Әлеуметтану парадигмалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 11:07, контрольная работа

Описание

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40- жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты.
Әлеуметану ғылымында өзінше ерекше ой- пікір айтып әлеуметтанудың айрықша ой тұжырымдамасын жасаған К. Маркс (1818-1883 ж.ж.) болды.

Содержание

1. Негізгі әлеуметтік парадигмалар: әлеуметтік факт( Э. Дюркгейм), әлеуметтік тәртіп (М. Вебер), әлеуметтік детерминизм ( К. Маркс)
2. Қоғамдағы қарама- қайшылықтар
3. Әлеуметтену үрдісі
4. Салалық әлеуметану

Работа состоит из  1 файл

2леуметтану дайын.docx

— 16.03 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

  1. Негізгі әлеуметтік парадигмалар: әлеуметтік факт( Э. Дюркгейм), әлеуметтік тәртіп (М. Вебер), әлеуметтік детерминизм ( К. Маркс)
  2. Қоғамдағы қарама- қайшылықтар
  3. Әлеуметтену үрдісі
  4. Салалық әлеуметану
  5. 1. Негізгі әлеуметтік парадигмалар: әлеуметтік факт( Э. Дюркгейм), әлеуметтік тәртіп (М. Вебер), әлеуметтік детерминизм ( К. Маркс).
  6.  Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40- жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты.
  7.  Әлеуметану ғылымында өзінше ерекше ой- пікір айтып әлеуметтанудың айрықша ой тұжырымдамасын жасаған К. Маркс (1818-1883 ж.ж.) болды.
  8.  К. Маркс бірінші болып немістің ұлы философы Гегельдің философиялық диалектикалық әдісін қоғамға саналы түрде қолданды. Оның әлеуметтану теориясының тағы бір үлкен ерекшелігі, ол қоғамдық процесс, құбылыстардың дамуын, өзгеруін әр уақытта бүкіл дүниежүзілік жұмысшы табының көзқарасы тұрғысынан бағалап отырды.
  9.  Дегенмен, К. Маркстің әлеуметтану теориясында көптеген бағалы ой-пікірлер, тұжырымдар бар. Оны мыналардан байқауға болады:
  • К. Маркс мінсіздендірілген, абстрактылы қоғам жағдайына тән даму теориясына қарсы шығып, өзінің нағыз, шынайы фактілерге негізделген қоғамның объективтік- материалистік теориясын жасады, қоғамның дамуын "формация", яғни, ерекше бір құбылыс ретінде қарастырды;
  • К. Маркс қоғамның даму заңдарын түсіндіргенде, әр уақытта экономиканы (яғни, өндірістік тәсілді, оның ішінде өндіргіш күштерді, оларға сәйкес өндірістік қатынастарды) ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп санады;
  • қоғамның дамуын (детерминизм) бір формацияның оған тән өндірістік тәсілдің екінші бір формациямен ауысуымен байланыстырды;
  • К. Маркстің әдістемесінде қоғам дамуының екі басты үлгісі бар: а) органикалық; б) механикалық.
  •  Біріншісі, әлеуметтік эволюциялық процесті ттүсіндіру үшін қолданылады. Басқаша айтқанда, бірінші үлгі қоғамды тарихи процесс ретінде қарастырады. Екінші үлгі, формацияның негізгі екі компанентті- базис пен қондырманы талдағанда, олардың арасындағы қатынастарды механизм ретінде түсіндіреді.
  •  5. К. Маркс әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теорисын жасаған авторлардың бірі болып табылады. Жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал- жабдықтарына меншік форасына байланысты екенін көрсетті. Сөйтіп К. Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымын экономикалық таптардың қатынастары арқылы анықталады деп көрсетті. Осыған орай К. Маркс жеке тұлғаны зерттеудің қажеттілігн айтып, оны қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп түсіндірді.
  •  Маркстік әлеуметтанудың кемшіліктері де болды. Батыс әлеуметтанушылары қоғам дамуының бірден- бір қозғаушы, негізгі күші тек экономикалық қатынастарда деген Маркстік теорияны сынға алды. Бұл жерде К. Маркс қоғамның рухани- мәдени факторларының мәні мен мазмұнын төмендетті деп айыптады. Экономикалық факторлардың рөлін жоғары, асыра- бағалап қараудың нәтижесінде жіктеу теориясының бір жақты, бір өлшемді екенін аңғартты. Мұнда ол тек қана өндірістік құрал- сайманды меншік қатынасы арқылы анықтап, жіктердің пайда болуына себеп болатын басқа әлеуметтік саяси факторларға, мысалы, өкімет, билік, мәртебелік, бедел, абырой, артықшылқ, т.б. есепке алмады. К. Маркс тарихтағы таптар арасындағы әлеуметтік ымыраға келу, ынтымақтастық мәселелеріне де көңіл бөлмеді. Ал, бұл кейінгілер қазіргі әлеуметтану ғылымында ең бір кемшілігі, оның басқа ілімдерден оқшаулануында болды. Осылардың бәріне қарамастан Маркстік әлеуметтану теорисы көп елдерге тарап, дамыды (әсіресе КСРО- да).
  •  Дегенмен, Маркстік әлеуметтану теорясы ХІХ және ХХ ғасырдағы әлеуметтанушыларға- әсіресе, Э. Дюркгеймге, М. Веберге, Г. Зиммельге, т. б. зор әсер етті. Олар Маркстік теориның көптеген баағалы құнды идеяларын өз тұжырыдамаларында кең қолданды.
  •  Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі- Эмиль Дюркгейм (1858- 1917 ж.ж.) . Қазіргі әлеуметтану көбіне Э. Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік танымм процесінің  әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология " социологизм" деп аталады. Социологизмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілкте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтіік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланысты өмір сүреді. Қоғам- ерекше құбылыс, оны табиғатпен, псикамен шатастырып, алмастыруға болайды. Әлеуметтанудың методологиясы жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналуы үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э. Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.
  •  Әлеуметтік нақтылықтың негізгі элементі- әлеуметтік фактілер, осылардың жиынтығынан қоғам құралады. Осы фактілер әлеуметтанудың пәнін құрайды. Оның басты мақсаты қоғамдағы құбылыстарға түрткі болатын заңдылықтарчды ашып, тұжырымдау. Э. Дюркгейм әлеуметтік фактілерге бастапқы түсінікті жатқызады. Ұжымдық ұғымға әр түрлі адам өмірінің моральдық, басқаша айтқанда, әдет-ғұрып, дәстүр, тәртіп ережелері, т.б. кіреді. Ал, олар объективті түрде өмір сүреді. Э. Дюркгейм қоғамды ерекше субстанция ретінде қарастырды, оны топтық сана мен топтық мінез- құлық ерекшеліктерімен салыстыра отырып түсіндірген. Топ ойлайды, сезінеді, іс- әрекет, қимыл жасайды. ал, бұл топтың мінез- құлқы оның әрбір жеккке мүшесінің ой- сезім, әрекетінен басқаша. Бұл постулатты Э. Дюргейм барлық қоғамға қолданады. Әлеуметтік фактілер индивидтен тәуелсіз, ол да табиғат құбылыстары сияқты, бірақ, олар адамға еріксіз түрде әсер етіп, оның қоғамда бір тәртіппен жүруін талап етеді. Әлеуметтік фактілердің объективті сипатта өмір сүруі оларды зат ретінде зерттеуге итермелейді, онда жаратылыстанудың кейбір әдістеріқолданылады. Әлеуметтік фактілер адам өмір сүруіндегі іс-әрекеттерінің бейнесі, ал, бұл іс-әрекет белгілі және белгісіз болуы мүмкін, бірақ олардың адамға сырттай ықпал ететін қабілеті болады. Жасөспірім бала дайын тұрған даму заңдарына жататын әдет- ғұрыптарды, діни сенімді, тәртіп ережелерін сол дайын күйінде қабылдайды. Бірақ, бұлар оның таным-түйсігінде өздерінше қызмет атқарып, объективті өмір сүреді.
