Абай аудармалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 17:30, курсовая работа

Описание

Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы да (мысал өлеңдер), ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар. (Солардың ішінде «Қарға мен түлкі» атты басня екі түрлі вариантта аударылған)

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………….
1 Абай аудармаларының негізгі сипаттамалары............................................
1.1 Абай аудармаларының айшықтары...........................................................
1.2 Абай аудармалары және оның тілі...........................................................
2 Абай аудармаларының ерекшеліктері.........................................................
2.1 Абай Құнанбаевтың Евгений Онегиннен аудармасы ………………….
2.2 Абай аудармаларының ерекшеліктері......................................................
Қорытынды........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................

Работа состоит из  1 файл

Абай аудармалары.doc

— 239.50 Кб (Скачать документ)

Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге

Тыныштық пен зар боласың баспанаға.

Орысшасына көз жүгіртіңіз:

Счастлив ребенок

И на люльке просторно ему.

Но дай время сделаться мужем,

И тесен покажется мир.

Міне, бұнда «кең жайлау» да жоқ, «Алла асыраған пенде» де жоқ, «аш бола ма» да жоқ, «тыныштық пен зар боласың баспанаға» да жоқ. Бүкіл шумақтан түпнұсқаға: «Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге» деген бір-ақ жол жуық. Ендеше, бұны аудармаға қалай телиміз?

– Бұл өлеңнің дәл көркем аудармасы мынадай болуы керек.

Тар бесікте өседі еркін,

Бақытты бөбек іңгәлаған.

Есейіп өсе келгенде бертін

Етеді тарлық қиырсыз жаһан.

Осының ығытында айта кету орынды. Абайдың кейбір аудармасында араби сөздер орынсыз ұшырасады. «Онегиннің Татьянаға жазған хатындағы»:

Михрабым сен, бас ұрамын,

Тіл жете алмас ғұзіріме. –

деген жолдардың егіннің арам шөбіне ұқсас екеніне дау бола қоймас.

Бұндай шұбарлықтың екі түрлі себебі бар. Біріншіден, Абай дәуірінде қазақ тілінде аударманың тәжірибесі, ережесі болмаған. Екіншіден, Абай – орыс тілін қалай еркін меңгерсе, араб, парсы тілін де сондай еркін меңгерген ғұлама. Солай болғандықтан да оның ойлау жүйесінде, тіл кестесінде арабизмдер, персизмдер аз ұшыраспайды. Бұл баяғы айтылған русизмді де еске түсіреді. Бұл – ғұламаның қайшылығы емес, ана тілінің шарасынан асып төгілген мөлшерсіз молдығы.

Абай аудармаларына қайта оралар болсақ, олардың басым көпшілігі әрі жатық, әрі дәл, мін атаулыдан аулақ. Жуковскийдің: «Қарасөздің аудармашысы – құл; поэзияның аудармашысы – бәсекелес» дегені жұртқа мәлім. Абай осы бәсекелестік тұрғыдан жарыса аударады. Түпнұсқаның мағынасын, сырын, шырайын әсте кемітпей жеткізеді. Оның аудармалары түпнұсқа қазақ тілінде туғандай әсер береді. Лермонтовтың:

Люблю тебя, булатный мой кинжал,

Товарищ светлый и холодный, –

деген жолдарын Абай:

Сүйкімді болат қанжар тұрсың

жайнап,

Ыстық, суық майданда шығады

ойнап, –

деп аударады.

Тамаша тапқырлық! Осы өлеңнің екінші жолы «жарқын, салқын жолдасым» деген тәрізді етіп аударсаң сөз болмай шығады ғой. Лермонтовтың ойын жеткізе алмайды ғой. Ендеше, шығарманың әрпін емес, рухын аудару керек деген қағидаға бұл арада да ден қоямыз. Рас, шығарманың рухын аударғанда, оның формасын да сақтау шарт. Абай көп аудармаларында өлеңнің сыртқы формасын сақтамай, кәдімгі 11 буынды қара өлеңге салып кетеді. Бірақ, соның өзінде ол өлең ырғағын, екпінін дәл беріп отырады, екінші сөзбен айтқанда, ішкі формасын көбірек сақтайды. Ал, бұл – ең негізгі шарт. Осының арқасында сыртқы форма айрықшылығын көп жерде байқамай да қаласың.

Абайдың аудармалық мұрасы аз сөзбен шешілетін нәрсе емес, жеке талдауды керек ететін нәрсе. Солай болғандықтан біз бұл арада кейбір аудармаларына ғана тоқталып өтеміз.

Абай көп өлеңдерді еркін аудара тұрса да, негізінде, аударуашылық жұмысына аса ұқыпты қарағаны байқалады. Абайдың орыс поэзиясынан қазіргі бізге мәлім мөлшерден әлдеқайда көп аударуы, бірақ, соның бәрі бізге түгел жетпей, жоғалып кетуі мүмкін. Және Абайдың өзі ұнатпай тастаған аудармалары да болуы ғажап емес. Әрине, бұның бәрі жорамал. Бірақ жаннан шығарылған жорамал емес. Абай тәжірибесін байқаудан туған жорамал. Мысалға 1897 жылы жасалған мына бір аудармасын алып қарайық.

В минуту жизни трудную

Теснится ль в сердце грусть:

Одну молитву чудную

Твержу я наизусть.

Есть сила благодатная

В созвучье слов живых,

И, дышит непонятная,

Святая прелесть в них.

деп келетін Лермонтовтың «Молитвасын» Абай «Дұға» және «Қасиетті дұға» деген атпен, екі вариантпен аударады.

Өмірде ойға түсіп кем-кетігің,

Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің,

Сонда сенің отыңды басатұғын

Осы өлең оқитұғын дұғам менің.

Ішінде бір қуаты барға ұқсайды,

Тірі сөздің жаны сол — айрылмайды.

Касиетті напасы желдей есіп,

Қайнап тұрған ыстық қан салқындайды.

Екінші варианты:

Өмірден тепкі жесем жазығым жоқ,

Ешнәрсеге көңілім болмаса тоқ.

Қайта-қайта оқысам бір дұғаны,

Сөніп қалған жұректе жанады шоқ.

Қуаты бар дұғаның куантарлық

Қапаланған жүректі жұбантарлық.

Адам ұқпас бір тәтті лебізінен,

«Уан» деген естілер ұлы жарлық.

Осы екі варианттың қайсысы көркем деген сұрақ қою орынсыз да болар. Өйткені, екеуі де өз орнында көркем-ақ. Бірақ, оригиналға соның қайсысы жуық деп сүрасақ, сөз жоқ, екінші вариант жуығырақ. «Теснится ль в сердце грустьтың» ішкі мағынасы «Тулағыш мінезің бар, жүрек сеніңнен» гөрі, «Ешнәрсеге көңілім болмаса тоққа» келіңкірейді. Олай болса, Абай осыдан кейінгі:

И, дышит непонятная,

Святая прелесть в них,—

Деген жолдарды да екінші вариантта ағатсыз түсінген

Адам ұқпас бір тәтті лебізінен

«Уан» деген естілер ұлы жарлық.

Сәтімен табылған сөз! Бұл кәдімгі кәсіби аудармашылардың талғампаздығынан кем түспейтін тәжірибе.

Әрине, ұлы ақындарда ой ұқсастығы, идея ұқсастығы деген бола береді. Бірақ Абайдың өзі «аударма» деген нәрсесін «аударма емес» деп шығаруға қандай орай бар. Бұл турасында талантты ғалымдарымыздың бірі Зәки Ахметовтың зерттеулері ашқан жаңа жайлар әбден дәлелді емес пе. Сондай үш-төрт өлеңнен Абай қазынасы кемшін қала ма. Бұл қайта ақынның орыс поэзиясынан мейлінше мол қанғандығын, орыс ақындарымен ішкері достығының зор болғанын сипаттамай ма.

Оның үстіне, тарихи шындық деген де болуға керек. Абайдың атақты:

Асау Терек долданып, буырқанып,

Тауды бұзып, жол салған, тасты жарып.

Арыстанның жалындай бұйра толқын Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып, –

дейтін аудармасына аузымыздың суы құриды. Шынында да ғажап аударма. Бірақ осы шумақтың соңғы екі жолы «Дары Терекада» жоқ қой.

Ол өлең былай басталады:

Терек воет, дик и злобен,

Меж утесистых громад.

Буре плач его подобен.

Слезы брызгами летят.

Абайда бұның соңғы екі жолы қалып қойған да, оның орнына басқа теңеу алынған. Бірақ сол теңеудің де түбі Лермонтовтан шығады. Ол «Демон» поэмасын-дағы:

И Терек, прыгая, как львица,

С косматой гривой на хребте.

Ревел — и зверь степной, и птица,

Кружась в лазурной высоте,

Глаголу вод его внимали, —

деген жолдар еді.

Поэмадан өлеңге әкеп салған «зорлығын» кешірсек, Абайдың осынау аудармасында мін жоқ. Бүгінгі «білгіштер» арыстанның қаншығында жал болмайды, Лермонтовтың «жалы» ағаттық деседі. Абай осыны күнілгері сезгендей, «львицаны» арыстан деп алады. Абай қүнарсыз, қауқарсыз, жеңіл сөзге әсте жолмайды. Қашанда түпнұсқамен жарысты көздейді. Баламаның батылдығына ұмтылады. Лермонтовтың «Измаил-бей» поэмасы кіріспесінің:

Опять явилось вдохновение

Душе безжизненной моей:

И превращает в песнопенье

Тоску, развалину страстей,—

Деген жолдарын ол былай аударады:

Көңілдің күйі тағы да

Өмірсіз жанның алды ішін:

Аударды өлең жағына

Нәпсінің сынған қайғысын.

Бүл жердегі «вдохновение» көңілдің күйіне әбден келеді. Себебі, бүл ақынның көңіл күйі, яғни шабыт. Осы секілді, «Өзіңе сенбе, жас ойшыл» өлеңіндегі «вдохновениенің» «тіл өнері» боп алынуы да өте орынды. Неге десеңіз, бұл өленде Лермонтов жас ақындарды меңзеген еді. Оның осы сырын жете түсінбеген В. Белинскийдің бір ағат пікірін кейін Г. Плеханов түзеткен еді.

Әрине, бұның бәрін Абай білген деуден мүлдем аулақпыз. Абайды дарынның күші, ақынның сезімталдығы жетелеген. Сондықтан да ол «тіл өнері» дегенде жаза баспаған.

Абай аудармаларының тексті өте-мөте нығыз, тығыз, шымыр келеді. Ол:

«Выхожу один я на дорогуды».

«Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», –

деп алады. «Мен» деген сөздің орнына «жым-жырт түнді» салып, тексті нығыздайды. Және «жым-жырт түнді» түп-нұсқаның өзінен меншіктенеді. Осы секілді, «Сквозь туман кремнистый путь блеститті», «Тастақ жол жарқырайды буға амалсыз» деп жандыртып жібереді. «Амалсыз жарқырайды» деген сөз арқылы жансыз жолға жан бітіреді. Абайдың «буы» орысша «туманның» дәл өтемесі. Қазақтың тұманында тастақ жол жалтырамайды.

Лермонтовқа байланысты бір жайт, оның тұңғыш жинағы небәрі 28 өлеңнен құралады. Екі жүзден астам өлеңнің жиырма сегізін ғана кіргізген. Сайдың тасындай іріктелген аз өлең автордың ересен білімдарлығын, талғампаздығын байқатады. Бір қызығы, Абай Лермонтовтан дәл 28 өлең аударыпты. Осыны санаған Амантай Сатаевтың: «Абай бір кітаптан ғана аударған» деген жорамалы иланымды». Бұған қосымша айтар нәрсе, Абайдың қолына Лермонтовтың бір-ақ кітабының түсуі – тарихтың өкініші. Сол сияқты, сахаралық Абайдың Лермонтов лабораториясын білмеуі де өкініш.

