Ендірілген дайын өнім шығымы есебі
Курсовая работа, 20 Октября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Мен өз курстық жұмысымда өндірістен алынған дайын өнім шығымын бағалау және есептеу туралы қарастырдым. Курстық жұмыстың мақсаты - өндірістен алынған дайын өнім шығымын бағалау және есептеу тәсілдерін зертеп, толығырақ мәлімет беру. Курстық жұмыстың міндеті – қаржылық есеп пәні бойынша біліктілігімді арттыру, дайын өнім есебін толық анықтау.
Содержание
Жоспар
I. Кіріспе................................................................................................................3
1.1 Шығындардың жіктелуі және тәртібі......................................................4
1.2 Дайын өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі.......................................................10
1.3 Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.........................................................................................11
II. Негізгі бөлім
2.1 Дайын өнімнің есебі.................................................................................21
2.2 Дайын өнім аудиті....................................................................................22
2.3 Ақау, ысырап және тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі............................................................................................................23
2.4 Басқарушылық шешімді және бақылау негіздеу шығындары туралы ақпарат.......................................................................................................27
2.5 Шығынды бюджеттеу және бақылау......................................................28
III. «Сұлтан Маркетинг» компаниясы
3.1 Компания туралы ақпарат.......................................................................31
3.2 Компания өнімдері...................................................................................31
3.3 Компанияның эксорт саясаты.................................................................32
IV. Қорытынды...................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................34
Работа состоит из 1 файл
Курсовой.doc
— 300.50 Кб (Скачать документ) 1-суретте
көріп отырғанымыздай, жалпы өзгермелі
шығын өндіріс көлеміне үйлесімді өседі.
Өндіріс көлемі 100-ден 200-ге дейінгі бірлікке
артқанда, жалпы өгермелі шығын 1000-нан
2000 теңгеге дейін өсті. Алайда өзгермелі
шығын өнім бірлігіндегі есеп айырысуда
көлем өзгерсе де, мейлі бұл қандай бірлік
болса да – бірінші ме, екінші ме, үшінші
ме, оған қарамай тұрақты боп қалады. Сондықтан
өзгермелі және тұрақты шығындарды шартты-өзгермелі
немесе шартты-тұрақты деп атау әдетке
айналған, өйткені олар әр түрлі нүктелерден
екі түрлі рөл ойнайды.
| Көлем, бірлікте | Бірлікке шаққандағы өзгермелі шығын | Бірлікке шаққандағы жалпы өзгермелі шығындар, теңгемен |
| 100 | 10 | 1000 |
| 200 | 10 | 2000 |
| 300 | 10 | 3000 |
| 400 | 10 | 4000 |
Тұрақты - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне тәуелді емес (жылу, өндіріс ғимаратын жарықтандыру, амортизация, жал, жарнама шығыны және т.б.).
Егер
көлем 10%-ке артса немесе кемісе, онда жалпы
тұрақты шығын өзгеріссіз қалады, бірақ
бір бірлікке ұдайы кеміп отырады.
Тұрақты шығынның жалпы сомасы, теңгемен
300
200
100
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Өндіріс көлемі, бірлікте
2-сурет.
Тұрақты шығынның жалпы сомасы мен өндіріс
көлемінің арақатынасы
2-ші
суреттен көріп отырғанымыздай,
өндіріс көлемі өзгерсе де
тұрақты шығын өзгеріссіз қалған. Егер
өндіріс көлемі 10%-ке кемісе, онда жалпы
тұрақты шығын өзгеріссіз қалады. Егер
өндіріс көлемі бір бірлікке тең болса,
онда тұрақты шығын 300 теңгеге тең болады,
бірақ тұрақты шығын өндіріс көлемінің
артуы кезінде бір бірлікке ұдайы кеміп
отырады. Осыған орай өнімнің өзіндік
құны кемиді.
| Көлем, бірлікте | Бірлікке кететін тұрақты шығын, теңгемен | Бірлікке кететін жалпы тұрақты шығын, теңгемен |
| 1 | 300 | 300 |
| 2 | 150 | 300 |
| 5 | 60 | 300 |
| 15 | 20 | 300 |
| 20 | 15 | 300 |
| 25 | 12 | 300 |
| 30 | 10 | 300 |
Ағымдағы – жиі қайталанатын кезеңдік шығын (шикізат, материалдар шығыны).
Бір жолғы – демалыс төлемі, жөндеу жүргізу және т.б. Ол сметаның бекітуімен белгіленген тәртіпте және мерзімде өнімнің өзіндік құнына бөлек қосылады.
Өндірістік – тауарлық өнімді дайындаумен және оның өндірістік өзіндік құнын қалыптастыруға кететін барлық шығын жатады (тауарлық өнім өз материалымен де, техникалық бақылаумен қабылданып, қоймаға өткізілген тапсырыс берушінің материалымен де шығарылатын дайын бұйымдардың құны; тараптарға босатылған өз өндірісінің жартылай дайындалған өнімнің өзіндік құны, сондай-ақ субъектінің негізгі қаражатын толтыруға бағытталған өнім).
Әкімшілік – жалпы басқарумен байланысты шығындар және жалпы шаруашылық, әкімшілік тағайындаудағы шығындар.
Коммерциялық (өндірістен тыс) – өнімді сатып алушыға өткізумен байланысты шығын.
Өндірушілік (жоспарланған) – ұтымды технология мен өндірісті ұйымдастыру арқылы өнімді белгіленген сапада өндіруге кететін шығын.
Өндірушілік емес (жоспарланбаған) – технологияның жетіспеушілігінен және өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауынан болатын салдар, яғни шығын (жұмыссыз бос тұрып қалудың шығыны, ақау, мерзімнен тыс еңбекақы).
Реттелетін – атқарушы шығын деңгейін реттейтін немесе оған елеулі ықпал ете алады (өнім өндіруде пайдаланылатын шикізат шығыны, оны цех бақылаушысы реттейді).
Реттелмейтін – қызметкер оның деңгейіне елеулі ықпал ете алмайтын шығын (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерлерінің еңбекақысы бойынша шығынға ықпалын жүргізе алмайды).
Жалпы – өндірілетін өнімнің барлық көлеміне кететін шығынды білдіреді.
Орташа – есепте бір өнім бірлігіне кететін шығын.
Өнімге - өнімнің өзіндік құнына жұмсалатын шығын (тікелей шығын).
Кезеңге – кезең шығындары: жалпы және әкімшілік шығындары, тауарды сату шығындары, сыйақы бойынша шығындар (жанама шығындар).
Калькуляциялау туралы жеткілікті ақпарат алу, өндірілген өнімді бағалау, экономикалық шешімдерді қабылдау, жоспарлау, бақылау және реттеу мына шығын жіктеулерінің көмегімен болады:
1. Өндірілген өнімді калькуляциялау және бағалау үшін шығындарды топтастыру:
- негізгі – өндірістен технологиялық процесімен тікелей байланысты;
- үстеме – өндірісті ұйымдастыруда пайда болады;
- тікелей – өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей қосылады;
- жанама – жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына тікелей емес, жанама (шартты) бөлінеді;
- кірістік (болашақта табыс әкелетін ресурстарға ие болу және оның қолда бар болуы);
- біткен (шығынға кеткен материалдар).
- Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындарды топтастыру:
- өзгермелі – оның көлемі өндіріс көлеміне қарай үйлесімді өзгереді;
- тұрақты – өнім өндіру көлемінің өзгеруіне тәуелді емес;
- қайтарылмайтын – өткен кезеңнің шығыны мен табысы;
- міндеттік – ресурстар шектеулі болған жағдайда пайда болады және оны болашақта пайдалану мүмкіндігін сипаттайды;
- айыптық (өсетін) – қандай да бір өнім партиясын дайындауда қосымша пайда болады (өнім өндірісін жеделдету үшін сыйлықақы үшін төлеу);
- маржиналдық (шектеулі) – қосымша шығындар, бірақ есепте өнім бірлігіне келеді;
- релеванттық – тапсырыстардың сақталуы мен орындалуына байланысты.
- Шығындарды басқару мақсатына бақылау және реттеу процесін жүзеге асыру үшін шығындарды топтастыру:
- реттелетін;
- реттелмейтін;
- тиімді (өндірмелі);
- тиімсіз (өндірілмейтін);
- бақыланатын;
- бақыланбайтын.
1.2. Дайын өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі
Өндіріске кететін шығын есебіне 8110 «негізгі өндіріс», 8310 «қосалқы өндіріс», 8410 «үстеме шығындар» шоттары пайдаланылады.
| № р/с | Шаруашылық операциялардың мазмұны | Дебет | Кредит | Сома |
| Негізгі өндірістің шығын есебі | ||||
| 1 | Негізгі өндіріске материал босатылды | 8110 «материалдар» | 1310 «материалдар» | 52400 |
| 2 | Негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбекақы есептелді | 8112 «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы» | 3350 «еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» | 200000 |
| 3 | Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы қорынан аударым жүзеге асырылады | 8213 «Еңбекақыдан аударымдар» | 3150 «әлеуметтік салық» | 37800 |
| 4 | Негізгі өндіріс шығынына үстеме шығындар қосылды | 8114 «үстеме шығындар» | 8410 «үстеме шығындар» | 32700 |
| Үстеме шығындар есебі | ||||
| 5 | Материалдар бойынша | 8411 «материалдар» | 1310 «материалдар» | 263800 |
| 6 | Негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбекақы есептелді | 8412 «қызметкерлердің еңбекақысы» | 3350 «еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» | 150000 |
| 7 | Өндіріс жұмысшыларына еңбекақы қорынан аударым жүзеге асырылды | 8413 «еңбекақыдан аударымдар» | 3150 «әлеуметтік салық» | 28350 |
| 8 | Негізгі құралдың есебінен жөндеу шығыны | 8414 «негізгі құралдарды жөндеу» | 1310 «материалдар»,
3350 «еңбекақы бойынша |
76000 |
| 9 | Материалдық емес активтердің амортизациясы мен негізгі құралдардың тозуы есептеледі | 8415 «негізгі
құралдардың тозуы және |
2740 «материалдық
емес активтердің |
12300 |
| 10 | Коммуналық қызмет көрсету сомасына | 8416 «Коммуналдық қызметтер» | «төленуге тиісті шоттар» | 9360 |
| 11 | Жалдың (аренда) төлемақысы есептелді | 8417 «жалдың төлемақысы» | 3360 «жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек» | 32400 |
| 12 | Басқадай үстеме шығындар жүзеге асырылды | 8418 «басқадай үстеме шығындар» | әр түрлі | 27600 |
| 13 | Үстеме шығындардың өзіндік құны есептелді | 8410 «үстеме шығындар» | 8114-8313 «үстеме шығындар» | 599810 |
| Қосалқы өндірістің шығын есебі | ||||
| 14 | Материалдар босатылды | 8211 «материалдар» | 1310 «материалдар» | 300000 |
| 15 | Негізгі өндірістің жұмысшыларына еңбекақы есептелді | 8212 «өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы» | 3350 «еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» | 100000 |
| 16 | Өндіріс жұмысшыларының еңбекақы қорынан аударым жүзеге асырылды | 8213 «еңбекақыдан бөлінетін аударымдар» | 3150 «әлеуметтік салық» | 18900 |
| 17 | Үстеме шығындардың сомасына | 8214 «үстеме шығындар» | 8410 «үстеме шығындар» | 272810 |
| 18 | Қосалқы өндіріспен орындалған жұмыстың өзіндік құны есептелді | 8310 «қосалқы өндіріс» | 8311-8313 «қосалқы өндіріс» | 691710 |
| 19 | Негізгі өндіріс шығындарына қосалқы өндірістің қызметі (қызмет көрсетуі) қосылды | 8110 «негізгі өндіріс» | 8310 «қосалқы өндіріс» | 545855 |
| 20 | Тараптарға
қосалқы өндіріс орындаған |
7010 «сатылған өнімдердің (тауарлар, жұмыс, қызмет) өзіндік құны» | 8310 «қосалқы өндіріс» | 145855 |
1.3. Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Өнімнің өзіндік құны – бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.
Калькуляциялау – бұл барлық тауарлық өнімдердің де әрі бір бірліктің де өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқаруда маңызды орын алады, өйткені ішкі резервті дер уақытында ашуға мүмкіндік беріп, оны өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге жарамдылығын арттыруда пайдаланылады. Калькуляцияны өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және өнімнің (жұмыс, қызмет) нарықтағы сұранысын ескеретін негізгі бағасын белгілеуде пайдаланылады.
Калькуляцияда
субъект шығындары ақшалай
Калькуляцияның мына түрлері болуы мүмкін:
- жоспарлы – еңбек шығының, озық техника мен өндірістің және жұмыстың жақсы ұйымдастырылуын білдіретін өндіріс қаражатының озық (прогрессивті) нормасы негізінде жоспарланған кезеңге жасалады;
- есеп берушілік (нақты) калькуляция - өнімнің өзіндік құны кәсіпорынға тәуелді (өндіру, үнемдеу немесе жекелеген ресурстарды артық шығындау бойынша жоспарлы көрсеткіштердің асыра орындалуы немесе жекелеген ресурстарды артық шығындау бойынша жоспарлы көрсеткіштердің асыра орындалуы немесе кем орындалуы) және тәуелді болмайтын (материалдар құнын, амортизациялық аударымдардың нормасын, электр энергиясына, жылуға, газға, суға және т.б. тарифін өзгерту) себептер бойынша жоспардан ауытқуы мүмкін нақты шығындармен сипатталады;
- нормативті калькуляциялар – ағымдағы жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол шығын есебінің нормативті әдісін қолданатын және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялайтын кәсіпорында жасалады. Оның негізінде көбінесе қол жеткізген шығын деңгейін сипаттайтын ағымдағы әрекет ететін нормалар жатады. Нормативті калькуляция жоспарлымен салыстырғанда есептік кезеңдегі өнім өндіруге кететін шығын деңгейін әлдеқайда нақты көрсетеді;
- жобалық калькуляция – келешекке құрылған жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол күрделі салымның, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады;
- алдын ала жүргізілетін калькуляция – нақты шығын негізінде және он айда немесе төртінші тоқсандағы немесе басқа кезеңдегі болжалдық өнім өндіру мен шығын бойынша есеп айырысудың басқа кезеңінде алынатын нақты өнім (табыс) негізінде жасалады. Бұл калькуляцияның мәліметтері өнім өндірудің ағымдық жылдағы нәтижесін алдын ала анықтауда қолданылады. Мұндай калькуляциялар, негізінде, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында қолданылады.
Калькуляция
барысында шығын есебінің объектісін
және өнімнің өзіндік құнын
Шығын есебінің объектісі – кәсіпорын өндіріс шығын есебінің талдамалығын ұйымдастырудағы объект. Өнеркәсіптерде шығын есебінің объектісі мен калькуляциялау объектісі бір-біріне дәл келеді. Мысалы, тігін өндірісінде шығын есебінің объектісі мен калькуляциялау объектісіне бұйым (сырт және іш киімдер) жатады.
Калькуляциялау объектісі – кәсіпорын калькуляциялайтын өнім (жұмыс, қызмет) түрлері. Мысалға, ауыл шаруашылығында есеп және калькуляциялау объектілері бір-біріне дәл келмейді (мал шаруашылығы: шығын есебінің объектісі – ірі қара мал, ал калькуляциялану объектісі – сүт, төл, көң).
Кешенді өндірістерде біртұтас технологиялық процесте шикізаттың бір түрінен әр түрлі өнім өндіреді және өндірістің жалпы шығыны өз араларына бөліп таратылмайды. Бір өнім бірлігінің өзіндік құны мына әдістердің біреуімен анықталады.
Шығынды шығарып тастау әдісі – мұнда өнім өндірудің бір түрі негізгі, ал қалғаны ілеспе ретінде қарастырылып, жалпы өзіндік құннан жоспарлы өзіндік құн бойынша ілеспе өнімнің өзіндік құнын шығарып тастайды, ал алынған шама негізгі өнімнің өзіндік құны болып табылады.
Құрамдастырылған әдіс – негізгі және ілеспе өнімнің бірнеше түрін өндіретін өндірістік кешенде қолданылады. Шығарып тастау әдісі мен шығындарды бөлу элементтері ұштастырылады. Мұнда алғашқыдағы шығынның жалпы сомасынан ілеспе өнімнің құнын шығарып тастайды, ал шығынның қалған бөлігі белгіленген коэфиценттерге сәйкес негізгі өнімдерге бөлінеді.
Кезеңдер:
- кешенді шығынның жалпы сомасынан ілеспе өнімнің өзіндік құны шығарылады;
- шығынның қалған сомасынан нақты өнімге тікелей көшірілуі мүмкін оның бір бөлігі шығарылады;
- шығынның қалдығы белгіленген коэффиценттерге сәйкес өнімдерге бөлінеді;
- тиісті өнімдердің өзіндік құнының жалпы шамасы анықталады.
Шығын есебінің объектілері бойынша тапсырыстық калькуляцияның процестік әдісі бөліп көрсетіледі.
Тапсырыстық әдіс – технологиялық мақсаттарға арналған материалдар шығынын, өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысын және үстеме шығындарды нақты өнім шығарумен немесе қандай да бір қызметті орындаумен оңай ақтап алатын (немесе орнын толтыратын) өндірістерде қолданылады. Бұл әдіс, әдеттегіше, бір типті өндірістік ұйымдағы кәсіпорындарда, құрылыста, қызмет көрсету сласында қолданылады.