Экономикалық мәдениет түсініг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 08:47, реферат

Описание

Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір әлеуметтану зерттеуінің ең маңызды объектілерінің біріне айналды. Экономикалық әлеуметтану жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.
Экономикалық әлеуметтану немен айналысады? Осы ғылыми көзқарастың әлеуметтанумен және экономикалық ғылымдармен салыстыр-ғанда өзіндік ерекшелігі неде? Бұл пәннің өзіне тән ерекшелігін анықтау үшін басқа ғылымдармен сәйкес келмейтін өзіндік зерттеу пәнін және әдісін анықтап алу қажет.

Работа состоит из  1 файл

Виртуалдық лекция бойынша пәнің.docx

— 67.95 Кб (Скачать документ)

2. Тергеу әрекеттерінің ұғымы, түрлері және жүйесі.

3. Жауап алудың жалпы ережелері. Жауап алуға шақыру тәртібі. Жауапты процессуалды заңға сәйкес хаттамалау. Жауап алу барысында дыбыс және бейне жазбаны қолдану.

4. Беттестіру: ұғымы, негіздері, жүргізу тәртібі. Беттестіруді процессуалдық заңға сәйкес хаттамалау.

5. Куә және жәбірленушіден жауап алу: шақыру тәртібі және тергеу әрекетін жүргізу тәртібі. Жауапты процессуалды заңға сәйкес хаттамалау.

6. Сезіктіден жауап алу: шақыру және тергеу әрекетін жүргізу тәртібі. . Жауапты процессуалды заңға сәйкес хаттамалау.

7. Қарау: ұғымы, түрлері. Қараудың негізі және жалпы ережелері. Мәйітті қарау ерекшеліктері. Қарауды процессуалдық заңға сәйкес хаттамалау.

8. Адамның мәйітін қазып алып қарау: ұғымы, негіздері және жүргізу тәртібі. Процессуалдық заңға сәйкес хаттамалау.

9. Куәләндіру: негіздері, жүргізу тәртібі. Процессуалдық заңға сәйкес хаттамалау.

10. Тану: ұғымы және түрлері. Тануға ұсынудың негіздері мен тәртібі. Процессуалды заңға сәйкес хаттамалау.

11. Тінту: ұғымы және түрлері. Негіздері және жүргізу тәртібі. Жеке адамды тінтудің ерекшеліктері. Процессуалдық заңға сәйкес хаттамалау.

12. Зат алу: ұғымы және түрлері. Зат алудың тінтуден айырмашылығы.  Зат алуды жүргізудің негіздері мен тәртібі. Процессуалдық заңға сәйкес хаттамалау.

13. Почта-телеграф жөнелтімдеріне тиым салу, оларды қарау мен алу. Жүргізу негіздері және тәртібі. Процессуалдық заңға сәйкес хаттамалау.

14. Хабарды жол-жөнекей ұстау: ұғымы, түрлері, негідері мен жүргізу тәртібі. Процессуалдық заңға сәйкес хаттамалау.

15. Сөйлеушілерді тыңдау мен жазу: ұғымы, негіздері және жүргізу тәртібі.

16. Жауапты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау: ұғымы, жүргізу тәртібі. Тергеу экспериментінен айырмашылығы. Процессуалдық заңға сәйкес хаттамалау.

17. Тергеу эксперименті: ұғымы, негіздері және жүргізу тәртібі. Процессуалдық заңға сәйкес хаттамалау.

18. Сот сараптамасы: ұғымы, негіздері және жүргізу тәртібі. Сараптаманы міндетті түрде тағайындау. Қылмыстық іске қатысушылардың ынтасымен сараптама тағайындау. Сараптама тағайындау және жүргізу барысындағы сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің құқықтары. Сот сараптамасы органының сараптама жүргізуі және сот сараптамасы органынан тыс сараптама жүргізу. Сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге орналыстару. Сарапшыдан жауап алу. Жеке және комиссиялық кешенді, қосымша және қайталама сараптама тағайындаудың негіздері және тәртібі. Сарапшы қорытындыларын көрсету.

19. Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу:  ұғымы, түрлері, негіздері, жүргізу тәртібі. Процессуалдық заңға сәйкес хаттамалау.

