Абай аудармалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 17:30, курсовая работа

Описание

Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы да (мысал өлеңдер), ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар. (Солардың ішінде «Қарға мен түлкі» атты басня екі түрлі вариантта аударылған)

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………….
1 Абай аудармаларының негізгі сипаттамалары............................................
1.1 Абай аудармаларының айшықтары...........................................................
1.2 Абай аудармалары және оның тілі...........................................................
2 Абай аудармаларының ерекшеліктері.........................................................
2.1 Абай Құнанбаевтың Евгений Онегиннен аудармасы ………………….
2.2 Абай аудармаларының ерекшеліктері......................................................
Қорытынды........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................

Работа состоит из  1 файл

Абай аудармалары.doc

— 239.50 Кб (Скачать документ)

Шығарма орыс ақынында да, қазақ ақынында да 20 жол. Өмірге ой көзімен қарай білудің, терең сезімталдық, сыршылдықтың үлгісі боларлықтай лирикалық туынды. Ақын жарық түнде жалғыз жолға шыққанын айта отырып, аспан мен жердің, жоғарыда жылт-жылт етіп көрінген жұлдыздардың ғажайып әдемілігін тамашалап, ғарыштық кеңістікті бар жанымен сезінгендей болады. Сондықтан оның өз көңіл-күйін қозғайтын әр сөзі ерекше салмақты, мәнді болып шыққан. Өлеңдегі мұңды сарын да, тыныштық, азаттық іздеу де адамды жадырататындай  әсер береді. Осы өлеңнің идеялық өзегі, тірегі болған өмірге құштарлық:

"Көкірегімде өмірдің күші тұрып,

Іздеймін дем алысты үзбегенін..." -

деген сөздерден әсіресе айқын танылады.

Абайдың өлеңі Лермонтов нұсқасына жолма-жол сәйкес келіп отырады, мағынасы жағынан әбден жақын және көркемдігі де өте жоғары. Лермонтовта:

В небесах торжественно и чудно!

Спит земля в сиянье голубом...

Что же мне больно и так трудно?

Жду ль чего? Жалею ли очем?

Уж не жду от жизни ничего я,

И не жаль прошлого не чуть;

Я ищу свободы и покоя!

Я б хотел забыться и заснуть", -

деп келсе, Абай бұл екі шумақты былай тәржімалаған:

"Мен көрдім көктің ғажап жасалғанын,

Жер ұйықтап, көкшіл шықпен бу алғанын.

Менің не мұнша қапа, қысылғаным?

Үміт пе, өкініш пе ойлағаным?

Дүниеден үмітім жоқ менің деймін,

Өмірге өткен титтей өкінбеймін.

Азаттық пен тыныштық көксегенім,

Ұйықтамақ пен ұмытпақ деп іздеймін..."

Тек соңғы шумақ қана еркін аударылған.

"Чтоб всю ночь, весь день мой слух лелея,

Про любовь мне сладкий голос пел.

Надо мной чтоб, вечно зеленея,

Темный дуб склонялся и шумел" - деп, Лермонтов махаббат жыры мен ағаш сыбдырын аңсаса, Абай тамылжыған табиғаттың демімен, жылылықпен, достықпен өніп өскеннің мадақталуын армандайды:

"Су сылдырлап, жел гулеп, күн шуақтап,

Жылылық пен достықты тұрсын мақтап.

Өнген, өскен жақсы деп емен ағаш,

Теңселіп айтып тұрса ол шайқақтап..."

Туынды 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғашқы рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген "Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі" атты жинақта жарияланған. Өлең басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1945 жылғы басылымда 1-ші шумақтың 2-ші жолы "Тасты жол жарқырайды буға амалсыз" делінсе, кейінгі басылымдарда 1909 жылғы жинақ бойынша бұл жол "Тастақ жол жарқырайды буға амалсыз" деп алынған. 1945, 1954 жылғы жинақтарда 2-ші шумақтың 3-4-ші жолдары "Менің де мұнша қапа, қысылғаным, Үміт пе, өкініш пе ойлағаным", 4-ші шумақтың 2-ші жолы "Ұйқы, тыныштық, ұмыту - бір дегенім" болса, кейінгі басылымдарда бұл жолдар 1909 жылғы жинақ негізінде "Менің не мұнша қапа қысылғаным", "Үміт пе, өкініш пе ойланғаным?" "Ұйқы, тыныштық, ұмыту - бер дегенім" болып қабылданған. Өлеңге композитор І. Жақанов ән шығарған.

Сондықтан Абай аударған өлеңдерінің буынын қазақша дәл беруге мүмкін болмаса да, саны жағынан соған жақын келетін өлеңмен аударады. Кейде ұқсастарын, кейде тіпті образдарын да дәлме-дәл шығарады:

Қазақшасы:

"Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап,

Даланы жым-жырт дел-сал ғып,

Түн басады салбырап.

Шаңдай алмас жол-дағы,

Сыбдырламас жапырақ.

Тыншығарсың сен-дағы...

Сабыр қылсаң азырақ..."

Орысшасы:

Горные вершины

Спят во тьме ночной,

Тихие долины

Полны свежей мглой.

Не пылит дорога,

Не дрожат листы;

Подожди немного -

Отдохнешь и ты

Осы өлеңнің, әсіресе, соңғы төрт жолын алсақ, орысшасына дәлме-дәл. Әрине, алдыңғы жолдарын да дәл емес деуге болмайды. Лермонтов поэзиясының  құдіретті күші де, өр мінезі, ызғарлы ызасы, от лепті күрсіну де аудармада дәл берілген.

Абай аудармаларының жоғарыдағыдай үздік болуының, меніңше, үш түрлі себебі бар: 1) өзінің үлкен таланттығы; 2) орыс тіліндегі өлеңдерде қолданылатын сөздердің тек жай мәнін ғана емес, көркемдік қасиеттерін терең ұғынуы; 3) қазақтың өз тіліне ақынның мейлінше байлығы.

Түгелдей алғанда өте еркін аударылғандықтан Абайдың бұл өлеңі өзінің төл шығармасы саналып келген. Өйткені, бұл түгелдей алғанда нәзира дәстүрімен жарыса жазылған өлең деген баға берілген.

Жалпы Абай аудармаларындағы ерекшелік үнемі толығып, дамып, бүтіндей байланысып отырады.  Екі халықтың екі ұлы тұлғасының поэзиясындағы үндестік, жалғастық - олардың асқан талант иелері екендігін танытады.

Қорыта айтқанда, Лермонтовтың асыл мұрасын терең таныған, ақындығына берік ден қойған, орыстың дана ақынын өзіне ұстаз тұтқан Абай аудармаларының тарихи-әлеуметтік мәні үлкен. Сондықтан, ұлы ақындар арасындағы шығармашылық байланыс пен поэзиялық үндестікті аударма нұсқалар арқылы тану бүгінде ең  маңызды зерттеу мәселелердің бірі болмақ.

 

 

1.2  Абай аудармалары және оның тілі

 

 

Абай аудармаларының тарихи-әлеуметтік мәні үлкен. Өйткені, ең алдымен қазақ жұртшылығы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков тәрізді дүниежүзілік әдебиетінің ірі тұлғаларымен бірінші рет Абай арқылы танысты. Екінші, өзінің зор талант, асқан шеберлігінің арқасында, ұлы ақындардың ұлы еңбектеріндегі үлкен идея, сұқтанар сұлулықты қазақ оқушыларының ой-сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға жалпы қазақ халқының жүрегінен жылы орын әперді. Оларды қазаққа өз ақындарындай сүйгізді. Абайдан бергі, әдебиетті сүйетін қазақтардан хат білсін, білмесін «Татьянаның хаты», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қанжар» (Кинжал), «Жалғыз жалау жалтылдап» өлеңдерін білмейтін қазақ аз шығар. Сөйтіп Абайдың аудармалары алдағы халықтың мәдениеті, үлкен идея, ұлы ақындары мен қазақ халқының жұртшылығы араларындағы дәнекер болды.

Абай оларды тек қана дос көріп қойған жоқ, әрі өзінің ұстазы тұтты.

Абайдың ұлттық шеңберден шығып, жалпы адам баласылық идеяны көксеген, интернационалдық жүректің иесі ақындығын осы орыс жазушыларына көзқарасының өзі-ақ дәлелдейді. Абайдың жастарға үлгі ал, өнеге үйрен деген адамдары қазақ емес, Толстой, Салтыков-Щедрин, т.б. болды.

 

«Ойында жоқ бірінің

Салтыков пен Толстой,

Я тілмаш, я адвокат

Болсам деген бәрінде ой».

 

Бұл сөзден Абай өз халқын жек көрді деген ұғым тумайды. Абай айналасындағы әлеумет өмірін, «ел еркесін» сынағанда, өмір уын ішіп, бүк түсе қайғырғанда сол халық үшін қайғырып, халық қамы үшін өмірден тыныштық көре алмайды. Бар өмір, бар асылын сол халық үшін жұмсады. Бірақ ол кезде қазақта Салтыков пен Толстой жоқ еді. Ендеше өмірге адамгершілік көзбен қараған, интернационалдық жүрегі бар ақынның объективтік көзқарасы Салтыков, Толстойды қазаққа үлгі еткізді.

Енді аударманың құрылысы жағына келсек, Абай аудармаларын негізінде екі түрлі деуге болады. Біріншісі - дәл аударма, екіншісі - ерікті аударма. Дәл аудармалары шумақ, бунақ, буын ұйқастарына қарай өзара және екіге бөлінеді. Кейбір өлеңдерді аударғанда, Абай шумағын да, ұйқас түрлерін де берік сақтайды. Орыс өлеңдерінің ырғақ, буындары қазақ өлеңінің буындарына дәл келе бермейді. Өйткені орыс өлеңі тоникалық, не силлабо-тоникалық өлең құрылысына жатады да, қазақтікі силлаболық өлең құрылысына жатады. Сондықтан Абай аударған өлеңдерінің буынын қазақша дәл беруге мүмкін болмаса да, саны жағынан соған жақын келетін өлеңмен аударады. Кейде ұйқастарын, кейде тіпті образдарын да дәлме-дәл шығарады:

Қазақшасы:

 

«Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт дел-сал қып

Түн басады салбырап.

Шаңдай алмас жол дағы

Сыбдырламас жапырақ,

Тыншығарсың сен дағы,

Сабыр қылсаң азырақ...»

(Абай, ІІ том, 94-бет)

 

Орысшасы:

 

«Горные вершины

Спят во тьме ночной,

Тихие долины

Полны свежей мглой.

Не пылит дорога,

Не дрожат листы,

Подожди немного -

Отдохнешь и ты...» (227)

 

