Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 20:49, реферат

Описание

Халықаралық азаматтық авиация ұйым (Internatіonal Cіvіl Aviation Organіzatіon, ICAO)-Мемлекеттер арасында халықаралық азаматтық авиация қызметіндегі ынтымақтастықты жүзеге асыратын үкіметаралық ұйым бүкіл әлемде азаматтық авиацияның қауіпсіз тәртіпті дамуына көмек көрсету мақсатында 1944 жылы Чикаго қаласында қол қойылған, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы туралы конвенция негізінде құрылған дүниежүзілік үкіметаралық ұйым болып табылады. Біріккен Ұлттар ұйымының мамандандырылған мекемесі бола отырып ұйым ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті халықаралық стандарттар мен ережелерді, әуе тасымалдарының үнемділігін, тиімділігі мен тұрақтылығын белгілейді және қатысушы-мемлекеттер арасында азаматтық авиацияның барлық салаларында ынтымақтастық құралы болып табылады.Өз қызметін 1947 жылдан бастап атқарып келеді. Қазіргі таңда бұл ұйымға мүше елдердің саны — 191мемлекет (2011). Штаб-пәтері Монреалда (Канада) орналасқан.Парижде, Бангкокта, Лимада, Мехикода, Дакарда, Найробиде аймақтық бөлімшелері жұмыс істейді

Работа состоит из  1 файл

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы.docx

— 65.21 Кб (Скачать документ)

Халықаралық азаматтық авиация  ұйымы (ИКАО).

 

          Халықаралық азаматтық авиация ұйым (Internatіonal Cіvіl Aviation Organіzatіon, ICAO)-Мемлекеттер арасында халықаралық азаматтық авиация қызметіндегі ынтымақтастықты жүзеге асыратын үкіметаралық ұйым бүкіл әлемде азаматтық авиацияның қауіпсіз тәртіпті дамуына көмек көрсету мақсатында 1944 жылы Чикаго қаласында қол қойылған, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы туралы конвенция негізінде құрылған дүниежүзілік үкіметаралық ұйым болып табылады. Біріккен Ұлттар ұйымының мамандандырылған мекемесі бола отырып ұйым ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті халықаралық стандарттар мен ережелерді, әуе тасымалдарының үнемділігін, тиімділігі мен тұрақтылығын белгілейді және қатысушы-мемлекеттер арасында азаматтық авиацияның барлық салаларында ынтымақтастық құралы болып табылады.Өз қызметін 1947 жылдан бастап атқарып келеді. Қазіргі таңда бұл ұйымға мүше елдердің саны — 191мемлекет (2011). Штаб-пәтері Монреалда (Канада) орналасқан.Парижде, Бангкокта, Лимада, Мехикода, Дакарда, Найробиде аймақтық бөлімшелері жұмыс істейді.

 

ICAO штаб пәтері, Монреал, Канада

 

 Ұйымның негізгі мақсаты  — ұлттық авиакомпаниялар үшін  теңдік пен тең мүмкіндіктер  негізінде халықар. азаматтық  авиация мен әуе қатынастарының  экон. дамуына жәрдемдесу. Ұйым авиацияның техникалық компоненттеріне: жеке құрамға куәлік беруге, ұшу ережелеріне, авиациалық метеорологияға, авиациалық карталарға, өлшем бірліктеріне, әуе кемелерін пайдалануға, ұлттық және тіркеу белгілеріне, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына, авиациалық электр байланысына, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, авиациалық апатты оқиғаларды іздестіруге, құтқаруға, тергеуге, аэродромдарға, аэронавигациялық ақпарат қызметтеріне, қауіпті жүктерді әуемен тасымалдаудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды айқындайтын халықар. стандарттарды, ұсыныстар мен рәсімдерді белгілейді.

1992 жылы 2 шілдеде Қазақстан  Республикасының Жоғарғы Кеңесі  Халықаралық азаматтық авиация  ұйымы туралы конвенцияны ратификациялады  (Чикаго,1944 ж.)  және сол арқылы Қазақстан Республикасының осы конвенция мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымына қатысуын бекітті.

Уағдаласушы мемлекеттердің ассамблеясын, ұйымның жоғарғы органы үш жылда бір рет ИКАО кеңесі өткізеді. Бұдан басқа, кемінде 1/5 ИКАО уағдаласушы мемлекеттердің өтініші бойынша төтенше сессия шақырылуы мүмкін.            

Әрбір ассамблеяның жұмысын уағдаласушы  мемлекеттердің аккредиттелген делегациялары жүзеге асырады. Әрбір уағдаласушы мемлекет ассамблеяда және оның қосалқы органдарында 1 дауысқа ие.

ИКАо-ның тұрақты басшылық органы кеңес болып табылады. ИКАО кеңесі ассамблеяға есепті. Кеңес  ассамблея үш жылдық мерзімге тағайындайтын  36 уағдаласушы мемлекеттен тұрады. Жыл бойында кеңес үш сессия өткізеді.  

ИКАО 7 өңірлік өкілдіктерден  тұрады:

1.  Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық (Париж);

2. Солтүстік, Орталық Америка және Кариб бассейні бойынша (Мехико);

3.      Оңтүстік Америка (Лима);

4.      Таяу Шығыс (Каир);

5.      Батыс және Орталық Африка бойынша(Дакар);

6.      Азиялық–Тынық мұхиттық (Бангкок);

7.      Шығыс және Оңтүстік Африка бойынша (Найроби)

ИКАО қызметі үш негізгі салада дамуда:

         1.техникалық – халықаралық азаматтық  авиация қолданатын стандарттар мен ұсыныстарды әзірлеу, жетілдіру және енгізу;

         2.экономикалық – халықаралық жолаушы және жүк тасымалдарын зерттеу, солардың негізінде әуежайлар және аэронавигациялық құралдарды қолданғаны үшін ақылар мен алымдар мәселелері бойынша ұсыныстар, сондай-ақ халықаралық желіде қолданылатын траифтерді белгілеу тәртібі жасалады, халықаралық әуе тасымалдары кезінде шарттылықтарды оңайлату мәселелері зерттеледі, Азия, Африка және Латын Американың дамушы елдеріне ішкі және халықаралық тасымалдарда өзіндік жүйелерді құруда тұрақты техникалық көмек көрсету;

        3. құқықтық – халықаралық әуе құқығы бойынша жаңа конвенция жобаларын әзірлеу (ИКАО аясында бірқатар конференциялар өтті, онда азаматтық авиацияның қауіпсіздігін арттыру туралы конвенция қабылданды және т.б.)

    Ұйымның басшылық органдары —ассамблея, кеңес және хатшылық.

    

 

Негізгі ИКАО жұмыс органдары:

  • Аэронавигациялық комиссия;
  • Авиатранспорттық комитет;
  • Заңды комитет;
  • Бірлесіп аэронавигациялық қамтамасыз ету комитеті
  • Қаржы комитеті;
  • Заңсыз азаматтық авиацияға араласу комитеті

Жалпы қазіргі уақытта  ИКАО халықаралық азаматтық авиацияны  дамыту саласында маңызды және зор  роль атқарады.

Халықаралық азаматтық авиация  ұйымына ( ИКАО) дүние жүзінің 191 мемлекеті  кіреді. Егемендік алып, өзінің әуе  қызметін қалыптастыра бастаған Қазақстан Республикасы да бұл халықаралық беделді ұйымға бірден мүше болып қабылданды. Міне, осы ИКАО талаптарында елдің авиация жөніндегі негізгі заңнамасы азаматтық авиация қызметінің және оны мемлекеттік реттеудің жүйесін қалыптастырудың “мызғымас берік іргетасы” болуға тиіс деп жазылған. Азаматтық авиация мәселелері, оның ішінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әуе қызметінің сапасын арттыру мәселелері Елбасының тұрақты назарында болып, Үкімет тарапынан үнемі ізденіспен жетілдіріліп келеді. Қазақстан Республикасы өзінің ИКАО алдындағы міндеттемелерін негізге ала отырып, оның талаптары бойынша 11 мың стандартты қабылдауға және оларды ұлттық заңнамаға енгізуге тиіс болды. Бұған дейін Қазақстан екі мыңға жуық стандартты енгізген болатын.

1995 жылы қабылданып, осы  уақытқа дейін қолданылып келген  авиация жөніндегі негізгі заңның және азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы 2001 жылы қабылданған заңның негізгі ережелерін төмендегідей басты-басты бірнеше себептер бойынша қайта қарау қажет болды. Біріншіден, бұл заңдардың көпшілік нормалары нарықтық экономикаға өту, отандық азаматтық авиацияны қалыптастыру кезеңінде қабылданды. Екіншіден, заңдардың басым талаптары кеңес дәуіріндегі өндірісте шығарылған әуе кемелерін пайдалануға және оларға қызмет көрсетуге бейімделіп жасалған болатын. Ал бүгінгі таңда еліміздегі әуе тасымалының басым бөлігі батыс елдерінің өндірісінен шыққан шетелдік әуе кемелерімен жүзеге асырылады. Сондықтан бұрынғы заңдардың нормалары еліміздің әуе саласының қазіргі даму динамикасына сай келмейді. Үшіншіден, ИКАО-ның азаматтық авиация қызметін реттеу және еуропалық авиация талаптарына көшу жөніндегі жаңа стандарттарының әзірленіп жатқанын ескере келіп, жоғарыда аталған заңдардың 120-бабының 90-нан астам бабына өзгерістер енгізу немесе түбегейлі қайта қарау қажет болды. Сөйтіп, елімізде халықаралық талаптарға негізделген, еуропалық стандарттарға толық жауап беретін жаңа заң қабылданды.