  •  Әлеуметтік фактілердің объективтік өмір сүруінің тағы бір салдары- ол адамдарға әсер ете отырып, оларды белгілі бір іс- әрекет жасауға итермелейді. Сөйтіп әрбір адам әлеуметтмәжбүрлікке душар болады. Мысалы, адамның құқықтық және адамгершілік ережелерінің бұзылуы, ол қшғамдағы жалпы жағымсыз құбылыстардың басымдылығынан туып отырады. Мұндай жағдайлар басқа да әлеуметтік фактілерде кездесіп отырады.
  •  Э. Дюркгеймнің тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орынды алады. Оның міндеті- тек қана әлеуметтік фактілерді зерттеумен шектелмейді. Ол басқа қоғамдық ғылымдарды ғылыми әдістемелер, теорияларымен қарулендырады.
  •  Э. Дюркгеймнің әлеуметтік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі- «Қоғамдық еңбектің бөлінуі» арналған. Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты міндеті- әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бурлуктердің негізін анықтау деп санады.
  •  Э. Дюркгейм қоғамның тұтастығының негізі- ұжымдық сана. Яғни әр қоғамда тарихи қалыптасқан салт- дәстүрлердің6 көзқарастардыңң, моралдық ережелердің жиынтығы болады. Қоғам мүшелерінің көпшілігі осы аталғандарды өздерінің күнделікті өмірлерінде, іс- әрекеттері мен қызметтерінде басшылыққа алып отырды. Қоғам дамуының ХІХ ғ. Аяғы мен ХХ ғ. Басындағы өзгерістерге талдау жасай келе, Э. Дюркгейм ұжымдық санадағы өзгеріске тоқталған. Оның пікірінше, экономикалық байланыстар әлеуметтік ұйымдастыруды, қоғамыдық еңбектің бөлінуін қамтамасыз етеді. Оның қоғамдық сананы біріктіру рөлі әлдеқайда төмен, өйткені діни сенім әдет- ғұрыптар адамдардың санасында бұрынғыдай маңызды рөл атқармайды. Бұл- қоғамда адам одан біршама тәуелсіз, тыс тұрады да, -оның бостандығы мен ербестігі қамтамасыз етіледі.
  •  Дегенмен, қазіргі қоғамды өткен көне қоғаммен салыстырғанда оның тұрақтылығы төмен, аномия (қоғамда адамдардың тәртібін, адамгершілік қасиеттерін басқарып реттеудің төмендеп кетуі) жағдайында болады. Э. Дюркгейм әдеттегі көне, архаикалық қоғамнан қазіргі индустриалды қоғамға өту жолын талдай отыры, осы өтпелі кезеңде аномия құбылысының объективті орын алуын қорытындылайды. Оның пікірінше, аномия қоғамның белгілі бір кезеңінде адамның мінез- құлқының төмендеп, моральдық, яғни адамгершілік тұрғыдан басқару қиынға соғуынан, қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың іс- әрекетінің тиімсіздігінен және әлеуметтік қейшылықтардың өсуінен байқалмақ.
  •  Э. Дюркгеймнің нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізінде социологизм постулатына сүйене отырып, адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себебін анықтауға тырысады. Оның шйынша, адамның өзіне қол жұмсау әрекеті қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына байланысты болмақ. Нақтылай айтатын болсақ, оның тамыры ұжымдық байланыстардың деңгейі мен шапшандығына және әлеуметтік интеграцияның негізінде тетігнде жатыр. Э. Дюркгейм нақтылы әлеуметтік мазмунда жиналған материалдар негізінде мынадай қорытындыға келеді: қоғамның даму деңгейі және интеграциясы жоғарылаған сайын адамның өз жанын өзі қиюшылық әрекеті төмен болады және керісінше де солай. ОСындай тұжырыммен Э: Дюркгей әрбір әлеуметтік топтардағы өзін- өзі өлтірушіліктің түрліше деңгейін ашып берді. Мысалы, протемтанттар мен католиктерді салыстырғанда бұл құбылыс католиктерде бірнеше есе кем, ал, қалар мен селоларды салыстырғанда қалаларда жоғары. Э. Дюркгейм өзіін- өзі өлтірушіліктің 4- типін анықтап берді: эгоистік, альтуристік, экономикалық және фаталистік. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән құпиясы бар, шешілу жолы жеке адам мен топтың қарым- қатынасына байланысты. Э. Дюркгеймнің бұл теориялық еңбегі қылмыстық істердің және девианттық (ауытқу) мінез- құлық әлеуметтануының негізін салды. Біреқ, Э. Дюркгейм қылмыстық істердің психологиялық мотивтерін мойындамады.
  •  Ежелгі қоғамдар өміріне үңіле отырып және этнографиялық материалдардың негізінде Э. Дюркгейм діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын да жасады. Ол дінді қоғамның өзі, қоғамбарлық киеліктің, қасиетттіліктің шығатын көзі деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді.
  •  Макс Вебер (1864-1920ж.ж) – батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М.Вебердің ой-тұжырымдарымен көп санасады. М.Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс-әректін, қимылын “түсіну, ұғыну” теориясын қалыптастырады.
  • М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлауына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның мұң-мұқтажын, талап-тілегін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыруы керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объектитілік пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты міндеті – адамдардың іс-әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды еске ала отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашуға болады.
  • М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы “түсіну, ұғыну теориясы” деп аталынды.
  • Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методологиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырды. Бұл оның “идеалды типтер” әдісіне жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі.) ол зерттелетін маңызды құбылыстарды адамның ой-пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу – А.И.) негізінде жасалады.
  • Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шын,дықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлауының, ой-пікірінң жемісінің теориялық құрылымы (яғни, идеясы). Идеалды тип зерттеушінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне-кестесі. Идеалды типтік құрылымдар – бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, “капитализм, “экономикалық адам”, “дін”, “хрестиандық”, т.б.
  • М. Вебердің идеалдық типтерді осындай ұғымдар арқылы түсіндіруі оның “түсіну әлеуметтану” ілімінің негізі блып есептеледі.
  • Осыларға сәйкес әлеуметтану өзінің шығу көзін, қалыптасу негізін адамның немесе адамдар тобының мінез-құлқынан бастауы қажет. Адам мінез-құлқын зерттеу әлеуметтанушыны әр уақытта қызықтарып отырады, өйткені әрбір адам өзінің тәртібіне, іс-әрекетіне белгілі бір мағына, мән береді, оны түсінуге тырысады. Осыған орай, әлеуметтану “түсіну” ғылымына айналады.
  • М. Вебердің әлеуметтануы саналы адамның мінез-құлқы туралы ғылым ғана емес,сонымен бірге оның әлеуметтік іс-әрекеті туралы ғылым. Әлеуметтік іс-қимыл, әрекет адамның мінез-құлқымен бірдей, өйткені әлеуметтік іс-әрекет өзінше жеке – дара нысаланбайды, бағытталып өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа біреуге бағытталды. М.Вебер іс-әрекеттің, қимылдың басқа біреуге бағытталуын тосу, күту, үміт ету (ожидание), дейді. Мұнсыз қандай да бір болмасын, іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Сонымен, түсіну әлеуметтануының пәнініе саналы әлеуметтік іс-әрекет жатады. Бұл әлеуметтік іс-әректтің бірнеше түрлері болады. Олардың ең бастысы, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целерацинальное действие). Бұл мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, тұлғаның ойлаған мақсатына жетуі үшін қолданылады. Бұл жолда тұлға өзіне сәйкес қажетті құралдарды қолданады. Сондықтан, М.Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық тип болып саналады, ал, саналы емес іс-әрекет, оның төмендеуі әр уақытта тәртіптен ауытқуға (девиацияға) әкеледі. Әлеуметтік іс-әрекеттің ақылдығы, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процесттің басты бағыты.
  • Ақыл-парасаттылық, ақылға жеңдірушілік тек қана адам және топ тәртібінде ғана болатын қасиет емес, сонымен қатар шаруашылықты басқаруға, жалпы адам өмір салтына да тән қасиет. М. Вебердің пікірінше, капитализмнен бұрын болған қоғамдарда салт-дәстүр маңызды орын алды. Ақыл-парасаттылық тек қана капиталистік қоғамдық өмірді ұйымдастырудың негізгі принципінде (яғни, басшылыққа алып отыратын ой-пікір) болады.
  • Бұл жерде М. Вебер ойының тағы бір қыры ашылып отыр – ол экономиканы дінмен байланыстырады. “Протестанттық этика және капитализм рухы” деген еңбегінде М. Вебер діни-этикалық нұсқаулардың экономикалық іс- әрекетке ықпалын түсіндіруге тырысты. М. Вебер осы тұрғыдан діни сенімдердің, діни этиканың, әсіресе, оның адамгершілік ілімін капиталистік экономика дамуының негізгі ынталандыру факторы және адамдардың еңбек сүйгіштігін, ұқыптылығын, әділеттілігін, белсенділігін, т.б қалыптасуын қамтамасыз етіп отыратын фактор ретінде қарады.
  • М. Вебер капиталистік қоғамды үнемі мақтамайды. Ол бұл қоғамның алуан турлі өлшемдерін, күрделілігін, ондағы орын алып отырған қайшылықтарды, әсіресе, алуан түрлі таптар мен топтар арасындағы қарым-қатынастарды жақсы біліп талдап отырды.
  • М. Вебер әлеуметтік топтарды зерттеді. Ол топтарды ең алдымен беделіне, мәртебесіне, қадіріне (престиж) және жай-күйіне, жағдай-тұрмысына қарай бөлді, олардың арасындағы дау-дамай, жанжалды дұрыс бейнелеп көрсетті. Ол шенеуніктік – бюрократтық аппараттың билікті пайдаланып, адамдарға көп қысым жасап отырғанын атап көрсетті. Ол осымен қатар Маркстің пролетариат диктатурасы туралы ілімін өткір сынға алды. Вебердің бұл пікірлері де көпшіліктің көңілінен шықты.
  • М. Вебердің пікірінше, еуропалық өркениеттің (мәдениеттің) даму процесінде қоғамдық өмірде парасаттылықтың (әсіресе, экономикада, саясатта, ғылымда, исскуствода) күшеюі байқалады.
  • Батыс Еуропа капитализмінің дамуындағы ақыл-ой, парасаттылықтың ықпалын зерттеу оның “Протестантская этика и дух капитализма” атты еңбегінде негізгі тақырып ретінде қаралған. Бұл еңбегінде М.Вебер капитализмнің пайда болуына К.Маркс көрсеткендей жалғыз экономикалық алғышарттар себеп болған жоқ. Сонымен қатар әлеуметтік, рухани, мәдени, әсіресе, діни-этикалық алғышарттардың ықпалы тиді. Бұлардың ішінде протестанттық діни этика адамдардың санасына, шаруашылыққа саналы және ұқыптылықпен қарауды, ықыластықты, т.б. құндылықтарды сіңіре берді. Мұның өзі капиталистік кәсіпкерлердің, өндіріс қожайындарының шығуының, қалыптасуының қажетті алғышарттары да болды.
  • М. Вебер саяси әлеуметтануы дамытуға да үлкен үлес қосты. Өзінің әлеуметтік іс-әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, ол саяси билікті үш түрге бөлді. 1) харизматикалық; 2) дәстүрлік; 3) бюрократты. Харизматикалық үстем ету – яғни соқыр сезіммен көсемге сенуге негізделген. Дәстүрлік – дәстүр мен салтқа негізделген; ал бюрократтық деп ресми қызметтегі адамдардың, азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде атқаратын үстем ету формасы. Осыдан барып “бюрократизм” деген ұнамсыз ұғым пайда болды. Бюрократизм – істің мәніне немқұрайлы формальды қарау, істі көпке созу. Екінші жағынан, мұның өзі бюрократтардың кәсіби деңгейі мен адамгершілік қасиеттерінің төмендігін, қызмет тәжірибесінің кемдігін дәлелдейді.
  • Мұнда М.Вебер биліктің легитимдігі, яғни заңдылығын тілге тиек етіп отыр. Басқаша айтқанда, легитимдік дегеніміз, халықтың үстем етіп отырған саяси билікті мойындауы болып табылады. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін, ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне сай жүзеге асырылуы керек. Яғни мемлекттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мерзімге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы қажет. Екіншіден, мемлекттік билік конститутциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Осыған сәйкес жоғарыда көрсетілгендей М.Вебер легитимдіктің үш түрін көрсетті:
  • харизматикалық легитимдік;
  • әдет-ғұрып легитимділігі;
  • ақыл-парасат, құқық легитимдігі.
  • Бұл тұрғыдан алғанда өкіметтің бюрократтық үстем ету түрі формальды, заңға сүйенген, құқықтық өкімет болды. Мұндай өкіметтік үстем ету еуропалық капитализмнің пайда болу кезеңінде шықты. Бұл басқа үстемдік етудің үлгісінен біршама жоғары тұрғанымен әлі күнге солқылдақтық танытып келеді. Бұл тығырықтан шығудың бір жолы, Вебердің ойынша, плебицитарлық демократияны дамыту.
  • Плебицит –ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтың ой-пікірін сұрау, анықтау негізінде үстемдік ету. Бұл жалпы халыққа саяси лидерді (мысалы, президентті) сайлауға мүмкіндік береді. Осыған орай жаңадан сайланған лидер елді халық атынан басқаруға мүмкіндік алады.
  • М.Вебер әлеуметтік страфикация (жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.
  • 2. Қоғамдағы қарама- қайшылықтар, оларды шешу тәсілдері.
  • Әлеуметтік шиеленістердікұрделіәлеуметтік процесс ретінде түсіну керек. Бұл құбылыстың даму барысын мынандай сатыларға бөліп қарауға болады:
  • А) шиеленістің бастапқы кезеңә немесе оны өзара қақтығысуға дейінгікезең деп те атауға болады. бұл сатыда екі қарама-қарсы жақтың арасындағы қайшылық барынша өршиді. Субъектілер бұл уақытта нақты іс- әрекетке көшпес бұрын өз ресурстарын (яғни мүмкіндіктерін) шамалайды, ондай ресурстарға материалдық құндылықтар,ақпарат, билік, мәртебе, сыбайластар, жақтаушылар, т.б. жатады. Бұл кезеңде, сонымен қатар,әр жақ өздерінің мұмкіндіктерін бір араға шоғырландырып, топқа біріге бастайды, іс әрекетке көшудің стратегиясын айқындайды. Бұл – шиеленістің бейбіт кезеңі.
  • Шиеленістің қақтығысу кезеңі. Қарама-қарсы жақтарының қимыл-әрекетке көшуінебелгілібір жағдай түрткі болады (инцидент). Кейдешиеленіс көп ұзамай аяқталуы да мүмкін. Оның себебі,бір жақтың күші басым түсіп, жеңіске жетеді деқақтығыс тоқтайды.
  • Екінші бір жағдайдасубъектілер сол бастапқықақтығысу кезінде-ақ өзара келісімгекелулері мүмкін.
  • Алайда, барлық шиеленістердің тез арада шешімі табылып, қысқамерзімде аяқтала бермейд.көп жағдайдашиеленіс ұзаққа созылады. Әсіресе, ұлтаралық, саяси сипаттағы шиеленістер ұзақ уақытқа созылады. Мұндай шиеленістердеөткір қақтығыс кезеңінен кейін уақытшатыныштық орнап, көп ұзамай бұл қақтығыс тағы қайталанады. Кейде екі жақтың арасындағы күрес барынша күшейіп, сатылай-өрлей түсуі мүмкін. Мұны шиеленістің эскалация кезеңі дейді (scala -саты). Осылайшаөрлей келе шиеленісөзінің шарықтау шегіне – кульминициясына жетелі. Нақ осы кезде екі жақтың адамдары да қалыптасқан жағадайдан шығудың басқа жолдарын ойластыра бастайды. Яғни, шиеленістің келесі үшінші кезеңі басталады.
  • Шиеленісті жағдаййдың шешімін табу кезеңі. Субъектілердің арасындағы қақтығыстың тоқтауымен шиеленіс аяқталады. Алайд, бұл жағдай көпке созылмай, шиеленіс толық шешімін тапқанда ғана, оның толық аяқталуы қамтамасыз етіледі. Әрине,бұл қоғамдағы барлық шиеленістер толық шешіліп, келісім орнайды деген сөз емес. өмірде екі жақтың уақытша келісімге келуі немесежартылай шешімі табылытын шиеленістер жиікездеседі.
  • Сол сияқты шиеленісті күшпен басып тастау да жиі орын алатын жағдай. Мұны шиеленістіңшешіілуідептүсінбеу ерек.
  • Р.Дарендорф атап көрсеткенде,басып тасталған шиелініс қатерлі ісік тәрізді, оның асқынуы әбден мүмкін. әлеуметтік шиеленісті толық шешу оны туғызған себептерді жою керек.
  • Бұл жерде кететеін бір жағдай- субъективтік себептерден туындайтын шиеленістерді шешудің қиындығы. Эмоцияға байланысты шиеленістер толық шешілуі үшін екі жақтың адамдардың бір-бірлеріне деген көзқарастары толық өзгеруі керек. Ол үшін қарама-қарсы жақтың адамдары бір бірлерін “бітіпес жау” деп санамай, керісінше әріптес ретінде қабылдайтындай қарым-қатынас орнауы керек.
  • Шиеленістіңшешудің келесі бір жолы-субъектілердің өзара келісімге келіп, іс-әрекетті тоқтаулары арқылы жүзеге асады. Жағдай мына себептерге байланысты болды.
  • Екі жақтың ресурстарыныың азаюына байланысты;
  • Екі жақтың біреуі күресті әріқарайжүргізу нәтижебермейтіндігінтүсініп, өз іс-әрекетін тоқтады;
  • Қақтығыс сол сияқты қарсыласты толық жою арқылы да аяқталады.
  • Шиеленістердің толық шешімі табылып нәтижелі аяқталуы және дәл анықтау қажет.
  • Екіншіден, қайшылықты, алауыздықты жоюға қарсыласушы екі жақ та мүдделі болуы шарт.
  • Шиеленістің процесті басқаруы, дәлірегі оның барысына ықпал ету мүмкін екендігін білгеніміз жөн. Бұл проіесті басқарудағы басты міндет – шиеленістің асқынуына жол бермеу және оның кері кетіретін нәтижелерін кеміте түсуге ұмтылу.
  • Әлеуметтік шиеленістерді шешудің тиімді жолы-үшінші жақтың көмегін пайдалану. Әрине, бұл жерде үшінші жақтың ұстайтын позициясына көп нәрсе байланысты. Мәселен, кейде үшінші жақ қатығысушылардың бір жағын қолдап, солардың басымдылығына мүдделі болса, шиеленіс күштеу арқылы немесе әлеуметтік қысым жасау арқылы аяқталады.
  • Субъеектәлерге байланысты бейтарап позиция ұстайтын – сот, арбитраж және меднация сияқты келіссөз процестерінің ерекше түрлеріне жататын үшінші жақтың көмегімен шешу.
  • Кез келген ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның дұрыс, тиімді қызмет етуі және қабылданған шешімді ойдағыдай жүзеге асыруы үшін қайшылықты, шиеленісті жағдайларды алдын-ала болжайбілуі қажет. Мұндағы басты мақсат – шиеленістердің алдын алу, егер бастала қалса, оларды шешудің жолдары мен әдістерін білу. Шиеленістердің алдын алу дегеніміз, оларды туғызатын басты себептерді анықтау және оларды жою. Бұл істе кәсіпорын немесе мекемедегі психологиялық қызметтің маңызы зор. Мәселен, Батыс елдерінде соңғы жылдары әр мекемедегі адам ресурстарын басқару бөлімінің шеңберінде арнайы құрылым қызметатқарады. Мұндай құрылым еңбекұжымы шеңберінде қақтығысты жағдайлардың алдын алу, ұжым мен әкімшілік арасында келіссөздер жүргізу сияқты істермен шұғылданады. Бұл істе ұжым мұшелерін психологиялық біліммен қаруландырудың да маңызы үлкен.
