Жұмыссыздық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:14, курсовая работа

Описание

Зерттеудің құрылымы. «Тұрғындарды жұмыспен қамту теориясы», «Қазақсатан Республикасындағы жұмыссыздықтың мәселелері» атты курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Еңбек нарығының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен камтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси экономикалық және әлеуметтік катынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе - теңдік үлесімділігіне жету.

Содержание

Кіріспе
I. Тұрғындарды жұмыспен қамту теориясы
1.1. Жүмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
1.2. Жұмыссыздықтың пайда болу теориялары мен түрлері және оның себептері
1.3. Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары
II. Жұмыссыздық әлеуметтік-экономикалық категория ретінде
2.1. Жұмыссыздық деңгейін бағалау
2.2. Кедейшілік пен жұмыссыздық себептері
2.3. Жұмыссыздықтың әлеуметтік зардаптары
III. Жұмыссыздырды жұмыспен қамту саясаты
3.1. Қазақстандағы жұмыссыздық пен кедейшілікті жою мәселесі
3.2. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Жұмыссыздық курс жұмыс.doc

— 313.50 Кб (Скачать документ)

Қазіргі жағдайда «монетарлық  теория» өзі туралы барынша айқын  көрсете білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процессін реттеуге болады. Олардың    ойынша,    түзу    инфляция    өндірісті     ынталандырады    және жұмыссыздықты  басады.   Мысалы,   жаңа  зеландиялық  экономист  Олбен Филлипс (1914 ж.)    осы тәуелділікті математикалық    тілде қисық түрінде көрсетіп,   кейінірек     ал  «Филлипс   қисығы»     аталды      (1 суретте көрсетілген).

 

Сурет 1. Филлипс қисығы

К. Маркс қорлану теориясын жасады. Осы теорияға сәйкес капиталдың қорлану процесінде, яғни қосымша құнының капиталға айналуында (қосымша ғимараттар, алып құрылыстар, машиналар, жабдықтар және өндіріс көлемін ұлғайту үшін қажетті қосымша жұмысшыларды сатып алу), капиталдың техникалық және құндық (органикалық) құрылымында өзгерістер болады. Бұның өзі қосымша құннын еңбек құрал - саймандарын көбірек алуға үлесі артады, ол қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді. Осының салдарын жұмыс күшіннің бір бөлігі артырақ болып, өндіріс саласынан ығыстырылып шығарады.

«... жұмысшы халық капитал қорларын өндіре отырып, - деп жазды К. Маркс,  - құрал - жабдықтар өндіруді үдеуші мөлшерде көбейтеді, сөйтіп оны салыстырмалы артық адамдар етіп жасайды».

Капиталдың органикалық құрылымы - бұл капиталдың техникалык құрылымының құндық байқалуы. Қоғамдық өндірістің дамуына қарай капиталдың органикалық құрылымы барынша арта түседі яғни тұрақты капитал үлесі артады және өзгермелі капитал үлесі азаяды.

 

 

1.2. Жалпы жұмыссыздықтың пайда болу теориялары

 

      Жалпы жұмыссыздық термині бірінші рет 1911 жылы Ұлыбритания энциклопедиясында 1915 жылы АҚШ-тың Минтруд әдебиетінде қолданған. Қазіргі кезде жұмыссыздық дүние жүзінің барлық елдерінде әр түрлі формада, көлемде, ұзақтықта қатысуда.

Елдегі еңбекке жарамды халықтың қоғамдық өндірісте тұрақты қатысуы, ол әр бір елдің сақтандыруды қамсыздандыруы ең негізгі факторларының бірі болып табылады.

      Әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық бағдарға ауысуы көптеген жұмысшылардың жұмысынан айырылуына әкеп соғады. Рыноктік қатынастардың дамуы кәсіпкершіліктің қаупі өндірстік сферадан еңбек, жұмысбастылықтан туындайды. Яғни рынокке ауысудан жұмыссыздықтың, мәні – объективтік процесс, ал басқа жағынан – қоғам, ол жұмыссыздық табиғи деңгейін сақтандырудың ұйғарымды шегін талап етеді. Оның осы қоғамдық шектен шығуы өткір проблема тұғызады.

      Жалпы жұмыссыздықты түсіндіруді бүгінгі кезде “қарабайыр” деп атауға болады: бұған еңбектегі баға мен еңбекке ұсыныстың өзара қарым-қатынасы деп айтуға болады. Жалақының төмендеуі еңбекке деген сұранысқа жағдай жасайды және де осыдан жұмысбастылық; жалақы өсімі еңбекке деген ұсынысты көбейтеді, бірақ сұраныс өсімін тоқтатады. Жұмыссыздықтың себептерін талдауды көптеген экономикалық мектептер береді. Ең алғаш жұмыссыздықты түсіндіру туралы ағылшын экономисті Т. Мальтустың “Халықтың өсу тәжірибесі” еңбегінде көрсетілген. Мальтустың айтуы бойынша жұмыссыздық демографиялық себептерге әкеліп соғады, соның нәтижесінде халықтың өсуі қарқыны өндірістің өсу қарқынынан асып түседі.

Ал Марксистік әдебиетте  Мальтустың теориясын “тұрпайы”  және дәрменсіздік деп қарап тұрақты  дәстүр қалыптасқан. Мұнда айтылады: “жұмыссыздықтың түп негізін  өзінен іздеу емес, оны дәл экономикалық шаруашылық жүйеден іздеу керек” дейді.

      Жалпы К.Маркс жұмыссыздықты өзінің “Капитал” еңбегінде зерттеп қарастырған. Ол айтып кеткен, техникалық өрлеумен өндіріс жабдықтарының көлемі мен бағасы өседі, жан басына шаққанда 1 жұмысшыға. Бұл жағдай Марксті сенгіздіреді, экономикалық өркендеу капиталды жинақтау қарқынынан еңбекке деген сұранысқа әкеп соғады, осыдан келіп жұмыссыздық себептері көрінеді. Бұл трактовка байланыссыз болып есептеледі, егер жұмысшы күшіне сұраныс өссе, онда жұмыссыздық жойылады, немесе ең болмаса қысқарады, капитал жинақтаудан одан әрмен жоғары қарқынмен (нақтаудан одан әрмен) болады.

      Бұл жұмыссыздықтың түсіндіруін толық деп санауға болмайды. Маркс және де басқа себептеріне болжам жасады.

     Нарықтық шаруашылықтың дамуы, оны өркендеген рыноктік шаруашылықтың серігі жасайды.

Экономикалық циклдің  дамуынан жұмыссыздықты тұжырымдау Маркстен кейін экономикалық теорияда тұрақты дәстүр болып қалыптасты. Егер, экономика циклдік дамыса, өсу мен кему шаруашылық дамуымен келіссе, бұдан жұмысшы күшін босату және өндірісті тоқтату деп тұжырымдайды, жұмыссыздық армиясы көбейеді.

 

Жұмыссыздықтың түрлері және оның себептері

 

      Ағылшын экономисті А.Пигу “Жұмыссыздық теориясында” мынадай тезис дәлелдеді, - “еңбек рыногында бәсекелестік жүреді ”. Бұл, еңбекке бағаның көтерелуін әкеп соғады. Сондықтан көптеген экономистердің айтуы бойынша кәсіпкерлер жоғары көлемді жалақыны білікті маманға төлеу, егер сол маман өнімнің шығару құнын көбейтсе, соның есебінен еңбекке жоғары өнімділігі нәтижесінде кәсіпкерлердің жұмысшы персоналын қысқартуға мүмкіндігі болады. Бұл дәрежеде мынадай принцип жүреді:

“Ыңғайлысы, 1 жұмысшы  ұстап, оған жақсы жалақы беру, 5-6 адамға төмен жалақы беруге қарағанда. Пигу өз кітабында көп жақсы, нақты  өз ойын былай деп қарастырған: “Жалпы ақшалай жалақының қысқаруы жұмысбастылық жағдай жасай алады. Мұндай трактовканы дәлелсіз деп қарастырамыз, ол жалақысы аз жұмысшылардың жұмыссыздық армиясына қосылуы”, “толуы” дегенді растайды.

       Тұрпайы саяси экономика жұмыссыздықты теңдік жағдайынан “кездейсоқ” ауытқу деп қарастырады. Алайда, капитализм тарихындағы аса күйзелісті болған 30-жылдардағы дағдарыс тұғызған шым-шытырық оқиғалардың ықпалымен ағылшын экономисі Д.Кейнс капитализм тұсында жұмыссыздықтың лажсыз сипатта болғанын мойындайды. Жұмыссыздықтың болуын ол өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен байланыстырады. Бұл ретте Д.Кейнс өндірістің объективті заңдылықтары мен қайшылықтарын елемей, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың психологиялық мінез-құлық дәлелдеріне, жиынтық сұранымды мемлекеттің ынталандыруы арқылы “жұмыспен толық” қамтамасыз етуге болатындығын айтады.

        Кейнстің ізбасарлары оның концепциясының түрлі жақтарын соның ішінде жұмыссыздыққа және оның бағасының серпінділігімен өзара байланысына қатысты жақтарын дамытып, толықтыра түседі. Бір жағынан, нақты жалақы мен баға дәрежесінің өзгеруі және екінші жағынан, жұмыссыздықтың абсолютті көлемі арасындағы олар (арасындағы) анықтаған кері тәулділік “сұранымның молшылығы” жөніндегі Кейнстің теориясының рухында түсіндіріледі.

      Экономикалық сілкіністер, шиеленіскен экономикалық құрылымдық дағдарыстар, кейнсшілдік түсініктерге қарамастан жаппай жұмыссыздықпен ұштасатын, бақылауға келмейтін созылмалы инфляция кейнстің теориялық негізі ретінде пайдаланған мемлекеттік монополистік реттеу практикасының да негізсіз екенін ашып көрсетті.

       Қазіргі неоконсерватизмнің жақтаушылары жаппай жұмыссыздықтың негізінде нарықтық бәсекеден тыс факторлардың әсерінен болатын жалақының қатаң жүйесін жояды. Жұмыссыздық өз еркімен де болуы мүмкін, жұмыс орны болса да жұмысшыға жалақы деңгейі ұнамайды, немесе еңбек сипаты көңілдегідей емес (ауыр, қызықты емес), еңбектің маңыздылығы, қызығушылығы төмен. Амалсыздан, болатын жұмыссыздық жалақы белгілеудегі нарықтық тепе-теңдіктің сатысын белгілеумен байланысты, мұнда жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсыныстың арасында алшақтық болады.

        Сонымен,  жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.

Жұмыссыздықтың түрлері  олардың пайда болу себептеріне  қарай өзгешеленеді:

  • Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады.
  • Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми – техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады.
  • Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.

Жұмыс күші құрамындағы  жұмыссыздық коэффицентінің қобалжуын  әр түрлі топтар бойынша жалпы  коеффицент немесе  u  жұмыссыздық  дәрежесі, және    жұмыссыздық коцеффицент арасындағы қатынастарды пайдалана отырып, жұмыс күші құрамындағы топтар бойынша зерттеуге болады. Жалпы коеффицент жұмыссыздықтың топтардағы орташа өлшемді коеффиценті болады:

 мұндағы  салмағы – бұл нақты топқа тиісті азаматтық жұмыс күшінің үлесі.

Теңестірудің көрсетуі бойынша, жұмыссыздықтың жалпы коеффиценті  негізінен жұмыс күші құрамындағы  әр түрлі топтарда тең келетін  жұмыссыздық коэффиценттерінен  құралуы немесе жасы, нәсілі және жынысы бойынша ерекшеленген топтар арасындағы жұмыссыздық коэффиценттерінде күрделі айырмашылықтарды жасауы мүмкін болып  табылады/1/.

Жұмыссыздықты тудыратын  экономикалық себеп бойынша жұмыссыздықты үш түрге бөлуге болады:

  • фрикциондық жұмыссыздық қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысқанда болады;
  • құрылымдық жұмыссыздық экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы өзгерістер болуынан туады: нәтижесінде қызметкер мен жұмыс орын арасында біліктілік деңгейі және маман түрі бойынша сәйкессіздік пайда болады;
  • циклдік не сұраныс тапшы жұмыссыздық түрі тұтас сұраныс жеткіліксіз жағдайында туады;

 Құрылымдық  жұмыссыздық дегеніміз – бұл экономика толық жұмылды-рылған деңгейде болатын жұмыссыздық болып табылады. Құрылымдық немесе фрикциондық жұмыссыздық еңбек базары құрылымынан туындайды, яғни экономикадағы жұмыс орындары сипаттамасымен, жұмысшылар мен фирмалардың мінез-құлқына ықпал ететін жұмыссыздыққа көмек сияқты әлеуметтік дәстүрлер және еңбек базары институттарынан туындайды.

Экономистер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен  сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады.

      Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқұ курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып келеді, сондықтан да ол қауіпті болып келеді/1,63 б/.

Құрылымдық жұмыссыздық  дәрежесі жалпылама жұмыссыздық  дәрежесімен бірдей болады.

Циклдық жұмыссыздық  дегеніміз– бұл құрылымдық жұмыссыздықты басып озатын жұмыссыздық болып табылады. Яғни ол келесі түлек толық жұмылдырылған түлек дәрежесінен төмен болған жағдайда пайда болады/4,536 б./.

Циклдік жұмыссыздық  жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде “сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық”деп атайды/1,64б/.

      Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіп- орынмен ресми түрде үзбеген (осы себепті жқмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн,апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп атайды/2,148б/.

Фрикциондық жұмыссыздық - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтамыз.

Құрылымдық және фрикциондық (экономикалық) жұмыссыздықтар оның “табиғи” деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдің факторлар  жұмыссыздықты “табиғи” деңгейден жоғарылатады.

      Егер, жұмысбастылық толық болған жағдайда жұмыссыздық деңгейі “Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп айтылады.Және тағы бір жұмыссыздық түрі бір нақты аумақта жұмысшы күшінің сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік нәтижесінде туындайды. Ол тең емес экономикалық аумақтың дамуына ықпал етіп қалыптасады, және де демографиялық, тарихтық, мәдениеттік тағы басқа да өзгеше факторлар әсер етеді.

Информация о работе Жұмыссыздық