Мемлекеттік ұйымдардың ревизиясы мен бақылауы
Контрольная работа, 26 Января 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Мемлекеттік ұйымдардағы банкілік операциялар алғашқы құжат пен екінші деңгейлі банкілердің көшірмелері бойынша қазынашылық органда (әрі қарай банк) әрбір ашылған шот тұтастай әдіспен тексеріледі.
Бақылау жүргізу үдерісінде зерттеу қажеттілері:
1. Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңына сәйкес кредиторлық берешекті өтеу тәрітібін сақтау;
2. Екінші деңгейлі банкілерде ашылған бақылау объектілерінің есеп шоттарындағы операциялардың нақтылығы, заңдылығы, шоттардың ашылуы мен жабылуының дұрыстығы.
Работа состоит из 1 файл
МЕМЛЕКЕТТІК ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕВИЗИЯСЫ МЕН БАҚЫЛАУЫ.docx
— 81.11 Кб (Скачать документ)б)ақша қаражаттарын және қатаң түрдегі есептіліктің бланкілерін кенеттен түгендеу бюджеттік ұйымның басшысымен белгіленген мерзімде жүргізіле ме;
в)кассалық құжаттарды толтыру тәртібі сақталады ма;
г)түсетін ақшаларды толық және уақытында кірістеу қамтамасыз етілген бе;
д)мемлекеттік ұйымдардың кассасындағы қолда бар ақшалардың қалдықтарының шегі және есеп – айырысу шоттарындағы қолда бар ақшалардың шектік сомалары сақталады ма;
е)есеп берушіге қолда бар ақшаның берілуін негіздеу.
6. Мемлекеттік
өкілетті банкілерден алынған қолда бар
ақшалар белгілі бір мақсат бойынша қатаң
жүмсалады. Қолда бар ақшалардың мақсатпен
қолданылуы қайрымдылық және демеушілік
көмек, депозиттік сома түріндегі «Ақылы
қызмет керсетуден түскен қолда бар ақшаларды
белгілі бір мақсатпен қолданылуын бақылау
кітабы» және «Бюджеттік қаражаттар үшін
қолда бар ақша қаражаттарды белгілі бір
мақсат бойынша қолдануын бақылау кітабы»
негізінде тексеріледі. Екі кітап бойынша
ақша қаражаттарының айдың басына қалдығы,
ақшалардың түсуі, шығындар және шығындардың
арнайы экономикалық жіктелуі бойынша
айдың аяғына ақша
қаражаттарының қалдығы. Екі кітап бойынша
ақшалардың қалдығының сомалары кассалық
кітап бойынша айдың аяғындағы ақшалардың
қалдығына сәйкес келуі керек.
7. Бақылау кезінде бухгалтерлік құжаттардың 1 желтоқсан 1998 ж. №548 Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Департаментінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік бюджеттің есебінен құрылған ұйымдар үшін және келесі құжаттардың дәлдігін тексеру:
- № KQ-1 ф. кіріс касса ордерлерін;
- № КО-2 ф. шығыс касса ордерлерін;
- № КО-3 ф. кіріс және шығыс ордерлерін тіркеу журналы;
- №КО-4 ф. немесе №440 ф. кассалық кітаптарын;
- №1 мемориалдық номерін
- №320 стипендия және еңбекақы төлеу үшін ақша берушілерге берілгені туралы есептің журналын;
- №389 ф. төлем ведомостында;
- №453 ф. «Ақылы қызмет көрсетуден түскен қолда бар ақшаларды белгілі бір мақсатпен қолданылуын бақылау кітабын» және №454 ф. «Бюджеттік қаражаттар үшін қолда бар ақша - қаражаттарды белгілі бір мақсат бойынша қолдануын бақылау» кітабын.
8. Бақылау
кезінде шаруашылық операцияларының бухгалтерлік
есептің шоттарында дұрыс көрсетілуінің
27.01.1998 ж. №30 Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Департаментінің
бұйрығымен бекітілген, республикалық
және жергілікті бюджеттің есебінен құрылған
ұйымдардағы бухгалтерлік есеп бойынша
нүхқаулықтарға
сәйкестігін тексеру.
Кассалық
операциялар бойынша
негізгі бухгалтерлік
өткізілімдер
| № р/с | Негізгі операциялар | Дебет | Кредит |
| 1. | Кассадан шекпен қолма-қол ақша алу | 120 | 178 |
| 2. | Қаржылардың транзиттік шоттарға (889) қазынашылықтың территориялық органының ақша алуы үшін аударылуы | 178 | 090, ПО 112,11.1 |
| 3. | Ақылы қызмет көрсетулерден түскен қаржылар үшін ағымдағы шоттағы сомалар | 111 | 120,160 |
| 4. | Ақылы қызмет көрсету қаржылары есебінен шығындар | 211 | 111,120 |
| 5. | Кассаға кіріс ордерлері (шектері) бойынша түскен сомалар | 120 | 178, 160, 170.172 |
| 6. | Кассадан шығыс кассалық ордерлері немесе оны ауыстыратын басқа да құжатпен берілгендер | 160,171, 172,180, 181,177,174 | 120 |
| 7. | Есепке сай мемлекеттік мекемелердің кассаларынан берілген сомалары | 160 | 120 |
| 8. | Есеп беруші тұлғаның мемлекеттік мекеме кассасындағы аванстан немесе тікелей банкіден қалғандарды қайтаруы | 120, 090, 096, 100, 110, 111,112 | 160 |
| 9. | Кемшілікті айқындағанда кінәлі адамның есебінен төленуі немесе заттардың және азық-түліктердің және ақшалай қаржылардың жетіспеуінің мемлекеттік мекеме кассасына төленуі | 170 | 060-067 120, 069 |
| 10. | Кассаға немесе мемлекетгік мекеме шоты бюджетіне кемшіліктердің орнын толтыру-дан түскен сомалар | 090, 093, 103,120, 100 | 170 |
| 11. | Балаларды бағуға түскен төлемдер | 090, 100 111. 120 | 172 |
| 12. | Мектепке дейінгі балалар мекмесінде балаларды бағу төлемінің қайтарылуы | 172 | 120 |
| 13. | Қызметкерлерді жұмыс орнында тамақтандыру үшін мемлекеттік мекеме төлемінің кассаға түсуі | 120 | 172 |
| 14. | Депоненттерге есептелген мемлекеттік мекеме кассаларындағы төлемақылар | 177 | 120 |
| 15. | Жалақыны, степендиялар мен қаламақыларды төлеу | 180, 181 | 120, 160 |
| 16. | Материалдық құндылықтарды жеткізуге көлік жалдауға кеткен шығындарды төлеу | 200, 203 211-213 | 090, 093, 100, 103, 111, 178, 120 |
| 17. | Есеп берушінің банк қаржыларын қолма-қол шекпен алуы | 160 | 178 |
Мемлекеттік
мекемелерде негізгі
құралдар мен тауарлы-материалды
құндылықтарға ревизия
Тауарлы-материалдық құндылықтардың және негізгі құралдың ревизиясын жүргізген кезде 23.07.1998 ж. №335 Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің Қазынашылық Департаментінің директорының бұйрығымен бекітілген «Республикалық және жергілікті бюджет есебінен құралған ұйымдардағы активтерді, материалдық қорларды, ақшаларды, есептеулерді және т.б. баланстың баптарын түгендеуді жүргізу туралы Нұсқауды» қолданылуы қажет.
Мемлекеттік
ұйымдарда активтердің
1. Негізгі құралдардың есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру, оның ішінде:
—барлық есеп регистрлерінің барлығы мен жай-күй (карточка және т.б.);
- барлық техникалық паспорттардың және т.б. техникалық құжаттардың құрылымын тексеру;
- бюджеттік ұйымдардың жалға, сақтауға және уақытша қолдануға алған немесе берген активтер құжаттарының құрылымын тексеру; бұл құжаттардың жоқ болған жағдайда олардың алынуын және толтырылуын қамтамасыз ету қажет.
2. Негізгі құралдардың түгендеуін жүргізу және мыналарды анықтау:
- барлық активтерді (ғимарат, құрылыс, көлік және жабдықтар, транспорттық жабдықтар, құралдар және т.б.);
- құрылған күрделі жұмыстар немесе құрылыстың және ғимараттардың жеке-жеке жойылуы бухгалтерлік есепте көрініс таппаған жағдайда, онда олардың баланстық құнының көбею немесе азаю сомасын сәйкес құжаттармен анықтап, келтірілген өзгерістер туралы ескерту қажет;
- объектілердің есепте тіркелмегенін немесе оларды есеп регистрінде немесе оларды сипаттайтын мәліметтер дұрыс берілмеген кезде, осы объектілер бойынша жетіспейтін мәліметтері мен техникалық көрсеткіштерін түгендеу тізіміне кіргізу қажет. Сонымен қатар объектілерді есепке кіргізбеген кінәлілерді және кіргізбеу себептерін айқындау;
- соңғы түгенделуін жүргізген кезден бастап табылған және есепте тіркелмеген объектілердің бағалануы нақты техникалық жағдайы бойынша орнатылатын нарықтық бағасы бойынша жүргізілуі қажет. Қажет еткен кезде бұл жұмысқа жылжымайтын мүлікті бағалау бойынша мамандар тартылады;
- пайдалануға және қалпына келтіруге жатпайтын активтерге осы объектілерді жарамсыздыққа әкелген себептері және пайдалануға кіргізген уақыты жөнінде бөлек тізім құрылады. Бұл кезде мұндай объектілерді есептен шығару мемлекеттік аймақтық мүлік және жекешелендіру жөнінде комитеттің рұқсатымен жүзеге асырылады;
- түгендеумен бірге жалға берілген активтер де тексеріледі. Жалданған объектілердің түгендеу тізімі әр жалға беруші бойынша құрылады. Бұларда жалға берушінің атауы мен жалдың уақыты көрсетіледі;
- жалдың келісімі шарттармен хатталған ба және негізгі құралды қолданғаны үшін жалдың ақысы төленеді ме;
- орнатылған норма бойынша негізгі құралдың тозуы мен тозу есебін жүргізудің тәртіптері сақталады ма.
3. Барлық құндылықтардың сақталуын тексеру:
- бақыланатын объектілердің материалдық құндылықтарды сақтауға белгілі бір шарттар мен талаптарға жауап беретін қоймалармен қамтамасыз етілуін;
- барлық материалдық құндылықтар осы материалдық құндылықтар үшін жауапты тұлғалармен қабылданған ба және осы жауапты тұлғалармен толық материалдық құндылықтарға жауаптылық туралы жазбаша келісім-шарт бекітілген бе;
- өндірістік және әкімшілік мақсаттар үшін материалдық құндылықтарды жіберудің тәртіптері мен нормаларының сақталуын, оларды шығындарға жатқызу дұрыстығын, уақытша хаттарсыз немесе құжаттарсыз материалдық құндылықтарды жіберу жағдайларының жоқтығын;
- материалдық құндылықтардың барлығын түгендеуін. Түгендеуді жүргізу уақытының және тәртіптерін сақтау, түгендеу құжаттарының дұрыс құрылуын және толтырылуын. Түгендеу қорытындыларының есепте дұрыс көрсетілуін;
- материалдық құндылықтарды түгендеу материалдық құндылықтарды сақтау жерлері бойынша және оларға жауапты тұлғалар бойынша жүргізу. Түтендеу сол материалдық құндылықтардың орналасқан орнында жүргізілуі керек. Түгендеу кезінде бір материалдан екінші материалдарға тексерудің ретсіз өтуін болдырмау керек. Түгендеу кезінде жарамсыз немесе бүлдірілген материалдар табылған кезде материалдық құндылықтардың бүліну сипатын, себебін және дәрежесін көрсететін қосымша акті құрылады, сонымен қатар бүлінуге жауапты тұлға көрсетіледі; материалдық қалдықтар туралы материалды жауапты тұлғалардың сөздерінен, оларды нақты тексермегенше деректерді құжатқа енгізуге тыйым салынады; жауапты сақтауға орналасқан және басқа ұйымға жататын материалдық құндылықтарға меншіктегі материалдық құндылықтармен бірге түгендеу жүргізіледі. Бұл құндылықтарға сақтауға алғанын растайтын басқа құжаттарға байланысты қосымша құжат жасалады; жолда келе жатқан материалдар мен тауарларға олардың жіберу уақытында келесідей деректер келтірілетін бөлек акт жасалады: құжаттардың атауы мен көлемі, жіберу уақыты және жіберілген кездегі номері. Түскен материалдардың кірістелмегені жайлы факті табылған кезде әкімшілік тексеріс жүргізілуі және жауапты адамдардан түсіндірмелер талап етілуі керек, материалдар теріс пайдаланған жағдайда материалдар тергеуші органдарға жіберілуі керек.
- Түгеңдеу кезде материалдық құндылықтар түскен кезде түгендеу комиссиясының қатысуымен материалдардық құндылықтарға жауапты адамдармен қабылданады және түгендеу аяқталғаннан кейін кірістеледі. Бұл материалдар «Түгендеу уақытында түскен материалдық құндылықтар» атгы құжатка жабдықтаушыны, кірістелген құжаттың датасын, түрін, көлемін және сомасын көрсетумен бөлек құжаттарға енгізіледі.
Негізгі бухгалтерлік өткізбелер
| № р/с | Операциялардың мазмұны | Дебет | Кредит |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1 | Қайта құрылған ғимараттар, құрылыс және тасымалдау жабдықтарының немесе ғимараттар мен құрылысты қайта құру жұмыстары бойынша пайдалануға қабылдау | 010-012 | 250 |
| 2 | Көліктер және жабдықтар, транспорттық көліктерді, өндірістік, шаруашылық құрал-жабдықтарды, жұмысшы және өнімді малдарды, кітапхана қорындағы кітаптарды және т.б. активтерді сатып алу. Бір уақытта екінші жазу жасалады. | 013-019
200,211, 213 |
090, 100, 111, 118, 178, 179
250 |
| 3 | Көліктер мен жабдықтарды, транспорт көліктерін, құрал-жабдықтарды және т.б. активтерді сатып алу. Бір уакытта екінші жазу жасалады. | 013,015, 016, 019
204 |
151 250 |
| 4 | Активтерді қайтарымсыз түрде алу | 010-019 | 020, 021, 250 |
| 5 | Шаруашылықпен
жасалған активтерді кіріске алу.
Сонымен бірге екінші жазу жасалады. |
016,019 200, 211 | 084 250 |
| 6 | Қайтарымсыз түрдегі активтерді кіріске алу | 020, 021, 250 | 010-019 |
| 7 | Түгендеу кезінде табылған артық активтерді кіріске алу | 010-019 | 250 |
| 8 | Артық, қолданбайтын жабдыктарды, транспорт көліктерін және т.б. активтерді сатып алу. Сонымен бірге бюджеттің табысына жататын және табысы ретінде түскен сомасына екінші жазу жүргізіледі. | 020-250 090, 100, 120, 178 | 013-016, 019 173 |
| 9 | Жарамсыздыққа жататын активтерді шығару | 020, 250 | 010-019 |
| 10 | Мемлекеттік ұйымдардың шаруашылық кажеттігі үшін бюджетте табыс ретінде есептелген және сатуға жататын активтердің өтімділігінен және құндылығы аз тозатын заттардан алынған материалдар құндылығын кіріске алу | 063, 064, 067, 069 063, 064, 067, 069 | 173 140, 230 |
| 11 | Мемлекеттік ұйымдардың есебіне алынған және түгендеу кезінде табылған активтердің жетіспеушілігін істен шығару | 020,250 | 013-019 |
| 12 | Кінәлі адамдардың есебіне жатқызылған, түгендеу кезінде табылған активтердің жетіспеушілігін істен шығару | 020,250 170 | 013-019 173 |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 13 | Заттарды активтер құрамынан тез тозатын және құндылығы аз активтер құрамына аудару | 020, 250 | 013-019 |
| 14 | Тозу сомасын желтоқсанның соңғы жұмыс күні бойынша есептеу | 250 | 020, 021 |
| 15 | Сыртқы займ есебінен активтердің тозуын есептеу | 250 | 020 |
| 16 | Актив құндылығы аз және тез тозатын заттар, материалдар түрінде қолданылатын және (тапсырыс берушіге жұмыс біткеннен кейін қайтарылмаған арнайы жабдықты қолдану бағасы бойынша кіріске алу | 013,016
071 060, 063 |
020, 250 260 140 |
| 17 | Құндылығы аз және
тез тозатын заттарды, киім және аяқ киім,
төсек орын заттарын сатып алу
Бір уакытта екінші жазу жазылады |
070, 072
200,211, 213 |
090, 096, 100,111, 112, 118, 160, 178, 179, 260 |
| 18 | Қайта өңдеуден түскен төсек-орын заттарын, киім және аяқ киімдерді, құлдылығы аз және тез тозатын заттарды кіріске алу | 070, 072 200, 211 | 084 260 |
| 19 | Қоймадан құндылығы
аз және тез тозатын заттарды:
- активтердің бір бірлігі үшін активтер құнының 1/10 лимитіне дейін (кешен) - активтердің бір бірлігі үшін активтер құнының 1/10 лимитінен жоғары пайдалануға беру (кешен) |
260 071 | 070 070 |
| 20 | Қоймадан төсек-орын
заттарын, киімдерді пайдалануға беру:
- активтердің бір бірлігі үшін активтер құнының 1/10 лимитіне дейін (кешен) - активтердің бір бірлігі үшін активтер құнының 1/10 лимитіне жоғары (кешен) |
260 073 | 072 072 |
| 21 | Түгендеу кезінде табылған артық тесек-орын заттарын, киім-кешек және аяқ киім, құндылығы аз және тез тозатын заттарды кіріске алу | 070-073 | 260 |
| 22 | Төсек-орын заттарын, киім-кешек және аяқ киім заттарын қайта өңдеуден түскен құндылығы аз және тез тозатын заттарды есептен шығару | 260 | 071, 073 |
| 23 | Мемлекеттік ұйымдардың шаруашылық қажеттігі үшін бюджетке қалдырылған активтердің өтімділігінен және құндылығы аз және тез тозатын заттардың, төсек-орын және киім-кешек пен аяк киімнен алынған материалдар құндылығын кіріске алу | 063, 064 067, 069 | 140, 230 |
| 24 | Артық және қолданылмайтын құндылығы аз және тез тозатын заттарды, төсек орын заттарын, киім-кешек пен аяқ киім заттарын сату | 260 090, 100 120, 178 | 070-073 173 |
| 225 | Кінәлі адамдардың есебіне жатқызылған, түгендеу кезінде табылған құндылығы аз және тез тозатын активтердің, төсек орын заттарының, киім-кешек пен аяқ киім заттарын жетіспеушілік салдарынан есептен шығару | 260 170 260 | 070-073 070-073 173 |