Әлеуметтану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 16:09, реферат

Описание

Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Социология әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Работа состоит из  1 файл

социалогия 1 варинт.doc

— 103.50 Кб (Скачать документ)

Теориялық немесе фундаменталды  әлеуметтану барлық қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың ілгері дамуына жол  ашады. Ол әлеметтік зерттеулер арқылы зерттелетін құбылыс пен үдерістер туралы білімнің онан әрі дамуын, жетілуін мақсат етеді. Қолданбалы зерттеулер арқылы теориялық негізгі мәселелерді нақтылап шешуге тырысады. Бұлардың негізінде бағалы, құнды  кеңес, нұсқаулар, ұсыныстар, болжаулар жасалады.  

Әлеуметтік білім –теория  мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмір жалпы және арнаулы бағыттардың  деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әру даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық (яғни, практикалық, тәжірибелік) әлеуметтік зерттеулер- нақтылы құбылыстар пен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді (яғни, сауалнама, сұрыптау, бақылау, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тестілеу, т.б.) қолдану арқылы іске асырылады. Ал, теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістерді (яғни, талдау мен синтез, логикалық пен тарихи, индукция және дедукция, абстратыліден нақтылққа шығу, т.б.) арқылы іске асырылады.

Теориялық білім- жан-жақты, әмбебапты, ал, эмпирикалық – ақиқатты, шындықты белгілеуші білім. Теориялық  білім эмпирикалық білімнің негізінде  сүйенеді, ал, эмпирикалық ғылым  теориялық білімнен біршама басым  болғанымен, ғылымның жоғары даму деңгейін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әр уақытта теориялық білім деңгейінің эмпирикалық білім деңгейінен басым болуын қажет етеді.

Теориялық және қолданбалы әлеуметтану нақтылы әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бір-біріне қарсы тұрмайды, олар әр уақытта бірлікте болып, бір-бірінің одан әрі дамуының әсер етеді.

Теориялық әлеуметтану  – ол алуан түрлі теория мен  тұжырымдардың жиынтығы. Бұлар қоғамның әлеуметтік дамуын тұжырымдап, оларға терең, жан-жақты түсінік береді.

Бұрынғы КСРО-да әлеумет  тануды тарихи материализммен шатастырып келді. Бұл дұрыс емес. Тарихи материализм- бұл әлеуметтік философия. Ол қоғамды тек абстратылы түрде қарап, оны нақтыламады. Ал, әлеуметтану нақтылы әдістермен қоғамды, оның дамуын жан-жақты зерттеп, ғылыми теорияны қалыптастырды. Адам өзінің даму өркениетінде әлеуметтік дамудың алуан түрлі теориясын ашып тұжырымдады. Мысалы, XX ғасырдың ортасында әлеуметтік стратификация (яғни, жіктелу), индустриялы қоғам, конвергенция, жалпы әлеуметтік теориялардың арнаулы түрлерін тұжырымдады. Әлеуметтанудың арнаулы теориялары әлеуметтанудың жеке қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланыс, қатынастарының негізінде пайда болды. Әлеуметтануда бұларды орта деңгейдегі теориялар деп атайды. Қазіргі уақытта мұндай арнаулы орта деңгейдегі теориялардың саны 100-ден астам. Бұл теориялардың негізін салушылар М.Вебер, Э.Дюркгейм, К.Маннгейм, Т.Парсонс. Әсіресе, американдық әлеуметтанушы Роберт Мертонның есімін ілтипатпен айтуға болады. Бұл орта деңгейдегі арнаулы теориялардың пайда болуының тағы бір басты себебі мынада:  жалпы теориялақ әлеуметтану қоғамның жалпы заңдылықтарын зерттей отырып, оның кейбір жақтарының дамуына көңіл аудармауы мүмкін. Ал, әлеуметтану құрамында орта деңгейдегі теориялардың болуы қажет. Орта деңгейдегі теориялар, мысалы, отбасы, әлеуметтік топтар, жіктер, т.б. қоғамның біртұтас жүйесімен өзара байланыс, қатынастарын, даму заңдарын ашып, анықтайды. Қазіргі уақытта орта деңгей теориялары қоғам дамуының өзекті мәселелерін шешуде дұрыс, нақтылы жауап бере алады.

Сонымен, әлеуметтік білімнің құрылымы деп қоғамның әлеуметтік жүйесінің серпінді дамуы, іс-әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар-мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуін, тәртіпке келтірілуін айтамыз. Әлеуметтік білімнің негізгі құрылымы, тұжырымы, қағида, бағыттары мыналар:

1. Қоғам біртұтас әлеуметтік  жүйе. Бұл тұжырым, қағида өзінің  зерттеу объектісінде қоғамдық  қатынастар жүйесін, олардың мазмұнын  зерттейді.

2. Қоғамның жеке салаларының дамуын, атқаратын қызметі туралы түсініктердің байланысын- экономикалық, саяси, рухани, т.б. салаларын, әрбір салада жеке тұлғанын немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.

3. Қоғамның әлеуметтік  құрылымы немесе жалпы әлеуметтік құрылым туралы білімді қалыптастыру үшін әлеуметтік топтардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қатынастар жүйесіндк алатын орны мен байланысы туралы білімдер болуы керек. Әлеуметтік топтар деп отырғанымыз – үлкен топтар, кішігірім топтар, кәсіби мамандандырылған топтар, демографиялық және этникалық топтар.

4. Саяси әлеуметтануға  кіретін алуан түрлі ғылыми  түсініктер, ой-пікірлер, теориялар.  Бұған жататын зертеу объектілері:

а) әлеуметтік топтардың  саяси қатынастар жүйесіндегі алатын орны;

ә) қоғам субъектілерінің  әлеуметтік – саяси құқық және бостандықты, тәуелсіздікті алудың жолдары мен тәсілдері туралы;

б) қоғамның саяси жүйесінің  құрылымы, қызметі және функциясы  туралы;

5. Әлеуметтік институттардың (мемлекет, құқық, ғылым, мәдениет, отбасы, т.б.) қызметтері туралы ғылыми түсініктер мен қортындылар;

6. Қоғамның жеке салаларының  және кішігірім жүйесінің қызметтері  туралы теория. Оны мынандай объектілерді  зерттеу арқылы түсінуге болады: өндірістік ұжымдар, ресми емес  топтар мен ұйымдар, адамдар арасындағы кішігірім топтар, жеке тұлғалар, т.б. кіреді.

Әлеуметтік білімнің деңгейлері қоғамдағы құбылыстар мен  процесттерді терең талдап, кең қортынды жасау арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік үш негізгі  деңгейі бар:

а) жалпы әлеуметтану  теориясы;

ә) эмпирикалық (тәжірибелік) әлеуметтану;

б) орта деңгей теориялар.

Осыларға сәйкес әлеуметтік зерттеулерді теориялық және эмпирикалық  зерттеулер деп екіге бөледі.

 

3 Әлеуметтанудың атқаратын қызметi

 

Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығыз, жан-жақты байланысы, қатынасы оның атқаратын қызметінің айқын көрінеді. Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгеймен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын болашағын ашып береді. Әрине, бұл бағытта іргелі және қолданбалы эмпирикалық зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді.

Әлеуметтанудың атқаратын  қызметінің бір ерекшелігі, мұнда тұжырым мен іс әруақытта бірлікте болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл тұрғыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыңғы  қатарға шығып, атқарылатын қызметтің басқа жаңа түрлері белгіленеді. Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің үстінен әлеуметтік бақылауды күшейтуде жаңа ақпараттардың маңызы зор. Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуан түрлі бірліктер өздерінің мақсатты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын атқарады.