  • Қазіргі кезде Ресейдің көптеген фирмалары мен мекемелерінде әлеуметтік-психологиялық пікір алысу (тренинг),психологиялық қызметі пайдалану жақсы нәтижелер беруде. Коллективтің табысқа қол жеткізуінің басты шарты – онда қолайлы моральдық – психологиялық жағдайдың болуы. Адамның басқалармен өзара түсіністікте, келісімде өмір сүріп, қызмет ете білуі – тұтас алғанда қоғамның да тұрақтылығына, тұтастығына ықпал ететіндігін естен шығармауымыз қажет.
  • 3. Әлеуметтену үрдісі. Әлеуметтенудің кезеңдері, түрлері және ерекшеліктері
  • Тұлғаны әлеуметтендіру. Индивидті тұлғаға айналдыру процесін әлеуметтендіру дейміз. Тұлғаның қалыптасуы белсенді іс-әрекет, қызмет істеуде және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда іске асады. Тұлға – белгілі тарихи-мәдени ортада өмір сүретін, қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық және моральдық (яғни адамгершілік) қасиеттерді бойына сіңірген, шынайы өмірді тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз іс-әрекет субъектісі. Басқаша айтқанда, тұлға қоғамның өмір тәжірибесін бойына сіңіріп, жан-жақты жетілген адам.
  • Тұлғаның қалыптасуы оның белсенді іс-әрекеті мен басқа адамдармен пікір алмасу процесінде өтеді. Әлеуметтендіру индивидке сырттан еріксіз таңылатын нәрсе емес. Керісінше, индивидтің іс-әрекетке белсеңді араласуымен, өзінің қимылы мен мінез-құлқын қоғам талабына сай, лайықтап, үнемі дұрыс жолға салып, өзгертіп отыруы арқылы іскғе асады.
  • Соның арқасында адамда өз мінез-құлқын, іс-әрекетін, қызметін басқа адамдардың сондай мінез-құлықтарымен салыстыра бағалау, сөйтіп өзінің кім екенін түсіну, өзін-өзі тану қабілеті жетіледі.
  • Тұлғалық қасиеттердің ішіндегі аса маңыздысы соның өмірге өзіндік көзқарасының болуы. Адамның көзқарасы ғылыми немесе ғылыми емес болуы мүмкін. Осыдан көзқарастың әлеуметтік жағына көңіл аударсақ, жеке тұлғаның қандай қоғамдық топтарға, саяси қозғалыстарға қызмет жасайтынын, қандай топтар мен қозғалыстарға қарсы екенін, озық ойлы, не кертартпа екенін аңғаратын боламыз.
  • Адам тұлғаға айналуында екі үлкен кезеңнен өтеді. Біріншісі – туғаннан ер жеткенге дейін. Екіншісі – ер жеткен, кемеліне келгеннен кейінгі кезең. Бірінші кезеңде жасөспірім бала сыртқы дүние туралы белгілі бір деңгейде білім жиынтығының жүйесін, негізгі бағалы, құнды бағыттар мен нұсқаларды игеріп, меңгереді. Ол бірнеше әлеуметтік рөлдер атқарады.
  • Екінші кезеңде тұлғаның бүтін, біртұтас көзқарастары, идеологиясы және белсеңділігі, өмірлік құбылыстарға байланысты бағыты қалыптасады. Осы екінші кезеңде тұлға әлеуметтік сипатта болады, оның өмірлік стратегиясы және өзіндік ерекшелігі басым көрінеді.
  • Тұлғаға айналудың бірінші кезеңі басрлық адамдарда бар, бірақ, екінші кезеңнің сипаты барлық адамдарға байқала бермейді. Кейбір адамдар өзінің соңғы күніне дейін өзгермей, қарапайым болып қала береді. Ал, кейбіреулер тіпті жиырма бес жасында тұлғаға айналады. Әрине, өкінішке қарай, мұндайлар қоғамда өте сирек кездеседі. Жеке дара адамды, индивидті тұлғаға айналдыруда әр түрлі оқу орындарының атқаратын қызметі зор.
  •  

Информация о работе Әлеуметтану парадигмалары