 

Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес қылмыстық іс бойынша нақты  іс жүргізу шегінде тексерілетін кез келген әрекетті, тұтас алғанда, іс жүргізу әрекеттері деп атау қабылданған. Бұл ұғым барынша ықшамдалған  түрде ҚІЖК-нің 7-бабының 30-тармағында тұжырымдалған. Онда "іс жүргізу әрекеттері" — осы Кодекске сәй-кес қылмыстық сот ісін жүргізу барысында жүргізілетін іс-әрекеттер" деп айтылған. Мұнда алдын ала тергеу мен анықтаудың мазмұнына істің мән-жайларының жиынтығын анықтау, белгілеу және тиянақтату жөніндегі қызмет кіреді (КІЖК-нің 7-бабының 15, 16-тармақтары). Осымен қатар, сотқа дейінгі қызмет тәртібін реттейтін нормаларда тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы нұсқаулар бар. Заң шығарушы тергеу іс-әрекеттері ұғымына жеке немесе арнаулы түсінік бермейді. Алдын ала тергеу ережелерін жасау қисыны іс жүргізу әрекеггері мен тергеу іс-әрекеттері өзара тегі мен түрі ретінде арақа-тынаста болады деп есептеуге мүмкіндік береді. Бұл тектес ұғым ретінде іс жүргізу әрекеттерінің біз түр ұғымына жатқызатын тергеу әрекеттеріне қарағанда әлдеқайда кең әрі көлемдірек болатынын білдіреді. Басқаша айтқанда, тергеу іс-әрекеттері — бұл іс жүргізу әрекеттерінің түрлері. ҚІЖК-нің талаптарына сай келетін кез келген тергеу әрекеті — бұл әманда да іс жүргізу әрекеті, бірақ көрінген іс жүргізу әрекеті тергеу әрекетіне жата бермейді.

ҚІЖК-нің 122-бабының (іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары  туралы) мағынасына қарап, Қылмыстық іс жүргізу кодексінде әрекетті кеңейте түсіндіруге қажетті әлде бір ерекшеліктер мен негіздер жоқ тергеу іс-әрекеттерінің тізбесі берілген деп жорамалдауға болады. Бұл нормада қарап тексеру, куәландыру, алу, тінту, ұстау, мулікке тыйым салу, хат-хабарларга тыйым салу, хабарларды ұстап алу, телефонмен және басқа сөйлесулерді тыңдау және жазып алу,  алғанда, іс жүргізу әрекеттері деп атау қабылданған. Бүл үғым ба-рынша ықшамдалған түрде КДЖК-және жазып алу, тануга усыну, зерттеу ушін үлгііер алу, мәйітті жерленген жерінен қазып алу (эксгумация), айгақтарды қылмыс болган жерде тексеру, тергеу эксперименті, заттай дәлелдемелерді зерттеу кезінде анықталған, қылмыстық процесті жүргізуші адам тікелей түсінген мән-жайларды куәландыратын тергеу іс-әрекеттерінің хаттамаларында тіркелген іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылатыны баянды етілген. Алайда төмендегі ой-пікірлерге байланысты бұл тізбені мейлінше толық немесе даусыз деп тануға болмайды:

   - мүлікке тыйым  салу азаматтық талап пен мүлікті  тәркілеуді қамтамасыз ету үшін  арнайы көзделген мәжбүрлеу шарасы  болып табылады (ҚІЖК-нің 161, 305-баптары) және қылмыс жасаудың мәнжайларын дәлелдеу мақсаттарына пайдаланыла алмайды;

 — ҚІЖК-нде хат-хабарларға  тыйым салу секілді іс жүргізу  әрекеттерін реттеудің белгілі бір тәртібі көзделмеген. Алайда пошта-телеграф жөнелтілімдеріне тыйым салу, оларды қарап тексеру және алу жөнінде норма бар (ҚІЖК-нің 235-бабы), бұл жалпы мағынаны бұзбағанымен, терминологиялық ала-қүлалық туғызады;

— ҚІЖК-нде телефонмен және басқа сөйлесулерді тындау мен жазуды реттеу жөніңце сөз болмайды, бірақ сөйлесулерді тындау мен жазу туралы норма бар (ҚІЖК-нің 237-бабы);

   — ҚІЖК-нде  зерттеу үшін үлгілер алу тәртібі  туралы нұсқау жоқ. Осымен қатар,  ҚІЖК-нің 33-тарауына енгізілген  нормалар сарапшылық зерттеулерге  қажетті үлгілер алу мәселелерін  реттейді. Мұндай алшақтықты ескерудің маңызы бар, өйткені істің материалдарын зерттеу үшін маман қатыстырылады (ҚІЖК-нің 84-бабының 2-бөлігі), ал сараптамалық зерттеуді — сарапшы жүзеге асырады;

  — ҚІЖК-нде  "маман жүргізген бұлтартпас  дәлелді зерттеу" секілді дербес  іс-әрекет көзделмеген. Зерттеуді  дәлелдеу жөніңдегі қызметтің  бір элементі ретінде қарастыру қабылданған. Маман жүзеге асыратын (ҚІЖК-нің 84-бабы) зерттеу ескертпесін процестің осы қатысушысы құқықтарының бірі ретінде түсіну қажет.

Тергеу іс-әрекеттерінің  тізбесі туралы мәселеге неғұрлым өнімді жақтан, атап айтқанда, кейін тергеу іс-әрекеттерінің өзін бөлшектей отырып, іс жүргізу әрекеттері жүйесіне тікелей талдау тұрғысынан қарау үшін келтірілген мән-жайлар толық жеткілікті болып көрінеді. Сонымен, ҚІЖК-нің 122-бабының ережелері тергеу әрекеттерінің тізбесіне қосуға жататын іс жүргізу әрекеттері туралы біраз түсінік береді, бірақ бұл түсінік, біріншіден, мәселені түгел қамтымайды, екіншіден, жекелеген бөліктеріңде даулы болып шығады. Осыны негізге ала отырып, тергеу әрекетінің ауқымын ҚІЖК нұсқауларының белгілі  көлемінің талдауына негізделген қисынды жолмен анықтау әрекегін жасауға ұмтылайық. Мұңда мынадай мән-жайлар маңызды болып көрінеді:

— тергеу іс-әрекеттерінің  мазмұнына іс жүргізу шешімдері  кірмейді, өйткені ҚІЖК-нің 7-бабының 32-тармағына сәйкес шешімдер — бұл құқықты (үкімді, қаулыны, қорытындыны, ұсынысты, санкцияны) қолдану актілері,

— тергеу іс-әрекеттерін  жүргізу тергеушінің қызметімен де, алдын ала тергеу сатысымен де шектелмейді. Сотқа дейінгі қызметті реттейтін нормалар тергеу іс-әрекеттерін тергеушінің, соңдай-ақ анықтау органының, анықтаушының, қажет жағдайларда — прокурордың жүргізуін көздейді. Істі сотта қарау барысында соттың қаулысы бойынша судья тану, куәландыру, айғактарды түрған жерінде текеру және нақтылау сияқты әрекеттерді жүргізе алады (ҚІЖК-нің 360-бабының 1-бөлігі), бұл ҚІЖК-нің 200-бабының І-бөлігінің мағынасы бойынша тергеу іс-әрекеттеріне жатады;

- іс жүргізу  әрекеттері кейбір нормаларда  тергеу әрекеттері деп тікелей аталған;

— іс жүргізу  әрекеттерінің белгілі тобын  тергеу тобына жатқызу оларды занда арнайы көзделіп, қылмыстың жасалу мән-жайларын жаңғыртуға және қылмыстың белгілерін қылмыстық жолмен жазаланатын белгілер ретінде дәлелдеуге арналған құралдар ретінде түсінуге бағдарлайды.

Сонымен, тергеу іс-әрекеттері — бұл жүргізетін ісі жасалған қылмыстың сипаты, ауырлығы жөнінде тұтас түсінік қалыптастыруға, қылмыстық заңның нормаларына сәйкес жазалауға жататын нақты адамның айыптылығына көз жеткізуге бағытталған іс жүргізу әрекеттерінің жүйесі.

Келтірілген жалпы ұғым бірқатар қағидалары бойынша энциклопедиялық  анықтамаға сәйкес келеді, олар бойынша "тергеу іс-әрекеттері —... тергеушінің, анықтау органының, прокурордың, соттың занда белгіленген тәртіппен, айғақтарын жинау және тексеру жөніндегі іс-әрекеттер"3[3].

Әр түрлі мектептер  өкілдерінің пікірлері мынадай  жекелеген пікірге саяды. Мәселен, Н.А. Громов былай деп жазады: "Тергеу іс-әрекетін қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген және айғақтарды жинап, тексеру мақсаттарында қолданылатын шара ретінде анықтауға болады, мұндай шара іздестіру, танымдық және куәландыратын операциялар мен тәсілдердің жиынтығынан тұрады, ал бұлар әрқайсысында қылмыс іздерінің ерекшеліктеріне сай келетін және онда сақталған айғақтық хабарламаны тиімді байқауға, қабылдауға және тиянақтауға бейімделген жалпы ғылыми таным әдістерінің ұштасуына байланысты. Тергеу іс-әрекеттерінің негізінде танымдық және куәландыратын мән-мағыналар жатады. Тергеу іс-әрекеттерін тергеуші жүргізетін өзге іс-әрекеттерден ерекшелендіріп тұрған да, міне, нақ осылар"4[4]. Ол одан әрі былай деп көрсетеді: "Тергеу іс-әрекеті қатаң құқықтық реттеуге бағынған қылмыстық іс жүргізу қызметінің бастапқы элементі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін тергеу іс-әрекеттерін айғақтар алу немесе тексеру құралы ретінде қарастыруға болмайды. Осы сияқты, қылмыстық іс жүргізу заңына қатаң сәйкестілікте, бірақ қылмыстық істі тергеумен немесе оны қозғаумен байланыссыз рәсімделген тергеу әрекеттеріне жол беруге болмайды".

 

5-ші дәріс. АЙЫПТАЛУШЫ  РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУ. 

 

1. Айыпталушы ретінде жауапқа тартудың ұғымы, негіздері және маңызы.

2. Айыпталушы ретінде жауапқа тартудың процессуалдық тәртібі.

3. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту қаулысының нысаны (формасы) және мазмұны.

4. Айыпталушыны шақыру тәртібі. Айыпталушыны алып келудің негізі және тәртібі.

5. Айыпталушыға айып тағу тәртібі. Қорғаушының қатысуымен айып тағу.

6. Айыпталушыдан жауап алу, жауаптың заты және жауап алудың тәртібі.

7. Айыпталушыдан жауап алу хаттамасы. Жауапты айыпталушының қолымен жазуы.

8. Айыпты тағуды өзерту мен толықтыру негіздері мен тәртібі. Қылмыстық ізге түсуді айып тағу бөлігінде қысқарту.

9. Айыпталушыны қызметінен уақытша шеттету, оның негіздері және тәртібі.

 

Айыпкердің процеске қатысушы ретіндегі процессуалдық мәнін  дәлелдеу процесімен айқын аңғаруға болады. Яғни, айыпкердің көрсету беруінің сипаты мен мақсатынан ерекшеленеді. Ендеше, айыпкердің көрсетуінің жеке дәлелдемелер арасындагы мәнін толық  қарастырып өтелік.

Бұл тұлғадан жауап алудың негізгі мақсаты - сезіктің дұрыс  туындағанын және дәлелдеу материалындағы кемшілікті дұрыс орындау болып  табылады. Сондықтан сезіктіден жауап  алу куәдан ерекшелігі болып, қылмыс жасаудағы әшкерелеу элементін  қамтиды. Сондықтан, сезік келтіруші  тұлғаның жағдайынан айыпталушының  жағдайының ерекшелігі айыпкерге айып тағылғандығымен, сонымен бірге  оның куәнің жағдайынан айырмашылығы оған жауапкершілік жүктелмейді, одан тек дерек туралы жауап алынады. Куәдан сезік келтіруші тұлғаның айырмашылығы, туындаған сезіктен қорғану  ретінде көрсету береді, сондықтан  да сезіктінің көрсетуі айыпкердің көрсетуімен  жақын, айыпкердің көрсетуі дәлелдеуге қызмет атқарып қана қоймай және де қорғану құралы ретінде болады.

Жоғарыда айтылып кеткендей  сезіктінің және айыпталушының көрсетілуі бір-бірімен ұқсастықтары бар. Сонымен  бірге бұлардың арасында мендік айырмашылықтар бар. Сезіктіге дәлелді қылмыспен  айып тағылмаған, оны оған қарсы  толық көлемде жиналған дәлелдемелермен  таныстырмайды, бірақ айыпталушы ретінде  жауапқа тарту қаулысын шығарған кездегі дәлелдемелерден аз. Сондықтан  да сезіктіден жауап алу пәніне сезікті  өзіне қарасты туып отырған сезік  жөнінде, сондай-ақ іс бойынша маңызы бар өзіне белгілі өзге де мән-жайлар мен дәлелдемелер туралы айғақтар беруге құқылы. Айыпталушы өзіне тағылған айыптау бойынша, сонымен бірге  іс бойынша маңызы бар, өзіне белгілі  өзге де мән-жайлар мен дәлелдемелер жөнінде айғақтар беруге кұкылы (ҚІЖК-ң 119 бабы). Сондықтан сезіктінің көрсетуі осы тұлғанын айыпкер ретінде  айып тағылғаннан кейін тергеу органын  толық жауап алу міндетінен босатпайды. Жоғарыда айтылып кеткендей сезіктіге  туындағын сезіктен қорғану қажеттілігі  болады. Тергеу кезінде қорғану нысанының  қолайлы жағдайы көрсету бергенде, осының барысында ол өзінде бар дәлелді  айтып береді. Өзіне қарсы сезіктен қорғану ретінде, жауап алу барысында  тергеуші дәлелді сынға алады. Сондықтан  сезіктінің көрсету мәніне сол тұлга  қылмыс жасады деп мойнына алуын  айырмау керек.

Информация о работе Экономикалық мәдениет түсініг