Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 20:49, реферат

Описание

Халықаралық азаматтық авиация ұйым (Internatіonal Cіvіl Aviation Organіzatіon, ICAO)-Мемлекеттер арасында халықаралық азаматтық авиация қызметіндегі ынтымақтастықты жүзеге асыратын үкіметаралық ұйым бүкіл әлемде азаматтық авиацияның қауіпсіз тәртіпті дамуына көмек көрсету мақсатында 1944 жылы Чикаго қаласында қол қойылған, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы туралы конвенция негізінде құрылған дүниежүзілік үкіметаралық ұйым болып табылады. Біріккен Ұлттар ұйымының мамандандырылған мекемесі бола отырып ұйым ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті халықаралық стандарттар мен ережелерді, әуе тасымалдарының үнемділігін, тиімділігі мен тұрақтылығын белгілейді және қатысушы-мемлекеттер арасында азаматтық авиацияның барлық салаларында ынтымақтастық құралы болып табылады.Өз қызметін 1947 жылдан бастап атқарып келеді. Қазіргі таңда бұл ұйымға мүше елдердің саны — 191мемлекет (2011). Штаб-пәтері Монреалда (Канада) орналасқан.Парижде, Бангкокта, Лимада, Мехикода, Дакарда, Найробиде аймақтық бөлімшелері жұмыс істейді

Работа состоит из  1 файл

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы.docx

— 65.21 Кб (Скачать документ)

Жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын одан әрі жақсарту үшін отандық әуе компаниялары электронды авиабилеттер тәртібін енгізді. Сонымен бірге авиабилеттерді Интернет арқылы сатып алу, тұрақты жолаушыларға бонус арқылы жеңілдіктер жасау жүйелерін өндіріске енгізе бастады. Бұған қоса әуе бағыттары уақытынан кідірген кезде әуе тасымалдаушыларының жолаушыларға тегін ұсынатын қызметтер тізбесі Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының өтініші бойынша жолаушылар құқын қорғаудың еуропалық тәжірибелеріне сәйкестендірілді.

Шағын авиацияны дамыту

    Ұшқан құстың қанаты талар Қазақстанның ұлан-байтақ аумағы бүгінгі жылдамдығы жоғары заман талабына сай жедел қатынасты, ұшқыр байланысты қажет етеді. Осыған байланысты қазір іскер азаматтардың жеке байланыстағы жеңіл және аса жеңіл ұшақтарға деген сұранысы күннен-күнге артып келеді. Жеңіл ұшақтар ауыл шаруашылығы саласында да барған сайын үлкен сұранысқа ие болып отыр. Қабылданған жаңа заң шағын авиацияның қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге жағдай жасайды.

Шағын авиацияны дамыту мақсатында әлемдік тәжірибеге сәйкес төмен ұшу биіктігінде бақыланбайтын әуе кеңістігі енгізілді. Жеңіл және аса жеңіл ұшақтарды пайдаланушылар тиісті органдарды хабардар етіп, осы әуе кеңістігін қажетінше пайдаланып, ұша береді. Сонымен бірге, олар аэронавигация алым-салығын төлеуден де босатылады. Жалпы, мақсаттағы авиацияға жататын жеке меншіктегі жеңіл және аса жеңіл ұшақ иелерінің сертификаттаудан өтуі және арнайы пайдаланушы сертификатын алуы талап етілмейді. Шағын ұшақ иелерінің тіркеу куәлігі, жеңіл ұшақтың ұшуға жарамдылығы туралы сертификаты және ұшқыш куәлігі болса жетіп жатыр.

    Бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшу-ақпараттық қызмет түрі енгізіледі. Бұл қызметтің мақсаты, жалпы қолданыстағы шағын ұшақтарды пайдаланушыларға ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеңес және ақпарат беріп отыру, сонымен бірге шағын ұшақ иелеріне әуе кеңістігін басқару органдарынан рұқсат қағаздарын алып беру болып табылады. Бұл дүние жүзінің барлық мемлекеттерінде қолданылатын жалпы халықаралық тәжірибе болып табылады.

    Шағын авиацияның қауіпсіз ұшуын қамтамасыз ету үшін өңірлік аэроклубтар құру және дамыту шаралары қолға алынғалы отыр. Аэроклубтар жеке меншіктегі шағын ұшақтар бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшқан кезде іздестіру-құтқару жұмысына, апатты жағдай туындаған кезде жедел хабарлау қызметтеріне жауап береді. Сонымен бірге, экипаж мүшелері мен жолаушыларды құтқару үшін жедел шаралар ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Аэроклубтар шағын ұшақтарды пайдаланушыларға ауа райының жағдайы туралы және аэронавигациялық ақпарат береді. Ұшақтардың ұшуға жарамдылығын қадағалап, ұшақтарға қажетті техникалық қызмет көрсетеді.

Осы орайда жергілікті жерлердегі шағын әуежайларды қалпына келтіру шараларының да маңызы зор. Шағын ұшақтар паркін жаңалау және батыс елдерінде шығарылған тікұшақтарға техникалық қызмет көрсету орталықтарын ашу мақсатында кешенді шаралар қолға алынды. Қазіргі кезде Алматы облысында жеке меншік инвестициялар тарту негізінде Як-58 шағын ұшағын құрастыру орталығын құру жобасы жүзеге асырылуда.

     Бүгінгі таңда “Астана халықаралық әуежайы” АҚ елімізде өткізілетін аса маңызды халықаралық шараларға байланысты жан-жақты дайындыққа кіріскен. ЕҚЫҰ-ға мүше елдер басшыларының Саммиті жиі өткізілетін қатардағы басқосулардың бірі емес. Әлемдегі ірі 56 мемлекеттің басшылары осыған дейін, соңғы рет, бұдан 10 жыл бұрын Ыстамбұлда ғана кездескенін еске салсақ та жеткілікті. Қазір Астана әуежайында ЕҚЫҰ-ға мүше елдер басшыларының және Қысқы Азия ойындары қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларға халықаралық жоғары стандарттарға сай жан-жақты сервистік қызмет көрсету мақсатындағы кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Бұл ретте, бірінші кезекте әуежай кешенінің инфрақұрылымын жақсарту мақсатындағы ауқымды жұмыстар қолға алынды.

 

 

 

Кіріспе   

     

Халықаралық азаматтық авиация  ұйымына ( ИКАО) дүние жүзінің 191 мемлекеті  кіреді. Егемендік алып, өзінің әуе  қызметін қалыптастыра бастаған Қазақстан Республикасы да бұл халықаралық беделді ұйымға бірден мүше болып қабылданды. Міне, осы ИКАО талаптарында елдің авиация жөніндегі негізгі заңнамасы азаматтық авиация қызметінің және оны мемлекеттік реттеудің жүйесін қалыптастырудың “мызғымас берік іргетасы” болуға тиіс деп жазылған. Азаматтық авиация мәселелері, оның ішінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әуе қызметінің сапасын арттыру мәселелері Елбасының тұрақты назарында болып, Үкімет тарапынан үнемі ізденіспен жетілдіріліп келеді. Қазақстан Республикасы өзінің ИКАО алдындағы міндеттемелерін негізге ала отырып, оның талаптары бойынша 11 мың стандартты қабылдауға және оларды ұлттық заңнамаға енгізуге тиіс болды. Бұған дейін Қазақстан екі мыңға жуық стандартты енгізген болатын

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАР

 

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

 А.Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО)

 Б. ИКАО ескертулерін жою жөніндегі түзету шаралары

 В. Отандық әуе компанияларының қызметі

 Г.Ұшу қауіпсіздігін арттыру, әуежайлардағы қызмет көрсету сапасын жетілдіру шараларалары

 Д. Шағын авиацияны дамыту

3. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

  Қазақстан әуе кеңістігі арқылы өтетін әуе кемелерінің транзиттік қозғалысы жылына орта есеппен 10 пайызға артып келеді. Еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру, ұшу бағыттарының жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуе кеңістігінің өткізу мүмкіндігінің сенімділігін күшейту үшін отандық аэронавигация кешенін дамытып, әуе қозғалысын басқару жүйесінің озық үлгілерін құру қажет. Қазақстанның аэронавигациялық қызметін одан әрі дамыту мақсатында байланыс және әуе кеңістігін бақылау жүйелерін модернизациялау, әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған орталығын құру, диспетчерлік құрамның және ұшуға радиотехникалық қызмет көрсететін мамандардың жоғары сапалы дайындығын қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде елімізде жер және спутниктік байланыс сегменттеріне негізделген сандық технология базасында авиациялық электронды байланыс жүйесі құрылды.

     Мемлекеттің транзиттік әлеуетінің дамуын айқындайтын тағы бір маңызды фактор халықаралық стандарттарға сай келетін әуежайлардың қатарының артуымен ерекшеленеді. Елімізде қолға алынған әуежай кешендерін модернизациялау бағдарламасы ұшу бағыттарының қауіпсіздігінің сапасын жақсартумен қатар, халықаралық сұранысы жоғары әуе тасымалы бағыттарының көбеюіне де игі ықпал етеді.

      Елімізде отандық мұнай өңдеу зауыттарын 2014 жылға дейін қайта құру және толық қайта жарақтандыру бағдарламасы іс жүзіне асырылып жатқаны белгілі. Бұл өз кезегінде ішкі рыногымыздағы авиакеросинге деген сұранысты толығымен өзіміздің зауыттардың өнімімен жабуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге отандық авиакеросиннің мол қоры Қазақстанның әуежайларына қонатын транзиттік әуе кемелерінің артуына ықпал етеді. Сонымен бірге Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы туралы конвенция аясында Қазақстан Транзит туралы келісімге қосылған. Бұл келісім сол елдің әуе компанияларының әуежайларына транзиттік ұшақтардың техникалық қызмет үшін әуе байланыстары жөнінде қосымша мемлекетаралық келісімдер жасамай-ақ қона беруіне мүмкіндік береді.


Информация о работе Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО)