ірі телеарналар саналады. «Қазақстан» телеарнасы негізінен республика өмірін камтитын хабарлар береді. Саясат пен соңғы жедел жаңалықтарды беріп отырады. Президент пен үкімет, парламент жұмыстарын қамтиды. Сондай-ақ шетел жаңалықтарын спутник арқылы қабылдайды. Ал коммерциялық каналдар: КТК, Таң, 31-ші канал, НТК көбіне шетелдердің кинофильмдерін берумен айналысады. Сондай-ақ жарнамалар туралы айтып, бизнес туралы әңгімелейді.

 Қазақ радиосы болса көптеген радиобағдарламалар береді. Республика өмірінен ақпарат хабарлар, музыкалық, әдеби және шетел хабарлары беріледі. Өнер туралы танымдық материалдар, шаруашылық мәселелері айтылады.

 Міне, осылайша Қазақстан журналистикасы да әлем журналистикасы секілді онан әрі даму үстінде. Бұл орайда сол әлемдік тәжірибеден бөлініп қалмақ емес, қайта көптеген ізденістер жасамақ.

.

 

 

 

 


Информация о работе Журналистік мамандық