Ауылшаруашылық жерлерге салық салу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2012 в 15:51, курсовая работа

Описание

Салық не үшін керек, заңды беру үшін, сіздің отбасыңызды шағын мемлекет деп таниық. Осы мемлекеттің өмір сүруі үшін баспана мен коммуналды қызмет төлеміне, тамақтануға, жиһаз, киім алу және басқа да өмір қажеттіліктеріне қаражат керек.Сондықтан,да табыс алатын отбасының әр мүшесі отбасы бюджетін құруға қатысуы қажет. Бұл – ақиқат. Мемлекетте де осы сияқты, шекараны қорғау, басқару органдарын қамсыздандыру, құқық тәртібін қолдау және т.б. бойынша қызметтерді жалпымемлекеттік орындау үшін жалпымемелекеттік қаражат қоры, басқа сөзбен айтқанда мемлекет қазынасы болуы керек.

Содержание

Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------------------3

I бөлім. Ауылшаруашылық жерлерге салық салудың экономикалық мәні

1.1 Ауылшаруашылық жерлерге салық салудың теориялық негізі ----------5
1.2 Ауылшаруашылық жерлері бойынша салық төлеушілердің шаруашылық ерекшелігі­--------------------------------------------------------------------------------9
1.3 Ауылшаруашылық жерлерге салық салуда шетел тәжірибесін
қолдану--------------------------------------------------------------------------------------11

II бөлім. Ауылшаруашылық жерлерге салық салу жолдары мен есептеу әдістері

2.1 Ауылшаруашылық жерлерге салынатын салықтың субъектілері мен объектілері ---------------------------------------------------------------------------------13
2.2 Ауылшаруашылық жерлерге салынатын салық ставкалары-----------------18
2.3 бірыңғай жер салығын салу тәртібі-----------------------------------------------23
2.4 Салық есептеу тәртібі және төлеу мерзімі---------------------------------------26

III бөлім. Ауылшаруашылық саласындағы салық салудағы негізгі мәселелері мен шешу жолдары
3.1 Ауылшаруашылық саласындағы салығының жергілікті бюджетке түсуі­30
3.2 Ауылшаруашылық саласындағы салық салудағы негізгі мәселелері мен шешу жолдары ----------------------------------------------------------------------------34


Қорытынды -------------------------------------------------------------------------------40

Пайдаланған әдебиеттер тізімі----------------------------------------

Работа состоит из  1 файл

В.doc

— 475.50 Кб (Скачать документ)

•    тұлғаларды жерге орналастыру;

•    жердің құнарлығын арттыру;

•    жерді қорғау жөніндегі шараларды енгізу үшін төлемдер төлеу;

• аумақтың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін

қалыптастыру.

Жер салығы — жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердін мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға сәйкес есептеледі.

Барлық жерлер салық салу мақсатында олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді:

1)   ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;

2)   елді мекендер жерлері;

3)   өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер (өнеркәсіп жерлері);

4)   ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер (ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлері);

5)   орман қорының жерлері;

6)   су қорының жерлері;

7)   запастағы жерлер.

Жердің белгілі бір немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актілерімен белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:

1)    тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендер жерлері;

2)    тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

Жердің мынадай санаттарына салық салынбайды:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;

2) орман қорының жерлері;

3) су қорының жерлері;

4) запастағы жерлер.

Осы аталған жерлер (запастағы жерлерді қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалануға берілген жағдайда, жер салығында белгіленген тәртіппен салық салынады.

Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.

Жер салығын есептеу үшін:

1)     меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар қажет;

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері көрсетіледі.

Жер салығын төлеушілер:

1)   жеке меншік құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және занды тұлғалар;

2)   тұрақты жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар;

3)   бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығыңдағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар.

4)   заңды тұлғалардың жоғары да белгіленген құқықтарда салық салынатын объектілері бар құрылымдық бөлімшелері.

Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішіңде жалгерлер мен жер иелері үшін міндетті болып саналады.

Жер салығы бойынша жеңілдіктер.              \ -

Жер салығы бойынша бірнеше салық жеңілдіктері берілген. Атап айтқанда:

1. 1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес:

1)  қорға деп сақталған жерлер, табиғат қорғау мен тарихи-мәдени, сауықтыру және қалпына келтіру мақсатындағы, орман және су қорының жерлеріне;

2)  елді мекендердің жалпы пайдаланудағы жер учаскелеріне салық салынбайды;

3)              жер салығын төлеуден босатылады:

•    балаларды сауықтыру мекемелері, қорықтар, ұлттық, дендрологиялық және зоологиялық парктер, ботаника бақтары, зираттар;

•    мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік табиғат және тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау органдары;

Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл-есі мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу мен олардың еңбек ету қабілетін қалпына келтіру орталығы, ААФЖЕҚ Орталық комитеті, Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Қазақ республикалық ұйымы (кәсіпорындарынсыз);

•    қызметкерлерінің жалпы санының кеміңде 50 пайызы мүгедектерден тұратын өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындар - есепті кезеңде алынған табыстың кемінде 50 пайызын мүгедектерді әлеуметтік қорғауға нақтылы пайдаланған жағдайда;

•    Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері;

•    ауыл шаруашылық мақсаттары үшін иеленуге немесе пайдалануға бүлінген немесе өнімділігі аз жерлерді алған Қазақстан Республикасының занды және жеке тұлғалары, пайдаланудың алғашқы он жылында;

•    Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген тұлғалар, I және II топ мүгедектері;

•    құрылғылар алып жатқан 0,25 гектар шегіндегі жерлерді қоса алғанда, өзіндік қосалқы шаруашылық, саяжай салу, бау-бақша үшін алған жеке тұлғалар.

2. Қазақстан Республикасының 1999 жылы 16 шілдедегі заңына сәйкес:

1)   балаларды сауықтыру мекемелері, қорықтар, ұлттық, дендрологиялық-зоологиялық парктер, ботаника бақтары, зираттар;

2)   мемлектттік мекемелер;

2-1) қызметінің негізгі түрі ғылым және кітапхана қызметін көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;

2-2) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;

2-3) қызметінің негізгі түрі театр, ойын-сауық және концерттік шараларды жүзеге асыру, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау жөнінде, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында, спорт саласында қызметтер көрсету болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;

3)              Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы,
Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл-есі
мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді
әлеуметтік бейімдеу және еңбек ету қабілетін қалпына келтіру
орталығы, Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Қазақ республикалық
ұйымы (кәсіпорындарсыз), Қазақстан Республикасының Қызыл
Жарты Ай және Қызыл Крест ұлттық қоғамы (кәсіпорындарсыз)
және балалардың қайырымдылық қорлары (кәсіпорындарсыз);

4)    мүгедектер жалпы қызметкерлер санының кемінде 50 пайызын құрайтын өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар - есепті кезеңде алынған табыстың кемінде 50 пайызын мүгедектерге әлеуметтік қорғауға нақтылы пайдаланған жағдайда;

5)    Қазақстанның Ұлттық банкі, оның филиалдары, өкілдіктері және ұйымдары;

6)    ауыл шаруашылық мақсаты үшін иеленуге немесе пайдалануға бөлінген немесе өнімділігі аз жерлерді алған Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары пайдаланудың алғашқы он жылында;

6-1) "Байқоңыр" кешені объектілерінің мүлкі негізінде құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын "Байқоңыр" кешеніне енгізілген жер учаскелері бойынша;

7)    табыс салығы бойынша жеңілдіктерді пайдаланатын жеке тұлғалар;

8)    инвестициялар жөніндегі уәкілетті органымен жасалған келісімшартқа сәйкес салық төлеушілер 5 жылға дейінгі кезеңге жер салығын төлеуден босатылуы мүмкін;

Жер салығы жөнінде жеңілдіктер берудің нақты мерзімі әрбір салық төлеуші бойынша келісімшартта және тәуелді белгіленеді. Аталған жеңілдік сәйкестендіріліп берілген келісімшарт бұзылған жағдайда жер салығы осы Заңда көзделген тиісті айыппұл санкциялары қолданыла отырып, салық төлеушінің бүкіл қызмет ету кезеңінде есептеледі және бюджетке енгізіледі.

9)              түзеу мекемелері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі түзеу мекемелерінін
республикалық мемлекеттік кәсіпорындары;

10) мектепке дейінгі балалар мекемелері, орта, арнаулы орта және жоғары білім саласында медициналық көмек (косметалогиялық қызмет көрсетуді қоспағанда) және білім беру қызметін көрсетуге байланысты жұмысты қызметтің осы түрлерін жүргізуге құқық беретін тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асыратын ұйымдар, осындай қызметтен алынатын табысы жылдық жиынтық табыс көлемінің кем дегенде 50 пайызын құрған жағдайда босатылады.

3. Бүгінгі таңда жер салығын төлеуден босатылады:

1) бірыңғай жер салығын төлеушілер, шаруа қожалықтарына арналған арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;

2) мемлекеттік мекемелер;

3) салық режимінің екінші үлгісі бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;

4)  уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

5)  Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі:

•     тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

•     үй маңындағы жер учаскелері бойынша;

•     жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері бойынша;

•              гаражға арналған жер учаскелері бойынша;

6) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы кұрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері және үй маңындағы жер учаскелері бойынша:

•              "Ардақты ана" атағына ие болған аналар;

•              "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар;

7)    діни бірлестіктер.

Осында 2), 4), 7)-де аталған салық төлеушілер жер учаскелерін пайдалануға немесе жалға берсе, онда салық төлеуден босатылмайды.

Жекелеген жағдайларда жер салығын төлеушілер болып табылады:

• жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына жер учаскесін қоспағанда, бірнеше тұлғаның ортақ меншігіндегі (пайдалануындағы) жер учаскесі бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы;

•              пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін
жер учаскесі бойынша осы пайлық инвестициялық қордың
басқарушы компаниясы жер салығын;

•              жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар болмаған
жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер
салығын төлеуші ретінде тану үшін осыңдай учаскені оның
нақты иеленуі және пайдалануы негіз болып табылады;

• лизинг алушы қаржы лизингі шартына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісімен бірге қаржы лизингіне берілген жер учаскесі бойынша.

Жер салығында жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде - жер үлесі) - салық салу объектісі ретінде қарастырылады.

Мына төменде аталғандар салық салу объектісіне жатпайды:

1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері, бұған:

•     алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар;

•     парктер, скверлер, бульварлар;

•     су қоймалары, жағажайлар;

•     зираттар;

•     халықтын мұқтаждарын қанағаттандыруға арналган өзге де объектілер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылғылары және басқа да ортақ пайдаланылатын инженерлік жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер.

2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелері, мұнда:

•    жер алаптары, көлік жүріп ететін тарамдар;

•    жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі құрылыстар;

•    жол қызметінің қызметтік және тұрғын үй-жайлары;

•    қардан қорғау екпелері мен жасыл желектер орналасқан жерлер.

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер орналасқан жер учаскелері.

4) белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыру үшін иемденіп алынған және пайдаланылатын жер учаскелері.

Жекелеген жағдайларда салық салу объектісін анықтау тәртібі:

1.  Темір жол көлігі ұйымдары үшін салық салу объектісіне: темір жолдар, оқшаулау белдеулері, темір жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерін коса алғанда, заңдарда белгіленген тәртіппен темір жол көлігі ұйымдарының объектілеріне берілген жер учаскелері жатады.

2.  Энергетика және электрлендіру жүйесі ұйымдары үшін салық салу объектісіне: электр беру желілері мен кіші станциялар тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында электр беру желілері бар осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері жатады.

3. Мұнай мен газ өндіруді, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін салық салу объектісі болып: мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерін коса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері табылады.

Информация о работе Ауылшаруашылық жерлерге салық салу ерекшеліктері