Жұмыссыздық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:14, курсовая работа

Описание

Зерттеудің құрылымы. «Тұрғындарды жұмыспен қамту теориясы», «Қазақсатан Республикасындағы жұмыссыздықтың мәселелері» атты курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Еңбек нарығының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен камтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси экономикалық және әлеуметтік катынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе - теңдік үлесімділігіне жету.

Содержание

Кіріспе
I. Тұрғындарды жұмыспен қамту теориясы
1.1. Жүмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
1.2. Жұмыссыздықтың пайда болу теориялары мен түрлері және оның себептері
1.3. Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары
II. Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық категория ретінде
2.1. Жұмыссыздық деңгейін бағалау
2.2. Кедейшілік пен жұмыссыздық себептері
2.3. Жұмыссыздықтың әлеуметтік зардаптары
III. Жұмыссыздырды жұмыспен қамту саясаты
3.1. Қазақстандағы жұмыссыздық пен кедейшілікті жою мәселесі
3.2. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Жұмыссыздық курс жұмыс.doc

— 313.50 Кб (Скачать документ)

Осыған байланысты әрбір  ауылдық округ бойынша халықтың ең төмен қамтылған жіктерін тыянақтау, осы отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек, материалдық жәрдем ақылар тағайындау, қайырымдылық акциялар ұйымдастыру жүргізілуде.

Жұмыссыз және кедей  отбасыларына материалдық көмек  көрсетудің бір түрі – арқылы қоғамды  жұмыстарға уақытша орналастыру  болып табылады.

Сондықтан ауданда осы  жылдың басына 430 кедей отбасы, 1700 жұмыссыз адам есепке алынды. Халықтың ең аз қамтылған  жігіне көмек көрсету жөніндегі  арнайы комиссияның шешімімен өткен  жылы 2984отбасы бюджеттен 9 милионнан  астам  теңгенің түрлі жәрдем ақылары тағайындалып берілген. Соның ішінде 1974 отбасыға 76862200 теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілген.

Аудандық жұмыспен қамту  мүмкіндігіне қарап жұмыс іздеушілерді тұрақты жұмыстарға орналастыру  мақсатында жаңадан ашылатын босаған  жұмыс орындарына орналастырумен айналысып келді.

«Кедейшілікпен, жұмыссыздықпен күресті күшейту туралы» шараларына сәйкес әрбір ауылдық округтегі  жұмыссыз кедей отбасыларындағы  еңбекке жарамды адамдардың қатынасымен  мал терісін, жүнді жөндеу цехтарын ашу, дәрілік шөптерді жинау, мия тамырларын қазып өткізу, адамдарға үйлерінен қызмет көрсету, ауылдарымызды тазарту, көркейту жұмыстарын жолға қою көзделуде.

Қазіргі таңда Қазақстанда  жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Біздің елде еңбек ресурстары 1992 жылы 9,4 миллион адамға жетті, немесе халықтың жалпы санының ( 17 миллион адам) 55процентін құрайды. Халық шаруашылығы қызметінің барлық салаларында 7,4 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяу немесе 81 проценті экономиканың мемлекеттік секторына жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорынның әлі де басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасу өте баяу жүріп жатқандығын әкімшілік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарын терең дағдарысын көрсетіп отыр.

Еңбекпен толық қамту  дегеніміз, ол халық шаруашылығ көлемінде  еңбекке деген қабілетті бар  халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз  – қоғамдық қажеттіліктерді минималды  еңбек шығындарымен қанағаттандыру.

Осы уақытқа дейін, біздің елде жұмыссыздық жоқ және бұны өз ұлы жетістік деп есептелді. 1991 жылы еңбекпен қамту қызметімен жұмыс іздеп жүрген 185 мың адам өтініші білдіріп оны 75 мың еңбек биржасын арқылы жұмысқа орналастыру. Сол жылы бірінші 4 мың адам жұмысыз деп тіркелді, оның 75 проценті әйелдер болды. Ал 1992 жылы ресми түрде, 70,5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді. Олардың 54 проценті жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алады. Жұмыссыздықтың 80 процесіне дейінгісі әйелдер, ал олардың жартысына жуығы 29 жасқа дейінгі жастар. Әр бір жұмыссыздық бесеу – жоғары білімді, әр бір орта – кәсіптік маман әр бір үшеуі жалпыға бірдей орта білімді.

Болжаммен үстіміздегі  жылдан аяғында қарай, Қазақстанда  тіркелген жұмыссыздықтардың саны 250 – 500мың адам болуы мүмкін деп  күтілуде. Сондықтан мемлекет, дүние жүзінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып бұл процесті реттеуді үйрену қажет. Жұмыссыздықтан әлеуметтік және саяси өткерілген азайту үшін соңғы 30 жыл бойына нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері жұмыссыздарға жәрдем берудің әр трлі жүйелерін қолдануда. Осылармен бірге мемлекет қайта мамандандыру, жаңа жұмыс орындарының құру және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат шаралардың жүзеге асыру қажет.

Жұмыссыздыққа берілетін  жәрдем ақшаның  мөлшері мен оның төлеу мерзімі: АҚШ – та 26 – 34 апта бойына жалақын 50 процентін кейбір штаттарда 47 аптаға дейін; ( Жапонияда – жұмыссыздық жасына және басқа көрсеткіштеріне қарай 3-12 ай басына жалақыны 60 – 80 процентін; Францияда – 1 -2,5 жыл бойына жалақыны 42 процентін, оған қосымша күніне 40 франк жәрдем – ақша; Ұлыбританияда – 52 апта бойына 28,5 фунд стерлинг кұрады. Жұмыс істейтіндердің еңбек ақысына ұстап қалу есебіне арнаулы қорлар құру арқылы да жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақша беріледі.

Қазақстан Республикасының «Халықтың  жұмыспен қамту туралы» заңына сәйкес, жұмыстан босап қалып жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға, бұрынғы жұмыс орындаған негізі жалақысының 50проценттен кем емес мөлшердегі, бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өмір сүру минимумімен төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік беріледі.

Осылармен бірге мемлекет жұмыс күшінің ұсынымен азайту үшін имиграцияның ( шетел азаматтардың келуі ) шектеу, шетел жұмысшыларының репатриясын ( отанына қайту) ынталандыру, жұмыс аптасын ұзақтығын қысқарту, жұмыс орын бөлу және мерзімнен бұрын құрметті демалысқа шығару сияқты жұмыспен қамту саясаттың жүргізіді. Мемлекет қосымша жұмыс орындарын жасау үшін  қаржы бөлу бағдарламасын жүзеге асырады, сөйтіп жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен, бірінші кезде жастар мен үнемі жұмыссыз болатындарға жәрдем көрсетеді.

Нарық қатынастары дамыған  көп елдерде еңбек нарығы әр түрлі  топтағы адамдарды, әсіресе жастарды жұмыспен қамтудың жеке шараларын жүзеге асырады. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып іске асырылады. Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді, және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет толық өз мойнына алады.

Еңбек нарығы бойынша  күрделі және жетілмеген нарық түрі болып табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатындар, әдетте, олардың еңбегіне деген сұраннмнан хабар бола бермейді, олар тіпті өздерінің қала шеңберіндегі бос жұмыс орын туралы да білмеуі мүмкін. Ал басқа аймақтардағы жұмыс орны туралы одан да аз біледі.         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                Қорытынды

 

Жұмыс күші - адамның табиғи және ой кабілеттілігінің жиынтығы, оның еңбекке деген қабілеттілігі. Нарықтық қатынастар жағдайында «еңбекке қабілеттілігі» жұмыс күшін тауарға айналдырады.

Мемлекеттің міндеті – жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейінің табиғи деңгейден асып кетпеуін бақылау болып табылады.

Қазіргі заманғы жұмыссыздықтың сипатына бірнеше факторлар ықпал  етеді:

  1. Ғылыми – техникалық проегресс;
  2. Экономикадағы құрылымдық және аймақтық ілгері басушылық;
  3. Сыртқы эконмикалық бәсекелістіктің құрт күшеюі.

Мұндай жағдайлар еңбек  нарығын мынаған міндеттендіреді:

  1. өте жоғары жинақылыққа жетуге;
  2. үлкен икемділікке барып, қазіргі заманғы жағдайларға сай өте жақсы бейімділік танытуға;
  3. еңбекақы ставкаларын дараландыру.

Еңбек нарығында барынша  қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол енбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Сонымен, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі.

Нарықтық жағдайда кәсіпорындарда еңбек ресурстарына деген көзқарастар  өзгереді. Жұмыскер өндіріс процесінде бір ғана факторына емес, ал кәсіпорын басшылығы тарапынан түпкілікті камқорлықтың мақсаты мен көзіне айналып отыр.

Әрбір кәсіпорында кадр саясатының бағдарламасы болғаны жөн. Оның негізгі бағыттары мыналарды  камту қажет: жұмыс күшінің саны және кәсіпқой     біліктілік  жағынан     қажеттілікті  анықтау;  нысандарды тарту, кадрларды пайдалануды жақсарту жөнінде шаралар әзірлеу.

Егер де бұрын кәсіпорындарда кадрларды іріктеу, орналастыру және

еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға қамқорлық жасалынған болса, ал қазіргі кезде аса маңызды  әлеуметтік проблема ең алдымен түрлі  себептермен босап қалғандарды жұмысқа орналастыру.

Сонымен, жұмыссыздық, халықты  жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі.

Нарықтық жағдайда кәсіпорындарда еңбек ресурстарына деген көзқарастар  өзгереді. Жұмыскер өндіріс процесінде бір ғана факторына емес, ал кәсіпорын басшылығы тарапынан түпкілікті камқорлықтың мақсаты мен көзіне айналып отыр.

Қорыта  айтқанда, Республикамызда еңбек нарығын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай. Оның мәні рентабельділігі төмен кәсіпорындардың бағытын өзгерту немесе мүлде тарату, нарықтық жағдайға байланысты өндірісті қысқарту, сұраныстың кемуі, өндірістердің салалық құрылымының өзгеруі және басқа да әлеуметтік - экономикалық процестер салдарынан халыктың еңбекке жарамды бөлігінің жұмыспен камтамасыз етілмей отырғаны белгілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Бердалиев К.Б «Қазақстан  экономикасын басқару негіздері», Алматы -2001.

2. Бейсенова М., Садықбекова  А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2002.

3. Жатқанбаев Е.Б. «Аралас  экономика негіздері», Алматы - 2000.

4.  Жүнісов Б, МәмбетовҮ, Байжомартов Ү. «Нарыктық экономика негіздері»    / Алматы «Экономика»-2000ж /

5. Ихданов Ж.О., Орманбеков  Ә.О «Экономиканы мемлекеттік  реттеудін өзекті мәселелері»,   Алматы - 2002.

6. Куликов А. «Экономикалық  теория негіздері», Алматы - 1997.

7. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева  З.Н. «Қаржылық есеп», Алматы - 2001.

8. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов  Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы -   2003.

9. Радостовец В.К., Шмидт  О.Т. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік  есеп», Алматы -2003.

10.  Райханов Н. «Қазастанның  экономикалық реформа жолы өзінше» / Ақиқат -1996ж/

11. Тасмағанбетов Т.А.  «Бизнестегі есеп пен талдау»,  Алматы-2002. 12.Тасмағанбетов Т.А, Омаров  А.Ш., Әлібекова Б.А. «Қаржы есебі»,

Алматы-2000.





Информация о работе Жұмыссыздық