Журналистік мамандық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:03, курсовая работа

Описание

Әрбір кәсіптің өз мамандығы болатыны секілді, журналистік мамандық та өз саласы бойынша пайда болған. Журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз, творчествосы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады.

Содержание

Кіріспе
1 Журналистік мамандық
1.2 Журналистің ерекшелігі
2 Журналистика және журналистің құқығы
2.1 Журналистика этикасы
2.2 Журналистика- әлеуметтік құбылыстардың бірі
3 Журналистиканың ақпараттық қызметі
3.1 Журналистиканың демократиялылығы
3.2 Қазақ журналистикасындағы шетел тақырыбы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Курсовая.docx

— 42.70 Кб (Скачать документ)

                                  Жоспар

Кіріспе

     1 Журналистік мамандық

     1.2 Журналистің ерекшелігі

     2 Журналистика және журналистің құқығы

     2.1 Журналистика этикасы

      2.2 Журналистика- әлеуметтік құбылыстардың бірі

      3 Журналистиканың ақпараттық қызметі

      3.1 Журналистиканың демократиялылығы

      3.2 Қазақ журналистикасындағы шетел тақырыбы

     Қорытынды

     Пайдаланған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                       

                                         Кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Әрбір кәсіптің өз мамандығы болатыны секілді, журналистік мамандық та өз саласы бойынша пайда болған. Журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз, творчествосы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет-журнал немесе радио мен телевидениенің жұмысын атқарып, творчестволық қызмет жасайды. Ол редакция жүмысында бірінші — ұйымдастырушылық, екінші -әдеби өңдеу, үшінші шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Ол идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білгені жөн.

 Журналистің тағы бір қасиеті — оның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс. Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, творчестволық қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой, эрудиция бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ журналистің жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғартады. Әсіресе, журналистің мәселені терең білушілігі аса қажет. Онсыз журналистің табысты жұмыс істеуі екіталай. Өмірде журналист әртүрлі жағдайға кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан-жақты хабардарлық, білімділік болмаса кей нәрсенің анық-қанығына жету, ақ-қарасын айыру оңай емес. Оқиға, фактіге жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп-салдарына назар аудару керек. Ол үшін сол саладағы арнайы мамандармен кеңесу артық емес. Жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн. Бәрі анық болғанда ғана журналист мақала жазу керек. Бұл орайда жақсы дайындық, жаңа мәселелерді тез аңғару, проблеманы байқай білу шарт. Сөйтіп ашық түрде өз көзқарасыңды білдірген жөн. Сондықтан журналист әрқашан өз білімін теориялық тұрғыдан толықтырып, практикалық тұрғыдан ізденіп еңбек ете білгені дүрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болуы керек. Өзіңді журналистік мамандыққа арнап, таңдағаннан кейін, сол жолда аянбай қызмет ету лазым. Ол принципті түрде, қайсарлықпен бұқаралық ақпарат құралдары алдындағы өзінің міндетін, борышын бар күш-қайратын салып орындайтын маман. Бұл ретте журналист өзінің ұстамды мінезімен, қиындыққа қарсы тұратын күрескерлігімен, инициатива танытқыштығымен, тез арада шешімдер жасай білуімен ерекшеленеді. Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге тырысуы керек.

 Бұған қоса журналист  кең пейілді, жаны жомарт, жақсылыққа  құштар, мейірімді, жақсы дос,  қиналғанда қол ұшын беретін  жан болуы да үлкен қасиет. Ол менмендіктен аулақ болуы  керек, өзін-өзі ұстауы мен  іс-әрекеті арқылы өзгелерге үлгі-өнеге  бола білгені ғанибет. Журналист  жұртпен тіл табысқыш болса  тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс  істей алатын, аңғарымпаз және  сезгіш болуы керек. Оған есте  сақтағыш қабілет те өте қажет.  Тез ойлап, тез жазу да жақсы  нышан.         

       1.1 Журналистің өз жүмыс істеу тәсілі, өз ерекшелігі болуы заңды. Әркімнің сондай-ақ өзі қалайтын тақырыбы да болуы мүмкін. Журналистің стиль қалыптастыруы да үлкен жетістік. Ал жалпы кәсіби және творчестволық қасиет пен ерекшелік бір-бірімен ұштасканда нағыз журналист қалыптаспақ. Журналист өз қызметінде тек қана шындықты жазып, барлық мәселені объективті түрде қарау керек. Нағыз журналист өмірде осылай еңбек етуге, осылай өмір сүруге тиіс. Бұл журналистің алдында тұратын үлкен борыштардың бірі. Журналистиканың маңызы жариялылық болса, халықты тек қана объективті түрде, жан-жақты әрі дәл де, анық ақпараттық хабарлармен, материалдармен қамтамасыз ету керек. Сондықтан ең алдымен өмірдегі жайларды деректі фактілерге сүйене отырып жазу керек. Бұл шыншылдыққа бастайтын негізгі жолдың бірі. Еш нәрсені тексеріп алмай тұрып жазуға болмайды. Мәселенің әбден анық-қанығына көз жеткізу қажет. Ал кездейсоқ, бірен-сараң ғана фактіге сүйену кемшілікке апарып соқтырады. Сондықтан мәселенің зандылығына назар аударып, шындықты көре білу, өмірде жақсылықты таңдай білу және құбылысты дұрыс бағалай білудің жөні бөлек. Оқиғаны бұрмаламай, сол болған күйінше құрғақ сөзге салынбай жазу керек. Әр нәрсені дұрыс түсініп, талдау қажет. Яғни, әрқашан ақиқаттан айнымау — журналистің басты парызы.

 Болған жайдың дұрысы  қайсы, бұрысы қайсы соны айыра  отырып, терең де сенімді қорытынды  жасау керек. Әсіресе, актуальды  мәселелерді сенімді дәлелдеп  керсету қажет. Ал, мәселені жұмсартып  айту, шешімін таппаған нәрсені жасырып, айналып өту жараспайды. Кемшіліктер мен қиыншылықтар туралы айтпай кетуге, өткір сұрақтардан қашу жөнсіз болмақ. Бәрін де жақсы деу, бәрін де салтанатты түрде жазу да көкейге қонбайды. Яғни, барды бардай, жоқты жоқтай ХАЛЫҚТЫ көрсетіп жазу, айту жөн.

   1.2 Журналист еш уақытта қателеспеу керек, бұл да басты принциптердің бірі. Өйткені, журналист қателессе, ол бір адамның қателесуі емес — мыңдаған, миллиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Жұрт нағыз журналист жазған материалға сеніммен қарайтынын ұмытпау керек. Журналист қателессе, оқырмандар мен көрермендердің, яғни, халықтың өзіне деген сенімінен айырылады. Алайда журналист қателесе қалған жағдайда, өз қатесін өзі мойындап, оқырмандардан кешірім сұрауы тиіс. Жалған намысқа тырысып, кешірім сұрауға арсынбау керек. Және қателігіңді дер кезінде түзете білу де мәдениеттілік. Журналистің қателігі оның өзіне ғана емес, ол жұмыс істейтін газет-журналға, радио мен телевидение атына кір келтіретінін ойлау керек. Сондықтан фактіні өзгертіп қолдану, өтірік жазу журналисті жарға жығады. Әр нәрсені өз атымен атап, айқын көрсетіп отыру қажет. Бұл орайда жауапкершілік пен адалдықты есте ұстаған жөн . Журналистің ары бәрінен қымбат болуға тиіс. Әйтпесе, ол халықтың сөзін сөйлеп, халықтың сенімін ақтай алмайтыны түсінікті. Ал, тоқмейілсу, өзіне-өзі риза болушылық және мақтаншақтық журналисті тоқырауға ұшырататын қылық болып табылады. Әрі бұл адамгершілікке жатпайтын, азаматтыққа көлеңке түсіретін жөйт.

    1.3 Объективтілік дегеніміз — шындықтың нағыз өзі деген сөз. Журналистің тағы бір ұстанатын принципі жазған материалдарының нанымды болуы. Бұған жетудің жолы да оңай емес. Әртүрлі жанрда жазатын журналистің өз дүниесінің әркез нанымды шығуына күш салуы бұлжымас талап. Кейде тәжірибе немесе білімнің жетіспеуі салдарынан кейбір жазған дүниенің нанымдылығы аз болып шығатын кездері бар. Кейбір құбылыстарды жазғанда журналист сол өзі айтқан ойларын оқырманға дүрыс жеткізе алды ма, жоқ па соны байқау керек.

