Компаниядағы пиар қызметін ұйымдастыру
Курсовая работа, 03 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Паблик рилейшнз (publіc relatіons – көпшілікпен қарым-қатынас) – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік құрылымдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі; қоғаммен байланыстардың жаңа кәсіпкерлік салласы; қоғам мен ұйымдар арасындағы өзара түсінушілікке қол жеткізуге бағытталған қызмет.
Бастапқыда паблик рилейшнз ұғымы ұйым мен жұртшылықтың арасындағы қарым-қатынастың ерекше түрі, жұртшылықпен өзара пайдалы әрі тиімді қарым-қатынас орнату, халықтың, сондай-ақ, т.б. қоғамдық ұйымдар тарапынан өзіне жағымды көзқарас қалыптастыру мақсатында ұйым жүзеге асыратын басқару түрі (немесе функциясы) ретінде қолданылды.
Содержание
1.Тақырыбы:Компаниядағы пиар қызметінің ұйымдастырылуы
2.Жоспары:
Пиар маманы туралы жалпы түсінік
Меншікті PR маман және сыртқы консуьлтация
2.1.1.PR –ды ұйымдастыруда қолданылатын коммуникацияның құралдары мен нысандары
3.1.1.Туристік мекемелердің қызметіндегі паблик рилейшнздің ұйымдастырылуы
3.1.2. Туристік қызметтің маркетингі мен менеджменті
3.1.3. Бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді байланыс
3.1.4 Туризмдегі жарнама
3.Қорытынды
4.Пайдаланылғын әдебиеттер
Работа состоит из 1 файл
Пиар Арай реферат.docx
— 70.74 Кб (Скачать документ)1.Тақырыбы:Компаниядағы пиар қызметінің ұйымдастырылуы
2.Жоспары:
- Пиар маманы туралы жалпы түсінік
- Меншікті PR маман және сыртқы консуьлтация
2.1.1.PR –ды ұйымдастыруда
3.1.1.Туристік мекемелердің қызметіндегі паблик рилейшнздің ұйымдастырылуы
3.1.2. Туристік қызметтің маркетингі мен менеджменті
3.1.3. Бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді байланыс
3.1.4 Туризмдегі жарнама
3.Қорытынды
4.Пайдаланылғын әдебиеттер
1.1.1. Пиар маманы туралы жалпы түсінік
Паблик рилейшнз (publіc relatіons – көпшілікпен
қарым-қатынас) – мемлекеттік және
қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік
құрылымдар арасындағы қарым-қатынастар
жүйесі; қоғаммен байланыстардың жаңа
кәсіпкерлік салласы; қоғам мен
ұйымдар арасындағы өзара түсінушілікке
қол жеткізуге бағытталған
Бастапқыда паблик рилейшнз ұғымы
ұйым мен жұртшылықтың арасындағы қарым-қатынастың
ерекше түрі, жұртшылықпен өзара пайдалы
әрі тиімді қарым-қатынас орнату,
халықтың, сондай-ақ, т.б. қоғамдық ұйымдар
тарапынан өзіне жағымды
1.1.2. Меншікті PR маман және сыртқы консуьлтации
ПР қызметінің ұйымы өз меншігіндегі мамандар/бөлімшелер және/немесе сыртқы консультацияны пайдалану арасындағы таңдауды ұйғарады. И. Алешинаның31 тәжрибесіне сүйене отырып, сыртқы консультант келесі жағдайларда тиімді деп айтуға боады:
- Жұмыс көп емес және тұрақты қызметкерлердің наймын толық жұмыс күніне тиімсіз ететіндіктен ол эпизодты түрде жүргізіледі.
- Жұмыста «шыңды» тиеу болуы мүмкін және жаңа азық түліктерді жіберумен, маусымды ықпалмен, көрмелермен байланысты тиеудің болмайтын кезеңдері де болуы мүмкін. Онда белгілі бір уақыт кезеңінде бір уақытта 2-3 адам талап етіледі, бірақ жылдың қалған бөліктеріне емес.
- Штатты қызметкерлердің уақытша ауыстыруын қамтамсыз ету немесе оған «шыңды» кезеңдерде көмектсу
- Сыртқы консультант штатты топта болмайтын спецификалық тәжірибелері болады.
- Жаңа географиялық ауданаудандарға көшкеннен кейін ұйым жедел түрде медиа-байланысты қажет етеді. Орын ауыстырғаннан кейінгі арақашықтық және тілді барьер сыртқы кеңес берудің пайдасына тиетін факторлар болуы мүмкін.
- Ұйым күшті саясаттанған және ішкі мамандардың кеңесі тек бір ғана жақтың қызығушылықтарымен байланысады, сондықтан ол дұрыс емес.
Соңғы 3 жағдайда штатты және сыртқы мамандардың бірігіп жұмыс жасауы ықтимал.
Америкалық ПР-мамандарының «
- Топ ішіндегі жұмыс.
- Ұйымның білімі
- Үнемшілдік
- Қызметкерлер үшін оңтайлығы
Аталған 4 дәлелді В.Королько33 жұмысының негізінде қарастыруды ұсынамын.
Бір топқа қатыстылығы – бұл бөгде пиаршы – кеңесшілердің қызметін пайдалануға қарсы тұратын өз меншігіндегі ПР бөлімін құрудың пайдасына келетін ең негізгі аргумент. ПР бөлімінің төрағасының кабинеті ұйымның жетекші төрағасының кабинетімен қатар орналасуы жайдан – жай емес. Бұл әр жұмыс күнін қысқа мәжілістен, пікір алмасудан және ағымдағы істің мән – жайын анықтаудан бастауға мүмкіндік береді. ПР бөлімінің және ұйымның жоғарғы басшылығының жиі жұмыс байланыстары жалпы ережеге алып келеді. Тәжірибеге сүйенсек, осыған сәйкес мәжілістің көп жағдайда әңгіме тақырыбы дәл осы ұйымның қоғаммен байланысы жайындағы сұрақтар болып келеді. Жеке байланыстар құпиялылықтың атмосферасын, сенім мен өзара сүйенішті тудырады. ПР бөлімі мен ұйымның басшысының арасындағы жеке жақын қатынастары ПР менеджердің басқару тобының мүшесі болуына әкеп соғады.
Ұйымның білімі тек ұжымның мүшелері ғана қол жеткізе алатын ағымдағы сәттің барлық бүге – шігесінің терең түсінігін білдіреді.
Жеке адамдар мен ұйым ішіндегі бөлімдер арасында қалыптасқан қатынастар жайында штатты пиаршылар біліп жүреді. Олар ұйым саясатының жасырын пружиналарын және оны құратын адамдарды тани алады, сонымен қатар паблик рилейшнздің жұмысына кедергі келтіре отырып, жаман оймен арамдық жасайтын адамдарды айнала өтіп, оның іске асуына жол бермейді. Ұйым қызметкерлерінің қабілеттіліктері жайлы біле отырып, кімнің қауым алдында сөз сөйлеп, спикер бола алатынын, камера
алдында өзін еркін сезіне алатынын, баспасөз өкілдерімен шебер жұмыс істей алатынын, кімнің ұйымды халыққа дұрыс жағынан көрсете алатынын өте жақсы біледі. Паблик рилейшнз бөлімінің жұмыскерлері керек уақытында кеңес пен практикалық көмек бере алады, өйткені олар ұйымның бөлінбес бір бөлігі және оның тарихымен, салт – дәстүрлерімен таныс.
. Сонымен
қатар, ПР науқаны немесе ПР
жобаны таратуды жүргізудің
Штатты пиаршылардың әңгімедегі оңтайлы қол жеткізудің көптеген артықшылықтары бар. Мәселен, проблема шыққан кезде мамандар әрқашанда жеке кеңес үшін қол астында. Ұйым басшысының орындаушысы ретінде шетін мәселелерді талқылаған кезде толығымен сенуге болады. Мысалыға, жауапты жұмыскерлердің біреуі фактілерді бұрмалаған кезде бірінші басқарушы оқиға орнына сұрақтың құпия мәнін білетін, егер де баспасөз бетіне түскен жағдайда оқиғаны ағат түсіндірудің қауіптілігін жете түсінетін және бұқаралық ақпарат құралдары мен кілт адамдарының сенімімен пайдаланатын ПР маманын тез арада шақыра алатын мүмкіндігі бар.
Қолжеткізушілік
сонымен қатар, ұйымның барлық
бөлімдерінде, бөлімшелерінде немесе
бөлек филиалдарында әрқашанда
ПР мамандарының керек уақытында
орнында болуын білдіреді. Кейбір аумақтардың
бөлектенген ұйымдарында
ПР бойынша
агенттіктер мен
тырудағы
2.1.1.PR –ды ұйымдастыруда қолданылатын коммуникацияның құралдары мен нысандары
Мен ары қарай коммерциялық ПР қызметінде пайдалынатын коммуникацияның құралдары мен нысандарын қарастырамын.
- Жарнама құралдары. Жарнаманың стратегиялық мақсаты – ықылас аудару, тауарларға деген сұраныстың үәжін құру34.
Баспа басылымдарындағы, радио және теледидардағы, интернеттегі жарнама.
Жарнамалық шиттер (билбордтар35) – тауар мен фирманың бейнесін есте сақтауына және құруына ықпал ететін жарнама. Ол жаяу кетіп бара жатқандар мен көлік ішінде кетіп бара жатқандарға есептелуі мүмкін. Осы жарнаманың бір түршесі ретінде көшелер мен қоғамдық жерлерде орналасқан электронды таблоларды, жүгіртпе жол түріндегі жарық жарнамаларды қарастыруға болады.
Көліктегі жарнама – бұқара сұранысы мен қызметтер сферасындағы тауарларға өте тиімді жарнама.
Метродағы жарнама – вестибюль мен көше өтпелдерінде орналастырылған щиттер мен метро вагондарындағы жабысқақ аппликацияларды жатқызуға болады. Метродағы радиожарнама дүкендер, тауарлар мен бөлек қызметтердің жарнамасына өте тиімді.
Тура пошталық жарнама – азаматтардың мамандықтары, қызығушылықтары және т.б. бойынша мекен-жайлары белгісіз болған жағдайда жүргізілетін, тауарлар мен қызметтердің тарату аймағына өте жақын орналасқан пошталық жәшіктерге бұқаралық «тастаулар» түріндегі халық көп тұтынатын тауарлардың жарнамасы. Өндірістік мақсатындағы тауарлардың жіберулері потенциалды сатып алушыларға әсер етудің ең тиімді құралы.
Халық тұтынуындағы тауарлардың жарнамасы – пакеттердегі, орамалардағы және т.б. жарнама. Бұқара сұрауындағы тауарларды немесе фирманы жарнамалауда өте тиімді.
Ауа шарлары мен әуестаттарындағы жарнама – жарнаманың ерекше түрі. Көрмелер мен халық қыдырулары жүргізіліп жатқан кезде жүргізу өте тиімді (тауарлар мен фирмалардың жарнамасы үшін).
Арнайы бұйымдардың көмегімен іске асырылатын жарнама – күнтізбелерде, күл салатындарда, қаламсаптарда, қаламдарда, сіріңке қораптарында, жазу кітапшаларында және басқа да кеңсе немесе текстильді өнімдерде болады.
Ауызша жарнама - жеке немесе телефон арқылы әңгімелесу кезіндегі тауарлар мен қызметтердің жарнамасы. Жеке әңгімелесу (белгілі бір шеберлік бар кезде) адамға әсер етудің ең тиімді түрі.
- Жарияланымдар. Жарияланымдардың астарында компанияның жылдық есеп берулері, кітапшалары, мақалалары, ақпараттық бюллетендер және журналдар, мақсатты нарыққа әсер етудің құралы ретіндегі аудиовизуалды материалдар жатыр. Кітапшалар мақсатты тұтынушыларға өнім немесе қызмет туралы жалпы түсінік беруімен қатар, оны қалай іске асыруға болатыны жайлы мәлімет беруде маңызы зор. Төраға қолымен жазылған мақала арқылы кәсіпорын мен оның бұйымдарына назар аударылады. Ақпараттық кітапшалар мен шығарылатын журналдар компанияның бейнесін жасауда жәрдемдеседі және мақсатты нарыққа маңызды жаңалықтарды жеткізуде үлкен рөл атқарады. Аудиовизуалды және мультимедиалық материалдар – фильмдер, аудио және бейнетаспалар - өткізуді ынталандырады.
- Жаңалықтар. Мамандардың қоғаммен байланысы бойынша міндеттерінің ең негізгілерінің бірі – компанияның, оның өнімдері мен қызметкерлері жайындағы медиа жағымды хабарларды ұсыну. Бірақ қоғаммен байланыс бойынша маманның ісі тек хабарды дайындап қоюуымен ғана шектелмейді. Оған әңгімелесу мен көндіру дарынын баспасөз конференциясына өз өкілдерін жіберетін медианы, баспасөз хабарламасымен қызықтыру мақсатында иемдену қажет. Редакторлар мен репортерлармен қарым-қатынасын жөнге келтіру керек.
- Сөз сөйлеулер. Сөз сөйлеулер компанияға және оның тауарларына паблиситиді құрудың тағы бір жолы. Әр уақытта компания басшыларына медиа өкілдерімен араласуына, келіссөздер жүргізуіне, сауда ассоциацияларында және коммерциялық кездесулерде сөз сөйлеуге тура келеді. Олардың ораторлық өнері компанияның имиджіне елеулі әсерін тигізеді.
- Қоғамдық қызметтерге қатысу. Компаниялар қайырымдылық акцияларына қаржы аудара отырып, өздерінің репутациясын көтере алады. Әдетте, ірі компаниялардың басшыларын қандай да бір қауымды сүйемелдеуін өтінеді. Ал кей жағдайларда компаниялар қомақты қаржы сомасын нақты мақсаттарға сыйға тартуы мүмкін. Фирма репутациясын құруда мұндай мақсатты маркетинг жиі қолданылады.
- Идентификацияның құралдары. Қоғам ақпаратпен асыра қамтамасыздандырылған кезде компания тұтынушылардың назарын аудару үшін күресуі міндетті. Ол бірден тани білетін ерекше бейне құру керек. Бұл үшін компанияның эмблемасы (логотип), және басқа да белгілері бар жазу қағаздары, кітапшалар, мөрлер, визиттік карточкалар, мекеменің стилі мен дизайны, қызметкерлердің униформалары пайдалынады.
- Акциялар мен арнайы оқиғалар (іс – шаралар) PR саласындағы мамандар PR-ға енетін түрлі іс – шараларды қарастырады. Әрине, әр фирма, кәсіпкерлек қызметтің әр субьектісі өзіне квалификациялы түрде және өз уақытысында орындалатын, сонымен қатар көп пайда әкелетін түрін ғана таңдайды.