Әлеуметтанудың тәжірибелік  бағыты – оның әлеуметтік құбылыстар мен процесттердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде  біз әлеумметтанудың болжайтын  қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері қүбылыстар мен  апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады. Мысалы, мынандай мәселелерді болжап шешуде оның маңызы зор, атап айтқанда, жаңа нарықтық қатынастардың еңбекші бұқара халыққа беретін мүмкіншілігін ауқымы қандай? Әлеуметтік құбылыс пен процесстердің дамуындағы оның баламалы түрлері қандай? Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын (экономика, саяси, рухани т.б.), әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.

Әлеуметтік қоғамда  идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған  нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап-тілегіне, мұң-мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың саны-сезімдерін, мінез-құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік) функцияны да атқарады

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, Конт бірінші  болып осынау кемшіліктегре ұтымдылық  сәулесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғылымның негізін қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептреі мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді.

Әлеуметтік ырықта да, физикалық эволюцияны да, оларды ғылыми татуластыру негізінде біріктіруге саналы талпыныспен бірге мойындауды біз тек жүйелі әлеуметтанудан ғана табамыз.

Конт философиясында мүлдем шынжау объективті тәнсір кейінгі  ойшыларда шапшаң дамып кеткені  секілді, сорымызға қарай, соншалық дәрежеде болмаса да, субъективті тәпсірлер де дәлсолай дамыды. Контғылымы білімі бар мемлекет қайраткерлер қоғамды қайта құрып, оның прогресіне жетекшілік ете алады деп топшылады. Спенсер философиясында бұл пікір ішінара теріс ыңғай алды.

 Мемлекеттік  қайраткер өз өнерімен қоғамды  жақсарта алмайды, есесіне оны  шексіз құлдырата алады. Лестер Уолд шығармаларында(Dinamic Sosiology, Psychis Factors of Civilization) бұл пікір қайтадан оң ыңғайда көріне бастайды. Ол өзінің тағдырын қалай болса солай өзгерте алды. Ол теологиялық жағынан прогресшіл бола алды.

Натуралисттік ойлау жүйесі салтын ұстанатын, бірақ  өздерінің шығармаларында социализм  талаптарынының мұқият зерттелуін берген Лименфильдтің (Gedanken uber eine Sozialwissenshaft der Zukunft) А. Шефленнің(Ban und Leben des sozialen Korpers) және профессор Гильом де Грифтің (Introduction a la sociologie) аса көрнекті туындыларында біз әлеуметтік философия саласындағы идеализм мен натурализмнің тарихи қарым-қатынасының егжей-тегжейлі шолуы мен физикалық және ырыстық құбылыстардың бірдейлігін дәлелдеудің тамаша әрекетін көреміз, оларды Фулье «Күштер идеясы»(La Psychologie des idees forses6 L Evolutionisme des idees forses) эволюциясының фазасы қарастырады.

Осынау ауқымды  еңбектерді неғурлым зейінді зерттеу, алайда, бізге олардың қоғамды ырық процесі арқылы түсіндіру, олардың физика арқылы түсіндірілуіндегідей ғылыми дәлдікпен талдап әзірленбегендігін көрсетеді. Шынында да, ең көрнекті әлеуметтанушылардың кейбіреулері устанатын әдісте олардың ғылымына орынсыз кінәларды төндірген маңызды кателік жатыр.

Осының барлығына  сәйкес әлеуметтанушылар алдында үш міндет пайда болады. Біріншіден, ол қарапайым агрегация мен бірігуді анықтайтын талаптарды ашуға тырысуға тиіс. Екіншіден, ол әлеуметтік таңдауды басқаратын заңды, яғни субъективті процесс заңын ашуға тырысуға тиіс. Үшіншіден, ол сондай-ақ жаратылыстық сұрыптауды және таңдауын басқаратын заңды, яғни объективті процесс ашуға тырысуға тиіс

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 




Информация о работе Әлеуметтану