 Журналист ой-пікірді қағазға түсіргенде, оның өзгелерге, яғни, жұртшылыққа түсінікті болуын алдын-ала ойластыруы қажет. Екіұшты ұғым беретін жайлар болмауы керек. Айтқалы отырған идеяңмен оқырман келісе ме, жоқ па, соған көз жіберген жөн. Қоғамда әртүрлі көзқарастар, ой қайшылықтары кездесуі мүмкін. Соның бәрінде ең ортақ ой-пікірлер арқылы жол таба білу керек. Жазған нәрсеңді ғалымдар оқыса да, инженер мен дәрігер оқыса да жатсынбайтын болуы жөн. Бәрінің де ойынан шығып, бәрінің де көкейіндегісін қозғайтындай мақала болса, журналистің табысқа жеткені. Сондықтан да журналист барлық саладан хабары бар, эрудициясы жоғары маман болуға тиіс. Ол әркез өмірде бейнелегенде ылғи жоғарыда айтылғандай объективті әрі шыншыл болғаны ғанибет. Мүндай жағдай оған абырой мен бедел әкелмек.

         2. Журналистика мен журналистің құқығы жөнінде әртүрлі мемлекеттік заңдарда айтылып жатады. Журналист — өз саласындағы толық құқы бар кәсіби маман. Оның құқына ешкім қол сұғуға хақысы жоқ. Ол журналистикада білім алып, соған орай қызмет ететін тұлға. Журналист өз елінің басқа да азаматтары немесе мамандары секілді, мемлекеттік тәртіп бойынша, заң шарттарына сәйкес өмір сүрмек. Ол өзінің кәсіптік жұмысы, творчестволық еңбегі арқасында қызмет жасап, іс-әрекет етеді. Ол еркін еңбек етуге, демалуға, қоғамдық өмірге қатысуға құқылы. Журналистің заңға, адамгершілікке қайшы келмейтін жұмыс жасауына ешқандай кедергі болмауы тиіс. Ол өзінің арына сеніп және өзі жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарының жарғысына, бағдарламасына сай еңбек етеді. Сондай-ақ журналистік мамандық — басқа да кейбір мамандықтар секілді қадірлі мамандықтардың бірі екеніне сөз жоқ. Журналистпен заң орындары, үкімет және басқа ұйымдар тығыз байланысты жұмыс істеп, есептесіп отырады. Бұл журналистиканың қоғам, мемлекет алдындағы үлкен рөліне, қажеттігіне өте байланысты. Журналист өзі еңбек ететін редакцияның мүшесі болады, ұжыммен жұмыс істейді. Ол үнемі білімін көтеріп отырады. Журналист өз жеке мүддесі үшін жұмыс істемей, халық пен елдің қамы үшін жұмыс істейтіндіктен, оны заң орындары да, үкімет те қорғауға, қолдауға міндетті. Журналистің еңбегі халықтың көз алдында болады. Ол не айтса да, жазса да халыққа жариялы түрде белгілі болып отырады. Журналист өз правосын пайдаланып, басқалар бара алмайтын жерлерге, мекемелерге барып, жолығып, сөйлесіп, деректер алуға ерікті.

       2.1 Келесі бір айтатын нәрсе журналистік этика туралы. Этика адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен практикалық талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбексүйгіштік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез осының бәрі этика критерийлерін анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік принципіне бағынады. Этика саналы азамат болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналистің кәсіби мамандығы мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалардың заңда жасалмаған тұстарын журналист өзі ақылымен, сана-сезімімен ұғып-білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды. Журналистің де өз борышы болады, соны адал атқару борыш. Әрбір маманның правосы болумен бірге, міндеттері болатынын ұмытпау лазым. Этика әсіресе, адамдық арға қатысты болып келеді. Ар болған жерде, ұят та ұмытылмайды. Ал этикалық нормаларды бұзу адамға абырой әпермейді. Сондықтан журналистке де басқалар секілді этикалық нормаларды сақтау негізгі міндет. Журналистің көптеген праволарымен бірге, кей жағдайда оған да араласуға болмайтын мәселелер кездесуі. мүмкін. Ондайда кеуде қағып, өзімшілдікке салынбау керек. Ал журналист қателік жасап немесе кемшілік жіберсе, кешірім сұрауы тиіс. Ол қалың жұртшылықпен жұмыс істейтіндіктен, оларды өзі де сыйлай білуі керек. Мінезі шыдамды, төзімді болуы қажет. Журналист парасатты жан болғаны жөн. Өз жұмысында қателік жібермеуге тырысатын маман болса жақсы. Әсіресе, материал жинағанда және жазғанда кемшілік жібермеуі керек. Осыдан келіп, журналистің жауапкершілігі пайда болады. Ол арға тимеуі керек. Сол секілді өзі де журналист деген атқа кір келтірмей жүруі тиіс. Ол халықты құрметтеп, езі де жұрттың алғысын алуы жөн. Журналист творчестволық тұлға ретінде басқалардан ерекше қасиеті бар жан. Ол өзгелерге өнеге болуы тиіс. Журналистің жұмысы халықтың сынына түседі, оған халық төрелік етеді. Сондықтан журналист өз мамандығының, қызметінің халыққа керек екенін терең сезініп, жауапкершілігін, борышын адал атқаруы міндет.

       2.2 Ал журналистика болса маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. ХҮІ-шы ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізі ерте кезді мегзейді. Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Әртүрлі қоғамдық формация дөуірлерін бастан кешірді. Сөйтіп өзінің тарихи рөлін толық ашып берді. Бұлай дейтін себебіміз, ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика секілді халықты әлеуметтік-саяси тұрғыда жылдам әрі жан-жақты, белсенді түрде әртүрлі хабарлармен қамтамасыз етіп көрген емес. Бұл ретте адамның сана-сезіміне, іс-әрекетіне әсер етіп, олардың көзқарастары мен мақсаттарының қалыптасуына ықпалы тиген. Сөйтіп ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т.б. көптеген салаларда шешім жасап жүзеге асыруға ықпалы болады. Сөйтіп, журналистика қоғамның әлеуметтік институттарының бірі болып саналады. Сондай-ақ, ол адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы. Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байытуға себепкер болады.

 Яғни, баспасөз, радио,  телевидениенің негізгі міндеті — жалпы информацияны жинап, өңдеп, халыққа ұсыну. Ал жалпы «Бұқаралық ақпарат құралдары» деген атаудың өзі мына жайларды білдіреді.

 Журналистика тек қана  хабарларды берумен шектелмейтінін ескеру керек. Ол сонымен бірге насихаттық рөл атқаратынын да ұмытпау керек. Баспасөз бен радио және телевизия арқылы берілетін материалдарда тақырыптың көптігі, ішкі және сыртқы өмір жайларын беруде кең көлемде әрекет етіп, географиялық тұрғыдан шектеліп қалмауды қарастыру абзал. Әрбір БАҚ берген материалдарда хабарлардың толық әрі жеткілікті болуы өте кажет. Бұл ретте мына жүйе бойынша жұмыс жүргізілмек. «Журналист — ақпарат — аудитория». Журналист творчестволық тұлға — ол айтады, жазады, ал оны халық тыңдайды, көреді, оқиды. Міне, бұл байланыс үзілмей жүріп отырмақ. Сонда ғана бұқаралық ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай жүзеге асады. Демек, жұртшылық газет оқып, радио тыңдап, телевизор көрген кезде әлемдегі жаңалықтар мен езгерістерді біліп қана қоймай, сонымен бірге сол жайларға өзінің де қаншалықты қатысы бар екенін сезініп, сол құбылыстардың неге, қалай, не үшін болғанына анық көзі жетуі тиіс. Сол оқиғалардың болу процесін аңғарып, даму тенденциясына ой жіберіп, қандай заңдылығы барын пайымдап, өзі де іштей дайындықта болуына, қажет жағдайда нақты іс-әрекетке араласуына әсері болуы керек.

 Журналистика ең алдымен өмір көрінісін беретінін есте сақтаған жөн. Журналистика өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттерге адамның өзінің де бағыт-идеалға жетуіне ой тастайды. Мақсатына жол сілтейтін бағыт-бағдар алуына көмек етеді.

            3. Журналистиканың ақпараттық қызметі -маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Ақпараттық қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Сондықтан журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласуы күн тәртібінен түспейтін мәселе. Жалпы журналистика халықтық болып саналады. Өйткені журналистика халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Сондықтан халықтың жағдайын ойластыруды журналистика әркез назардан тыс қалдырған емес. Қандай мәселені көтермесін журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтык позиция ұстайды. Ол дұрыс та. Себебі, жеке біреулерге қызмет етпей, немесе азын-аулақ топтың мүддесін көздемей, осылайша БҮКІЛ жұртшылықтың, жалпы адамдардың мүддесін көздейтін мақсат анағұрлым ақылға сиымды, адамгершілікке жататын іс болса керек. Тар көлемде белгілі біреулердің ғана идеясын жақтамай, нағыз адамзатқа қызмет ету — биік моральдық-этикалық қасиет екені ақиқат.

Информация о работе Журналистік мамандық