Ауылшаруашылық жерлерге салық салу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2012 в 15:51, курсовая работа

Описание

Салық не үшін керек, заңды беру үшін, сіздің отбасыңызды шағын мемлекет деп таниық. Осы мемлекеттің өмір сүруі үшін баспана мен коммуналды қызмет төлеміне, тамақтануға, жиһаз, киім алу және басқа да өмір қажеттіліктеріне қаражат керек.Сондықтан,да табыс алатын отбасының әр мүшесі отбасы бюджетін құруға қатысуы қажет. Бұл – ақиқат. Мемлекетте де осы сияқты, шекараны қорғау, басқару органдарын қамсыздандыру, құқық тәртібін қолдау және т.б. бойынша қызметтерді жалпымемлекеттік орындау үшін жалпымемелекеттік қаражат қоры, басқа сөзбен айтқанда мемлекет қазынасы болуы керек.

Содержание

Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------------------3

I бөлім. Ауылшаруашылық жерлерге салық салудың экономикалық мәні

1.1 Ауылшаруашылық жерлерге салық салудың теориялық негізі ----------5
1.2 Ауылшаруашылық жерлері бойынша салық төлеушілердің шаруашылық ерекшелігі­--------------------------------------------------------------------------------9
1.3 Ауылшаруашылық жерлерге салық салуда шетел тәжірибесін
қолдану--------------------------------------------------------------------------------------11

II бөлім. Ауылшаруашылық жерлерге салық салу жолдары мен есептеу әдістері

2.1 Ауылшаруашылық жерлерге салынатын салықтың субъектілері мен объектілері ---------------------------------------------------------------------------------13
2.2 Ауылшаруашылық жерлерге салынатын салық ставкалары-----------------18
2.3 бірыңғай жер салығын салу тәртібі-----------------------------------------------23
2.4 Салық есептеу тәртібі және төлеу мерзімі---------------------------------------26

III бөлім. Ауылшаруашылық саласындағы салық салудағы негізгі мәселелері мен шешу жолдары
3.1 Ауылшаруашылық саласындағы салығының жергілікті бюджетке түсуі­30
3.2 Ауылшаруашылық саласындағы салық салудағы негізгі мәселелері мен шешу жолдары ----------------------------------------------------------------------------34


Қорытынды -------------------------------------------------------------------------------40

Пайдаланған әдебиеттер тізімі----------------------------------------

Работа состоит из  1 файл

В.doc

— 475.50 Кб (Скачать документ)

              жеке (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;

              гаражға арналған жер учаскелері бойынша;

              5) «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналар:

              тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;

              үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;

              6) жеке тұратын зейнеткерлер:

              тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;

              үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;

              7) діни бірлестіктер.

Жер салығын салу объектілері: жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде - жер үлесі) салық салу объектісі болып табылады.

              Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды:

              1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері.

              Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желілері, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлік жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады;

              2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жер учаскелері.

              Бөлінген белдеудегі ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жерлерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылғылар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі құрылғылар, жол қызметінің қызметтік және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдік екпелер орналасқан жерлер жатады;

              3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер орналасқан жер учаскелері;

              4) жалға берілетін үйлерді күтіп-ұстау үшін сатып алынған жер учаскелері.

Жер салығын есептеу тәртібі мен төлеудің мерзімдері салықты есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

              Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне парапар есептеледі.

 Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері

          Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы өздігінен есептейді.

              Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.

              Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуі тиіс.             

              Заңды тұлға - салық төлеушілер салық кезеңі үшін декларацияны тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей түпкілікті есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді.

Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi

              Жеке тұлғалар (осы тармақтың екiншi бөлiгiнде аталған тұлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық мөлшерлемелері мен салық базасын негiзге ала отырып, 1 тамыздан кешiктiрмей жүргiзедi.

              Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.

Жер салығы бойынша салық есептілігі

         Салық төлеушiлер (патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын Салық кодексінде белгiленген мерзiмдерде тапсырады.

              Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей тапсырылады.

              Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын және декларацияны тапсырмайды.

 

                            

 

2.4 Салық есептеу тәртібі және төлеу мерзімі

 

Салықты есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Жер салығы салық төлеушіге жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.

Жер учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесін іс жүзінде пайдалану кезеңі үшін есептеледі.

Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

Салық жылы ішінде елді мекенді қоныстың бір санатынан басқа санатына ауыстыру кезінде ағымдағы жылғы жер салығы салық төлеушілерден осы елді мекендер үшін бұрын белгіленген ставкалар бойынша, ал келесі жылы - қоныстардың жаңа санаты үшін белгіленген ставкалар бойынша алынады.

Елді мекен таратылған жағдайда және оның аумағы басқа елді мекеннің құрамына қосылған кезде, таратылған елді мекеннің аумағында жаңа ставка тарату іске асырылған жылдан кейінгі жылдан бастап қолданылады.

Салық төлеушілер орналасқан жер учаскелері бонитетінің балдарын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жер салығының мөлшері шектесіп орналасқан жерлердің бонитет балы негізге алына отырып анықталады.

Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне барабар есептеледі.

Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін бюджетпен есеп айырысуды арнаулы салық режимінде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жер салығын төлеу тәртібі ауыл шаруашылық өнімін өндіруші занды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимінде белгіленген.

Қорғаныс қажеті үшін берілген жерлерге салынатын салықты алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері.

Занды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді.

Заңды түлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы телемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.

Ағымдағы төлемдердің сомалары ағымдағы жылдың мына мерзімдерінен кешіктірмей тең үлестермен төлеуге тиіс:

•     20 ақпанда;

•     20 мамырда;

•     20 тамызда;

•     20 қарашада.

Жаңа құрылған салық телеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдардағы төлемдерді телеудің бірінші мерзімі болып саналады.

Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын декларация табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он жұмыс күні мерзімнен кешіктірмей төлейді.

Ағымдағы төлемдер мөлшері салық кезеңінің басында болған салық төлеу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану жолымен белгіленеді.

Жер салығын төлеу бойынша салық міндеттемелері туындаған күннен кейінгі, белгіленген кезекті мерзім салық міндеттемелері туындаған кезде салық кезеңінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары және діни бірлестіктер салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға беру күнінен кейінгі кезекті мерзім салықтың ағымдағы сомаларын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу декларация табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он жүмыс күні мерзімнен кешіктірмей төлейді.

Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары және діни бірлестіктерге пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейінгі түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу декларация табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он жұмыс күні мерзімнен кешіктірмей төлейді.

Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық міндеттемелерінің өзгеру сомасына жер салығын төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен түзетіледі.

Салық салу объектілеріне құқықтар салық кезеңінің ішінде берілген жағдайда салық сомасы жер учаскесіне құқықты іске асырудың нақты кезеңі үшін есептеледі.

Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесіне іс жүзінде иелік еткен кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеген кезде бюджетке енгізілуі тиіс.

Бұл ретте бастапқы төлеушіге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ол жер учаскесін берген айдын басына дейін есептелген салық сомасы көрсетіледі. Одан кейінгі төлеушіге салық органдары жіберетін жер салығының есептелген сомасы туралы хабарламада оның жер учаскесіне құқығы пайда болған кезендегі ай басынан есептелген салық сомасы көрсетіледі.

Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың (келісім бойынша) бірі енгізуі мүмкін. Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде төленген салық сомасы кейіннен қайта төленбейді.

Салық телеуші салық кезеңінде декларация табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он жұмыс күні мерзімнен кешіктірмей біржолата есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді.

Осы ережелер бюджеттен есеп айырысуды ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимінде жүзеге асыратын занды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимі қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелері бойынша қолданылмайды.

Жекелеген жағдайларда салық есептеудің ерекшеліктері

Бірнеше салық төлеушілердің пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелеріне жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеуші бойынша жеке есептеледі.

Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары және діни бірлестіктер үйдің, құрылыстың және ғимараттың бір бөлігін жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесінде орналасқан барлык үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың жалпы алаңындағы жалға берілген үй-жай алаңының үлес салмағына қарай есептелуге тиіс.

Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлікті заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жаныңдағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың 3-кестеде белгіленген базалық ставкалары бойынша есептелуге тиіс.

Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері.

Жеке түлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жекелеген кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізеді.

Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне құқықты берген жағдайда салық сомасы жоғарыда келтірілген ережелер ескеріле отырып есептеледі.

Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жеке кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді.

Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын занды тұлғалардың жерлеріне белгіленген тәртіппен есептеледі және төленеді.

Салық кезеңі.

Жер салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі - күнтізбелік жыл болып табылады. Салық есептілігі.

Занды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді коспағанда) жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар жер салығы бойынша декларацияны және жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдер есеп-қисабын салық төлеуші мемлекеттік тіркеуден өткен айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.

Уэкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары және діни бірлестіктер пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер есебін төменде көрсетілген мерзімдерде табыс етеді.

Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде ағымдағы төлемдердің есебі салық салу объектілері бойынша 1 ақпаңдағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Информация о работе Ауылшаруашылық жерлерге салық салу ерекшеліктері