Мемлекеттік стандарттарды орындаудың мемлекеттік бақылауы және қадағалауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 19:48, курсовая работа

Описание

Кез келген басқару жүйесінің ең маңызды құрамдық бөліктерінің бірі белгілі бір талаптардың орындалуын бақылау және қадағалау болып табылады. Қызмет сапасын басқару жүйесінде – бұл техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды енгізу мен орындауды, метрологиялық қамтамасыз ету мен қызметтің сапасын мемлекеттік қадағалау мен ведомствалық бақылау. Елде өнім сапасын басқару жүйесінің ортақ мәнінде барлық стандарттық категориялардың талаптарын орындауды қадағалау мен бақылау ерекше орын иеленеді.

Работа состоит из  1 файл

4 Мемлекеттік стандарттарды орындаудың мемлекеттік бақылауы және қадағалауы.doc

— 56.00 Кб (Скачать документ)

 

 Мемлекеттік стандарттарды  орындаудың мемлекеттік бақылауы  және қадағалауы.

 

Кез келген басқару жүйесінің  ең маңызды құрамдық бөліктерінің бірі белгілі бір талаптардың орындалуын бақылау және қадағалау болып  табылады. Қызмет сапасын басқару  жүйесінде – бұл техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды енгізу мен орындауды, метрологиялық қамтамасыз ету мен қызметтің сапасын мемлекеттік қадағалау мен ведомствалық бақылау. Елде өнім сапасын басқару жүйесінің ортақ мәнінде барлық стандарттық категориялардың талаптарын орындауды қадағалау мен бақылау ерекше орын иеленеді.

Стандарттарда нұсқалған  талаптардың орындалуын қадағалау  мемлекеттік қадағалау арқылы жүзеге асады. Техникалық регламенттер мен  стандарттар талаптарын енгізу мен  орындауды қадағалау Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты, атқарушы билік органы, ҚР атқарушы органы, ҚР-ның заңына сәйкес мемлекеттік қадағалауды жүргізетін мемлекеттік әкімшіліктер арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары халық шаруашылығының жеке салалары шеңберімен, өнімнің жеке түрлерімен шектелмейді, бұл қадағалаудың тиімді формаларын – кешенді салааралық тексерістер жүргізуге өте тиімді, себебі мұнда дайын өнімнің сәйкестігі жөнінде стандарттардың техникалық талаптарын ендіру және орындаумен қатар өнеркәсіптерде, өнім дайындаушыларда, шикізат, материалдар, кешенді өнімдер, тұйіндер, агрегаттар және т.б. жөніндегі жұмыстар да қарастырылады. Дайындаушы - өндірістік мекемелердің, жеке меншіктің түрлі формалармен айналысатын ведомствалардың кең шеңберін қамтитын кешенлі тексеріс материалдарын талдау шығарылатын өнімнің сапасы мен байқалған кемшіліктердің себептері жөнінен нәтижелер шығаруға септігін тигізеді.

Мемлекеттік қадағалау  объектілері:

-стандарттау жөнінен  нормативті құжаттар және техникалық  құжаттама;

-өнім, үрдістер мен  қызметтер (өнімге қатысты техникалық  регламенттер мен ұлттық стандарттардың  талаптарын орындауды мемлекеттік  бақылау тек өнімді айналдыру  дәрежесінде ғана жүзеге асады).

-мемлекеттік қадағалау  туралы заңмен сәйкес басқа  объектілер.

Стандарттарды орындауды  мемлекеттік бақылау органдарының негізгі міндеттері мыналарды қарастырады:

-стандарттау мен стандарттар  объектілеріне бағытталған міндетті  талаптарды құрайтын ҚР-сының  заң бұзушылық ескертулермен  бірге әрекет ету.

-салалық стандарттар, техникалық талаптар, кәспіорын стандарттары, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдардың стандарттары, ҚР-сының мемлекеттік стандарттарының міндетті талаптарға арналған техникалық құжаттама сәйкестігін анықтау барысында ҚР-сының мемлекеттік стандарттарының міндетті талаптарын орындауды тексеру;

-халық шаруашылығын дамыту жоспары және кәсіпорындар жоспарына, ұйымдарға стандарттарды енгізу бойынша уақытылы шаралар өткізуді, сонымен қатар мемлекеттік және салалық стандарттау жоспарларын орындауды бақылау;

-стандарттарды енгізу  мен оларды жоспарлау, өндіру, сынау, сақтау, тасымалдау, қолдану,  іске асыру мен өнімді кәдеге  ұшырату кезеңінде орындауды  қадағалау;

      -стандарттармен  қарастырылған көрсеткішті жоспарланатын  және шығарылатын өнімнің сапа көрсеткіштерінің орындалуын қадағалау;

      -уақытылы  тоқталған ескі стандарттар мен  жаңаларын өндіруді және қайтадан  енгізілген және белгіленген  стандарттардың жағдайлары мен  қолданыстағы отандық және шетелдік  стандарттар туралы ақпараттар  жаңдайын тексеру;

      -өнімдерді,  сонымен қоса сертификатталғандарды  да сынақтан өткізу.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қадағалау органдары  мен басқа да біліктіктермен сәйкес мемлекеттік басқару органдарымен, тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарымен, сақтандыру қоғамдастықтармен, құқық қорғау органдарымен өзара байланысқа түседі, оларға жүктелген міндеттерді орындауға көмектеседі.

Стандарттарды енгізу мен  орындауды мемлекеттік бақылау  кезең бойынша жүргізіледі:

1-кезең – стандартты бекіту, стандартты енгізу туралы бұйрықтар, жаңа стандарттың талаптарына сәйкес өнімді өндіруге дайындау жөніндегі ұйымдық-техникалық шаралардың жоспары туралы ақпараттардың қамтамасыздығын тексеру;

     2-кезең – стандартты ендіру жөніндегі ұйымдық-техникалық жоспардың іске асуын тексеру. Осы кезеңде кәсіпорынды қажетті шикізатпен, негізгі және көмекші жабдықпен, технологиялық қамтылу мен стандартты енгізу үшін техникалық құжаттамамен қамтамасыз етілуін тексереді. Егер стандарт енгізілмесе, оның себебін анықтау қажет;

     3-кезең – жаңа стандарт бойынша өнім шығарылымын қамтамасыз етілуін тексеру. Бұл кезеңде өнімді шығару үшін стандарттың конструкторлық және технологиялық құжаттамаға сәйкестігін тексеру, кәсіпорында өнімді  сынақтан өткізудің белгіленген стндарттық бағдарлама мен әдістерін қолданудың іске асырылуын тексеру, берілген өнімнің шығарылуымен байланысты өлшеуіш техника жағдайын тексеру жүргізіледі.

Тексерістің мақсаттары мен мерзімі туралы тексерілудегі  кәсіпорынның басқармасы ескертеді.

Мемлекеттік стандарт жүргізген  талдау бойынша стандарттарды уақытылы ендірмеу, өнеркәсіпте олардың талаптарын орындаудың негізгі себептері мыналар болып табылады:

-мемлекеттік стандарттарды енгізу жоспарының болмауы немесе жасаудағы кідіріс, өндірістің басқа жоспар бөлімдерімен байланыспауы;

-стандарттау жөнінен жеке бөлімдердің болмауы немесе жұмысшы құрамының жеткіліксіз мамандануы;

-мемлекеттік стандарттарды ендіруге бағытталған ұйымдық-техникалық шаралардың нақты еместігі және уақытылы құрылмауы, оларды жүзеге асырудағы тиімділіктің аздығы;

-кәсіпорында стандарттау бойынша жұмыстарды басқарудың төмен дәрежесі;

-өнімді негізгі талаптардан ауытқу нәтижесінде өндіруге әсер еткен стандартта ескертулер мен сылтаулардың болуы;

-технологиялық және өндірістік тәртіптің бұзылуы;

-өлшеу құралдары, бақылау-сынақтық құрылғының қамтылмауы, сәйкес келмеуі, қанағаттандырмаған жағдайы.

Кәсіпорындарға стандарттарды  енгізу мен олардың талаптарының орындалуын бақылауда жауапкершілік  жүктелгендер:

-тауарлы өнімге, оның бөлшектері, түйіндері, агрегаттарына конструкторлық құжаттама жүргізуде – бұйымның бас конструкторлары;

-технологиялық құжаттама жүргізуде – технологиялық бюро, қамтылу мен жабдықты жобалау бөлімдерінің бастықтары;

-өнімді дайындауда – сәйкес бөлімшелердің бастығы, бас инженер, бас технолог, бас металлург және кәсіпорынның өзге де басты мамандары.

Ұйымдық-техникалық шараларды өңдеу деңгейінде стандарттау енгізудің экономикалық тиімділік есебін алдын ала шығарып, стандартты ендіру мен оның талаптарының орындалуын бақылау тәуелді болып келетін барлық қызмет түрлерімен  сәйкестендіріледі.

Стандарттау қызметтері тексерілудегі бөлімшенің басшылығынан тексеріс барысында байқалған кемшіліктерді  жоюын, нақты шаралар жоспарының ұсынылуы мен олардың орындалу мерзімдерін, кәсіпорын басшылығына қарастыру мақсатында тексеріс мәліметтерін және солардың негізіндегі шаралардың жоспарын жіберу.

Тексерісті жүзеге асырған  жұмысшылар қабылданған тәртіпте бекітілген нормативті-техникалық құжаттама және кәсіпорында қолданыстағы мемлекеттік, салалық стандарттар бойынша қызмет атқарады.

 6 Қызметті сертификаттау

 

Сертификаттау – сертификаттау органдары арқылы жүзеге асырылатын техникалық регламенттердің шарттарына, стандарттар жағдайына және келісім-шарттардың қажеттілігіне объектілердің сәйкестігін растау формасы.

Сертификаттаудың шығыстық мәліметтері (сапа көрсеткіші) оның сенімділігі  мен бейтараптығы болып табылады.

Нормативті құжаттардың  талаптарына сәйкес сертификаттау  объектісінің бағалау көрсеткіші сертификаттау органдары мен сынақтық зертханалардың техникалық біліктілігімен анықталады.  Сертификаттау нәтижесінде алған бейтараптық мүдделі жақтардың - өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздік дәрежесіне байланысты.

Сертификаттаудың сапа қамтамасыздығының екі өлшемі осылар. Осы өлшемдердің сәйкестігіне жету механизмі «Сапа түйінінде» берілген. Ол сапаға әсер ететін өнімді өндірудің толық циклдық (үрдіс, қызмет) элементтердің өзара байланысын көрсетеді. Сертификаттау үрдісінде қолданылатын «Сапа түйінін» талдап көрейік.

Маркетинг пен сұранысты  зерттеу кезеңінде сертификаттау сапасы сәйкестік және сертификаттау органдарының бағасы мен сынақтық зертханалардың аккредиттеу аймағын анықтайтын ережелеріне сәйкес сертификаттау жүйесін таңдау мен талдаумен қамтамасыз етіледі. Берілген кезеңде әр елдегі нақты өнім түрлері мен қызметтеріне сертификаттау мен сынақ нәтижелерін мойындау мәселелерін ескерту қажет.

Сертификаттау үрдісінің  жобалау кезеңінде сапаға әсер ететін барлық факторлар ескерілуі қажет: тұтынушылар қалауы, заң талаптары, сонымен қатар сертификаттау органдары мен сынақтық зертханалар қызметінің ұйымдық, техникалық және ғылыми-әдістемелік аспектілері.

Сертификаттау жүргізуге  қажетті ресурстарға сертификаттау органдары мен сынақтық зертханаларда: мамандандырылған қызметкерлердің, арнайы орындардың, нормативтік құжаттар қорының, өлшеу, сынау мен бақылау құрал-жабдықтарының, қазіргі таңдағы ұйымдастыру техникасының болуы кіреді. Сертификаттауға арналған ресурстар бекітілген талаптарға сай болуы қажет. Олардың сәйкестігі сертификаттау органдары мен сынақтық зертханаларды аккредиттеу  кезінде тексеріледі.

 




 

 


 

 


 

 


 

 


 


 


 

 

 



 

 

 

 


 

 

 

 

 

                Сурет Сертификаттау үрдісінің  «Сапа түйіні»

 

 

Сертификаттау үрдісі сертификаттаудың бейтараптығы мен растығына жетудегі сенімділік кепілдік беретіндей өндірілуі қажет. Барлық үрдістерді ішкі және сыртқы жұмыс сапасын тексеретіндей, түзету шараларын орындайтындай етіп ыңғайлы жоспарлау қажет.

Барлық үрдістер архивтерін құжаттау және сақтау, каммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты конфиденциалдық қамтамасыз ету маңызды орын алады.

Сертификаттауды ұйымдастыру  қызмет үлгілерін сынау, сапа жүйесін  бағалау мен олардың сәйкестігі туралы шешімдерді қабылдау негізінде  жүргізіледі. Сертификаттау үрдісі сертификаттау жүйесінің ережелеріне, таңдалған схема және сертификаттау органы мен сынақтық зертхананың ішкі ережелеріне сәйкес болуы қажет.

Сертификаттау сапасын  қамтамасыздандыру сәйкестік бағасының  үрдісін бақылаусыз жүзеге аса алмайды. Бұл ішкі және сыртқы аудиттің мерзімдік жүйесі арқылы іске асады. Ішкі аудитті сертификаттау органдары мен сынақтық зертхана жұмысшылары жүзеге асырады, жиірек оны сапа үшін жауапты арнайы тұлға жүргізеді. Аудит нәтижелері түзету шараларын өткізуге басшылық үшін ақпарат болып танылады.

Сыртқы аудит инспекторлық бақылау шеңберінде аккредиттеу  органдары немесе тәуелсіз сарапшылар арқылы жүзеге асады. Мүмкіндік болған жағдайда бақылаудың барлық түрлері  статистикалық әдіс негізінде жүргізіледі. Сертификаттау нәтижелерінің соңғы бақылауы сертификат беру шешімін қабылдаған кезінде жүзеге асады.

Сертификатталғаннан кейінгі  сапа «Сапа түйінінің» келесі элементтерімен анықталады:

- сертификаттау объектісі туралы барлық қажетті ақпараттарды қамтитын және тұтынушылардың кең шеңберінде бәріне түсінікті болатын сертификатталған өнімнің, қызмет, сапа жүйесі мен қызметкерлердің реестрімен;

- сертификаттау органы тарапынан сертификатталған қызметке инспекторлық бақылауымен;

     - сертификаттау нәтижелерін қоғамдастыққа тапсыру, мүдделі құрылымдар арасында ұлттық және халықаралық дәрежеде сертификаттауды жүргізу тәжірибесімен алмасу жөнінен сертификаттау органының ақпараттық қызметімен анықталады.

Хабарлама беруші сәйкестік  сертификатының жарамдық мерзімінің аяқталуы кезінде уақыт факторымен есептесе «Сапа түйінінде» нұсқалған барлық процедураларды қайталауды ұсынатын жаңа сертификаттау туралы шешімін қабылдай алады.

Осылардың барлығы сертификаттаудың сәйкестікті реттеу үрдісі ретінде  ұдайы дамуын білдіреді және өркениетті нарықтық қатынастарда жүргізудің міндеттілігін көрсетеді.


Информация о работе Мемлекеттік стандарттарды орындаудың мемлекеттік бақылауы және қадағалауы