Радиохабарлардың тіл мен стиль ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:27, курсовая работа

Описание

30-шы жылдар – радионың «алтын ғасыры». Радиожурналистикадағы "пішін" мен "жанр" ұғымы. Радиожурналистика пішіндері мен жанрлары эволюциясы. Қазақстандық радиогазеттер. Радиожурналистиканың жаңа пішіндерінің жетілуі мен радиогазеттердің жойылуы.

Содержание

I.Кіріспе--------------------------------------------------------------------------3
II.Журналистика тілші жұмысынан басталады---------------------------5
2.1 Газеттегі журналистердің кәсібилігі--------------------------------8
2.2 БАҚ-дағы құқық қорғау тақырыбы---------------------------------10
2.3 Тілші құқықтың түсінігі----------------------------------------------20
III.Қорытынды-------------------------------------------------------------------27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі-------------------------------------------28

Работа состоит из  1 файл

курсовая радио журналистика Word (2).docx

— 95.73 Кб (Скачать документ)

Сондай-ақ, бірнеше сөздің де белгілі бір екпінімен, дауыс  ырғағымен құйылып, төгіле жарасымды  түрде табиғи айтылуы микрофондағы сөздерге ерекше қызметатқарады. Мұның  өзі беріліп отырған хабардың тыңдаушыға әсерін күшейтеді. Сондықтан  дауыстың жоғары –төмен, баяу не тез  айтылуының радиохабар үшін мәні бар. Сол дауыс ырғағына байланысты ауызша сөздің бейнелеп естілуі пайда болады. Мұны  аталмыш салада істейтіндер  көңіл –күйге әсері  бар деп  бағалайды,  тартымдылық  үшін қажет  деп есептейді. Ырғақтың тек электронды ақпарат құралдарына ғанаемес, жиналыстар  мен митингілерде, лекциялард, тіпті  екі адамның өзара сөйлесуінде  көп жұрт аңғара бермейтін қыр  сырлары, амал-тәсілдері бар. Ал журналистикада мұндай жайлардың өзіндік заңдылықтары және астарлары болады.  Тілдегі  екпіннің де естілуі мен айтылуы  осындай шарттармен қосылып қарастырылады.  Екпін әдетте соңғы буынға түседі. Бұл қазақ тілінің ережесімен байланысты.  Орыс тілінде екпінбастапқы, ортаңғы, соңғы буындарға да түсе береді.

Жалпы, екпін радиохабарларда  әжептәуір мәнге  ие. Себебі, сөз  сөйлемдер жұртшылыққа дұрыс  та, ұғымды  жетуі тиіс. Срндықтан  оның буындық, фразалық, логикалық психологиялық-эмоциялық  әсерлерін орынды пайдалана білу  керек.

Кідіріс (пауза) – диктор, журналисттің, сөйлеушінің хабар  барысында  қажет болатын компоненттерінің бірі. Белгілі бір сөз, сөйлемнен  кейін кідіріс жасалып отырады. Бұл  сөздің мағынасын оңтайлы  түрде санада сіңіру үшін қажет. Яғни, тыңдаушының ойлануына, сөздің мыңызын  байыптауына мүмкіндік жасау. Айтылған ойдың шатыспай қабылдануын ескеру. Радиохабарлардың көңіл –күйге әсері  ең ьірінші  кезекте ескеріліп  отыруы тиіс. Бұл үшін ең бір қажетті  шарт – лирика мәселесіне мән д  беру болып табылады. Поэзиядағы  лирика  жанры өз алдына, ал проза  мен публицичтикада қолданылатын лиризм тәсілі өте қажет.  Яғни, лиризм бұл  орайда стилдік  ерекшелік ретінде  қаралады. Радиохабарларда әрбір  журналистің өзінің сөз сөйлеу немесе материал жазу ыңғайына қарай өзгеге ұқсамайтын мәнерлері, шығармашылығы  кездесуі мүмкін.  Міне, осы айырмашылықтар, қолтаңбалар, қабілет-қарымға, тіпті талантқа байланысты өрбісе құба-құп! Ал лиризм бірден қолға түсе қояр нәрсе емес. Мұның өзі, әсіресе қалыптасқан, шеберлік тәжірибесін дамытып келе жатқан журналистерге көбірек қатысты болып келеді. Әрине, радиода журналистер  халық үшін неғұрлым қызықты хабар беруге тырысады. Ол үшін көп еңбектенумен бірге, лиризмді қолдану да үлкен пайдасын тигізбек.

Демек, лиризмді арқау еткен  мәтін радиосөз өзінің жылылығымен, тартымдығымен тыңдаушы көңіл-күйіне әсер етпек. Өйткені мұндай жағдай көркемдік  құралдары,  тілдің бояуларын аса  қажет етеді. Содан да ресми хабарларға  қарағанда, радиопублицистиканың көркем жанрлары  тыңдаушыны баурайтын  сюжеттерге, элементтерге бай болып  келеді. Мәселен, радиоочерк, суреттеме  корреспонденциялар, радиоәңгіме осыған дәлел. Сондай-ақ, лиризм элементтері  радиосұхбат пен радиорепортаждарда да кездеседі.

Бұған қоса, радиосөздің  әуезділігі мен әуенділігі де лиризмге бастайтынын ұмытпау жөн. Сөз  мәнерлілігі мұнда ерекше әсер  береді. Эфирдегі құрғақ сөз – сәтсіздіктің белгісі. Журналист-коментатор «қан-сөлсіз»  сөздерден аулақ болуы жөн. Бұл  орайда шын көңілден шыққан жанды  сөз ғана тыңдаушысын тарта алады. Ақын Қадыр мырзалиев айтқандай: «Жүректен шықпаса – жүрекке  жепейді».

Сондықтан  жадағай мәтіндер мен жеңілтек, құжаттық, телеграфтық  стильдерде материалдар беру де радиохабардың  сапасын түсіреді. Адамның  жан- дүниесіне  әсер етеін хабарлар керек. Ал, бұл – лиризм арқылы келетін жетістік деуге болады. Публицистикада Б. Бұлқышевтың, О. Бөкеевтің, прозада Ш. Айтматовтың, С. Мұратбековтің шығармалары лиризмге суарылғанын айтқан жөн.

Радиоахарлардың  түрлері  бар, радиожанрлар бар және радиопішіндер  бар екені белгілі. Мұның  бәрін  хабар дайындау барысында журналистердің өздері жіктеп отырады. Сонымен бірге, хабарлардың сипатына қарай тіл  қолданыстары да  түрліше болып  келеді. Мәселен, радиохабарлар түрлері: қоғамлдық-саяси хабарлар, мәдени хабарлар,  музыкалық хабарлар, әдеби-драмалық хабарлар, балалар мен жастарға арналған хабарлар, жаңалық хабарлар т.б. Ал радиопішіндер: радиожурнал, радиокөпір,  радиоүндесу, радиоойын, радиодиспут т.б. Сондай-ақ, ражиожанрлар: рдиоочерк, радиофельетон,  радиосұхбат, радиорепортаж, радиокорреспонденция, радиоразметка т.б.

Бұлардың  бәрінде өзіндік  тіл қолданыстары бар. Мәселен, ақпараттық хабарларда тіл бояуы барынша  пайдаланылады. Жанрларға да осындай  қасиеттер тән. Родиоразметка телеграфтық  стильде  келсе, радиоочерк күрделі  сюжеттік стильде әрі әдеби тіл  қолданылады.  Радиоразметка фактілер мен оқиғаны қысқаша хабарлаумен  қарапайым тілде хабарланса, радиоочеркте көркем тіл кестесі қолданылады, суреттеледі. Әсіресе, әдеби-драмалық хабарлар мен музыкалық хабарларда тіл бүкіл әрімен, мәнімен бейнеленіп беріледі. Сөздің эстетикалық мәніне назар аударылады. Жоғары талғам көрініс  береді. Радиопьесалар, басқа да радиоқойылымдарда кейіпкерлер өмірі, тұлғасы образды  түрде жеткізіледі.

Жарлардың ішінде радиоочерк пен радиофельетон көркем тілді  қажет етеді. Талап пен талғам қатар өріледі. Тілдік  бейнелеу құралдары жанр табиғатына сай шығуы  тиіс. Астарлы да, нәзік  мағыналы сөздер қолданылуы мүмкін.  Мұның  өзі хабардың қызықты шығуына  ықпал етеді. Сондықтан осы жайларды ескере отырып, хабар  түрлері мен  жанрлардың жаратылысына орай тіл бояуларын  орынды пайдалану міндеті туындайды.

Жалпы, бұқаралық ақпарат  құрадлдарына  тіл қолдануда өзіндік  ұқсастықтармен бірге, ерекшеліктер де сақталады. Баспасөз тілі әдеби нормаға  сай болып келеді. Мұндағы мәтіндерде, материалдарда қатаң стиль сақталады, әдеби тіл қолданылады. Баспасөздің  қысқа  жанрларында хабарлау стилі  болса,  талдамалы жанрларда баяндау  стилі, ал көркем жанрларда бейнелеу суреттеу стилі басым.

Ал радиода ауызекі  тіл, сөйлеу стилі қолданылатындықтан, белгілі бір мөлшерде айырмашылықтар келіп шығады. Баспасөз тасқа басылатын  сөз болғандықтан, әрбір сөз сараланып, өңдеу, жөндеуден өткізіледі. Оны  көзбен көріп оқу тән, радиотыңдауға  негізделеді. Газеттегідей күрделі  стиль радиода  көп кездеспейді. Көбіне тікелей эфир берілетіндіктен  ауызекі сөздің сипаты пайдаланылады.

Газетте шұбалыңқы сөз, ой қайталаулары болмауы тиіс. Мұнда  штамп, тафарент, схематизмге де орын жоқ.

Радиода газеттегідей ұзақ сөйлемдер беру жарамсыз. Ондай сөйлемдер тыңдаушының ұғымын ауырлатып, жалықтырады. Сондай-ақ, хабарларда газетке қарағанда цифрларды көп қолдану тиімсіз. Газетте берілетіндей бөлшек цифрларды радиода қолдануға келмейді, сондықтан оны дөңгелектеп жіберген дұрыс, не болмаса салыстырмалы цифрлар берген жөн. Көп сөзден тұратын күрделі құрмалас сөйлемдер газетте қолданылғанмен, радиода ол күткендегідей болмайды.  Радиомәтіндер жай сөйлемдерге құрылғаны лазым. Радиодағы көпсөзділік айтуға ауыр  тиеді. Сөз айту мәнері де ойдағыдай  шықпайды. Диктордың мәтін оқуын қиындатады әрі тыңдаушыға түсініксіз болып шығады.

Демек, Ақпарат құралдарының ерекшелігіне сай газеттің өзінше, радионың  өзінше әдіс-тәсілдері  бар.

           Әрбір тілде сөйлем мн сөзге  байланысты қолданылданылатын тыныс  белгілері бар. Оның сөз, сөйлемдердің  жазылуына, айтылуына, сөйлем  құрылысына байланысты және мағынасына  байланысты болатыны белгілі.  Мұндай тыныс белгілері қазақ  тілінде оншақты болып есептеледі. Сондықтан да оны радиоматериалдарда сауатты түрде пайдалану эфир кезінде тиімділігін танытпақ. Мәтіндерді радиодан диктор, актер, журналист – жүргізушілердің дұрыс одып, дұрыс айту нормасына себі тимек. Пауза жасауға керегінше көмектеседі.

 Пунктуация шаррты  белгі ретінде ертеден қолданыла  бастаған. Мәселен, біздің эрамыздың  ІІ ғасырында Александрия қаласынан  шыққан Аполоний деген тіл  зерттеуші ғалым сөздер мен  сөйлемдер арасындағы байланыстарды  қарастырғанда пунктуацияны да  ескерген. Алайда Ертедегі тыныс  белгілері өте қарапайым, тіпті  оны ескермеген жағдайлар да  болған. Мәселен, сөз сөйлем аралықтарында  көп нүктелер мен ромбик немесе  дөңгелек белгілер ғана қойылып  отырған. Ал кейбір халықтардың  жазбаларында сөздер ешбір тыныс  белгісінсіз – ақ тізбектеліп  жазыла берген. 

 Тіл тарихын зерттеуші  ғалымдардың пікіріне қарағанда,  қазіргі қолданылып жүрген нүкте белгісі ХV ғасырда,сұрай белгісі XVI ғасырда, леп белгісі ХVII ғасырда, көп нүкте XVIII ғасырда, сызықша ХІХ ғасырда пайдалына бастаған дейді.

Ал бүгінде сөз мәдениеті  дамып, жазу өнері қалыптасқан жағдайда тыныс белгілерінің мән – мазмұны  ерекше. Бұл орайдабұқаралық ақпарат  құралдары үлгі – өнеге көрсету  тиіс. Әрбір белгінің дұрыс тұруы  шарт. Сөйлемнің басында, ортасында, соңында келетін белгілер бар, заңдылықтары бар. Тыныс белгілері жазу мәдениетіне  сай өркендейді. Бұл – әдебиет  пен журналистикаға тікелей қатысты  мәселе.

Радиода тыныс белгілері  қиындық келтіретін сөйлемдер кездеседі. Мәселен, төл сөздерді алайық. Мұнда  көптеген тыныс белгілерін қоюға  тура келеді, оның өзі оқу, айту мәнерін  жеткізуде кедергілерге тап қлады. Сондықтан радиомәтінде мүмкіндігінше төл сөздерді төлеу сөздерге айналдырып жіберу қолайлы. Сонымен бірге, сөйлем ішінде келетін қос нүкте, нүктелі үтір, сызықша, жақша, тырнақшаларды эфирден білдіру оңай емес. Ейде ондай белгі бар сөйлемдерді дайыс ырғағын өндеп, жөндеп, радиохабарға бейімдеп берген дұрыс, цифорларда да радио санмен емес, сөзбен жазған жөн. Бұл – эфирден материал оқығанда шатастырмау үшін қажет.

Ұлттың тілдік қасиетінде оның мәдени түрде айтылуы мен  жазылуына ерекше мән береді. Жалпы, адамзаттық – қоғамдық қатынастарда өзара түсіністік құралы ретінде  тіл, сөз мәдениеті ескеріліп  отырады. Бұл орайда, әдеби тіл, ғылыми тіл, публицистика тіліболсын, бәрі халық  тілінің негізінен құралады. Тіпті  тұрмыстық тілдік қолданыстар да солай және мұның баршасы сайып  келгенде бір арнаға, яғни сөз мәдениетіне келіп тіреледі. Іріктелген жарасымдысөздердің орны бөлек. Мұндайда: а)сөздің маңызы, ә) сөздің этикасы, б)сөздің көркемдігі, в)сөздің ойлылығы т.б. көп рөл атқарады.

Қазір жер жүзінде 3000 –  нан астам тіл бар деп есептеледі. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымында тіркелген  халықаралық бірнеше тіл бар. Олар: ағылшын, француз, орыс, қытай, испан, және кейінірек қабылданған араб тілдері. Сөздің мәдени табиғаты уақытқа  қамтитын процесс. ОЛ, сондай- ақ ауыз әдебиеті мен фольклордан, ертеден бергі  дамып келе жатқан әдеби тілден, бүгінге дейінгі өсу – өркендеу үстіндегі публицистика тілімен  сөз мәдениеті де параллелді түрде  қалыптасып келеді. Сондай – ақ, радио  мен телевиденеде айтылатын сөздер – мәдени сөздер болып саналады.

Студиядан айтылатын журналист  сөзі әркез мәдени сипатымен, мағынасымен беріліп жатса абзал. Мұның өзі журналистке үлкен жауапкершілік жүктейді. Мәдениетті сөз үшін классик ақын – жазушылардың арғы – бергі шығармалары да үлгі бола алады. Шебер де, тәжірбиелі журналисттер эфирден мәдени сөздердің табиғатын таныта береріне күмән жоқ. Сөз мәдениеті болу үшін, адамның өз мәдениеті болуы керек. Сыпайы сөз сонда ғана пайда болмақ.

Әдетте, сөйлеу мәдениеті  мен жазу мәдениеті қатар дамиды. Радиожурналистің интеллектуалдық, эрудициялық  қасиеті де әрқашан сөз мәдениетіне  бастайтын алғышарттар.

Электронды ақпарат құралдарында- актер, диктор, журналист – жүргізуші  мамандардың орны ерекше. Бұлар микрофондық  сөзде қызмет аясын атқарушылар. Сөйтіп радиопублицистикада  да өз үлестерін қосатын тұлғалар деуге  болады. Актер радиоқойылымдаода  ойнау арқылы шығармалардың тілін дауыс мәнерімен әрлендіреді, диктор мәтіндерді көркемдеп оқып, тартымды ете түседі, журналист – жүргізуші ой мен сөзді өз жүрегінен шығарып, тыңдаушыны баурайды.

Актер мен диктор сөз техникасын жақсы меңгергендер. Олар радиодн  берілетін материалдарды әсерлі жеткізу үшін тілдің бояуларын молынан  пайдаланады.

Журналист, комментатор, репортер болса да өз сөздерін өздері тікелей  эфирге шығара алатын  шығармашылық иелері. Бұлардың актер, диктор секілді  сөзді, дыбысты құбылтып, түрлендіре беру жөн. Себебі, журналистің артистерше сөйлеуі жасандылыққа ұрындырады.

Бүгінде эфирдегі журналист  еңбегі алдыңғы кезекше шығып  отырады. Әсіресе, тікелей эфир күшейіп  отырғанда мұны ескермей болмайды. Өйткені қазір радиода диктор мамандығы қысқара бастады. Енді журналистің өзі диктордыңда  рөлін атқара беретін болады. Радиостудияларда таспаға жазылатын сөздер де азайғаны мәлім.

Сондықтан журналитсің өзі  тілдік бояуларды орнымен пайдалануына тура келеді. Ақпаратты дұрыс баяндап  жеткізуде, мағынасын сақтауда, әрине, радиожурналистің өз міндетін басқа  мамандардың алмастыруы мүмкін емес. Ой, идея, мазмұн журналистің іші  талант қасиетін, шығармашылығын туындамақ. Халық әрбір хабарды тікелей, нақты журналистің өз аузынан  естігісі келетіне де заңды. Ал бұл  үшін ұлттың бай тілін пайдалана  отырып, журналист оны ұтымды да әсерлі қолдануы лазым.

Әдебиетте де, публицистикада да қазақ тілінің нормалық ережелерін дұрыс қолдану талабы туындайды. Бұл, сонымен бірге радиохабарларға  тікелей қатысты, әрә маңызды. Мәселен, орфография – сөз, сөйлемдерді, мәтіндерді дұрыс дұрыс жазу заңдылығы болса, орфоэпия – сөздерді дұрыс айту болып табылады. Ал фонетика – әрбір  дыбысты, сөздің дұрыс естілуін көздейді. Осындай проблемалардың радиода кеңінен орын алатыны түсінікті.

Радиохабарларда сөздердің  ойдағыдай айтылуы, дыбысталуы жайдан – жай емсе. Ол хабар сапасын  айғақтайды. Рас, кейде эфирдегі сөздердің  анық айтылмай, кемшілікке жол берілеиіні бар. Айталық, радиода жазылуы бойынша  сөздер айтылғанмен, кейде қайсібір сөздердің жазылуыбойынша айтылмайтыны да кездеседі. Сөйтіп хабарда түсініксіздік, жаңылыстық пайда болады. Мысалы, «Талдықорған»  сөзін дәл осы дәл осы жазылуы  күйінде айтпай, «Талдығорған» деп, алдыңғы «қ» әрпін кейінгідегідей «ғ» әрпі түрінде жұмсартып айту керек. Сонда ғана бұл сөз радиода ауызекі тілдегідей жатық естіледі. Басқа да осындай көптеген мысалдар келтіруге болады.

Информация о работе Радиохабарлардың тіл мен стиль ерекшелігі