 

ИКАО аудитінің  ескертулерін жою жөніндегі түзету шаралар жоспары Жаңа заңға азаматтық авиация қызметін реттеу мәселелері бойынша бірқатар жаңа нормалар енгізілді. Енді Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық азаматтық авиация ұйымының еуропалық авиация талаптары сияқты ұшу стандарттары заңнамалық негізде барлық субьектілер үшін міндетті түрде қолданылатын болады. Сонымен бірге әуе кемелерін зиянды әсерден қорғау мақсатында ИКАО-ның талаптарына сәйкес әуе кемелерін жергілікті жерлердегі шуылға және авиация қозғалтқыштарының эмиссиясына қатысты сертификаттау енгізілді. Бұл – Еуропалық одақтың экология бойынша жаңа қатаң талаптар енгізуіне байланысты өзекті сипат алып отырған мәселе. 2009 жылы сәуірде Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация жай-күйіне кешенді тексеру жүргізіп, бірқатар ескертулер анықтады.

Осыған байланысты, ҚР Көлік  және коммуникация министрлігі бірқатар іс-шаралар жүргізді, соның ішінде ИКАО-ның авиация туралы моделдік заңының негізінде жасалған авиация  туралы жаңа заң әзірленіп, қабылданды, ескертулерді 2009-2013 жылдар кезеңінде  жоюды көздейтін  ИКАО аудитінің ескертулерін жою жөніндегі түзету шаралар жоспары әзірленді. Осы түзету шаралар жоспары ИКАО-ның ресми сайтында орналасқан http://www.icao.int/soa.Осы шараларды ИКАО оң қабылдады.

Қазақстандық делегация  азаматтық авиация, атап айтқанда, ұшу қауіпсіздігі мәселелеріне арналған ИКАО кеңестері, семинарлары мен конференцияларына тұрақты қатысады:

- 2010 жылғы наурызда Монреаль қаласында (Канада) ҚР ККМ делегациясы Министр Ә. Құсайыновтың төрағалық етуімен ИКАО Бас хатшысымен кездесті;

- 28 қыркүйек – 8 қазан  кезеңінде Монреаль қаласында  (Канада) ИКАО ассамблеясының 37-ші  отырысы өтті. Осы іс-шара шеңберінде қазақстандық делегация ИКАО Бас хатшысымен, ИКАО кеңесінің президентімен, ИКАО ұшу қауіпсіздігі және авиация қауіпсіздігі саласындағы тексерулер бөлімінің басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесу барысында ИКАО аудитінің ескертулерін жою бойынша жалпы жағдай және қолданылып жатқан іс-әрекеттер туралы айтылды.

2011 жылы Қазақстан Республикасы  Көлік және коммуникация министрлігі  ИКАО аудитінің ескертулерін  жою бойынша жұмыстарды одан  әрі жалғастырады.

 Сонымен бірге ұшақтардың қауіпсіздігіне бақылау жасауды күшейту жөніндегі Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қызметіне жасалған аудиттің қорытындысы бойынша ИКАО тарапынан айтылған сын-ескертпелер де жаңа талаптарда толық ескерілген. Әсіресе, жаңа заң талаптары бойынша әуе кемелерінің қауіпсіздігін барынша арттыруға жағдай жасалып отыр. Әуе кемелерінің техникалық ахуалын бақылау арнайы құрылған мемлекеттік өкілетті органға жүктелген.

 Астанада халықаралық азаматтық авиация ұйымының 14-ші Кеңесі болды. Оған әлемнің 23 мемлекетінің өкілдері қатысты. Кеңес шеңберінде Еуропаның шығыс бөлігінде әуе қозғалысын ұйымдастыру, жаңа әуе бағыттарын ашу, мамандарды даярлау секілді мәселелері талқыланды. Қазақстан азаматтық авиация саласын халықаралық стандарттарға сай қайта құру жолында кешенді шараларды жүзеге асырып келеді.

   Отандық әуе компанияларының қызметі

      Қазіргі кезде республикамызда 53 әуе компаниясы қызмет көрсетеді. Олардың ішінде 36 компания жолаушылар және жүк тасу қызметіне жұмылдырылған, 5 компания тұрақты түрде әуе тасымалымен айналысады. Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында барлық әуе компаниялары бойынша тасымал көлемінің едәуір артқандығы байқалады. Мәселен, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің әуе компаниялары 1,4 миллион жолаушы, 12,4 мың тонна жүк тасымалдаған. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда тиісінше 17 және 55 пайызға артқан. Республикамыздың әуежайлары осы мерзімде 2,8 миллион, яғни өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 12 пайызға артық жолаушыларға қызмет көрсеткен.

Отандық әуе компанияларының  қызметін дамыту біздің мемлекетіміз үшін бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған басым міндеттердің бірі де бірегейі болып табылады. 2002 жылы елімізде әуе тасымалымен айналысатын “Эйр Астана” атты ұлттық әуе компаниясы құрылған болатын. Бүгінде ол әуе қызметі рыногында серпінді даму үлгісін көрсетіп келеді. “Эйр Астана” АҚ 2002 және 2010 жылдар арасында лизинг операциясы тәртібімен 22 жаңа әуе кемесін сатып алды. Әуе кемелерінің паркін бүгінгі заманның озық техникаларымен одан әрі жаңарту мақсатымен “Эйр Астана” АҚ 2012-2013 жылдар аралығында тағы 6 “Эйрбас-320” әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отыр.

Еліміздегі әуе тасымалының  көлемі бойынша екінші орынды иеленетін  ірі компаниялардың қатарында “Scat”  авиакомпаниясын атауға болады. Бұл отандық компания да әуе кемелері паркін жаңалауды жүйелі жүргізіп келеді. Мәселен, компания 2010 жылдың қазан айы мен 2011 жылдың сәуір айы аралығындағы уақытта операциялық лизинг тәртібімен 2 “Боинг 757-200” әуе кемесін сатып алуға шарт жасасып қойды.

Қазіргі таңда Қазақстанда  батыс елдерінде шығарылған 31 жаңа әуе кемелері қызмет көрсетеді. Олар еліміздегі барлық жолаушылар тасымалының 85 пайызын атқарады. Сонымен бірге тікұшақтар паркін батыс елдерінде шығарылған жаңа техникалармен жаңарту мақсатында да қыруар жұмыстар жасалып жатыр. Тек соңғы екі жылдың көлемінде ғана қазақстандық әуе компаниялары өздерінің тікұшақ паркін батыстың “ Eurocopter”, “Agusta Westland”, “Bell” сияқты озық үлгідегі 15 тікұшағымен толықтырды.

 

 

 

     Ұшу қауіпсіздігін арттыру, әуежайлардағы қызмет көрсету сапасын жетілдіру шараларалары

    Ұшу қауіпсіздігін арттыру үшін әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсететін және оларды жөндейтін орталықтарды сертификаттау тәжірибесі енгізілді. Бұл орайда әуе қызметі саласының жердегі инфрақұрылымын дамыту және модернизациялау бағдарламасы белгіленіп, жүзеге асырылуда.

Қызылорда және Ақтау қалаларындағы әуежайлардың ұшу-қону алаңдарын қайта құру, әуежайларды жарақтандыру жөніндегі кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін бұл екі әуежайға да ИКАО-ның тиісті дәрежесі берілетін болады. Қазіргі таңда республикамыздағы 20 әуежайдың ішіндегі 9 әуе жайға ИКАО стандарттары бойынша тиісті дәрежелер берілген. Ал Астана және Алматы қалаларының әуежайлары ИКАО стандарты бойынша үшінші дәрежелі әуежайлар болып танылған. Ұшу қауіпсіздігін арттыру, әуежайлардағы және әуе кемелерінің борттарындағы жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсету мақсатында белгіленген шаралар қазақстандық әуе тасымалдаушыларының әлемдік авиарыноктағы бәсекеге қабілеттігін арттырып, жолаушылардың жоғары сұранысына сай сапалы қызмет көрсетуге толық мүмкіндік береді.

     Отандық әуе компанияларының алдында тұрған тағы бір үлкен міндет – еліміздің ішкі аумағында және жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашып, республика тұрғындарының өскелең сұранысын барынша қанағаттандыру болып табылады. 2002 жылдан бері Қазақстанның облыс орталықтарына Астанадан ұшатын әлеуметтік маңызы бар әуе бағыттарын, сол сияқты кейбір облыс орталықтарын өзара байланыстыратын әуе бағыттарын субсидиялау бағдарламасы жұмыс істеп келеді. Үстіміздегі жылы орташа алғанда 11 мың теңге тариф бойынша 8 әуе бағытына 881 миллион теңге субсидия бөлінді.

Информация о работе Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО)