Жастар ортасындағы лидерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 14:30, курсовая работа

Описание

Зерттеудің мақсаты: жастар арасындағы лидерлікті жалпы лидерліктен бөліп, ерекшеліктерін айқындау
Зерттеу міндеттері:
- Лидерлік, лидер феномендеріне анықтама беру;
- Лидерліктік қасиеттерді зерттеу;
- Лидерліктің функцияларын қарастыру;
- Лидерліктің стильдерін қарастыру;
- Лидерліктің деңгейлерін зерттеу;
- Лидерліктің пайда болу теорияларын қарастыру;
- Лидерліктің гендерлік ерекшеліктерін зерттеу;
- Жастардың арасындағы лидерліктің ерекшіліктерін зерттеу;
- Лидерлікті анықтау жолдарын қарастыру;
- Лидерлік қасиетті дамыту жолдарын көрсету.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………..........3
І бөлім Лидерлік қасиеттің жалпы сипаттамасы.................................5
1.1 Әлеуметтік психологиядағы лидер, лидерлік туралы негізгі түсініктер...5
1.2 Лидерліктің пайда болуы туралы негізгі теориялар.....................................7
1.3 Лидердің атқаратын функциялары.............................................................8
1.4 Лидерлік пен басшылық стильдері.................................................................9
1.5 Лидердің өзін-өзі бағалауы мен «Мен» концепциясы.................................10
1.6 Лидерліктің гендерлік ерекшеліктері.........................................................11
ІІ бөлім. Жастар ортасындағы лидерлік..................................................12
2.1 Жастар ортасындағы лидерлердің психологиялық сипаттамасы. ………12
2.2 Жастар арасындағы лидер мен ересек лидердің айырмашылығы…….14
2.3 Бейресми жастар топ лидерінің топ мүшелерімен қарым-қатынасы……17
2.4 Топтың лидерді қабылдауы................................................................. 18
2.5 Лидерлерді анықтау тәсілдері………………………………………………18
2.6 Лидерліктің пирамида пішінді даму үлгісі………………………………19
2.7 Лидерлікті дамыту………………………………………………………21
Қорытынды…………………………………………………................24
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………25
Қосымшалар........................................................................................26

Работа состоит из  1 файл

Каирбекова Г..docx

— 79.60 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім  және Ғылым Министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия Ұлттық Университеті

 

Әлеуметтік ғылымдар факультеті

«Психология» кафедрасы

 

 

 


 

 

 

Тақырыбы: «Жастар ортасындағы лидерлік»

 

«Жастармен әлеуметтік жұмыс»  пәні бойынша

 

 

 

 

 

Орындаған:

5B050900-мамандығы,ӘЖ-21 тобы  студенті

Каирбекова Г.Е.

 

Ғылыми жетекші:

Аға оқытушы Досмурзаева  Д.О.

 

 

 

 

Астана 2012

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………..........3

І бөлім Лидерлік қасиеттің жалпы сипаттамасы.................................5

    1. Әлеуметтік психологиядағы лидер, лидерлік туралы негізгі түсініктер...5
    2. Лидерліктің пайда болуы туралы негізгі теориялар.....................................7
    3. Лидердің атқаратын функциялары.............................................................8
    4. Лидерлік пен басшылық стильдері.................................................................9
    5. Лидердің өзін-өзі бағалауы мен «Мен» концепциясы.................................10
    6. Лидерліктің гендерлік ерекшеліктері.........................................................11

ІІ бөлім. Жастар ортасындағы лидерлік..................................................12

2.1  Жастар ортасындағы лидерлердің психологиялық сипаттамасы. ………12

2.2  Жастар арасындағы лидер мен ересек лидердің айырмашылығы…….14

2.3 Бейресми жастар топ лидерінің топ мүшелерімен қарым-қатынасы……17

2.4 Топтың лидерді қабылдауы................................................................. 18

2.5 Лидерлерді анықтау тәсілдері………………………………………………18

2.6 Лидерліктің пирамида пішінді даму үлгісі………………………………19

2.7 Лидерлікті дамыту………………………………………………………21

Қорытынды…………………………………………………................24

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………25

Қосымшалар........................................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бүгінгі таңда жастар арасындағы өзекті тақырыптардың бірі - лидерлік. Біздің жастар арасынан шыққан көшбасшылар - мыңдаған адамдардың жүрегінде намыс  алауын лапылдатқан ұл-қыздарымыз қаншама, бесіктен белі жаңа шыққан, үйлерінде  өнегелі тәрбие алған, өзгелерге  еліктеу нысаны болған жастарымыз әр-уақытта  да жеріміз, еліміз, жұртым деп алға талпынып, есімдері тарихта мәңгі  сақталған. Қазір де белсенділік  танытатын жастарымыз мектепте, жоғары оқу орындарында, жұмыста, қоғамда, саясатта өздерін көрсетеді. Сонда  лидер болу тек белгілі бір  адамдардың қолынан келеді ме, немесе лидерлік генмен берілетін қасиет пе деген сұрақ туады.

Жалпы лидерлік дегеніміз  не деген сұраққа жауап берейік. Лидерлік дегеніміз топтағы табиғи әлеуметтік-психологиялық процесс. Жеке тұлға беделінің топ мүшелерінің  мінез-құлқына әсер етуі. Лидер тек  қана ізбасарларын бағыттап отырмайды, сонымен қатар оларды артынан  еріткісі келеді, ал ізбасарлары тек  қана лидердың айтқанымен жүрмей, оның артынан ергісі келеді. Ал лидер  деген (ағ.leader – жетекші, алғашқы, алдынғы) – белгілі бір топтағы беделі жоғары, өзгелерге әсер ету мүмкіндігі бар, басқарушы тұлға. Лидер адамдарды артынан ерту үшін, өзгелерге әсер ету үшін, өнеге болу үшін белгілі тұлғалық қасиеттер жиынтығына ие болуы керек. Психологтар, әлеуметтанушылар 19шы ғасырдан бастап лидерлік тақырыбына зер салып, лидер болу үшін қандай қасиеттер керек, лидерлікті қалай дамытуға болады, лидерлерді қалай анықтаймыз деген сұрақтарға жауап беруге тырысты. Жалпы лидерлік барлық адамдарға тән қасиет, тұлғаның әлеуметтену процессіне байланысты адамның кейбір қасиеттері жақсы дамып, қалғандары орташа немесе төмен деңгейде дамиды. Сондықтан коммникативтілігі жоғары, адамсүйгіштігі мол, қайсар әрі жігерлі адамдар көбінесе лидер болып табылады. Ал қоғамның өзегі – жастарды басқару тек жастардың қолында. Жастар дегеніміз 16-29 жас аралығындағы топ. Әлеуметтік бағыттылығы анықталмаған жастар арасындағы лидерлер, басқа жастық топтарға қарағанда өзіндік басқару ерекшеліктеріне ие. 16-24 жас арасындағы адамдар білім алуда, немесе жұмыстық тәжіриебені енді бастап келеді. Олар білім алу мекемелеріндегі ұйымдарда немесе саяси ұйымдарда жетекшілік етуі мүмкін, оған мысал ретінде Еуразия Ұлттық Университетіндегі жастар саясаты орталығы, стросталардың ортақ жиындарын немесе Алтын белгілер қоғамдастығын айта аламыз. Осы құрылымдардың барлығын белсенді жас студенттер басқаруда. 24-29 арасындағы кәсіби анықталған жастар топтарының лидерлері, болашаққа нақты жоспары құрылған, мақсаттары қойылған адамдардар тобын, мекемелерді басқарады. Қоғам лидерлерді олардың мінез-құлқы, жеке қасиеттері мен атқаратын функцияларына қарай таниды. Сол қасиеттерді белгілеп, болашақ лидерлерді мектеп жасынан бастап анықтау өте тиімді, себебі жоғары сынып оқушылары арасында өткізілетін шараларда белсенділік танытқан баланың жеке тұлғалық қасиеттері оны демеп, дұрыс жолға салып отырған жағдайда баланың болашақта жоғары дәрежелі лидерге айналуына септігін тигізеді. Ал сенімді, әрі белсенді лидердің артынан еріп, үлкен жетістіктерге жетіп жатқан халық әрқашан гүлденіп, өсе береді.

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан мемлекетінің барлық салаларын дамыту үшін білікті жетекшілер қажет. Жетекшілерді жастайынан анықтап, олардың мәдени, рухани, кәсіптік дамуына жол ашу керек. Жүргізілген жұмыстың нәтижесіне сүйене отырып көрсетілген әдіс-тәсілдерді қолданып, жастардың шоғырланған орталықтарында лидерлерді анықтап, оларды одан әрі дамытуға, лидерлік жайлы ақпараттандыруға жол ашамыз. Демек жарқын болашақтың есігі біздің қолымызда.

Зерттеу объектісі: жастар арасындағы лидер, жалпы лидер бойындағы қасиеттер, дамыту жолдары.

Зерттеу пәні: лидерлік қасиеттін ерекшеліктері.

Зерттеудің мақсаты: жастар арасындағы лидерлікті жалпы лидерліктен бөліп, ерекшеліктерін айқындау

Зерттеу міндеттері:

  • Лидерлік, лидер феномендеріне анықтама беру;
  • Лидерліктік қасиеттерді зерттеу;
  • Лидерліктің функцияларын қарастыру;
  • Лидерліктің стильдерін қарастыру;
  • Лидерліктің деңгейлерін зерттеу;
  • Лидерліктің пайда болу теорияларын қарастыру;
  • Лидерліктің гендерлік ерекшеліктерін зерттеу;
  • Жастардың арасындағы лидерліктің ерекшіліктерін зерттеу;
  • Лидерлікті анықтау жолдарын қарастыру;
  • Лидерлік қасиетті дамыту жолдарын көрсету.

Тәжіриебелік  маңызы: алынған нәтижелер бойынша бойындағы лидерлік қасиеттін бар-жоғын анықтауға болады, бойындағы лидерлік қасиеттерді дамытуға жол ашылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І бөлім Лидерлік қасиеттің жалпы сипаттамасы

 

1.1 Әлеуметтік психологиядағы лидер, лидерлік туралы негізгі түсініктер

Бүгінгі таңда жас ұрпақ  өз күштерін көптеген салаларға жұмсайды. Әрбір адам тек қана индивид ретінде  емес, тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы бойынша ерекшеленеді. 

Көптеген жас адамдар, жоғары интеллект коэффициентіне ие болғанымен, тұлғааралық қарым қатынасқа түсу оларға қиын соғады.  Конфликттерді шешу, өз еркімен бір шешім қабылдау да оларға қиындау. Балалық шақ пен жасөскелеңдік шақ адам әлеуметтенуінің белсенді уақыты. Сондықтан да жас тұлғаның қайталанбас қасиеттерінің көрініс табуына тек құрдастар ұжымы ғана көмектесе алады. Балалар мен жасөспірімдердің қарым қатынасқа түсу қажеттілігі қанағаттанбай қалуы әр түрлі әлеуметтік емес топтардың құрылуына әкеледі. Сондықтан да қылмыс, қаңғыбастық, нашақорлық  деңгейі және өзге де әлеуметтік ауытқулар өсуде.

Ғалымдардың көпшілігінің пікірі бойынша кез келген қоғамдастықтың, мемелекеттің болашағы жас ұрпақтың азаматтық тәрбиесі мен білімділігінің деңгейіне байланысты. Сондықтан  да білім беру жүйесінде алуан  түрлі өзін-өзі басқару жүйелеріне аса назар аударылуда, болашақ  лидерлерді дайындау мақсатында жастар ұжымының белсенді мүшелерін оқыту мен дайындауға барлық жағдайлар жасалуда. Бүгінгі таңда лидер сөзінің баламасы:

  • Белгілі бір салада өзгелерге қарағанда үлкен жетістіктерге жеткен адам
  • Ең көп жеңістерге жеткен спорттық ұжым
  • Кемелер тобың бастаушы кеме және т.б.

Алайда жоғарыда келтірілген  «лидер» түсінігі  әлеуметтік психология тұрғысынан қарағанда мүлде басқаша  түсініктерге ие болады. Мысалы, мәре сызығын  бірінші болып өткен лидер  спортшы мен топ лидерінің  арасында ұқсастықтары аз. Спортшы  лидер табысқа жетеді, оғын барлығы  шапалақтайды, содан кейін ол өзінің өмірлік жолын жалғастыра береді, мүлде жалғыз болуы мүмкін. Ал топ  лидері дагеніміз – өзгелерді  артынан ерте алатын адам.  Сонымен  әлеуметтік психологиялық тұрғыдан қарағанда лидерлік ортақ мақсаттар, құндылықтар мен қызығушылықтары  бойынша біріккен, біршама ұйымдасқан адамдар тобымен байланысты.

Лидерлік қазіргі тұрмыстың  бөлінбес атрибуты ретінде адамзаттың өмір сүру мен даму тарихымен байланысты. Кез келген жерде, екі адамнан артық топ жиналған кезде, бірінің артынан бірі еріп жүру, лидерлік қасиет көрініс табады. Лидерлер артынан еріп жүретін адамдардың ұйымдасу деңгейіне, топтық нормалар мен құндылықтардың қалыптасуына, артынан ерушілердің мінез-құлқына үлкен әсерін тигізеді. Соған байланысты лидер мен лидерлік феномендері әдетте зерттеушілердің назарын аударады.

Шет ел психологиясында 20 ғасыр  барысында лидерлік теориясы бірнеше  бағытта дамыған, соның нәтижесінде  көптеген теориялық және эмпирикалық  материалдар жинақталған. Ресей  психологиясында әлеуметтік ғылымдар арасында лидерлік теориясы шет елмен бірге дамыды десе де болады. 1920-1930 жылдары лидерлік феноменін зерттеушілер көбінесе балалар топтарының арасындағы қарым-қатынасқа сүйеніп зерттеген. Сол жылдары коллектив жайлы жазған авторлардың көпшілігі «қолбасшылық» мәселесіне назар аударған.

Лидерлік мәселелерін  зерттеуге әлеуметтік ғылым тек 1960 жылдары ғана қайта оралған. Осы периодта лидерлік пен қолбасшылыққа арналған көптеген еңбектер пайда болды.

Лидерлікті зерттеуге  мен ұғынуға деген келістердің  көп болуы ұйымдастырушылық лидерлік анықтамасының нақытырақ белгіленуіне алып келеді. Көптеген жағдайларда лидерлік мінез-құлық пен басшылық позициясын айыру қиын. «Лидерлік теориясының» авторлары лидерге қажетті қасиеттердің сипаттамасын толығымен анықтамаса да, лидерлер белгілі бір қасиеттер жиынтығына ие болуы керек екенін айтты. Дәл сол қасиеттердің болып-болмауына топтың бір мүшелері лидер ретінде қабылданып, ал басқалары лидерлік орында қабылданбауы байланысты.

Ұйымдастырушы лидердің лидерлік қасиеттері дегеніміз тұлғаның психологиялық  қасиеттерінің жиынтығы, лидерлік қасиеттердің жүзеге асырылуының жемістілігі, топпен қарым-қатынасқа түсу қабілеттері мен ерекшеліктері.

Лидер (ағ.leader – жетекші, алғашқы, алдынғы) – белгілі бір  топтағы авторитеті жоғары, өзгелерге  әсер ету мүмкіндігі бар, басқарушы  тұлға.[3]

Лидер - қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті  тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам лидер ретінде танылады. Лидер алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Лидерге алғырлық,  ақылдылық,  қажырлылық,  ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Кез келген тарихи кезеңде, қоғамдық-саяси өмірде лидерлер аса беделді тұлға ретінде танылады.

Лидерлік – топтағы  табиғи әлеуметтік-психологиялық процесс. Жеке тұлға беделінің топ мүшелерінің  мінез-құлқына әсер етуі. Лидер тек қана ізбасарларын бағыттап отырмайды, сонымен қатар оларды артынан еріткісі келеді, ал ізбасарлары тек қана лидердың айтқанымен жүрмей, оның артынан ергісі келеді.[4], [14]

 

 

1.2 Лидерліктің пайда болуы туралы негізгі теориялар.

Лидерлікті ұғыну үшін негізгі 3 теориялық келіс бар. «Қасиеттер теориясы» 19ғ басы -20ғ аяғындағы  неміс психлогиясынан шыққан, және лидерлердің тума қасиеттеріне аса  назар аударады.

Осы теорияға сүйенсек, лидер  тек ерекше тұлғалық қасиеттерге  ие немесе ерекше психологиялық қасиеттерге  ие адамдар ғана бола алады. Көптеген авторлар лидерлерге тән қасиеттер мен сипаттамаларды анықтауға тырысқан. Американдық әлеуметтік психологияда осы қасиеттерді ұқыпты түрде тіркеп отырған, себебі осы қасиеттердің анықтамасы болашақ лидерлерді анықтауға арналған тесттердің негіздемесі ретінде қабылданды. Алайда лидерлерге тән қасиеттердің тізімін жасау орындалмас жоспар болды. 1940 жылы К.Бэрд әр-түрлі зерттеулерде аталған 79 қасиеттен тұратын тізім жасады, олардың ішінде инициативтілік, коммуникативтілік, мысқыл сезімі, энтузиазм, сенімділік, ықыластық аталған. Егер де осы қасиеттерді қай жерде, және неше рет аталғаны бойынша санасақ, біреуі де тұрақты емес екені анықталған: 65% тек бір рет қана аталған, 16-20% екі рет, 4-5% үш рет, және тек 5% ғана төрт рет аталған.

Алауыздық «өзін-өзі билеушілік»  және «ақыл-ес» деген қасиеттерге  де тән болды. Осыған қарап тұрақты  тізім жасай алу мүмкіндігіне зерттеушілер қайран қалды. Стогдиллдың мәлімдемесінде қасиеттер тізіміне өзгертулер мен қосымша қасиеттер енгізілгеннен кейін осы теорияның жалған екені жайлы мақалалар шыға бастады. Г.Дженнингстың айтуы бойынша қасиеттер теориясы лидерлерді емес, зерттеушінің қасиеттерін анықтайды.

Информация о работе Жастар ортасындағы лидерлік