Ағылшын тіліндегі неологизм сөздердің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 11:49, курсовая работа

Описание

Шет тілінде оытуды тиімділігін арттыру және ол тілді игеру прцессінің ерекшелктерін толықтай анықтау үшін қарастырылып отырға тіл мен ана тілінің бір -біріне әсер ету ерекшеліктерін толықтай айқындап, дұрыс түсіне білу қажет. Мұны бігінгі таңда өзекті болып табылатын лингвистикалық және психологиялық концепцияларға сүйене отырып, оларда қабылданған бастапқы теоретикалық позициялардан шығатын негізгі ұғымдарды басшылыққа ала отырып жүзеге асыру қажет.

Содержание

1 Тарау. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мекен ұғымын білдіретін

тілдік бірліктерді салыстырмалы түрде зерттеу.

1.2 Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері.

1.3.Қазақ тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері.

2 Тарау Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарында оқыту әдістемесі.

2.1. Қазақ топтарында ағылшын тілінің мекен етістігі жүйесін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері.

2.3.Ана тілі және шет тілі интерференцияларын жоюға арналған

жаттығулар

3 Тарау Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарында оқытудың эксперименталды тәжірибелік сипаттамасы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мекен ұғымы.doc

— 748.00 Кб (Скачать документ)


 

Мазмұны

      1 Тарау. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерді салыстырмалы түрде зерттеу.

Салыстырмалы анализ және тілдік интерференция

         1.2 Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері.

         1.3.Қазақ тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері

       2 Тарау ағылшын тілінің мекен ұғымынбілдіретін тілдік бірліктерін

                       қазақ топтарында оқытудың әдістемесі.

         2.1. Қазақ топтарында ағылшын тілінің мекен етістігі жүйесін

              оқыту әдістемесінің теориялық негіздері.

         2.2. Ағылшын тілінің мекенұғымынбілдіретін тілдік бірліктерін игерудің 

                қиындықтарына байланысты әдістемелік типология мен қателер

               мәселесі.

         2.3. Ана тілі және шет тілі интерференцияларын жоюға аргналған

                жаттығулар.

    3Тарау Ағылшын тілінің мекен ұғымынбілдіретін тілдік бірліктерін

                       қазақ топтарында оқытудың эксперименталды тәжірибелік

                       сипаттамасы.

         3.1. Эксперименталды тәжірибелік  оқытудың сипатамасы,эксперимент алды тексеру

         3.2. Тәжірибелік оқытуды ұйымдастыру.

        3.3. Тәжірибелік оқыту, оның нәтижелері.

         Қорытынды.

         Қолданылған әдебиеттер

        Қосымша.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАР

1 Тарау. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мекен ұғымын білдіретін

тілдік бірліктерді салыстырмалы түрде зерттеу.

1.2 Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері.

1.3.Қазақ тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері.

2 Тарау   Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін қазақ топтарында оқыту әдістемесі.

2.1. Қазақ топтарында ағылшын тілінің мекен етістігі жүйесін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері.

2.3.Ана тілі және шет тілі интерференцияларын жоюға арналған

жаттығулар

3 Тарау Ағылшын тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктерін  қазақ топтарында оқытудың эксперименталды тәжірибелік сипаттамасы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Тарау. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мекен ұғымын білдіретін

тілдік бірліктерді салыстырмалы түрде зерттеу

Салыстырмалы анализ және тілдік интерференция.

Шет тілінде оытуды тиімділігін арттыру және ол тілді игеру прцессінің ерекшелктерін толықтай анықтау үшін қарастырылып отырға тіл мен ана тілінің бір -біріне әсер ету ерекшеліктерін толықтай айқындап, дұрыс түсіне білу қажет. Мұны бігінгі таңда өзекті болып табылатын лингвистикалық және психологиялық концепцияларға сүйене отырып, оларда қабылданған бастапқы теоретикалық позициялардан шығатын негізгі ұғымдарды басшылыққа ала отырып жүзеге асыру қажет. Жалпы шет тілін игерудің ерекшеліктерін қарастырудың бірнеше жолы белгілі. Салыстырмалы анализ әдісі сол жолдардың ішінде ең алғаш пайда болған және де кең қолданыс тапқан жолдардың бірі. Шет тілін игерудің ерекшеліктерін зерттеудің тағы бір тиімді жолдарының бірі қателер анализі деп аталатын әдіс. Бұл әдіс салыстырмалы анализ әдісінің негізінде пайда болған. Аталған әдістердің екеуі де лингвистикада түрлі мақсаттармен өте жиі қолданылады.  Біз болсақ бұл әдістерді шет тілін игеру барысында орын алатын ана тілі мен шет тілдерінің бір – біріне әсер ету процессінің  ерекшеліктерін айқындау мақсатында қолданбақпыз. Осы бағытта бүгінгі күнге дейін бірталай зерттеу жұмыстары жүргізіліп келген. Біз ол жұмыстардың нәтижелерімен таныса отырып, келесідей қорытындыларға келеміз: қарастырылып отырған тілдер арасындағы түрлі айырмашылықтарға байланысты ана тілін игеру процессі мен ана тілін игеру процесстері өзгеше жолдармен жүзеге асады; шет тілін оқыту барысында ана тілі мен шет тілдерінің тілдік жүйелеріне салыстырмалы анализ жүргзу қажет, ол қарастырылып отырған тілдердің ұқсаастықтарымен айырмашылықтарын және шет тілін игеруде ана тілінің әсерінен болатын қиындықтардың түрлерін, сол қиындықтардың салдарынан оқушылардың сөйлеу процессінде жіберетін қателерін анықтауға кәмектеседі.

Салыстырмалы анализге тән тілдік тасымал, шет тілін игерудегі ана тілінің рөлі, ана тілі мен шет тілдерінің бір – біріне әсері нәтижесінде пайда болатын қателер, ана тілінің теріс ықпалы салдарынан болатын  интерференция сияқты неізгі ұғымдарды қарастыра отырып, тілдік тасымал құбылысының мәнін ашуға және интерференция орын алатын нақты жағдайлармен нақ сол кездегі оқушылардың білім деңгейлерін айқындауға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар шет тілін игеру процессінің ана тілін игеру прцессімен ұқсастықтарының да бар екенін естен шығармаған жөн. Яғни шет тілін игеру барысында ана тілі тек қана тежеуші әсер етіп қоймайды, сонымен қатар оқушыларды тиімді тасымал негіздерімен қамтамасыз етеді, ана тілін игеру барысында қалыптасқан білім, біліктілік пен дағдылар дұрыс пайдаланылған жағдайда шет тілін игеру поцессін біршама жеңілдетуге де көмектеседі.

Жалпы шет тілін оқытудағы ана тілінің рөлі мәселесі  көптеген ғалымдардың назарын аударған көне мәселелердің бірі болып таабыллады. Ана тілінің шет тілін оқытудағы маңызды рәлін кезінде академик Л.Б.Щерба да атап өткен: "Сабақ үстінде тек шет тілінде ғана жаттықтырулар жасау арқылы сабақтан ана тілін аластатуға болғанмен оны оқушылардың санасынан аластатуға мүмкін емес " [2; 52] Осы пікірді ұстана отырып шет тілін оқытудағы ана тілінің мәні жөнінде А.Е. Карлинский келесідей пікір білдірген : "шет тілін игеру процессі тәуелсіз емес, ол ана тілімен тығыз қарым – қатынаста жүзеге асады. Кез келген өзге іс - әрекетті орындауға көшкен кездегідей адам игерген  дағдыларын басқа ұқсас іс - әрекеттерді меңгеру мақсатында қолданады." [3; 29]

Шет тілін оқыту кезінде ана тілі шет тілімен байланысқа түсетіні сөзсіз және де сол байланыс шет тілін игеруге қандай да болсын әсер етеді, ол әсер жағымды да, жағымсыз да қасиетке ие болуы мүмкін. Дағдының теріс қолданылуы немесе инт-ерференция оқушылардың ана тілдерінде кездеспейтін тілдік бірліктері мен ережелерінің  орнына  өз тілінің тілдік бірліктері мен ережелерін қолдануларына байланысты болады.

Бүгінгі таңда елімізде жүргізіліп жатқан тілдік саясат бойынша қос тілділік және көп тілділікті қалыптастыру мәселелерінің өзекті екені белгілі және де сол көп тілділіктің негізгі де міндетті компоненттерінің бірі ағылшын тілі болып табылады. Бұл мәселелер ерекше маңызды болғанымен әлі де аз зерттелген. Ағылшын және қазақ  тілдерінің тілдік бірліктерін түрлі деңгейлерде салыстырмалы түрде қарастыратын бірталай еңбектер бар болғанымен, аталған тілдердің бір – бірлеріне әсерлері, оның салдары жіне интерференция құбылыстарын сипаттайтын еңбектер санаулы ғана. Сондықтан да қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту, оқушылардың ол тілде сөйлей алу қабілеттерін қалыптастыру және дамытудың тиімді жолдарын іздестіру өте өзекті мәселелердің бірі екені сөзсіз. Және де бұл  мәселе ағылшын және қазақ тілдерінің бір – біріне әсері, тілдік интерференция мәселелерімен тығыз байланысты. Яғни аталған мәселені шешу үшін алдымен міндетті түрде ағылшын – қазақ интерференцияын қарастырған жөн. Ол үшін алдымен жалпы инерфереция мәселесіне тоқтала кету қажет.                                                 

Түрлі тілдердегі интерференция түрлерін сипаттайтын көптеген ғалымдардың еңбектерімен таныса отырып, интерференцияның  барлық түрлерінің  ішіндегі ең күрделісі лексика – семантикалық интерференция екенін көруге болады. Бұл жөнінде орыс тілі мен қазақ тілдері арасындағы интерференция мәселелерін қарастырған З.К.Ахметжанова және Г.К.Кулибаевалардың еңбектері бойынша ең күрделі, сол себепті түзетуге және алдын алуға қиын соғатын қателердің бір түрі – көптеген факторларға байланысты пайда болатын лексика – семантикалы қателер. Ол қателерді тудыратын факторлар қазақ және орыс тілдерінің семантикалық көлемдлері жақтарынан сәйкес келмеулері, ұлттық сөздер  (реалий), ұқсас ұғым беретін, алайда ұлттық мәдени – семантикаллық бөлшектері (Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаровтар ұсынған термин) жағынан ерекшеленетін сөздер де жатады. Интерференцияның бұл түрінің қиыншылығы, оны айқындау өте қиынға соғады, ол қазақ тілін игерушілердің ол тілдің  иелерінің мәдениетін, тұрмыс ерекшеліктерін, психологиясын, географиялық ортасын нашар білулеріне байланысты пайда болады. Сонымен қатар бұл лексика – семантикалық интерференция орыс тілінің иалеріне ғана емес, ана тілін нашар игерген қазақ оқушыларының сөйлеу кездерінде де кездеседі. Мысалға, кейбір қазақ тілінің иелері үшін "золотая осень" тіркесінің – алтын күз деген аудармасы ешқандай ішкі қарсылық тудырмайды, тек қана тіл маманы мұндай тіркестің анайы екенін байқап, сөз тіркесінің қоңыр күз деген қажет баламасын таба алады. (пофессор Т. Сайрамбаеваның мысалы) " [4; 78]. Біздің ойымызша бұл құбылыс барлықтай дерлік тілдерге ортақ бола алады, сондықтан да біз өз зерттеу жұмысымызда интерференцияның осы түрін қарастырмақпыз, алайда бұл мәселені қарастырмас бұрын жалпы интерференция құбылысына тоқтала кетуді дұрыс деп анаймыз. Интерференция ұғымының психолгия және лингвистика сияқты біршама ғылымдарда қолданылатыны баршаға белгілі.

Психологиялық көзқарас бойынша, адамның кез – келген басқа іс - әрекеті тәрізді, сөйлеу әрекеті де білім, біліктілік және дағды сияқты үш психологиялық негіздің белсендендірілуінің арқасында жүзеге асады.

Аталған механизмдердің қалыптасуында оқыту процессі маңызды рөл атқарады. Ал бұл механизмдердің өздері автоматтандырырылулары жағынан өзгеше болып келеді. Жалпы дағдылар мен біліктіліктердің белсендендіріле түсу ерекшеліктері олардың бір – біріне әсері мен араларындағы қарым – қатынастардың түрлеріне байланысты болып табылады. Егер де бір біліктілік немесе дағдының негізінде жүзеге асатын операция, басқа бір біліктілік немесе дағдының негізінде орындалатын операцияға ұқсас болатын болса ондай құбылыс психологияда дағды жіне біліктілік интерференциясы (немесе транспозициясы) деп аталады. Дағды мен біліктілік интерференциясы ол дағдылар мен біліктіліктер тұрақтылық катеориясы бойынша бір – біріне қарама – қарсы қойылған күнде ғана байқалады. Дағдылар мен біліктіліктер бірдей тұрақты блған жағдайда интерференция байқалмайды. Интерференция тек қана дағдылар мен бліктіліктер тұрақтылық жағынан сәйкес келмеген жағдайда пайда болады. Мұндай кезде белгілі бір іс - әрекетті орындау мақсатында тұрақтылығы басым дағды мен біліктіліктер басқа тұрақтылығы әлсіз біліктілік пен дағдылардың орнына қоданылуы мүмкін. Мысалға, егер де оқушы үнемі ана тілінде сөйлейтін болса немесе оның шет тіліндегі біліктіліктері мен дағдылары ана тіліндегілерге қарағанда кейінірек қалыптасқан болса,  ана тіліндегі біліктері мен дағдылары кейіннен игерілген тілдегілерге қарағанда әлдеқайда тұрақты болып келеді. Сол себепті шет тілін оқытқан кезде оқушылар ол тілде қажетті деңгейде қарым – қатынасқа түсе алулары үшін олардың бойларында сәйкес біліктіліктер мен дағдылар қалыптастырылу қажет. Және де қалыптастырылған біліктіліктер мен дағдылардың тұрақтылықтары жағынан ана тіліндегілермен бірдей болуларын қамтамасыз етуге тырысу қажет. Яғни, ол дағдылар мен біліктіліктерді автоматтандыру арқылы ана тіліндегі біліктіліктермен дағдылардың тұрақтылық деңгейіне жеткізу керек деген сөз.

Жоғарыда айтып кеткендей психологияда қалыптасқан бұл заңдылықтар адамның кез – келген іс - әрекетіне қатысты, ал сөйлеу әрекетінен ерекше көрініс табады. Сондықтан да шет тілінде сөйлеуге оқытқан  кезде ана тілінің әсерінен болатын интерференцияға жол бермеу мақсатында оқушылардың бойларында тұрақтылықтары жағынан әр – түрлі деңгейде қалыптасқан және де түрлі тілдерде кезек сөйлеу әректін қамтамасыз ететін біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру қажет, іөйткені ол біліктіліктер мен дағдылардың араларында интерференция құбылысының орын алуы мүмкін емес. Алайда мұның психологиялық жағы мәтінге әсер етіп, лингвистикалық талқылауды қажет етуі мүмкін. Ал лингвистикалық зерттеулер бойынша, оқушылардың сөйлеу әрекетін жүзеге асыру кезінде орын алатын  интерференция бірден көзге түсетін және тілдік нормаларды бұзатын қателерден байқалады. 

В. Корнев интерференцияның келесідей түрлерін атап өткен: "тілдік, графикалық, орфографиялы, фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, фразеологииялық, грамматикалық; тілдік – стилистикалық, нормативтік, қолданыс ерекшелігіне байланысты ;  коммуникативтік – тақырыпқа байланысты, қолданыс жағдайына (ситуациясына) байланысты ; экстралингвистикалық – ұлттық сөздер (реалий), ым тілі – іc - әрекет, идеология. Сонымен қатар интерференцияның келесідей түрлері кездеседі: тікелей, теріс (обратная), екі жақты, импрессивті (рецептивті), тілішілік және тіл аралық, айқын және жасырынды, бірінші, екінші т.б. тіл интерференциясы."    [5;36]                                                                                                                             

Шет тілін игерудің бастапқы кезеңінде оқушылар сөзінде фонетикалық, лексика – грамматикалық және орфографиялық интерференциялар айқын байқалады. Ортаншы кезеңде сәйлеудің кез келген түрінде (ауызша, жазбаша), интерференцияның барлықтай дерлік түрлері кездеседі деуге болады. Ал соңғы кезеңде болса нтерференция көбінесе фразеология мен статистикаға байланысты болып келеді. [6; 48]

Тіл мен сөйлеудің этнолингвистикалық және елтану сияқты копонентттерінің өзектілігіне байланысты соңғы кезде елтану интерференциясы ұғымы пайда болған. Болгар ғалымы К. Бобев ұсынған бұл ұғым "өзге ұлт оқушыларының шет тілінде сөйлеу барысында қателері тіден тыс фактоларға , яғни ұлттық мәдениет туралы бастапқы білімдерінің болмауы немесе ол жөнінде ұғымының жеткілікті деңгейде қалыптаспауына байланысты " деген мағына береді. [7;57]

А.А Залевская интерференцияның тағы бір ерекше түрін атайды. Ол оқушылардың шет тілінде сөйлеген кездерінде сол тілдегі кейбір тілдік бірліктерді қолданбауға тырысуларына байлашнысты пайда болатын интерференция. Ол кісінің ң-пікірінше интерференция көбінесе ана тілі мен шет тіліндегі құбылыстар мүлдем өзгеше болған жағдайда емес, керісінше ұқсас болып келген жағдайда байқалады. Сонымен қатар оқушылардың шет тілінде сөйлеу кезінде жіберетін барлық қателері дағды интерференциясына байланысты деуге де болдмайды, себебеі ана тілінің шет тілін игеруге әсері түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін.

Мысалға:

Кей кезде дағды интерференциясының орнына оқушылардың ана тілінде баламасы жоқ шет тілінің ережелерін елемеулеріне байланысты пайда боатын қателер орын алады. 

Салысытырылып отырған тілдердегі тілдік бірліктердің қолданысына байланысты кейбір тыйымдар тек қана белгілі бір жағдайларда ұстану қажет етеді.

Кей кезде шет тілінде сөйлеу барысында оқушылар тіл байлықтарының жеткіліксіз болуына байланысты коммуникативтік қыйыншылықтарға кездеседі де, ол қиыншылықтарды жеңу мақсатында ана тіліндегі сөздік қорларына жүгінеді, яғнишет тілінде білмеген сөздерінің орындарын ана тіліндегі тілдік бірліктермен толтыруға тырысады. [8; 52]

Информация о работе Ағылшын тіліндегі неологизм сөздердің ерекшеліктері