Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 07:17, курсовая работа

Описание

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып – салықтардың экономикадағы маңызы және мекемелердің бюджетпен есеп айырысу тәртіптері мен аудитін жетілдіру болып табылады.
Дипломдық жұмыс жазу барысында басты назар келесі міндеттерге аударылып отыр:
- салықтардың экономикадағы алатын орны мен мәнін анықтау;
- ҚР-ның салық салу жүйесі мен салық саясатын зерттеу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру;
- ұйымдардың бюджетпен есеп айырысу тәртіптерін айқындау;
- салықтық төлемдерге аудит пен талдау жүргізу.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................
3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

Салықтардың экономикадағы алатын орны мен маңызы ......................
5
1.2 Мемлекеттің салық салу жүйесі: дамуы мен болашағы...........................
1.3 Салық саясаты және оны дамытудың жолдары мен ерекшеліктері .......
13
18

2 ҰЙЫМДА БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 «Уникум Казахстан» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есеп жұмысы ...............................................

23
2.2 Ұйымның тікелей салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысуы ........
33
2.3 Жанама салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың есебі ...........
51

3 ҰЙЫМНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ АУДИТІ

3.1 Ұйымдағы ішкі аудиттің мақсаты мен міндеттері және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі ..........................................................................
3.2 Бюджетпен есеп айырысу бойынша операциялар есебінің аудиті .........
3.3 Бюджетке төленген салықтарды және басқа міндетті төлемдерді талдау....................................................................................................................
58
61

65
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................................

Работа состоит из  1 файл

Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысудың есебі мен аудиті. ДИПЛОМ.doc

— 647.50 Кб (Скачать документ)

Тұтынымға салынатын  салық пен өткізуге салынатын  салықтан гөрі, ҚҚС қолайлы, өйткені:

- олардан бас тарту қиын;

- олармен байланысты экономикалық заң бұзушылық сирек кездеседі;

- табыс табуға деген ынтаны аз төмендетеді;

- тауар тапшылығы болмаған кезде, оны алмастыратын тауарларды 
қосқанда, олар тұтынушыларға тандау мүмкіндігін береді.

ҚҚС-ғын қолданушы елдер бірнеше мақсатты ескереді:

- мемлекеттік кірістердің кепілдігін жоғарылату (қамтамасыз ету);

- салық ауыртпалығын соңғы түтынушыға аудару;

- салықты төлеуден жалтарушыларға бақылауды күшейту;

- өндірістік циклдің әр кезеңінде табыс алудың мүмкіндігі.

Қосылған құнға салынатын салықты төлеушілер ҚР-да қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған жеке кәсіпкерлер, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар, қызметiн Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар болып табылады.

Қазақстан Республикасының  кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан  Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн  салығын төлеушiлер болып табылады.

Қосылған құн салығының  салық салу объектісі болып ҚР шегінде жүзеге асырылатын тауарларды, атқарылатын жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді өткізу жөніндегі салық салынатын айналым және импортталатын тауарлар бойынша салық салынатын импорт табылады.

ҚҚС бойынша  есепке қою және есептен шығару. Кез-келген (12 айдан аспайтын) кезеңнің қорытындысы бойынша тауарларды (жүмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналым мөлшері белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асатын болса, тұлға осы кезең аяқталған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей ққс бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш беруге міндетті.

Өткізу бойынша айналымды  анықтау кезінде салықтан босатылатын  өткізу бойынша айналым, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкін өткізу бойынша  айналым, егер ондай мүлік көсіпкерлік  қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.

Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі (12 айдан аспайтын) кезеңнің соңғы айына белгіленген АЕК-тің 30 000 еселенген шамасын құрайды.

ҚҚС бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бірақ ққс салуға жататын  тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға ққс бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті түрде бере алады.

Тұлға мемлекеттік тіркеуден  өткеннен кейін он жүмыс күнінен  кешіктірмей ққс бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш берген жағдайда, мұндай тұлға салық органы оған ққс бойынша есепке қою туралы куәлік берген күннен бастап ққс төлеушіге айналады. Тұлғаны ққс бойынша есепке қойған кезде, оның есепке қойылған күніндегі тауарлар (негізгі құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша ққс сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.

ҚҚС бойынша есепке қойылғаны  жөніндегі куәлік ҚҚС төлеушіде сақталады. ҚҚС бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлік салық органына қайтарылуға тиіс. Егер ҚҚС төлеушінің соңғы 12 айлық кезендегі салық салынатын айналым мөлшері салық салынатын ең төмен айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін ққс бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге қүқылы. ҚҚС төлеуші мұндай құқықты өзін ққс бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде 2 жыл өткеннен кейін пайдалана алады. Егер ҚҚС төлеуші болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметі тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметі тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі 6 айдың аяқталуынан кешіктірмей, өзін ққс бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге міндетті.

Тұлға ҚҚС бойынша өзін есептен шығару туралы өтініш берген кезеңнен кейінгі салық кезеңінің алғашқы күнінен бастап ққс төлеуші болуын тоқтатады.

Қосылған құн салығын  төлеуші қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті.

Декларациямен бір мезгілде салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері табыс етіледі, олар декларацияға қосымша болып табылады. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.

Қосылған құн салығын  төлеуші бюджетке жататын жарнаға  салықты орналасқан жері бойынша  есепті салық кезеңінен кейінгі  екінші айдың 25-нен кешіктірмей әрбір  салық кезеңі үшін төлеуге міндетті.

Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кеден төлемдерін төлеу үшін айқындалатын күні төленеді. Қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын айналымнан 12 %.

ҚҚС салынатын тауарлар өткізуді жүзеге асыратын ҚҚС төлеуші аталған тауарларды алушы тұлғаға ҚҚС көрсетілген шот-фактураны беруге міндетті.

ҚҚС есепке жатқызу үшін негіздеме болып табылатын шот-фактурада:

- шот-фактураның реттік номірі мен толтырылған күні;

- тауарларды    беруші    мен    алушының    тегі, аты, әкесінің    аты    не    толық атауы, мекен-жайы және тіркеу номірі, сондай-ақ өнім берушінің ққс бойынша есепке қойылғаны туралы куәліктің нөмірі;

- өткізілетін тауарлардың атауы;

- салық салынатын айналымның мөлшері;

- ҚҚС ставкасы;

- ҚҚС бойынша есепке алынған тауарлар құны көрсетуге тиіс.

Шот-фактура өткізу бойынша  айналым жасалған күннен кешіктірілмей  жазылады жөне берушінің басшысы  мен бас бухгалтерінің, не осыған уәкілетті өзге де лауазымды адамдардың қолымен куәландырады. Салық салынатын  айналымның мөлшері шот-фактурада тауардың әрбір атауы бойынша болек көрсетіледі. (Сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша тауар өткізу жағдайларын). Тауарлар құны және ққс сомасы шот-фактурада ҚР-ның ұлттық валютасымен көрсетіледі.

Қосылған құн салығы салынатын тауарларды тиеуді, жұмыстарды аткаруды немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қосымша кұнға салынатын салық бойынша есепте тұрған салық төлеуші аталған тауарларды, атқарылған жұмыстарды немесе көрсетілген кызметтерді кабылдап алатын тұлғаға салық шот-фактурасын ұсынуға міндетті. Егер де КҚС сомасы шот-фактурасында көрсетілсе, онда оған 1420 шоты дебеттеліп, 1250, 3310, 3210 шоттары кредиттеледі.

ҚҚС есептеу кезінде 1210, 2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің» шоты дебеттеледі де, 3110 «Қосылған салығы» шоты кредиттеледі. Содан 1210 шотының кредитінен 3110 шотының дебетіне есепке алынады. Айырмашылығы бюджетке аударылады және оған дебет 3110 «Қосылған құн салығы» кредит 1030 «Ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаттары» шотының кредиті бойынша бухгалтерлік жазу беріледі.

Акциздер. Жанама салықтардың бір түрі акциз салығы болып табылады. Ол 2008 жылы мемлекеттік бюджет кірісінің небәрі 1,7 пайызын ғана құрады.

Акциз латынның «ассiido» деген сөзі, кесіп алу, кесіп тастау деген мағынаны білдіреді, яғни тұтынудың бір бөлігін «кесіп алады». Мемлекет акциздерді қазыналық кірісті молайту үшін, жекелеген тауарлар түрлерін пайдалануды шектеу үшін және осы мақсатты үйлестіру үшін енгізеді.

Акциз – тауардың бағасына енгізілетін және сатып  алушы төлейтін жеке жанама салық  болып табылады және кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне еш ықпал етпейді, себебі салықтың ақырғы төлеушісі болып акцизделетін тауардың тұтынушысы табылады. Акцизделетін тауарлар тізіміне бірінші қажеттіліктегі өнімдер болып табылмайтын тауарлар енгізілген (алкогольді өнімдер, темекі бұйымдары, жеңіл көліктер және т.б.), яғни акциздер ерекше қасиеттеріне қарай бағасы монополиялы түрде жоғары және сұранысы тұрақты тауарларға салынады. Сондай-ақ тауар өндірушілер алған үстеме пайданы мемлекеттік бюджеттің кірісіне алу үшін жоғары рентабельді (сән-салтанат) тауарларына салынады.

Акциз тек тауарларға ғана емес, сол сияқты кейбір қызмет түрлеріне салынады, бұл жағдайда салық тарифке енеді. Акциз Қазақстан  Республикасында өндірілген және оның аумағына импортталған акцизделетін тауарларға және ойын бизнесі мен лотерея ұйымдастыру мен өткізуге салынады. Акциздің басқа жанама салықтардан ерекшелігі сол, ол жоғары табысы бар тұлғаларға салынады.

Әйтсе де, акцизді  тек «байлардың салығы» деп атауымыз дұрыс емес, себебі темекі өнімдерін, алкогольдік ішімдіктерді тек ауқатты адамдар ғана тұтынбайды, екіншіден акциз белгілі бір қызметтерге де салынады. Сондай-ақ, элиталы тауарлардың барлығы акцизделетін тауар болып табылмайды. 

Бүгінде Қазақстанда  акцизделетін тауарлар мен қызметтің келесі түрлері қолданылады:

- спирттің барлық түрлері;

- алкоголь өнімі;

- темекі бұйымдары;

- құрамындағы этил спиртінің 0,5 проценттен аспайтын сыра;

- бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны;

- жеңіл автокөліктер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);

- шикі мұнай, газ конденсаты.

Акциздерді  сипаттай келе, олардың қалыптасуы мен мемлекетпен алынуы түрлі  нысанда жүргізіледі:

-  шикізат  бойынша – тек дайын өнім  бір шикізаттан дайындалған жағдайда ғана қолданылады;

-  жартылай  фабрикаттар бойынша – технологиялық  процестің дамуына байланысты, дайын  өнім әртүрлі шикізаттан өндірілгендіктен, шикізаттан емес жартылай фабрикаттан  салық алынады;

-  жабдықтың  қуатына қарай – акциз алудың барынша прогрессивті нысаны, себебі салық пайдаланылатын жабдықтың қуатының есебіне байланысты;

-  дайын өнім  бойынша – салық  тауардың  әрбір түрлері (сән-салтанат бұйымдары,  аяқ киім, мата және т.б.) бойынша  бөлек белгіленеді. 

Төмендегілер  акциз төлеушілер болып саналады.

- ҚР аумағына акцизделетін тауарлар шығаратын;

- акцизделетін тауарларды ҚР кедендік аумағына импорттайтын;

- ҚР аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;

- егер ҚР заңдарына сәйкес бұрын ҚР аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, конкурстық массаны, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және ҚР аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын;

- ҚР аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

Акцизделетін  тауарлардың саны мен көлемі жыл  өткен сайын ықшамдалып келеді Акциздер халыққа арналған жоғары рентабельді өнімдер мен тауарларға белгіленеді. Акциз алынатын тауарларға, әдетте, мынадай ортақ белгілер тән: оларға деген сұраныс халық табысының деңгейіне тікелей байланысты емес.

Мемлекет бұл  салықтарды сұраныс пен ұсынысты реттеу үшін, сол сияқты мемлекеттік бюджетті толтыру үшін пайдаланады.

Акциз ставкаларын  ҚР Үкіметі бекітеді және тауар құнына пайызбен (адвалорлық)  және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолютті  сомада (тұрлаулы) белгіленеді. Алкоголь өніміне акциздер ставкасы онда су араластырылмаған (100%) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі. Спирттің барлық түрлеріне акциз ставкалары спирттің бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады. Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін. Ойын бизнесі обьектілеріне акциздің базалық ставкасының ең жоғарғы және ең төмен шектерін ҚР-ның Үкіметі бір жылға есептеп белгілейді. Жергілікті өкілді органдар шегінде қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай акциз ставкасын белгілейді.

ҚР-ның кеден  заңдарына сәйкес жеке тұлғалар оңайтылған тәртіппен өткізетін акцизделетін тауарларға акциз ставкалары тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді және жиынтық кедендік төлем құрамына қосылуы мүмкін, ал оның мөлшері ҚР-ның кеден заңдарына сәйкес айқындалады.

Акциз сомасын есептеу – белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі. Акцизделетін тауарларға акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей бюджетке аударылуға жатады. Акцизге қатысты күнтізбелік ай-салық кезеңі болып табылады.

Әрбір салық  кезеңі аяқталған соң салық кезеңдерінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей  салық төлеуші өзі тіркелген  жері бойынша салық органдарына  акциз жөніндегі декларация табыс  етуге міндетті. Импортталатын тауарларға акциздер ҚР кеден заңдарында кеден төлемдерін төлеу үшін белгіленген күні төленеді.

Акцизді есептеген  кезде 1210, 2110 шоты дебеттеліп, 3140 «Акциз» деп аталатын шоты кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде, 3110 дебеттеліп, 1030 шоты кредиттеледі.

 

 

 

Зерттеу жүргізілген «Уникум Казахстан» ЖШС-нің бюджетке төленген салықтық төлемдердің басқа кредиторлық қарыздар ішіндегі үлесін анықтау үшін төмендегі кестенің мәліметтеріне назар аударайық.

Информация о работе Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысу