Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 07:17, курсовая работа

Описание

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып – салықтардың экономикадағы маңызы және мекемелердің бюджетпен есеп айырысу тәртіптері мен аудитін жетілдіру болып табылады.
Дипломдық жұмыс жазу барысында басты назар келесі міндеттерге аударылып отыр:
- салықтардың экономикадағы алатын орны мен мәнін анықтау;
- ҚР-ның салық салу жүйесі мен салық саясатын зерттеу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру;
- ұйымдардың бюджетпен есеп айырысу тәртіптерін айқындау;
- салықтық төлемдерге аудит пен талдау жүргізу.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................
3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

Салықтардың экономикадағы алатын орны мен маңызы ......................
5
1.2 Мемлекеттің салық салу жүйесі: дамуы мен болашағы...........................
1.3 Салық саясаты және оны дамытудың жолдары мен ерекшеліктері .......
13
18

2 ҰЙЫМДА БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 «Уникум Казахстан» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есеп жұмысы ...............................................

23
2.2 Ұйымның тікелей салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысуы ........
33
2.3 Жанама салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың есебі ...........
51

3 ҰЙЫМНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ АУДИТІ

3.1 Ұйымдағы ішкі аудиттің мақсаты мен міндеттері және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі ..........................................................................
3.2 Бюджетпен есеп айырысу бойынша операциялар есебінің аудиті .........
3.3 Бюджетке төленген салықтарды және басқа міндетті төлемдерді талдау....................................................................................................................
58
61

65
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................................

Работа состоит из  1 файл

Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысудың есебі мен аудиті. ДИПЛОМ.doc

— 647.50 Кб (Скачать документ)

 

6 кесте - «Уникум Казахстан» ЖШС-нің салықтық төлемдерінің жалпы міндеттемелердің құрамындағы үлесі

 

Көрсеткіштер

Жылдар 

Ауытқу

2007

2008

Жыл ішінде төленген салықтық төлемдер, мың тг

335 456

437 890,8

+102434,8

Аударылған ақша қаражаттары, мың тг

12 170 632

23 446 799

11 276 167

Ақша қаражаттары қозғалысындағы салықтардың үлесі, %

2,75

1,86

-0,89

Барлық кредиторлық  міндеттемелер, мың тг

15 710 927

27 975 624

+12264697

Салықтар және басқа  да міндетті төлемдер бойынша бюджетке қарыз, мың тг

40 910

28 146

-12 044

Ұйымның кредиторлық  қарыздары ішінде салықтық қарыздардың  үлесі, %

0,26

0,1

-0,16

Меншік капитал,  барлығы, мың тг

8 851 339

10 567 820

+1 716 481

Меншікті капитал ішінде салықтық қарыздардың үлесі, %

0,46

0,26

0,2

Ескерту*-кестенің мәліметтері  ұйымның қаржылық есептілігінен алынды


 

Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, зерттеу жүргізіліп отырған ұйымда бюджетке төлеген барлық салықтардың сомасы жыл сайын жоғарылап отырғанын анықтадық. Егер ұйым 2008 жылы 2007 жылға қарағанда салық сомасын бюджетке 102434,8 мың теңгеге артық төлеген, бірақ ұйымның есепті жылғы салықтар бойынша бюджетке қарызы өткен жылмен салыстырғанда 12044 мың теңгеге азайып отыр. Салықтық төлемдерді талдаудың келесі сатысы, бұл вертикалдық талдау арқылы ұйымның салықтар бойынша қарыздарының деңгейін анықтауға болады. Төмендегі 7 кестеде «Уникум Казахстан» ЖШС бойынша бюджетке салықтар бойынша қарыздардың құрамы мен құрылымы көрсетілген.

7 кесте - «Уникум Казахстан» ЖШС-нің салықтық

қарыздарының құрамы мен құрылымы

Мың тг

 

Салықтардың түрлері

2007

Үлесі

%

2008

Үлесі

%

Ауытқу (+, -)

Мың тг

Үлесі

%

Мүлік салығы

490,92

1,22

-

-

-

-

Корпоративтік табыс салығы

6954,7

17,3

7001,0

24,87

+46,3

+0,66

ҚҚС

17080,75

42,5

12690,0

45,08

-4390,75

-25,7

Әлеуметтік салық

7073,44

17,6

5200,1

18,48

-1873,34

-26,48

Көлік салығы

160,76

0,4

-

-

-

-

Жеке табыс салығы

3014,25

7,5

14,23

0,05

-3000,02

99,53

Басқа да салықтар мен міндетті алымдар

6135,18

15,26

3240,67

11,51

-2894,51

-47,18

Барлығы

40 910

100

28 146

100

-12044

29,97

Ескерту*-кестенің мәліметтері  ұйымның қаржыылқ есептілігінен  алынды


 

Жоғарыдағы 6 кестенің мәліметтері көрсетіп отырғандай, зерттеу ұйымының салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдері бойынша кредиторлық қарызы 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 12044 мың теңгеге дейін төмендеп отыр. Яғни, ұйым бюджет алдында салықтық міндеттемелерін уақытында жабуға тырысып отыр. Дегенмен де «Уникум Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салықтар бойынша бюджетке төленуге тиісті салықтарының сомасы ұйымның жалпы міндеттемелері қатарында тұр, бірақ жалпы міндеттемелер ішінде оның үлес салмағы ең төменгі үлесті алып отырғанын біз жоғарыдағы 5 кестеден қарастырып өткенбіз.

Ал егер ұйымның жыл  сайынғы есептеген салықтарының құрылымына келетін болсақ, онда салық  сомаларының ішінде жоғары үлес салмақты алып отырған қосылған құн салығы, яғни оның соңғы 2 жылда барлық салықтар мен алымдардың ішіндегі орташа үлес салмағы 43,8 %-ды алып отыр. Содан кейінгі салықтың жоғары үлесі копоративтік табыс салығына келіп отыр, яғни орташа үлесі 21,23 %-ды құрайды және әлеуметтік салық сомасының 2 жылдағы орташа үлесі 18,4 %-ды құрап отыр.

Салыстырмалы түрде  салықтардың ішінде ең төменгі үлес салмақты мүлік салығы мен көлік  құралдарына салық сомалары алып отыр.

Салықтық төлемдерді талдаудың келесі сатысы болып ұйымның  салықтық ауыртпалығын анықтау саналады. Жоғарыдағы 7 кестенің мәліметтері негізінде ұйымның салықтық ауыртпалығын  келесідей тәртіппен анықтаймыз:

Дс.а.= ;  (1)

Мұндағы: Дс.а. – ұйымның салықтық ауыртпалық деңгейі, %

- бюджетке төленген және төленуге тиіс салықтар мен басқа міндетті төлемдердің сомасы, мың тг;

- ұйымның табысының жалпы сомасы, мың тг.

 

Дс.а. (2007) = 335 456 + 40190 / 4 060 440 х 100 = 9,25%

Дс.а. (2008) = 437 890,8 + 20273,2 / 4 943 169 х 100 = 9,26%

 

Сонымен, «Уникум Казахстан» ЖШС бойынша салықтық ауыртпалық екі жылда да шамамен бірдей көрсеткішті беріп отыр. Бұл ұйымның көрсеткен қызметтері бойынша алынған пайда көлеміне қатысты төленіп отырған және төленуге тиісті салықтық төлемдердің деңгейі бір қалыпты түрде ұйымның пайдасына әсер етіп отырғанын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Салықтар - тауарлы  өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға  қаражаттың қажет болуынан пайда болады. Салықтың экономикалық мәні - шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (әріқарай ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.

Салықтар  мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып  саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада  тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттіліктеріне қарай бейімделіп өзгерістерге ұшырап отырады.

Жүргізілген ғылыми жұмыстың нәтижесі бойынша біз бюджетпен  салықтар бойынша есеп айырысу операцияларының  есебін жетілдіруге байланысты төмендегідей ұсыныстар жасаймыз:

1) Салық – мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты сипатта бюджетке төленетін төлемдер. Салықтар – қайтарымсыз, баламасыз және тұрақты сипаттағы құқықтық формадағы мемлекет арқылы белгіленген міндетті төлемдер.

Салықты басқа да төлемдерден  ажырата білуіміз керек. Себебі салық  белгілі бір обьектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық  кезеңі – бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.

Алым – қандай да бір  қызметті жүзеге асыруға немесе қандай да бір игілікті қолдануға құқық  беретін, арнайы құқықтық қатысуды иелену үшін жеке және заңды тұлғалардан алынатын міндетті  біржолғы жарна. Немесе алым дегеніміз, белгілі бір құқықты беру үшін төленетін міндетті жарна.

Төлемақы – қайтарылатын және эквивалентті төлем, ол мемлекет азаматтық құқық субъектісі болған жағдайда, азаматтық-құқықтық қатынастарға жанама түрде жүреді. Төлемақы сонымен қатар – уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан өздеріне өтінішпен келген тұлғаларға көбінесе материалдық сипаттағы табиғи, кейде, өзгеше мақсатта пайдаланылатын белгілі бір объектлерді, не болмаса, соларға байланысты рұқсаттарды бергені үшін заңды немесе жеке тұлғалардан эквивалентті түрде алынатын алым.

2) Зерттеу жұмысы жүргізіліп отырған «Уникум Казахстан» ЖШС бюджетпен мынадай салықтар мен алымдардың түрлері бойынша есеп айырысу жүргізеді: корпорациялық  табыс салығы; жеке табыс салығы; қосылған құнға салынатын салық; акциздер; әлеуметтік салық; жер салығы; көлік құралдарына салынатын салық; мүлік салығы; мемлекеттік баждар; тіркеу алымдары; жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы; қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы; сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.

3) Зерттеу жүргізілген серіктестіктің негізгі қызметі оның жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасы, соның ішінде: республиканың барлық облыстары бойынша терминалдар арқылы әртүрлі төлемдерді (байланыс төлемдерін, есеп айырысу мен төлемдерді) жүзеге асыру болып саналады.

Зерттеу жүргізілген «Уникум Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы активтерінің құрамында жоғары үлес салмақты негізгі құралдар алып отыр. Зерттеу жүргізіліп отырған ұйымда негізгі құралдардың құны 2008 жылдың аяғында 2007 жылмен салыстырғанда 13245001 мың теңгеге немесе 64,6 пайызға жоғарылап отырғанын байқадық, ал материалдық емес активтерге келетін болсақ, онда оның құны 129257 мың теңгеге не болмаса 23,6 пайызға артып отыр. Ал ұйымның ақша қаражаттары баланс валютасында үлесі екінші орында тұр және ұйымның есепті жылдағы ақша қаражаттарының сомасы өткен жалмен салыстырғанда 615920 мың теңгеге дейін жоғарылап отыр. Демек, ұйымның активтерінің жалпы көлемі 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 13990178 теңгеге дейін артып отырғанын анықтадық.

Зерттеу жұмысы жүргізіліп отырған «Уникум Казахстан» ЖШС-нің капитал көздерінің құрамы мен құрылымына және оның өзгерісіне жүргізілген талдаудың нәтіижесінде, біз қарастырылып отырған шаруашылық субъектісі бойынша баланс валютасының жалпы сомасында қарыз капиталы соңғы екі жылда да меншікті капиталдың үлесі жоғары екенін анықтап отырмыз. Егер 2007 жылы қарыз капиталы баланс валютасында 63,97 пайызды алған болса, ал 2008 жылы оның үлес салмағы 72,59 пайызды құрап отыр және өткен жылмен салыстырғанда қарыз капиталы 78,06 пайызға дейін өсіп отыр. Ал ұйымның меншікті капиталы 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 19,4 пайызға дейін жоғарылап отыр.

«Уникум Казахстан» ЖШС-нің меншікті капитал құрамы мен құрылымына талдау жасай отырып, біз бұл ұйымның меншікті капитал көлемі есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 19,4 пайызға жоғарылағанын, соның ішінде ұйымның таза пайдасы 1716481 мың теңгеге өсіп отырғанын байқадық. Яғни ұйым өзінің қаржылық қызметін 2008 жылы пайдамен аяқтап отыр.

Бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есепті құрудың  жауапты тұлғасы болып президентке  бағына отырып, қоғамның бухгалтерлік іс-әрекетін басқаратын бас бухгалтер табылады.

Ұйымның бухгалтерлік есебі  ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңымен реттелінген серіктестіктің операциялары мен шаруашылық фактілері туралы жалпы тіркелген ақпараттар жүйесінің жиынын қарастырады, оған енетіндер: қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары; Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілген қаржылық есеп беруді дайындау мен көрсетудің тұжырымдамалық негізі; «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» (салық кодексі) Кодексі (өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып); ұйымның есеп саясаты.

Ұйымның есеп жұмысы қаржылық, өндірістік және салықтық есеп бөлімдерінен тұратын серіктестіктің есеп бөлімімен жүзеге асырылады.

4) Ұйымның бюджетпен есеп айырысу операциялары 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімшесінің шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге: 3110-3190 шоттар жатады. Ұйымның 2008 жылы салықтар бойынша кредиторлық қарыздары бар.

5) Салықтық төлемдерді аудиторлық тексеру кезінде аудитордың алдында тұрған негізгі міндеттері болып: төлем тәртібінің сақталуын, есеп айырысулар кезінде қолданылатын бағаның негізділігін тексеру; баланста көрсетілген ағымдағы салықтық міндеттемелер сомасының шынайылығын және заңды негізділігін тексеру; кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелердің заңдылығын тексеру саналады.

6) Ұйымның салықтық төлемдерді талдаудың негізгі мақсаты болып тек ұйымға түсетін салықтық ауыртпалықтардың деңгейін анықтау ғана емес, сонымен қатар салық жүйесін жетілдіру мен ұйымға түсетін салықтық ауыртпалық деңгейін төмендету жолдарын іздестіру болып саналады.

Зерттеу ұйымы бойынша жыл сайынғы есептелінген салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер мен алымдардың сомасының жоғарылап отырғанын байқап отырмыз.

Зерттеу ұйымының салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдері бойынша кредиторлық қарызы 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 12044 мың теңгеге дейін төмендеп отыр. Яғни, ұйым бюджет алдында салықтық міндеттмелерін уақытында жабуға тырысып отыр. Дгенмен де «Уникум Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіның салықтар бойынша бюджетке төленуге тиісті салықтарының сомасы ұйымның жалпы міндеттмелері қатарында тұр, бірақ жалпы міндеттемелер ішінде оның үлес салмағы ең төменгі үлесті алып отырғанын біз жоғарыдағы 5 кестеден қарастырып өткенбіз.

Ал егер ұйымның жыл  сайынғы есептеген салықтарының құрылымына келетін болсақ, онда салық  сомаларының ішінде жоғары үлес салмақты алып отырған қосылған құн салығы, яғни оның соңғы 2 жылда барлық салықтар мен алымдардың ішіндегі орташа үлес салмағы 43,8 %-ды алып отыр. Содан кейінгі салықтың жоғары үлесі копоративтік табыс салығына келіп отыр, яғни орташа үлесі 21,23 %-ды құрайды және әлеуметтік салық сомасының 2 жылдағы орташа үлесі 18,4 %-ды құрап отыр.

Сондықтан, ұйымның салықтық төлемдерін талдаудың негізгі ұстанымдары болып мыналар саналады: салық салудың нақты көрінісін көрсету;салық салудың ғылыми негізделгенін дәлелдеу; салық салудың негізгі мақсатын анықтау; талдаудың басқа түрлерімен байланысын көрсету; жүйелікті анықтау; кешенділікті орнату; салық салудың балам механизмдерін қарастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі (01.01.2010 жылғы өзгерістер мен толықтыруларды қоса)
  2. ҚР 26 желтоқсан 1995 жылғы № 2732 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы ( 24.06.02 жылғы өзгерістерімен)
  3. ҚР 20.11.1998 жылғы №304-1 «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы    (15.01.01 жылғы өзгерістерімен толықтыруларымен қоса)
  4. ҚР ҚМ «Есептілікті дайындау және ұсынудың тұжырымдамалық негіздемесін бекіту туралы»  29.10.2002  жылғы № 542 бұйрығы.
  5. № 1, 2 Қаржылық есептің ұлттық стандарттары
  6. Қаржылық есептің халықаралық стандарттары
  7. Типовой план счетов бухгалтерского учета, утвержденный приказом МФ РК от 18.09.2007.
  8. Андросов А.М., Викулова Е.В., Бухгалтерский учет. – М.: Андросов, 2001г.
  9. Артеменко В.Г., Белленир М.В. Финансовый анализ. – М.: Издательство «ДИС», НГАЭиУ, 2001.
  10. Аудит / под ред. В.И. Подольского. – М.:ЮНИТИ,2001
  11. Ержанов М.С. Теория и практика аудита. – Алматы: Галым, 1994.
  12. Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия (практическое пособие) – Бизнес – школа, 2001.
  13. Ковалева О.В., Константинова Ю.П. Аудит. Организация аудиторской деятельности. Методика проведения аудиторской проверки.- М.: ПРИОР, 2000.
  14. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы: Центраудит – Казахстан, 2002
  15. Библиотека бухгалтера и предпринимателя №4 (153) апрель 2003 год «Исчисление среднего заработка для оплаты отпускных».
  16. Бюллетень бухгалтера № 47 ноябрь 2003 статья «Первые шаги в мир МСФО».
  17. Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов хозяйственных операций по генеральному плану счетов бухгалтерского учета финансово-хозяйственной деятельности субъектов, Алматы, БИКО, 2000г.
  18. Кеулимжаев К.К. «Финансовый учет на предприятии» Алматы, Экономика 2003.
  19. Радастовец В.К., Даулетбеков А.Д. «Бухгалтерский учет на предприятии» – Алматы, 1994.
  20. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии: Издание 2-ое дополненное и переработанное - Алматы: Центраудит- Казахстан, 2002.
  21. Радостовец В.К., Даулетбеков А.Д., Тайгашинова К.Т. «Финансовый учет на предприятии», г.Алматы, 1999.
  22. Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета» г. Алматы. Независимая аудиторская компания «Цент аудит - Казахстан», 2000.
  23. Радостовец В.К. «Финансовый и управленческий учет», Алматы: НАК «Центраудит», 1997.
  24. Савин А.А., Сотникова Л.В. /Под ред. проф. В.И. Подольского –                     Н.: Аудит, ЮНИТИ, 1997.
  25. Сатубалдин С.С. «Азиатский кризис: причины и уроки», Алматы, 2000.
  26. Сейдахметова Ф.С. Бухгалтерская отчетность, ее виды и назначение.    Изд. «LEM» 2001, 46с.
  27. Система бухгалтерского учета в РК, 2002г. Тулешова Г.К., монография
  28. Дюсембаев К.Ш. «Анализ финансового положения предприятий. «Экономика». 1998. – 294 с.
  29. Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.-Алматы: Экономика, 2005.- 400 б
  30. Абленов Д.О. Методологические основы операционного аудита и анализа системы управления оборотными средствами. Сброник научных трудов, Экономика, 1999.- С. 41-48.
  31. Тәжібаев С.Д. Проблемы организации управления, учета, контроля и аудита природоорхранной деятельности. Диссертация на соискание ученой степени доктора экономических наук. – Бишкек. – 2000. – 320 с.
  32. Дюсембаев К.Ш. «Аудит и анализ в системе управления», Алматы, 1998.
  33. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов (с 1 января 2003 г.) Алматы, 2003. Аудиторская фирма «Ержанова и К».
  34. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие – Алматы: Экономика, 2004 – 294 с.
  35. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие – Алматы: «Каржы-каражат», 2002 – 512 с.
  36. Адамс Р. Основы аудита. – М.: ЮНИТИ, 1995. – 329 с.
  37. «Уникум Казахстан» ЖШС-ның есеп мәліметтері.

Информация о работе Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысу