Радиохабарлардың тіл мен стиль ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:27, курсовая работа

Описание

30-шы жылдар – радионың «алтын ғасыры». Радиожурналистикадағы "пішін" мен "жанр" ұғымы. Радиожурналистика пішіндері мен жанрлары эволюциясы. Қазақстандық радиогазеттер. Радиожурналистиканың жаңа пішіндерінің жетілуі мен радиогазеттердің жойылуы.

Содержание

I.Кіріспе--------------------------------------------------------------------------3
II.Журналистика тілші жұмысынан басталады---------------------------5
2.1 Газеттегі журналистердің кәсібилігі--------------------------------8
2.2 БАҚ-дағы құқық қорғау тақырыбы---------------------------------10
2.3 Тілші құқықтың түсінігі----------------------------------------------20
III.Қорытынды-------------------------------------------------------------------27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі-------------------------------------------28

Работа состоит из  1 файл

курсовая радио журналистика Word (2).docx

— 95.73 Кб (Скачать документ)

Монтаж. Монтаж сөзі француз тілінен аударғанда екі мағына береді. Техникалық мағынасы – “алдын-ала жасалған жоспар бойынша, жоба, кескіндеме бойынша дайын бөлшектерден, басқа құрал-жабдықтардан машина құрастыру, құрылыстар тұрғызу, жөндеу жұмыстарын жасау”. Екіншісі – “белгілі бір шығарманы жүйелеп жасау үшін әр түрлі бөлімдерді таңдап, оларды құрастыру, мысалы кинода сценарийде жазылған жүйе бойынша түсірілген фильмнің бөлшектерін таңдап алып, құрау”._

Бізге екінші мағына сәйкес келеді, өнер, әдебиет сияқты журналистика да шығармашылық процесс болып табылады. Журналист  радиохабарды жасамас бұрын, оның құрылымын  анықтап, әрі құрып алады, шығарма  құрылымына қажетті жеке элементтердің  мән-мазмұнын ойша жіктеп алады. Әрине, бұл жұмыс процесінде өзгерістерге ұшырайды, дегенмен түпнұсқасы сақталады.

Монтаж – хабарды алдын-ала  жазу барысында техникалық құрал  ретінде танылса, ал тікелей эфирде біртұтас құрылымның өзіндік пішіні деп есептеледі, яғни хабардың жеке бөліктерін жалғау, сабақтастыру мәнінде  қолданылады. Сонымен қатар үнтаспаға  жазылған хабарды бір жүйеге түсіріп, артық-кемі жоқ толыққанды туындыға айналдыру процесінде іріктеу әдісі  үлкен роль атқарады, ғалымның сөзімен  айтсақ “іріктеу әдісі –бұл монтаж процесінің бастапқы нүктесі. Монтаж –  бұл жекелеген бөліктерді жүйелеу, салыстыру, қарсы қою үшін біріктіру”. Сонымен қатар төмендегідей талаптарды ескеру қажет:

а) монтаждық бөліктердің ішкі байланысы  және олардың ұқсастығы немесе қарама-қайшылығы;

ә) монтаждық бөліктердің бір-біріне деген эмоциялық қатынасы;

б) олардың ырғақты уақыттық мөлшері.

Радиоәңгіменің, радиокомпозицияның, сұхбаттың жоспарын құру, сұрақтардың  тізбесін жасау – монтаждың алғашқы  формасы, бұл қажетті материалдарды  таңдауға, болашақта жасалатын фрагменттерді  ойша түзуге белгілі бір дәрежеде ықпал етеді. Біздің тіл қатысуымыз, ойымыз, қоршаған ортаны қабылдауымыздың  бәрі өңделуден тұрады. Радионың барлық бағдарламалары әр түрлі элементтер негізінде құрастырылып, өңделеді.Мәселен, ақпараттық хабарлардың құрылымын  алсақ, бұл жерде жинақтау процесінің өзі жалпы монтаж деңгейінде түсіндіріледі, яғни ішкі байланыстарын жүйелеп  құрастыру жалпы оқиғалардың  жиынтығын түзу. Монтаж – ішкі байланыстарды  түзудің негізгі жолы.

Монтаж жасаудың мүмкіндіктері  әр жанрда алуан түрлі, яғни мәтінді  жүйелеуден бастап, ұзақ сөздерді қысқарту, сәтсіз фрагменттерді алып тастау, техникалық жағынан дұрыс жазылмаған жерлерді үзіп алу, дыбыстық образды  құрастыру.

Дыбыстық образ жасау негізінде  монтаж жатыр, бұл жөнінде зерттеуші  А.А. Шерель төмендегідей анықтама береді: “монтаж – это совокупность звуковых (речевых, музыкальных, шумовых) элементов, создающих посредством ассоциаций в обобщенном виде представление  о материальном объекте, явлении, характере  человека”.

Монтажды шығармашылық бағытта  қолданудың тәсілдерін және оның қызмет формасын былайша көрсетуге болады:

- мәтінді қысқарту;

- авторлық мәтін мен деректі жазбалар үзінділерінің сабақтастығы негізінде құрылымдық өзгерістер жасау;

- белгілі бір уақытқа сығымдау;

- материалдың мазмұнына сәйкестендіріп, сонымен қатар автордың негізгі ойына сүйене отырып қажетті дыбыстық бейнелеуші құралдарды, декорацияларды қолдану;

- әр түрлі кеңістікті танытатын және уақытты көрсететін жазбалардың жоспарын құру, сол арқылы оқиғаның болған мерзімін, сол оқиға өткен жерді сөзбен мінездемелеп, әр қырынан суреттеу;

- әр түрлі дыбыстық бейнелеуші (көркемдеу) құралдарын қарама-қарсы бағытта қолдану, яғни алуан түрлі пікірлердің, психологиялық тартыстардың, жоспарлардың, көріністердің қайшылығын көрсетуде шеберлікпен пайдалану;

- сюжет қозғалысында жүйелі, тізбекті, қатар жүру тәсілдерін қолдану;

- радиотуындының жиынтық композициясын құру.

Монтаж кезінде дыбыс күші (жоғары, төмен, контраст), пауза, бейнелеуші құралдар (сөзді музыкамен көркемдеу, әр түрлі  шуларды сабақтастыра пайдалану, олардың  ұзақтығы) әр түрлі нұсқада қолданылады.

Хабар жасау барысында монтажды қолдану аясы жанрлардың ерекшеліктері  мен мүмкіндіктеріне сай, яғни атқаратын  қызметі мен міндеті, стилистикалық  және акустикалық өзгешеліктеріне  орай анықталады.

Монтаж жанрлық қызметке тәуелді, белгілі бір мәселені шешу бағытына тәуелді, сонымен қатар жанрдың  архитектоникасын, ішкі байланыстарын  анықтап, алға қойылған шығармашылық міндеттердің іске асуына көмектеседі. Ақпараттық радиохабарда монтаж қарапайым, бірақ маңызды, яғни фактіні таңдап, іріктеу, мазмұндау, жалпы бағдарламаның құрылымында  алатын орны сияқты пішінде танылады. Ал радиоәңгімеде, радиокомпозицияда  монтаж дыбыстық образды құрастырудың басты құралы ретінде қолданылады.

Көркемдеу құралдары бір-бірімен  тығыз байланысып, әрі сабақтасып мазмұнды, акустикалық бірліктегі жиынтық  туынды түзеді.

Монтаж түрлері:

1) Акустикалық – радиохабардағы  жеке дыбыстық элементерді және  дыбыстық үзінділерді бір құрылымдық  жүйемен үнтаспада басын қосып,  біріктіріп жазудың техникалық  процесі. Сонымен қатар мазмұндық  және дыбыстық құрылымдар байланысының  біртұтас жүйесі, яғни драматургиялық  конструкция қызметін атқарушы  жүйе. Монтаж автордың идеологиялық  және эстетикалық позициясын  көрсетуші, көркем ойын таныту  әдісі және шындықты шығармашылық  ой елегінен өткізудің көрсеткіші.

Монтаж – деректі материалды көркемдеп ұйымдастырудың тәсілі. Бір  пікірді бірнеше мағынада қолданып, әр оқиғаның мазмұнын бірнеше қырынан  ашу үшін пайдалануға болады.

2) Монтажды тікелей эфирде де  іске асыруға болады, яғни жалпыхалықтық,  ұлттық сипаттағы хабарларды  ұйымдастырудың, бір тақырыпты ашу  аясында бірнеше хабарды бір-бірімен  сабақтастыра беру. Бұл – монтажды  қосақтастырып қатар қолдану  түрі.

3) Тізбектелген монтаж – мән-мазмұны,  эмоционалдық жағынан тығыз байланысқан  дыбыстық фрагменттердің өз дербестігін,  ішкі логикалық мазмұнын сақтай  отырып бір жүйеге топтастыру. Бұл кинематографиядағы эпизодпен  сәйкес келеді, яғни монтаждың  жеке элементтері – кадрлар  бір ырғақпен кезектесіп монтаждық  фразаны құрайды. Ал радиода  дыбыстық элементтер құрастырылып, жүйеленіп келіп қана оқиға  жөнінде толық баяндалады, эпизодтар  бірлесіп бір хабар ұйымдастырылады,  бұл жерде ең басты ескеретін  нәрсе айтар ойыңды нақты, шынайы  деректермен тұжырымдай білу  қабілеті.

Акустикалық коллаж – әртүрлі фактуралық дыбыстық элементтердің басын қосу, нақты бір тарихи кезеңдегі оқиғаларды бейнелейтін деректі жазбаларды, цитаталарды, лозунгтарды, пікірлерді бүгінгі көзқарас тұрғысынан сөз  ете отырып беру.

 

 

 

СӨЗ. Сөз – адамдардың тіл қатысуында қолданылатын негізгі өнім. Радиожурналистикада сөздің алатын орнын зерттемес бұрын, алдымен сөзге анықтама беріп алайық. Мағжан Жұмабаев бұл жөнінде төмендегідей ой түйеді: “Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз һәм басқа адамдардың ойларын біле аламыз. Сөз болмаса, адамда білім болмас еді. Атын атап, сөзбен бекітіп тастамасақ, жанда суреттер, ұғымдар тұрмас еді. Сөз болмаса, сөзбен адамзаттың бір-бірімен ұғысуы болмаса, жер жүзіндегі осы күнгі адамзат тұрмысы деген тұрмыс та болмас еді. Қысқасы, жан көріністерінің ең қымбаты – ой. Ой тілі – сөз”. Ал Ахмет Байтұрсыновтың қағидасына сүйенсек “бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп, қисынын, қырын, кестесін келтіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады”. Яғни Мағжанша айтсақ адамдардың ішкі жан дүниесіндегі толғаныстарды жеткізудің негізгі құралы, сонымен қатар ойдың тілі – сөз болса, ал Ахметше көңіл түкпіріндегі өзгерістерді, құбылыстарды жай тілмен емес, көркем, қисыны келіскен сөзбен кестелеп, жүйелеп жеткізу әр азамат үшін парыз болмақ. Ал сөз қадірін бірінші кезекте бағалайтын журналистер үшін Ахмет Байтұрсыновтың бұл талабы негізгі қағида болуы тиіс.

Ең алдымен сөзбен жұмыс істегенде  журналистің алдында тұратын  үш міндетті жүйелеп өтейік:

Біріншісі – журналист көңіл  қойып, назар аударған оқиғаны және оның барлық болмысын сөзбен дәл әрі  нақты мазмұнда суреттеп тыңдаушыға жеткізе білуі қажет.

“Айтушы өз ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып  айту керек. Оның үшін айтушы сөйлейтін  тілін жақсы қолдана білуі  тиіс. Яғни әр сөздің мағынасын жақсы  біліп, дұрыстап сөйлемді тізе білуі  тиіс.

Тілді қолдана білу деп айтатын  ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз”. Бұдан шығатын тұжырым  сөзді дұрыс тауып қана қоймай, оны оқиғаның бар болмысын, негізгі  мән-мазмұнын шынайы етіп суреттейтіндей дәрежеде қолдану керектігі.

Екінші міндет – сөздің оқу мақамын  дәл табу, кез-келген мәтінді нақышына келтіріп оқи білу шеберлігі. “Бар”  немесе “жоқ” сөздерін жазудың  бір ғана тәсілі бар, ал айтудың 50 түрі бар, көп жағдайда кері мағынада, яғни айтылу мақамын таппасаңыз кез-келген сөздің өзіндік мәні, берер мазмұны  жойылады.

Жазбаша түрде немесе ауызша айтылған сөз нақты бір мағынаны білдіретін болса адамның елестету қабілетіне тиімді түрде әсер ете алды, радиожурналист материалының көп бөлігі, әсіресе  ақпараттық бағыттағы хабарлары  аудиторияға осы жолмен жетіп  жатады.

Сөз әдебиетте де, журналистикада да мазмұнды жеткізуші құрал болғандықтан адамның эмоциясына, кез-келген айтылған, көзбен көрген жайтты ойша бейнелей білетін  елестету қабілетіне бағытталады. Адам санасында қалыптасқан образ (бейне) табиғатынан күрделі, яғни ол мәндік, эмоционалдық, рационалдық әсерлермен және түйсікпен сезінудің қосындыларының жиынтығы.

Кез-келген мәтіндегі әрбір сөзді  нақышына келтіріп айтып, оқу мақамына салып, жан-тәніңмен тебірене отырып оқысаң, баяндалған оқиғаның болмысын өзіндік  бояуымен әсерлі етіп жеткізе білсең тыңдаушыға әсер етпей қоймайды. Кез-келген мәтінді – ауа-райы болжамынан бастап қайғылы жайттар, елең еткізер оқиғаларға дейін – ресми түрде немесе селқос баяндауға  болады, сонымен  қатар тыңдаушыны толғандырып, селт еткізердей етіп жеткізуге де болады. Бұл үшін журналист шығармашылық адамы болуы тиіс, мәтінді ішкі түйсікпен терең сезініп, тақырып  мазмұнына қарай дауысын құбылтып отыруы керек.

“Біз басқаларды тыңдағанда олардың  айтқандарын құлақпен қабылдаймыз, содан кейін барып тыңдағанымызды көзбен көреміз” (К.С.Станиславский), яғни айтылғанды көзбен көру тыңдау болса, ал сөйлеу – ойша елестетіп, бейнелеп тұрған образдарды (ұғымдарды) сөзбен сомдау болмақ.

Үшінші міндет – журналист логикалық  және экспрессивті акценттерді, екпіндерді іздеуі қажет.

Сөздің әсер ету күші, сөздің әсерлі, әрі бейнелі шығуы үшін журналист  дауыстың күшіне емес оқу мақамының (интонация) деңгейіне (жоғарлату немесе төмендету), екпіндердің дұрыс қойылуына (фонетикалық акценттер), тыныс алудың реттілігіне көңіл қоюы керек. Дауыс  күшімен әсер етем деу қате, бұл  жағдайда қажетті көңіл-күй туғызу қиын болмақ, бұл тәжірибеде дәлелденген  қағида.

Екпін – сөз мәнінің көрсеткіші, сөздегі ой дәлдігінің көрсеткіші. Екпінді дұрыс қолдану дегеніміз  оны қай сөзге қою керектігін таба білу ғана емес, оны қай сөздің арасында қолданбау керек екенін сезіну.

Ахмет Байтұрсынұлы “буын екпіні мен сөз екпінінің қолайлы  орналасуы сөйлеу әуезділігін тудырады”  дейді. Ауыз екі сөйлегенде түрлі  сөздердің үндері орайласып, ұнамды құралуын, құлаққа жағымды болып  естілуін сөйлеу әуезділігі десек, онда екпіннің айтар ойды жеткізудегі ролін бағамдауға болады, яғни екпінді дұрыс қолдану сөздің кестесін келтіріп айтудың негізгі шарты.

Радиожурналист ең алдымен өзі  хабарлап отырған ақпараттың маңыздылығын, шынайылығын сезініп, түсінуі қажет, сонда ғана оның айтқаны сенімді  шығады.

Тыңдаушыларды хабарға тартудың бір  жолы – студия қонағымен еркін  сұхбаттасып, шынайы әңгіме айтуға жетелеу.

Ауызекі сөйлесудің негізгі пішіні – диалог, яғни нақты бір проблеманы шешудің жолдарын бірлесе іздестіріп жүрген немесе бұл бағытта білетін  ақпараттарымен ой бөлісуді көздеген екі немесе бірнеше адамның әңгімесі. 

Радиодағы диалог құрудың өзіндік  ерекшеліктері бар, яғни сөйлеуші адам мен тыңдаушы арасын кеңістік бөліп  тұрады, тікелей байланыс жоқ. Бірақ  журналист тыңдаушылардың назарын  өзіне аударып, белсенді тыңдаушыларды  ойша елестетіп, алдын-ала оның реакциясын бақылап, ойын түсініп, әңгіме барысында  туындайтын сұрақтарды біліп, екеуара  әңгімелесіп, бетпе-бет отырғандай әсерде ақпараттардың берілу ретін, логикалық шешімдердің жүйесін  құрып алады. Радиоәңгімені диалогтың, яғни ауыз екі сөйлеу стилінің элементтерін қолдану арқылы шынайы, әрі тартымды етіп құруға болады, ауыз екі сөйлесудің мақамын пайдалану, сөздердің құрылу тәртібін бұзу, адам сөйлеп отырып қажетті  сөзді таппаған жағдайда немесе ойланған кезде қолданатын сөз арасындағы кідірістерді табиғи қалыпта қолдану.

Диалогта ой дамып, қозғалыста болғаны  жөн, әр түрлі көзқарастар мен  дәйектемелердің жан-жақтылығынан ойлар туындап, әңгіменің бар  мазмұны өз мәнінде ашылғаны дұрыс.

Информация о работе Радиохабарлардың тіл мен стиль ерекшелігі