Орыс әдебиетінде көркем аударманың ғасырлық тәжірибесін тексеріп, теорияға бой ұрған Иван Кашкин, Корней Чуковский, Самуил Маршак секілді білімпаздар бір шындықтың тұсында түгел түйіседі: аудармашы атаулы өз табиғатына, өз қырына келетін авторды таңдауға тиіс, сонда ғана аударма сәтті шықпақ. Бұл әсіресе поэзияға тәлімел. Тіпті прозаның өзінде түпнұсқа атаулы өзінің қыры мен сырына сай бейім таңдайды. Бейім табылған күннің өзінде сөзбе-сөз,жолма-жол аудару кәдеге аспайды. Түпнұсқамен жарысқан, жұтынып тұрған сымбатты тұлға керек. Балама бейнелер текстің сыртқы түрпетінен емес, түпкі төркінінен тундауға тиіс. Бұған сөйлем жатықтығы, ішкі ырғақ, сөз екшеуі қосылады. Прозаик Гогольдің өзі: «Түпнұсқаға жуықтау үшін одан алшақтап орайласу керек», – деген. Аударманың ұлттық игілікке айналуын көздеген. Бұл бағытта аудармашының білімі, талғамы, дарыны, болмысы, характері бой көрсетпей тұрмайды. Түпнұсқа қай елде, қай тілде, қай дәуірде туды, автордың өмір тарихы қандай, өсу жолы нешік, осының бәрін жетік білу шарт. Осының үстіне аудармашының аударылмыш туындыны өз көңілінен, өз жүрегінен ыстық сезіммен, нәрлі талғаммен өткізуі шарт. Аударма үстінде шабыттанбаған, бейнеттене рахаттанбаған, жүректің қанымен жазбаған адам ана тілде ұзақ жасайтын дүние тудыра, алмайды. Абай осы тәсілмен аударған. Сондықтан да оның аудармасы тел туындыдай әсер етеді. Қазақ, поэзиясына жіксіз жымдасады, шынайылық, жылылық қуатын сақтай біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Ойсыз әлем болмайтын секілді, идеясыз ұлт болмайды. Ғұмырлық идеясыз халық жел қуған қаңбақ сынды. Ұлттық идеяны іздеу халықтың өзін-өзі іздеуге кіріскендігі. Өткенінде өнеге , тарихында тәлімі бар ел төл дәуірінің толғақты сәттерінде өзіне өзі есеп беріп, төрт құбыласын түгендейді, өткен ғасырлардан сыр тыңдайды, маңдайы тірелген кезеңнің тамырын басады, келер күнге барлау жасайды. Ұлттық идея, оның ішінде, ұлттық жетілу мұраты патриотизммен тығыз байланысты. Ал патриотизм неден басталады? Өзіміз тірішілік етіп отырған ландшафтағы, мәдени кеңестігіміздегі біртуар дүниелер, қасиеттер мен дара тұлғаларды сүю, қасиетті санау мен уағыздаудан басталады. Ол өз ұлтының жетілуі жолында Бөгенбай мен Қабанбайша қайраттанып, Абай мен Ахметше толғанып, Шәкәрім мен Нұрғисаша тебіренуден басталады. Аңғарып отырғанымыздай, ұлттық идея халықтың уақытша қиындықтары мен кезеңдік қажеттіктерін өзек ете салатын идея ғана емес, халықтың дәуірлік мұратын айқындайтын, келер ұрпақтарға да темірқазық бола алатын ұрпақ рухын шыңдайтын ұран. Ұлттық идея сынды эфемерлі дүниені жерге жақындататын жол – ұлты тұна тыңдаған тұлғалар мұрасын ұрпақтан ұрпаққа таратып, уағыздап отыру. Сонда ғана ұлттық кемелдену процессі орын алары сөзсіз. Кемелденуді көштен кейін қалғандардың ғана сыбағасы деп қабылдауға мүлдем болмайды. Жетілу, кемелдену жүзден озған жүйріктің де, мыңнан озған тұлпардың да маңдайына жазылған, жалпы алғанда, адамзат еншісі.

Осы орайда, исі қазақтың пір тұтатын ұлттық тұлғасы – Абай мұрасын түрлі қырынан қарастырудың өзі ізделініп отырған ұлттық идеяның мазмұнының баюына, нақтылануына әсер етеді. Абай шығармашылығының аудармамен тығыз байланыстылығы ешкімге жаңалық емес. “Аудармашылар – мәдениетті бір елден екінші елге тасымалдап жеткізетін пошта аттары, ағартушылық шабармандары” деген екен кезінде А.С. Пушкин. Расында да дәл солай.

Аударма ісі дәл өзінің танымал мағынасында, яғни тіларалық көркем аударма ретінде қазақ мәдениетінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Бұл – орыс әдебиетінің алдыңғы қатарлы шығармаларын аудару мезгілі еді. Осы бағытты бастаған Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар болды. Мәдениеттер, тіпті, өркениеттер арасындағы мәдени дәнекерлікті жүзеге асырған Абай аударма шебері болды деуге толық негіз бар. Абай орыстың ақындарын ана тіліне үйлесімді сөйлетіп аудара білген. Абай Құнанбаев орыстың Крылов, Пушкин, Лермонтов сияқты ұлы ақын-жазушыларының шығармаларын аударды. Аудара отырып олардан рухани нәр алды, өлең жазудың шеберлігін, сөз сараптаудың, ойды бейнелеп айтудың асқақ та нәзік үлгілерін үйренді. Абайдың кезінде өзі сусындаған, нәр алған орыс халқының классиктерін ана тіліне аударып, өз халқына паш етуі үлкен рухани қажеттіліктен туған іс еді.

Информация о работе Абай аудармалары