Өнім сапасын бақылау және көтеру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:14, курсовая работа

Описание

Зерттеу жұмысының мақсаты болып кәсіпорының бәсекеге қабілеттілік сұрақтары бойынша теориялық білімді бекіту, ұлғайту, оны қамтамасыз ету ету әдістемесесін меңгеру, тауардың (сүт өнімдерінің ) нақты нарығының жағдайына талдау және маркетингтік зерттеулер жүргізу табылады. Сонай – ақ тауарлардың және қызыметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда бірнеше ұсыныстар жасауға талпындық.

Содержание

Кіріспе
1. Өнім сапасын көтерудің теориялық әдістемелік негіздері................................................................................................................31.1 Өнім сапасын көтеру мен экономикалық тиімділігінің мәні мен маңызы.................................................................................................................9 1.2 Қазақстан Республикасы жағдайларына бейімделуі мүмкін қазіргі проблемаларды шешу бойынша шетелдік оң тәжірибені шолу.....................................................................................................................12
2. «Смак» ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын басқару тиімділігін бағалау................................................................................................................172.1 Кәсіпорында өнім сапасын басқарудан жетілдіру жолдары....................20
Қорытынды.................................................................................................24Пайдаланған әдебиеттер тізімі................................................................26

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорын өнім сапасын көтеру курс (2).doc

— 232.50 Кб (Скачать документ)

Сапа жүйесі еліміздің Бүкіл әлемдік сауда  ұйымына кіру мүмкіндігін анықтайтын және нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратын маңызды факторға жатады. Қазіргі таңда ҚР – да кәсіпорындардың сапа жүйесі және оны шығаратын өнімнің сапасын бақылау 1999 жылы қабылданған стандарттау және сертификаттау туралы заңның аясында жүргізіледі.

Стандарттау туралы халықаралық ұйым 1979 жылы сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету жөнінде техникалық  комитет құрған болатын.1985 жылы бұл ұйым сапаны қалыптастыру мақсатында 5 халықаралық стандарттаудың жобасын дайындады. Ал  1986 жылы Британдық стандарттарға сүйене отырып ИСО -  9000 сериялы стандартын дайындап шықты. Бұлардың қатарына:

  • ISO – 9001  – жобалау, дайындау, өндіріс, жөндеу және қызмет көрсету;
  • ISO – 9002 – нақты өндіріс;
  • ISO – 9003 – өнімді бақылау;
  • ISO – 9004 – сапаны және сапа жүйесін жалпы басқару.

Қазір бұл стандарттар  әлемнің 151 мемлекетінде енгізілген.Біздің мемлекетте осы ИСО – 9000 стандарттардың талаптары негізінде ҚР СТ ИСО  – 9000 – 2003  сериялы стандарттарын  дайындап шықты.

1.2 Қазақстан Республикасы жағдайларына бейімделуі мүмкін қазіргі проблемаларды шешу бойынша шетелдік оң тәжірибені шолу

Жапондық сапа тұжырымы сапаның 4 деңгейін қарастырады:

Бірінші деңгей  «Стандартпен сәйкестігі». Бұл деңгейде сапаның мемлекеттік стандарт, техникалық жағдай, коммерциялық келісім және т.б. бойынша бағалануы. Өнім сапасын тексеру процедуралары және стандартты бекіту талаптарын білу қажет және де сапаға міндетті түрде бақылау жасау қажеттігі айтылады.

Екінші  деңгей – «пайдалану сәйкестігі».Өнім стандартқа сәйкестеніп қана емес, ол қолдану талаптарын қанағаттандыру керек. Сонда ғана ол нарықта сұраныс  ретінде қолданылады. Өнімді пайдаланудың барлық варианттарымен сәйкес келу үшін, оның сапасы тек қана фирманың өндірістік бөлімшелерімен ғана емес, маркетинг қызыметімен , зерттеу және өңдеу, жоспарлау, сапаны басқару, өтім және сервис жұмыстарын да қарастыру қажет. Нарықты талдау және халықаралық функционалды басқару әдістері Жапонияда 60 жылдардың соңында, 70 жылдардың басында пайда болған көрінеді.

Үшінші деңгей – «нарық талаптарына сәйкестігі». Бұл жерде жоғары сапалы тауар төмен бағада болғандығы көрінеді.

Төртінші деңгей – «Жасырын тұтынушылықпен сәйкестігі» ірі бай елдерде , мысалы: Жапония, Ұлыбритания, АҚШ және т.б. елдерде нарық тұтынушылардың айқын талаптарын қанағаттандыратын барлық тауарларға толы болады. Сондықтан өтім кезінде жасырын қажеттілік ескеріліп, тауар артықшылық алады.Тұтынушы өзіне не қажет екеніне еш күдіктенбейді. Тек оған нақта бір күтпеген тауарды сатып алуға ұсынғанда ғана ол осы тауарды өзіне ұнағанын және керек екенін түсінеді. Барлық елде қазір өркендеуші фирмалар осы деңгейге жету үстінде.

Қасиет – бұл өнімнің  тұтынылуындағы немесе пайдалануындағы, бағалануда және оның құрылуындағы объективті ерекшелігі.

Қасиет шартты түрде негізгі  және жалғаспалы  болып  бөлінеді.

Негізгі қасиет – өнімнің және оның белгілерімен сәйкестігін сипаттайды, (мысалы, жиһаз үшін –  оны қолданудағы қолайлылық, ұзаққа төзімділігі, сыртқы түрінің әдемілігі).

Жалғаспалы  қасиет – негізгі қасиеттерді  нығайтады және түсіреді. (мысалы, жиһаз  үшін - оның салмағы).

Өнімді тұтынуда және пайдалану процесі кезінде  пайда болатын өнім қасиетін тұтынушылық  қасиет деп атаймыз. Тұтынушылық  қасиеттердің жиынтығы өнімнің пайдалылығын анықтайды.

Өнімнің тұтынушылық  қасиеттеріне техникалық және экономикалық қасиет, әлеуметтік және функционалды белгі, техникалық сипаттамамен параметрлер,пайдаланудағы қасиеттер сенімділік, қауіпсіздік, экологиялық, эргономикалық және эстетикалық қасиеттер және т.б.жатады.

Өнім  сапасының  көрсеткіштері  бұл өнімді тұтыну, пайдалану және құрылу жағдайындағы бір немесе бірнеше өнім қасиеттерінің сандық сипаты. Көрсеткіштерді таңдау өнімнің белгілерінде ,пайдалану жағдайындағы және т.б. анықталады. Өнімнің әр түрі оның белгілеріне байланысты сапа көрсеткіштерінің анықталған номенклатурасы негізінде сипатталады.Өнім сапасының көрсеткіштері әр түрлі өлшем бірліктері бойынша да анықталады, мысалы, жылдамдық км/сағ; бояудың төзімділігі – балл және т.б. содай – ақ өлшеусіз болуы да мүмкін.

Өнім  сапасы көрсеткіштерінің көптеген түрлері  бар:

  Жалпылама көрсеткіштер өнім сапасы деңгейін сала бойынша немесе кәсіпорын бойынша толық сипатталады. Бұл көрсеткіштерге мыналар жатады: тауардың сұрыпы, маркасы, класы, пайдалы заттардың мазмұны, өнім мөлшері. Әлемдік стандарттарға сәйкестігі және т.б.

Еңбек затының бірлік көрсеткіштері  еңбек заттының ерекшелігіне байланысты ерекше болып келеді. Мысалы, теміркенді шикізат темірдің маңыздылығын, ірілігін, оның пайдалы және пайдасыз қоспалары  сияқты және т.б. көрсеткішті сипаттайды.

Тағайындау  көрсеткіштері – бұл өнімді пайдалану аймағында белгілі атағы шыққан және тағайындалған өнімді пайдаланудан пайдалы, тиімді эффектілермен сипатталады.

Үміткерлік  көрсеткіштер – бұл қарсы болмау, сақтау, жөндеуге жарамдылық, сондай – ақ өнімді ұзақ уақытқа пайдаланушылық, бағаланған өнімнің ерекшеліктеріне қарай үміткерлік сипаты үшін барлық төртеуі сияқты пайдалануға болады. Кейбір өнімдерде де адамдар қауіпсіздігі үшін қарсы болмау негізгі болуы мүмкін .

Қауіпсіздік көрсеткіштері – өнімді сатып алуда және пайдалану барысында, сақтауда, жөндеуде, құрастыруда және қызмет көрсетудегі т.с.с. сатып алушы мен қызмет көрсетуші қауіпсіздігі ерекшеліктерімен сипатталады.

Экономикалық  көрсеткіштер – өнімді экономикалық жағынан (өзіндік құн, сату бағысы, түсім, тиімділік, тұтыну бағасы) сипатталады.

Жоғарыда көрсетілген  көрсеткіштер жиынтығы өнім сапасын  қалыптастырады. Өндірілген өнім сенімді, эстетикалық жағынан талапқа  сай, өз қызыметін дұрыс атқаратын, иеленушінің қажетін өтейтін  болуы тиіс.

Халықаралық стандарт сапаны экономикалық категория ретінде ғана қалыптастырып қойған жоқ, содай – ақ оның кестеден көріп отырғандай, яғни сапа көрсеткіштерін әр түрлі жағынан бір қалыпты әдістемелік негіздерін белгіледі, және оларды стандарттаушы және реттеуші деп екіге бөлді.

1 – Кесте – тауар сапасынның бірқалыпты көрсеткіштері

 

Сапа көрсеткіштері

 

Стандарттаушы

Реттеуші

Белгілеу

Патенттік – құқықтық

Экономикалық

Қауіпсіздік

Техникалық

Экологиялық

Органолептикалық

Физика – химиялық

Басқалар

Басқалар


 

Өнім сапасы көрсеткіші тура және жанама көрсеткіш болып бөлінеді. Тура көрсеткіштер өнім сапасының және қасиеттерінің сипатын білдіреді (мысалы, бөлек  заттардың  массалық үлесі). Жанама көрсеткіштер – бұл негізі қасиеттермен байланысты өнім сапасын жанама түрде сипаттайды, ал ұн өнімдерді оның  тауарлық сұрпын жанама сипаттайды .

Өнім сапасы оған әсер ететін факторлорға немесе  жағдайларға және оның қасиеттерінің деңгейіне байланысты.Өнім сапасына әсер ететін барлық факторлар объективті және субьективті болып бөлінеді.                             Объективті факторлар тобы көп түрлі және өнімнің шығуы және қолдану өндірісінде, еңбек ұйымның әдісімен және формасымен, техникалық құралдардың қасиеттерімен, сипатымен байланысты. Бұлардың қатарына:

  • Бұйым құрылымы;
  • Өндірістік базаның техникалық деңгейі;
  • Жаңа өнімдерді ұйымдастырудағы дайындық;
  • Өндірістің механикалануы және автоматтандырылуы;
  • Бақылаудың техникалық және технологиялық құралдары;
  • Қолдану базасының техникалық деңгейі.

Сонымен қатар  ішкі факторларға мынадай факторлар  қосылады: техникалық, ұйымдық, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық.

Техникалық  факторлар – өнім сапасына ерекше әсер етеді. Сондықтан жаңа техника мен технолгоияларды енгізу, жаңа материалдарды, өте сапалы шикізаттарды бәсекеге қабілетті өнімдерді материалдық негізбен шығаруды қолдану.

Ұйымдық факторлар – өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдірумен, өнім сапасын жауапкершілікті және өндірістік тәртіпті жоғарлатумен,өндірістік мәдениетті қамтамасыз етумен, білікті мамандар деңгейінің сәйкестігін, сапаны  басқару жүйесімен байланысты.

Әлеутеттік  – психологиялық факторлар едәуір көлемдегі ұжымдағы әлуметтік – психологиялық климаттың құрылуына , жұмыс жағдайының жақсы болуына, персоналдардың кәсіпорында жұмысқа деген ынталылығын бағалау, жұмысшылардың жұмысқа деген қарым – қатынасының адал болуын моральдық ынталандыруға әсер етеді.

Экономикалық  факторлар – өнімді пайдаланудағы қолайлылықты білдіреді, сонымен бірге өнімді шығарудағы және өткізудегі шығындармен, жоғарғы сапалы өндірісте персоналдарды экономикалық ыналандыру жүйесімен бағалау саясатына байланысты.

Субьективті факторлар тобына адамның өндірістік қызыметімен байланысты факторлар жатады.Олар адамдардың өндірістік функциялард орындау қабілеттілігіне байланысты. Оларға мыналар жатады:

  • профессионалдық шеберлiк;
  • жалпы бiлiм беру деңгейi;
  • адамның психологиялық ойы;
  • еңбек қызығушылығы.