Осы өлеңнің, әсіресе соңғы төрт жолын алсақ, орысшасына дәлме-дәл. Әрине алдыңғы жолдарын да дәл емес деуге болмайды. Бір тілден екінші тілге аударғанда, сөз орнын ауыстыру, бір сөздің орнына басқа синонимдер алу - аударманың жалпы заңы. Оның бұдан басқа да бірнеше аудармалары -  «Жалғыз жалау жалтылдап», «Қонады бір күн жас бұлт», т.б. жоғарғы келтірген мысалдар тәрізді дәлме-дәл аудармалар. Абайдың дәл аудармаларының және бір түрі деп «Онегиннің сыйпаты» (Пушкин), «Қанжар», «Жолға шықтым», «Терек сыйы», «Дұға», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Еврей күйі» (Лермонтов) атты өлеңдерін айтуға болады. Мұнда өлеңнің буын, ұйқасы сақталмайды. Орыс тіліндегі өлеңнің буындарының аз-көбіне қарамай, бәрін де қазақтың он бір буынды қара өлең ұйқастарымен аударады. Лермонтовтан аударғандарының оригиналдары шалыс ұйқас (а-в-а-в-), Абайда (а-а-в-в-) көпшілігінде - қара өлең ұйқасы. «Онегиннен» аудармасы да осылар тәрізді буын ұйқастары сақталмайды. Бірақ бұларды да дәл аудармалардың қатарына қосуға мүмкіндік беретін және бәріне тән бір нәрсе - оригиналдың өзіндегі автордың айтайын деген ойын толық сақтап, ондағы образдарға дәл келетін қазақша образды сөз табу. Жоғарғы аталған өлеңдердің қайсысын алсақ та, осы жүйені берік сақтайды. Мысал үшін Онегиннің орысша, қазақша мінездемесін алалық.

Орысшасы:

 

«Как рано мог он лицемерить,

Таить надежду, ревновать,

Разуверять, заставить верить,

Казаться мрачным, изнывать,

Являться гордым и послушным,

Внимательным, иль равнодушным!

Как томно был он молчалив,

Как пламенно красноречив.

В сердечных письмах как небрежен!

Одним дыша, одно любя,

Как он умел забыть себя!

Как взор его был быстр и нежен,

Стыдлив и дерзок, а порой,

Блистал послушною слезой!» (228)

 

Қазақшасы:

 

«Жасынан түсін билеп, сыр бермеген,

Дәмеленсе, күндесе білдірмеген.

Нанасың не айтса да, амалың жоқ,

Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген.

Кейде паң, кейде көнгіш орныменен,

Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен,

Кейде үндемей жүрсе де, сөзге баяу,

От жалындай жауапкер құрбыменен.

Ғашықтық сөзге жүйрік әсіресе,

«Дем алысым құмарым, бір сен» десе,

Жанын құрбан жолына қылған жансып,

Көз қарауы құбылар әлденеше.

Кейде ұялшақ, төменшік, кейде тіп-тік,

Қамыққансып, қайғырып орны келсе...»

(Абай, ІІ том, 69-бет)

 

Бұл өлеңді ұйқасы, не тармақтары (жолдары), буын саны бірдей болмағандықтан, дәл емес деуге болмайды. Мазмұны, сол мазмұнды берудегі образ, сөз мәндері дәлме-дәл. Сондықтан біз  мұны дәлме-дәл аударма деп санаймыз. Дәл аударманың осы соңғы түрімен байланысты айтылған «Қанжар», «Дұға», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Терек сыйы», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Еврей күйі» бәрі де «Онегиннің сыйпаты» тәрізді ұйқас, буын сандарын сақтамағанмен, мазмұнын, образдарын бұлжытпай дәл беру әдісімен аударылған. Кейбіреулерінде шумақ, не бірнеше жолдарын Абай аудармай  кететіні рас. Бірақ ол - өз алдына мәселе. Біздің бұл жердегі айтпағымыз - ақынның неге аудармағаны емес, аударған жерлерін, өлеңдерін қалай аударғаны. «Онегиннің сыйпатынан» келтірген үзіндінің орысша, қазақшасын салыстыра оқыған адамға дәлдігі айқын. Кім аударса да, бұдан артық дәл, бұдан артық жанды етіп аудара алуы екіталай.

Екінші түрі - ерікті аударма. Бұған жататындар - «Онегиннің Татьянаға жазған хаттары», Крыловтан аударған кейбір мысалдар және қара сөзден өлең еткен «Вадим» поэмасы. Бұлардың негізі ғана орысша. Абай олардың жалпы мазмұнын өз сөзі, өз ұғуынуынша әдемілеп айтып береді. Солардың үлгісін ғана алып, өзінше жазады. Бірақ жалпы сарыны, ізі сақталынады. Кейде өз жанынан сурет, баяндаулар қосып, кейбір жерлерін мүлде тастап кетеді. Кейде орыстың ол кездегі жоғарғы топтарының өмірінде аузына түспейтін сөздерді де Абай Татьянаның аузынан шығарады.

 

«Қаймақ еді көңілімде,

Бізге қаспақ болды жем.

Екі сөз жоқ өмірімде,

Мен де сорлы, бақыты кем...»

(Абай, ІІ том, 81-бет)

 

«Қаймақ пен қаспақ» -  «Евгений Онегин» романында мүлде жоғы былай тұрсын, орыстың ол топтарының адамдарының мүлде басына келмейтін сөздер. Абай аудармаларының екінші түрі - осы тәрізді ерікті аудармалы өлеңдер.

Абай аудармаларын өзара екіге бөліп қарағанда, бірінші түрі қазақ әдебиет тарихында ең үлгілі, ең сапалы аудармалар болып саналады. Өйткені Абай - бір тілден екінші тілге аударылғанда сақталынуға керекті шарттардың негізін дұрыс ұғынған ақын. Сондықтан да ол өлеңінің мазмұны, түріне қарап, әртүрлі әдіс қолданады. Орыс тіліндегі өлеңдердің дәлме-дәл аударуға келетіндері болса, қазақ өлең құрылысынан оған дәл, не жақын келетін түрлерді іздеп, «бұлжытпай» дәл беруге тырысады («Қараңғы түнде тау қалғып», т.б.). Оған болмаса, мазмұнымен қолданған образдарын дәл етіп береді. Бұл - аудару жұмысының жалпы заңы. Бір тілден екінші тілге аударғанда қолданылатын ежелгі әдістің бірі.

Сонымен қатар Абай аудармаларының және бір үздік ерекшелігі - қандай аудармашы болсын, өз тіліндегі көркемдік, құндылығын, құлаққа қонымды, көңілге жағымдылығын қазақшаға аударғанда сол өзінің түпнұсқасындағы дәрежеде сақтай алуы, әрі оны қазақша етіп шығара білуі. Бұл - аудармашыларда өте сирек кездесетін қасиет. Басқа аудармашылардың аударған өлеңдерін оқып, оны оригиналмен салыстырсақ, сөзі, мазмұны дұрыс болғанымен, оригиналдың өзін оқығандағы әсерді аудармадан ала алмайсың. Және оқығанда-ақ аударма екендігі көрініп тұрады.

Абай аудармаларында ол жоқ. Дәл, бұлжытпай аударды деген өлеңдердің өзін алсақ та, қазақтың өз өлеңдеріндей болып шығады. Оригиналмен салыстырсақ, дәл оқысақ, өлеңнің өз тіліндегі әсері мен Абай аудармаларынан алатын әсерде айырма жоқ. Міне, аударма жөніндегі Абайдың озат шеберлігі де, бұл күнге шейін үлгілігі де осында.

Абай аудармаларының бұл тәрізді үздік болуының, бізше, үш түрлі себебі бар: 1) өзінің үлкен таланттылығы; 2) орыс тіліндегі өлеңдерде қолданылатын сөздердің тек жай мәнін ғана емес, әдемілік қасиеттерін терең ұғынуы; 3) қазақтың өз тіліне ақынның мейлінше байлығы.

Пушкин, Лермонтов, Крыловтар - ұлы таланттар. Олар тәрізді ақындардың өлеңдерін аударушы да талантты ақын болуы керек. Кез келген ақынның оларды ойдағыдай етіп аудару қолдарынан келе бермейді.

Абайдан кейінгі қазақ ақындарының, не оның алдындағы Алтынсариндердің аударғандары Абай аудармасынан әлдеқайда олқы жатуы, орыс тілін Абайдан аз білетіндігінде емес, ақындық дарындарының жетпейтіндігінде.

Информация о работе Абай аудармалары