Мемлекеттің шығу тегі мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 21:30, реферат

Описание

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекеттің шығуы және мәні.doc

— 133.50 Кб (Скачать документ)


                                        Мемлекеттің шығуы және мәні.

           Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың қажеттілікті өтеу үшін бірігуі” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайда табуы үшін бірігуі” деп түсіндірді.

        1.1.Мемлекеттің пайда болуы.  Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет” сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта немесе табиғи орта, адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа да сыртқы фактор әсер етеді.

            Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі — мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді.

       Биліктің бір мазмұннан бір мазмұнға өтуі мен күрделіленуіне және өз аумағының кеңеюіне қарай мемлекет мынадай даму сатыларын бастан кешіреді:

ном, полис — халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым протомемлекет);

бірнеше полис немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған, басқару жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар дамыған, ыдырап кету қаупі күшті, қазіргі кездегі конфедерацияға ұқсас құрылым);

орталықтанған мемлекет — ішкі әкімшілік аймақтарда экономикалық қарым-қатынастар күшейіп, ортақ ақша, ортақ заң жүйесі енгізілген, ыдырап кету қаупі болмашы ғана. Мұндай елдердің халқы әдетте ұлт деп аталады);

империя; Орталықтанған мемлекеттер күшейе келе көрші елдер аумақтарын басып алады, әр түрлі шаруашылық жүйелерін біріктіріп, әр түрлі қоғамдық құрылысы бар елдерді күшпен бір орталыққа бағындырады, нәтижесінде империя пайда болады.

          Мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;

мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);

мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;

мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.

        «Мемлекет» термині қазіргі саяси және тұрмыстық лексикада көбінесе ортақ территорияда өмір сүретін адамдардың әлеуметтік-экономикалық және саяси қауымдастығын белгілеу үшін пайдаланылады. Бұл тұрғыда «мемлекет» термині мағынасы жағынан «ел» терминіне жақын. Мемлекет ұғымын бұлай түсіну қарапайым санаға тән және оған негіз жеткілікті де.

Расында да, мемлекетті адамдар заңды деп таныған және оларды әлеуметтік тұтастыққа біріктіретін билікке ие ел деп атауға да болады. Осы анықтаманың қысқалығы қанша күмән тудырса да, мемлекет ұғымымен белгіленетін құбылыстың  мағынасын дәл беріп тұр.

Бұл анықтамадан ел (яғни, территория мен тұрғын халық) мен биліктің мемлекеттің өзіне тән көрнекті және ажырамас элементтері, атрибуттары болып табылатындығын көруге болады. Ежелгі үнділердің «Артхашастра» (пайда туралы, практикалық өмір туралы ғылым) атты трактатында «билеуші және оның державасы – мемлекеттің ең басты элементтері» деп көрсетілген. Сондықтан да, қызмет ету тиімділігі қандай болмасын билігі жоқ елді мемлекет деп есептеуге болмайды .

Ұзақ уақыт бойы адамдар мемлекетке дейінгі жағдайда өмір сүрді. Олардың тіршілік әрекеттері үшін қажетті басқару мен билік шешімдерін осы іске қажетті бедел мен тиісті әрекеттерді жүзеге асыру мүмкіндіктеріне ие ру, тайпа көсемдері мен ақсақалдары қабылдады.

Мемлекетке дейінгі кезең адамдар қауымдастығының сол кезеңдегі әлеуметтік-мәдени даму деңгейімен анықталынды.

Әлеуметтік қатынастар бір тектен тараған туыс адамдар топтары (отбасы, ру, тайпа) арасында жүргендіктен ресми емес сипатта болды.

Өмір орнықты, яғни тұрақты әрі өзгеріссіз қалыпта болды, онда бірізділік принципі айқын көрінді.

Адамдардың мүдделері көп жағдайда қарапайым және тікелей болғандықтан, оларды іске асырудың қажеттілігі айқын көрініп тұрды.

Адамдар арасында мүдделер қайшылығын, келіспеушілігін тудыратын әлеуметтік, мүліктік, құқықтық айырмашылықтар болмады. Пайда болған жеке қайшылықтар көбінесе субъектілер деңгейінде дәстүр немесе үстем күштер негізінде шешілетін.

Уақыт өте келе, тауар - ақша қатынастарының дамуы, қоғам мүшелерінің мүліктік жіктелуі, патриархалды-отбасылық, туыстық-тайпалық байланыстардың бұзылып, ірі туыстық-тайпалық одақтардың, халықтардың  пайда болуы мемлекеттік билікке, мемлекет құруға деген қажеттілікті тудырды.

Ғылым адамдардың мемлекетке дейінгі өмірі мен қарапайым мемлекеттер жайлы дұрыс түсінікке ие болғанымен, ол хатқа түсірілмегендіктен, ал билік пен билік құрушы адамдардың есімдері анықталмағандықтан сол кезеңдегі өмір шындығы тарихтың терең қойнауларында ұмыт қалды.

Мемлекеттер типологизациясы олардың мазмұнын бағалау және айырмашылықтары мен ортақ қасиеттерін айқындау негізінде мейлінше тиісті формаларын анықтаумен байланысты. Мемлекеттің саяси қатынастардың тоғысында тұратындығын жоғарыда біз айтып өттік, сол себепті оның мазмұнын бағалауда идеологиялық фактор басым болады. Мемлекеттерді типологизациялаудың кейбір жалпы принциптеріне тоқталып өтелік:

1. Мемлекетті таптық үстемдіктің, диктатураның құралы ретінде таптық қайшылық тұрғысынан бағалау. Мемлекетке қатысты осы көзқарас саяси идеология ретінде мемлекет пен мемлекеттік биліктің маркстік-лениндік теориясында толық көрініс тапты.

Әрине, бұл теорияның дамуына дейін де биліктің элитарлық негізін көрсеткен (Конфуций, Платон, Н.Макиавелли), билікті байлардың кедейлерге қастандығы (Томас Мор) немесе қанау құралы (Сен-Симон) ретінде қарастырған ғалымдар болғанымен, марксизм мемлекетті таптық үстемдік құралы ретінде қарастыратын концепцияға ашық, рационалды түрде дәлелденген, теориялық-методологиялық негіз қалады.

Мемлекет қоғамдық-экономикалық формацияның қондырмасының маңызды элементі ретінде оның базисімен анықталынады, қоғамдағы антагонистік таптардың болуы мен таптық үстемдіктің қажеттілігі дәл осы экономикалық базиске, оның құрылымдарына тәуелді. Экономикалық үстем тап өз мүдделерінің басымдығын қамтамасыз етуден туындайтын әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру үшін билікті қолына алады. Мемлекет мемлекеттік билікті осылай қолға алудың нәтижесі ретінде, таптық диктатураның мемлекеті ретінде құрылып, қызмет етеді.

Марксизм мемлекет мәнін таптық тұрғыдан бағалауды басшылыққа ала отырып, оның келесі түрлерін бөліп көрсетеді: құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік. Мұндағы идеологиялық мақсат – социалистік емес мемлекеттердің барлық түрлеріне таптық-араздық қатынастарды қалыптастыру, өйткені К.Маркстің пікірі бойынша, капитализмнен коммунизмге өтуді жүзеге асыратын шынайы әлеуметтік процесс билікті жұмысшы таптың қолына алуының нәтижесінде қанаушылардың мемлекеттік машинасын қиратып, пролетариат диктатурасын орнатқанда ғана мүмкін болады.

Құқықтық мемлекетте, ең алдымен, адамның өмірі мен ар-намысы, оның еркі, жеке құқықтары секілді негізгі құндылықтары заңды тұрғыда қорғалуы тиіс, сондай-ақ оның тіршілік әрекетінің барлық аспектілеріне, яғни еңбектенуіне, танымына, ұрпақ жалғастыруына, материалдық және рухани мәдениетті игеруіне, өзінің жеке шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруына және т.б. заңдық негіз ендірілуі керек. Құқықтық мемлекет – тек заң негізінде қызмет ететін мемлекет қана емес, адамзаттың өмір сүруінің негізгі құндылықтары құқық тарапынан қорғалатын мемлекет. Ол қазіргі демократиялық мемлекеттердің даму тенденциясы ретінде, олардың идеялық-құқықтық мәні ретінде қалыптасады. Міне, сондықтан да демократиялық мемлекеттер өздерінің арасында құқықтық мәдениетінің дамуымен салыстырылуы және бағалануы мүмкін.

         1.2.Мемлекет түрлері

Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Мемлекеттің үш жағы

бар:

Басқару түрі.

Саяси тәртібі.

Мемлекеттік құрылысы.

Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді.

Монархия деп – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылысты айтады. Мысалы: Ресейдегі Романовтар әулеті. Қазір басқарудың мұндай түрі жоқ.

Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Қазір Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Люксембург, Морокко, Жапонияда сақталған.

       Республика деп – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.

         Республика президенттік және парламенттік болып бөлінеді.

Президенттік басқаруда мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлайды. Егер президентті парламент сайласа, «парламенттік президент» дейді. Конституция бойынша президентке белгілі бір құқықтар беріледі. Ол құжатқа премьер-министрдің қолы керек. Онсыз Президентті жалпыға бірдей, құпия түрде, сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы: АҚШ. Мұнда атқарушы билік парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады.

Президенттік республика белгілері:

      Президент мемлекет басы және атқарушы билікті басқарады;

      Президент үкіметті құрады;

      Үкімет президент алдында жауапты;

      Президент парламент шығарған заңдарға вето қоя алады.

Аралас республикаға жататындар: Франция, Перу, Португалия, Финляндия, Исландия.

Оның белгілері:

      Президент жалпы сайлау арқылы сайланады;

      Президент кең құзыреттерге ие;

      Президент пен атқарушы билікті басқаратын премьер-министр Парламент алдында жауапты.

Мемлекеттік құрылымына байланысты: унитарлық (Польша, Франция, Турция, Египет, Япония, Швеция), федеративтік (Россия, АҚШ) және конфедеративтік болып бөлінеді.

          Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Мұнда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді, т.с.с.

        Парламент екі палатадан тұрады. Жоғарғы палата сенат арқылы, ал төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы қалыптасады. Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін.

Бірпартиялық парламент кішкентай елдерде кездеседі. Мысалы: Финляндияда бірпартиялық парламент қызмет етеді. Дамыған елдерде екіпартиялық парламент жүйесі қалыптасқан.

Парламенттік республика белгілері:

      Мемлекеттегі басты күш Парламент болып табылады;

      Президентті парламент сайлайды;

      Үкімет парламент алдында жауапты;

      Үкімет парламентте көп орын иеленген партия арқылы құрылады;

      Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алады.

Информация о работе Мемлекеттің шығу тегі мен мәні