Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және оның теориялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:20, курсовая работа

Описание

Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, онын бәсекеге қабылеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.
Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б.) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.
Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында өндіріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.[5]
Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі – калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың әр түрлі түрін айқындайды.
Курстық жұмыстың өзектілігі – кәсіпорындарда өнімдердің өзіндік құнын есептеудегі әдістерді қолданылуы. Калькуляция дегеніміз өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген кызметтердің бір өлішемге есептелінген өзіндік құны болып табылады. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнің өзіндік кұнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады.
Ал өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау деп – белгілі бір өндіріс шығындар есебінің көрсеткіштеріне сүйене отырып, өнім бірлігінің құнын шығару болып табылады.
ХҚЕС бойынша өндірістік кәсіпорындарда өнімдердің түрлеріне, олардың күрделілігіне, өндірістің типіне байланысты қолданылатын шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің 3 әдісі қарастырылған, олар, нормативтік, тапсырыстық, бөлістік. Бірақ жеке ұйымдар шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің қарапайым әдісін пайдаланады.
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытыңдыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және оның теориялық ерекшеліктері
1.1. Басқару есебіндегі калькуляциялау түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері.....................................................................................................................5
1.2. Калькуляциялаулың негізгі принциптері, оның объектісі мен әдістерінің ерекшеліктері...............................................................................................................9
1.3 Басқару есебінің әдістемелік – нормативтік реттелуі...................................19
1.4 «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ -ның даму тарихы, қаржылық-шаруашылық жағдайына сипаттама................................................................................................20

2. Кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің ұйымдастырылуы
2.1 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың үрдіс калькуляциясы....................................................................................21
2.2 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың бөлістік әдісі.................................................................................................31
2.3 Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын есептеудің жолдары ..................34
Қорытынды.................................................................................................................36
Пайдаланылған ақпарат көздері...............................................................................39