Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 07:17, курсовая работа

Описание

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып – салықтардың экономикадағы маңызы және мекемелердің бюджетпен есеп айырысу тәртіптері мен аудитін жетілдіру болып табылады.
Дипломдық жұмыс жазу барысында басты назар келесі міндеттерге аударылып отыр:
- салықтардың экономикадағы алатын орны мен мәнін анықтау;
- ҚР-ның салық салу жүйесі мен салық саясатын зерттеу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру;
- ұйымдардың бюджетпен есеп айырысу тәртіптерін айқындау;
- салықтық төлемдерге аудит пен талдау жүргізу.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................
3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

Салықтардың экономикадағы алатын орны мен маңызы ......................
5
1.2 Мемлекеттің салық салу жүйесі: дамуы мен болашағы...........................
1.3 Салық саясаты және оны дамытудың жолдары мен ерекшеліктері .......
13
18

2 ҰЙЫМДА БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 «Уникум Казахстан» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есеп жұмысы ...............................................

23
2.2 Ұйымның тікелей салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысуы ........
33
2.3 Жанама салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың есебі ...........
51

3 ҰЙЫМНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ АУДИТІ

3.1 Ұйымдағы ішкі аудиттің мақсаты мен міндеттері және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі ..........................................................................
3.2 Бюджетпен есеп айырысу бойынша операциялар есебінің аудиті .........
3.3 Бюджетке төленген салықтарды және басқа міндетті төлемдерді талдау....................................................................................................................
58
61

65
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................................

Работа состоит из  1 файл

Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысудың есебі мен аудиті. ДИПЛОМ.doc

— 647.50 Кб (Скачать документ)
  1. Ерекше;
  2. Салықтық әкімшілдендіру.

Жалпы бөлім – бұл  салық заңдылығының «конституциясы». Онда салық заңдылығының қалыптасу  принциптері айқын анықталған, заңда  болған өзгерістер тек бюджеттің  қабылдануымен ғана күшіне енетін қатаң принциптер енгізілген, ал өзгерістер тек қана – күнтізбелік жыл басталуымен ғана енгізіледі.

Ерекше бөлімінде мемлекет тұрақтылыққа және салық салу әдістемесі және базасы бөлігінде қолданыстағы салық заңдылығының сабақтастығына қол жеткізуге тырысатындығын көруге болады.

Салықтық әкімшілендіру  бөлімінде іс жүргізу мәселелері анықталады.

Жаңа Салық кодексінде бюджетке төленетін міндетті төлемдерді топтастыру төлемдердің экономикалық мәні негізінде: салықтар, алымдар, төлемақылар, баждар түрінде  жүзеге асырылады.

Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің  түрлері:

1. Салықтар:корпорациялық  табыс салығы; жеке табыс салығы; қосылған құнға салынатын салық; акциздер; экспортқа рента салығы; жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары; әлеуметтік салық; жер салығы; көлік құралдарына салынатын салық; мүлік салығы; ойын бизнесіне салынатын салық; тіркелген салық; бірыңғай жер салығы.

2. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер: мемлекеттік баждар;

тіркеу алымдары; автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүргені үшін алым; аукциондардан алынатын алым; жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым; телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.

3. Төлемақылар: жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы; жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы; қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы; жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы; орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы; ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы; радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы; қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы; кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы; сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.

Сонымен, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа да міндетті төлем түрлері бойынша сараланған. Салық қатынастарын реттеуші құқықтық нормалар ҚР Салық кодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық қызметі органдары ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитеті (департаменті) мен жергілікті салық органдарынан тұрады. Салық органдарына облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аймақаралық салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы полициясының бөлімшелері жатады.

 

1.3 Салық саясаты және оны дамытудың жолдары мен ерекшеліктері

 

Салық саясаты - мемлекеттің салық саласында жүргізіп отырған іс-шараларының жиынтығы. Оның басты қажеттілігі салықтардың мәні мен атқаратын қызметтерінен келіп шығады және жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жинақтап, бюджет арқылы қайта бөліп, жалпымемлекеттік қажеттіліктерге жұмсауында көрінеді. Салық саясатының мән-мазмұнын ашудың бастапқы алғышарты – салықтық қатынастар, ал оның негізі – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың арасындағы мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыру бойынша қатынастары болып табылады.

Салық саясаты қоғамның дамуының, саяси құрылымы мен ахуалының  әр кезеңінің ерекшеліктеріне байланысты. Мемлекет салық саясатын – алға қойған экономикалық саясатына сәйкес, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және нақты даму кезеңінің басқа да мақсаттары мен міндеттеріне байланысты жүргізеді.

Нарықтық экономикалық мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты болып мемлекеттің бюджетінің кіріс бөлімін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. Салық саясатының басты субъектісі -  мемлекет.

Қаржы-салықтық қатынастар жүйесінде әр салық белгілі бір  функцияны атқарады және нақты сипаттамасы  болады. Сонымен қатар, жалпы алғанда олар бір-бірімен өзара байланысты және салықтық қатынастардың жүйесінің жиынтығын білдіреді. Мемлекеттің орталықтандырылған қаржы ресурстарын қалыптастыруға қатыса отырып, салықтар шаруашылық субъектілердің экономикалық қызметіне әсер етіп, экономикалық өсуге, тауарлар мен өнімдердің сапасын жақсартуға ынталандыруы керек.

Экономикада және мемлекеттің  салық саясатында мемлекеттің өндіріске әсер етуінде салықтық ынталандыру жүйесі үлкен маңызға ие. Салық механизмінің мазмұнын ашатын әртүрлі ынталандыру тетіктері табыстар мен қорларды қалыптастыруды қолданылуы мүмкін.

Салықтық ынталандыру тетіктерін, нормалар мен нормативтерді жасап шығару, салық ставкаларын қолданумен байланысты билік органдарының қызметінің негізін салушы принципі болып – экономикалық процесстердің өзгерісін уақтылы есепке алып отыру мен оларға уақытында әсер ету болып табылады. Салықтар арқылы шаруашылық субъектілердің қолында қалатын ақшалай табыстардың мөлшері, төлемқабілеттілігі қамтамасыз етіледі, рентабельділік деңгейі реттеледі, яғни оларға мемлекет тарапынан бірдей талаптар қойылады.

Салық саясаты салық  саласындағы жүргізіліп отырған  іс-шаралар жүйесін білдіреді. Салық  саясатының мазмұны мен мақсаттары қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына  байланысты.

Салық саясатының міндеттері:

- мемлекетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;

- жалпы ел экономикасын  жақсартуға және реттеуге жағдай  жасау;

- нарықтық қатынастар  процесінде туындайтын халықтың  табыстары арасындағы теңсіздікті  барынша азайту;

-  экономикалық заңдарға сәйкестендіру;

- нарықтық реформаларды  тездетуге ықпал ететін шешімдерді  салықтық 

қолдау және макроэкономикалық  тұрақтандыру;

- салық салу базасы  мен қаржы ресурстарын мобилизациялау  көздерін, оның құрамы, құрылымы, өсуінің  мүмкін резервтерін анықтау. Сонымен қатар, мұнда қаржы ресурстарының көлемі айқындалып, мемлекет пен шаруашылық субъектілердің табыстары арасындағы оптималды және баланстанған қатынас анықталады;

- экономиканың құрылымдық  қайта құру процесстерін, оны  жақсартудың басым бағыттарын дамытуды, экономиканы тұрақтандыру және оның тиімді дамуының негізін құруға ынталандыру;

- сәйкес нормативтік  актілер түрінде мемлекеттің  қаржы саясатын жүзеге асырудың  салықтық механизмін жасап шығару.

Салық саясаты экономикалық реттеудің ең маңызды құралдарының бірі, экономиканы мемлекеттік реттеудің қаржы-несиелік негізі болып табылады. Мемлекет салық саясатын нарықтың теріс құбылыстарына әсер етудің белгілі бір реттеуіші ретінде қолданады. Нарықтық қатынастар жағдайында салықтар мен салық саясаты экономиканы басқарудың қуатты құралы болып табылады. Бүкіл экономиканың тиімді қызмет етуі салық саясатының қаншалықты дұрыс жүргізілуіне байланысты [8, 21 б].

Салықтарды қолдану  басқарудың экономикалық тәсілдерінің бірі және жалпымемлекеттік мүдделердің  кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың коммерциялық мүдделерінің өзара байланысын, олардың ведомстволық, меншік пен ұйымдастыру-құқықтық формаларына тәуелсіз түрде қамтамасыз ету болып табылады.

Салықтар арқылы кәсіпкерлер  мен барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындардың  республикалық және жергілікті бюджеттермен, банктермен, сонымен қатар жоғары тұрған ұйымдармен өзара қарым-қатынасы анықталады.

Салықтардың көмегімен  сыртқы экономикалық қызмет, шетел  инвестицияларын тартуды қоса, реттеледі, кәсіпорындардың шаруашылық табысы мен пайдасы қалыптасады. Салықтар арқылы мемлекет өзінің қоғамдық функцияларын орындауға қажет ресурстарды қалыптастырады. Әлеуметтік шығындар да салықтар есебінен қаржыландырылады, олар табыстардың бөлінуін өзгертіп отырады. Салық салу жүйесі адамдар арасында табыстардың соңғы бөлінуін айқындайды.

Шаруашылық жүргізудің теориясы мен практикасы салық саясатына бірқатар талаптар қояды. Оларға:

- қоғамдық дамудың  заңдылықтарына сәйкес ғылыми  көзқарастарды сақтау;

- салық саясатының  тиімді базасы болып табылатын экономикалық теория және қаржы ғылымдарының тұжырымдамаларын ескеру;

- қоғамның нақты тарихи  жағдайлары мен кезеңдерінің  даму ерекшеліктерін, мемлекеттің  ішкі жағдайы мен халықаралық  жағдайдың ерекшеліктерін, мемлекеттің  іс жүзіндегі экономикалық және  қаржылық мүмкіндіктерін ескеру;

- шаруашылық және қаржылық  құрылымдардың өткен тәжірибиесін, жаңа үрдістер мен прогрессивті  құбылыстарды, әлемдік тәжірибиені  жан-жақты оқып-үйрену;

- мемлекеттегі нақты  экономикалық жағдайда іс-шараларда  салық салу тәсілдерін пайдаланудың көпнұсқалы есептеулерінде барлық факторларды ескеру;

- салық саясатының  концепциясын жасап шығаруда  нәтижелерді болжамдау;

- салық саясатында  қайтара алмай қалатын өзгерістерге  жол бермейтін салықтық іс-шаралардың  салдарларын алдын-ала көре білу;

- шаруашылық субъектілердің  қызметіне қолайлы жағдай жасау;

- экономикадағы іс-жағдайлар, мемлекеттің объективті мүмкіндіктері мен қаржы потенциалы туралы кең ауқымды және дұрыс ақпаратты пайдалану;

- математикалық модельдеу  мен электронды-есептеу техникаларын жан-жақты қолдану.

Салық саясатының негіздері  әрбір қаржы (бюджет) жылында әр жылғы  бюджетті қабылдауда қаланады және оны  іске асыру қажетті заңдық және нормативтік  актілерді қабылдаумен байланысты.

Нақты мәселелер мен  мақсат-міндеттерді шешуде салық саясатының көпқырлылығы мен кең ауқымы: бағалар, несиеге деген проценттік ставкалары, жалақы деңгейі және т.б. секілді экономиканы басқарудың басқа да элементтерімен тығыз байланысын қалыптастырып,  салықтарды маңызды жалпыэкономикалық категориялардың қатарына қояды.

Салық саясаты – мемлекетпен  салық саласында жүргізіп отырған  іс-шаралар жиынтығы. Кезеңнің ұзақтығы мен шешілетін міндеттердің сипатына қарай салық саясаты салық  стратегиясы мен тактикасына  бөлінеді. Салық стратегиясы салық саласындағы мемлекеттің ұзақ мерзімді бағытын қамтиды және ірі масштабты мақсат-міндеттерді шешуді көздейді. Салық тактикасы салық жүйесі мен салық механизміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы жақын арадағы міндеттерді шешуге бағытталады.

Көлемі мен әсер ету өрісіне қарай салық саясаты ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі салық саясаты бір мемлекеттік немесе аймақтың ішіндегі жүргізіліп, ішкі мәселелерді шешуді қарастырады. Сыртқы салық саясаты екіжақты салық салуды болдырмауға, әртүрлі елдердің салық жүйелерін унификациялауға жақындатуға бағытталады.

Экономикалық циклдың  кезеңіне байланысты ол шектеуші немесе ынталандырушы болуы мүмкін. Шектеуші салық саясаты экономикалық көтерілу кезінде шектен тыс сұраныстың әсерінен болатын инфляцияны болдырмау мақсатында жүргізіледі. Ынталандырушы салық саясаты қоғамдық өндірістің төмендеп кетуі, жұмыссыздықтың едәуір жоғары деңгейі жағдайында жүргізіледі.

Дискрециондық емес салық  саясаты үкіметтің шешіміне тәуелсіз автоматты түрде жүргізіледі. Мұндай саясат өзін-өзі реттеу режимінде жұмыс істейтін «тұрақтандырушы» механизмдердің жұмыс істеуіне байланысты [9, 13 б].

Дамыған нарықтық қатынастар жағдайында салық саясаты өндіріс  құрылымын, халықтың табыстарының деңгейін өзгерту, аймақтарды экономикалық дамыту мақсатында ЖІӨ қайта бөлу үшін пайдаланылады.

Нақты мәселелер мен  мақсат-міндеттерді шешуде салық  саясатының көпқырлылығы мен кең  ауқымы: бағалар, несиеге деген проценттік ставкалары, жалақы деңгейі және т.б. секілді экономиканы басқарудың басқа да элементтерімен тығыз байланысын қалыптастырып,  салықтарды маңызды жалпыэкономикалық категориялардың қатарына қояды.

Салық саясаты негізгі үш типке бөлінеді [10, 8 б] :

Бірінші тип – максималды салықтар саясаты. Бірақ мұндай саясатта салықтардың жоғарылауы  кәсіпкерлік  қызметке деген мотивацияны төмендетіп, мемлекеттік табыстардың күтіліп отырған өсімін бермейді. ЖІӨ-дегі салықтардың шекті ставкасы көптеген факторларға байланысты. Шетелдік ғалымдардың еңбектерінде салық ставкасы ЖІӨ-нің 50% аспауы қажет деген қорытынды жасалады.

Екінші типі – оптималды салықтар саясаты. Ол қолайлы салықтық жағдай туғыза отырып, кәсіпкерлік пен шағын бизнестің дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлікке салық салуды максималды азайту әлеуметтік бағдарламаларды шектеуге алып келеді, себебі мемлекеттік кірістер қысқарып кетеді.

Үшінші тип – салық  салудың жоғары деңгейін көздейтін, бірақ едәуір мемлекеттік әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін саясат. Бюджеттің  кірістері әртүрлі әлеуметтік қорларды ұлғайтуға бағытталады.

Әдетте, тиімді экономикада  салық саясаттарының барлық типтері табысты түрде үйлестіріледі.

Сонымен, мемлекеттің  салық саясаты мен салық механизмі көрнекті ірі экономистермен жасалып шығарылады. Оның дұрыстығы практикамен тексеріледі. Егер салық саясаты қолдау таппаса және оны жүзеге асыру теріс нәтижелер әкелетін болса, онда оны жаңасымен ауыстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысу