Өмір жолы мен шығармашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 17:29, реферат

Описание

Абай дәстүрін жалғастырушы қазақ халқының аса көрнекті ақыны, ойшыл ғалымы Шәкәрім Құдайбердиев 1858 жылы 24 шілдеде бұрынғы Семей уезіне қарасты Шыңғыстау болысының Кеңбұлақ деген жерінде дүниеге қелді. Әкесі Құдайберді Құнанбай баласы, ұлы ақын Абайдың ағасы, шешесі Қаракесек руынан шыққан Алдаберген есімді кісінің қызы. Аты – Төлебике. Ол өзінің қолының ашықтығымен, көпшілдігімен, қайырымдылығымен, дастарқанының молдығымен елдің ықылас ілтипатына бөленіп, кейін келе Дәметкен атанып кеткен мейірімді жан болатын.

Работа состоит из  1 файл

Шәкәрім Құдайбердіұлы(платный).doc

— 68.50 Кб (Скачать документ)

 

 

                         Тақырыбы:

 

«Шәкәрім Құдайбердіұлы»

 

 

 

 

 

 

                                                           Орындаған : Мэлсова Айзат 

                                                          Тексерген:  Байымбетова Р.

 

 

 

 

 

 

Шәкәрім Құдайбердіұлы

(1858-1931)

"Қазақтың өлеңінің пірі болған,

Халқының сөзін айтар ұлы болған.

Абайдың аманат қып беріп кеткен

Шәкәрім түсірмеген туын қолдан"

(С.Мәуленов)

          

Өмір жолы мен шығармашылығы  

 

Абай дәстүрін жалғастырушы қазақ халқының аса көрнекті ақыны, ойшыл ғалымы Шәкәрім Құдайбердиев 1858 жылы 24 шілдеде бұрынғы Семей уезіне қарасты Шыңғыстау болысының Кеңбұлақ деген жерінде дүниеге қелді. Әкесі Құдайберді Құнанбай баласы, ұлы ақын Абайдың ағасы, шешесі Қаракесек руынан шыққан Алдаберген есімді кісінің қызы. Аты – Төлебике. Ол өзінің қолының ашықтығымен, көпшілдігімен, қайырымдылығымен, дастарқанының молдығымен елдің ықылас ілтипатына бөленіп, кейін келе Дәметкен атанып кеткен мейірімді жан болатын. Шәкәрімнің ерекше ақылдылығы басқа балалардан өзгешелігі 4-5 жасынан-ақ байқалады. Әкесі оны бес жасында өз ауылындағы молдаға арабша оқуға береді. Аса зеректік танытып, ол көп кешікпей арабша, парсыша хат танып, кітап оқуға жарайды. Өйткені Құнанбай аулында араб, парсы тіліне жүйрік, шығыс әдебиетін жақсы білетін адамдар болған. Сондай-ақ, атасы Құнанбай жылда қант-шай, өрік-мейіз, мата әкелуге Ташкент қаласына керуен жібергенде араб, түрік, парсы, шағатай тілдерінде шығатын әдеби кітаптар мен лұғаттар алдырып отырған. Кейінен Құнанбай балалары осы әдеті бойынша Семейден де орыс, қазақ кітаптарын, газет-журналдар алдырып тұрған. 1866 жылы 37 жасында Құдайберді дүниеден қайтады. Ол кезде Шәкәрім 7 жаста еді. Сол күннен бастап, ол атасы Құнанбайдың қолында тәрбиеленеді. Ал, әкесінің інісі 20 жастағы Абай оның шын қамқоршысы болды. Ол Шәкәрімнің ерекше зеректігін, дарындылығын байқап, білімін тереңдету ісін тікелей өз қолына алады. Орысша жақсы сауаты бар Мүрсейіт Шәкәрімге орысша хат танытады. Ол кезде жер мәселесі жөнінен ауылға землемерлер көп шығады екен. Зерделі де алғыр бала соларға еріп жүріп, орысша жақсы сөйлейтін болады.

Шәкірімнің ойшыл, суреткер, ақын ретінде қалыптасуына біріншіден, қазақтың ежелден келе жатқан аса бай ауыз әдебиеті мұрасы өз ықпалын тигізгенін көреміз.

Ол туған халқының осынау бай рухани қазынасына жастайынан қанық болды. Эпостық аңыздарды сүйіп тыңдап, жаттап алды. Бейнелеу, жанды суреттеулерге назар аударып, кейін өз шығармаларында шебер пайдалана білді. Халық өлеңдері мен туындыларынан кейіннен үндестік тауып, тілдік қазыналар мен мақал-мәтелдер, жұмбақтарды, шешендік сөздерді, афоризмдерді орнымен қолданып отырды. Ол үлкен жиын-тойларда сал-серілер салған ән, тартқан күйлерді естіп, ақындар айтысын қызыға тыңдайды. Ауылдарына жиі келетін ертекші, қиссашыларды тыңдап, билер сөзіне ерекше ден қойып, көкейіне тоқи білді. Мұның бәрі оның білімге, ғылымға деген ынтасын арттыра түсті. Абай да үнемі қозғау салып, қазақша, орысша кітаптарды, хат оқуға, өлең шығаруға баулып тәрбиеледі. Арабша, парсыша лұғаттарға үңіліп, тани білді. Абайша еңбек етіп, өмір сүруді мақсат етіп қояды. Шәкәрімнің дүниетанымы, әдеби-музыкалық талғамы, эстетикалық қөзқарасы Абайдың әсерімен прогрестік бағытта дамып қалыптасады. Шәкәрім 14-15 жасынан бастап өлең шығара бастайды. 1859 жылы "Жастық" туралы өлеңін жаңа түр, формада Абайдың "Сегіз аяқ" үлгісінде шығарған. Зерделі суреткер айналасындағы өмір өзгерістерін жіті бақылап көре білген. Ол өнердің басқа түрлеріне де қызығып өз қабілетін таныта білген. Ерекше шешендік, тапқырлықпен талай шиеленіскен дауда билік айтып көзге түскен. Ою-өрнек сызып, тасқа бедер салған. Қашып бара жатқан түйені қуған қасқыр бейнесін тасқа қашып салған. Әдемі киім үлгісін ойлап тауып, жеңгелеріне киім пішіп берген. Домбыра, скрипка жасайтын шебер болған. Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы ұстап, аңшылық, саятшылық құрған. Мұның барлығы Шәкәрімнің жан-жақты дарын, қасиеттерін ашып, дәлелдей түсері хақ. 1899 жылы Абай Шәкәрімді шақырып алып жаңа бір бағытқа жол сілтейді: – "Сен жассың ел көр, жер көр, араб жеріне қажыға бар, сонан соң үлкен шығыс шаһарлары Медине, Мысыр, Стамбулды арала, ондағы дүние жүзіне белгілі кітапханаларға барып, ғылыммен таныс, жол қаражатыңды мен берейін", – дейді. Демек, ұлы Абай інісіне зор үміт артып, сенім білдіріп, келешегіне көрегендікпен қарай білгенін танытады. Шәкәрім, бұл ұзақ жолға бірнеше жыл дайындалады. Араб тілі лұғаттарын бірнеше рет қайта қараттырып, түрік, парсы тілдеріне де терең үңіліп ден қояды. Бауырларының қазасы, ұлы Абайдың дүниеден өтуі қаншама қиыншылықтар әкелгенімен, Абай ағасына берген уәдесінде тұрып, 1906 жылы қажыға барады. Медине, Мысыр, Стамбул қалаларындағы кітапханаларға барып көне қолжазбалармен танысады. Еуропалық философ ғалымдардың басылып шыққан ғылыми еңбектерін сатып алып, оларды Семей қаласында тұратын Әнуар Молдабаевтың үйіне почта арқылы салып жіберу, көшірмесін алу т.б. қыруар жұмыстар атқарып, елге 1907 жылы оралады. Бұл сапардың нәтижесінде оған бұдан былай тек шығармашылық пен ғылымның тұнығына терең бойлауға жол ашылады. Абай танып, оқып білген Шығыс ақындарымен Шәкәрім ерте танысып,  зерделей  білген.

Мысалы, "Жастық туралы" өлеңінде батырлар жырында  кездесетін теңеулерді өте әдемі  қолдана білген. Мұнда ақын: қыз сұлулығын "Гауһардай көзі, айдай жүзі", "Сымдай бойы" деп суреттей отырып, "Қыздың мінезі майдай, ақылы мол дариядай", – деп суреттейді. Демек, бұл жерде қанша сұлу болғанмен қыз бойындағы асыл қасиеттер оның мінезі мен ақылынан көрінсе керек деп ой тұжырымдайды. Басқалардан артықтығы осында жатқанын дәлелдейді. Ақын іздеген, армандаған қыз кімді болса да бей-жай қалдырмайтыны осындай болса керек. Шәкәрім сұлу қыздың бейнесін жасауда аспандағы күн, ай, жұлдыз шоғырын толық қатыстырып, жандандыра, қозғалыста жырлайды. Сұлу қызбен бетпе-бет келгенде ажарына шыдамай күн де батып кетеді. Бұл сұлулықты сезіну, оның рахатына бөлену Ай мен жұлдызға бұйырады. Аңыздағыдай тамаша теңеу, суреттер, ғажайып көрініс оқырманды ерекше бір шынайы сезімге бөлейді. "Ақыл құсы адаспай аспандаса",  деп философиялық ой түйіндеп, сезім отына өртенбей аман қалуды меңзейді.

Шәкәрім өзі  өмір сүрген кездің, қазақ қоғамының әлеуметтік экономикалық дамуын, өсу дәрежесін, кемшіліктерін т.б. жан-жақты саралап жете түсіне білген. Өз халқының болашағы үшін жанын ауыртып, тұйықтан шығар жол іздеумен болған. Келешек жастарға үлкен үмітпен қарап, сенім білдірген.

 

Шәкәрім сазгер

 

Шәкәрім Құдайбердиев – әдеби мұраларынан басқа артына көптеген әндер қалдырған композитор. Баласы Ахат Құдайбердиев әкесінің он төрт әнін 1966 магнитофон лентасына жаздырады. Шәкәрім әндерінің мән-мағынасы терең, формасы өзгеше, өлең-құрылысы күрделі болып келеді. Этнограф Садық Қасиманов өз естелігінде: "Мені аса таң қалдырған нәрсе Шәкәрімнің өлеңі мен өлеңдеріне шығарған өз әндері болатын. Ол кезде Шәкәрімнің өлеңдерін жатқа білмейтін адамдар тобықты елінде кемде-кем. Шәкәрім әндерін тамаша орындаушылар Әбдіғали Алдажаров, Рақымжан Мамырқазов, Есбай Бекхожин, Зұлғарыш Әзімбаев, Жебрайыл Тұрағүлов, Әлмағамбет деген өнерпаз адамдар болды. Мен олардың орындауында Шәкәрім әндерін тыңдадым. Оны4 үш ішекті домбырада ойнағанын көрдім. Ол өз әнін орындаушыға: "Домбыраны шерткенде асықпа, жылдамдатып ұра салма, тақтайды бет алды тарсылдата берме, ән әуеніне қарай саусақтар да кербез, әсем қимылдауы керек", – деп т.б. ескертулер жасап отырды. Демек, Шәкәрімнің өте талғампаз, адам жанымен сырласа білетін ақын, қомпозитор екенін көреміз. Шәкәрімнің "Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-Кебек", Ләйлі-Мәжнүн" (Физулиден), "Дубровский" (А.С.Пушкиннен) қиссаларын ақын, жыршылар бүкіл қазақ, қырғыз, қарақалпақ жеріне таратады. Бұл поэмалар батырлар жырының дәстүрлі әуендерімен айтылған, ал кейбір ақын-жыршылар өздері шығарған әуенмен де орындаған. Қабыш Керімқұлов (Семей обл. Абай ауд.) – Шәкәрімнің әндерін өзінен үйренген, ол Рахымбай Батанов ақынның аулында қойшы болған, ол ақынның қиссаларын жақсы орындаған. Семейде Шәкәрім қалаға барғанда түсетін үйдің иесі Кәшти атты әйел оның "Жастық" әнін өте шебер орындап, аты елге мәлім болған. Бүгінде Шәкәрім әндерін Қазақ Республикасына еңбегі сіңген артист Келденбай Өлмесеков (Семей қаласы) ерекше орындауымен халыққа танылуда. 

 


Информация о работе Өмір жолы мен шығармашылығы