Тәжiрибе көрсеткендей, жұмысшының  профессионалдық  шеберлiгi неғұрлым  жоғары болған сайын, солғұрлым  ол жоғары өнiм шығарады. Ал  жұмысшылардың  жеке өндiрiстiк  қызығушылықпен сәйкес келедi  және де жұмысшылардың жоғары  сапалы  өнiмдi шығаруда ынталылығымен қызығушылығы болса, онда еңбек сапасы артады тұрақты болады.Өнiм сапасы оның өмiрлiк кезеңiнiң  барлық кезеңдерiнде қажеттiлiктi анықтаудан бастап, оны қанағаттандыруды  бағалауға дейiн (зерттеу және  жобалау; дайындау және өндiру; сақтау және транспорттау; пайдалану немесе тұтыну; утилизациялау) қалыптасуы керек. Содан кейiн осы келтiрiлген барлық стадиялар бойынша сапаны басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Бүгiнде нарықтық экономика жағдайында  сапа тұтынушылардың позициясынан  көрiнедi. Өнiм нарықта келесi талаптарға  жауап беруi тиiс:

  • тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру;
  • қолдану және белгiлеу аясында анықталған қажеттiлiктерге толық   жауап беру;
  • стандартпен немесе техникалық жағдаймен сәйкестену;
  • бәсекеге қабiлеттi баға бойынша тұтынушыға ұсыну;
  • өндiрушiге пайда әкелу.     

Бұл мәселелердi шешуде кәсiпорында  өндiрiстiң техникалық деңгейiне әкiмшiлiк  және адамгершiлiк  қарым-қатынасты бақылау, сапасыз  өнiмдердiң шығуын қысқарту және т.б. жағдайларды қарастыру керек.

Сапа жұмысы фирманы функционалдауды  қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Сапа жұмысы шығарылған өнiммен  байланысты болып  келедi (технологиялық  үрдiстiң сапасын  бақылау және т.б.) Өнiм сапасы сапа жұмысының құраушысын және iзденушiсiн бiлдiредi. Осы кезеңде жылдық өнiм және тұтынушының көзқарасы бағаланады. ИСО 9004 стандартында сапа философиясы  сапаны қамтамасыз ету жүйесiнде  жұмыс жасауы керек, ондағы  мәселелердi ескеру қажет. Содан кейiн кәсiпорында сапа туралы  жұмыстарды орындауда өнiм сапасын басқарудың жүйелiк әдiстемесiнiң қажеттiлiгi туындайды.

Сол сияқты сапа өндiрiстiң   барлық деңгейiнде  жинақталады.  Сапа пирамида түрiнде  көрiнуi мүмкiн. Пирамиданың негiзi болып  өнiм сапасы табылады. Онда кәсiпорынның барлық қызметi қарастырылады. Жұмыстың сапасы фирманы функционалдаумен тығыз байланысты. Бұл басқару және жетiлдiру сапасы (жоспарлау, талдау, бақылау). Жоспарлау сапасынан (стратегияны өңдеу, саясатты қалыптастыру, мақсатты жоспарлау жүййесi және т.б.) сапа аумағына қойылған мақсаттарға қол жеткiзiледi.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2«Смак»  ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын  басқару тиімділігін бағалау

«Смак» ЖШС-гі сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын  болып табылады. Бұл кәсіпорын  өзінің шаруашылық қызметін бірнеше шаруа қожалықтарының бірігуінен бастаған болатын. Кәсіпорын Қазақстан нарығында сұранысқа ие тамақ өнімдерін шығарады. Нарыққа шағын ғана зауыттың ену тиімділігін осы кәсіпорынның табиғи өнімдерді пайдаланатынымен түссіндіруге болады. 1998-2001жылдары аралығында кәсіпорын жемітсті дамып отырды. Алғашқы кезде кәсіпорындар жекелеген  шаруа қожалықтарынан құрылған болғандықтан , негізінен олар сүтті сүт өңдеу зауыттарына өткізумен айналысты. 1999 жылы осы кәсіпорын өз бетінше дайын өнім шығаруды ұйғарды, себебі сүт түріндегі шикізат ең төменгі ең төменгі бағамен өткізілетн еді. Сүт өнімдерін өңдеу үшін құрал – жабдықтар 1999 жылы сатып алынды. «Смак »ЖШС – гіне кейбір – құрал жабдықтарды шикізаттаң жетіспеуінен зауытқа қайтаруға тура келдің Осы себептермен кәсіпорын нарыққа жоспарлаған ассартимент бойынша сүт өнімдерін шығара алмады. Бірақ кәсіпорын бірден өз өнімдерін тиімді өткізе бастады. Ал 2000 жылы өнімді сату көлемі нарыққа арзан таурларды шығару есебінен ұлғайды. «Смак »ЖШС – гінде басқару батыс еуропалық мемлекеттер тәжірибесі бойынша жүргізіледі. Кәсіпорындағы басқару тәжірибесі шет елдікке көп ұқссас болғандықтан Ұлыбритания компанияларынын бірлесіп қызмет істеу туралы ұсыныстар түсті.

Информация о работе Өнім сапасын бақылау және көтеру