Экономикалық мәдениет түсініг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 08:47, реферат

Описание

Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір әлеуметтану зерттеуінің ең маңызды объектілерінің біріне айналды. Экономикалық әлеуметтану жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.
Экономикалық әлеуметтану немен айналысады? Осы ғылыми көзқарастың әлеуметтанумен және экономикалық ғылымдармен салыстыр-ғанда өзіндік ерекшелігі неде? Бұл пәннің өзіне тән ерекшелігін анықтау үшін басқа ғылымдармен сәйкес келмейтін өзіндік зерттеу пәнін және әдісін анықтап алу қажет.

Работа состоит из  1 файл

Виртуалдық лекция бойынша пәнің.docx

— 67.95 Кб (Скачать документ)

Егер анықталған тергеуден тыс қылмыстық іс қозғау қылмыстық іс қозғауға құқығы бар нақты органның немесе уәкілетгі адамның құзыретіне кірмейтін болса, онда қылмыс жөніндегі арыз немесе хабарлама қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін құзыретті органға беріледі.

Сонымен, қылмыстық  іс қозғау құқығы және тиісті уәкілетті органдар мен адамдар құзыретінің көлемі толық көлемде сәйкес келмейді.

Қарастырып отырған  сатыда прокурорға ең кең өкілеттіктер берілген. ҚІЖК-нің 62, 190, 192-баптарының 6, 7-бөліктерінің мағынасынан оның тергеуге алынғанына қарамастан, прокурордың өзі қылмыстық іс қозғауға құқылы екені көрінеді. Прокурор өкілетгігінің кеңдігі жария айыптауды ғана емес, сондай-ақ жеке және жеке- жариялы айыптауды да қамтиды. Мұнда прокурор мынадай қылмыстық істерді қозғауға құқылы:

  • кез келген жариялы айыптау ісі бойынша (ҚІЖК-нің 62, 190-баптары);

- егер қылмыстық әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы немесе басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, жәбірленушіден арыз түспеген реттерде жеке айыптау ісі бойынша (ҚЖК-нің 33-бабы);

   -егер  қылмыстық әрекет дәрменсіз немесе  басқаға тәуелді жағдайдағы немесе басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі   құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін қозғайтын болса, жәбірленушіден арыз түспеген реттерде жеке-жариялы айыптау ісі бойынша (ҚІЖК-нің 34-бабы);

    -коммерциялық  және өзге ұйымдағы қызмет  мүдделеріне қарсы қылмыстық әрекет бойынша (ҚР Қылмыстық кодесінің 228-232-бап-тары) мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын тек қана коммер- циялық немесе өзге ұйымдарға зиян келтірсе және басқа ұйым-дардың, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірмесе, қылмыстық жауапқа тарту осы ұйым немесе уәкілетті орган басшысының арызы немесе олардың келісімі бойынша жүзеге асырылады (ҚІЖК-нің 35-бабы).

    Прокурор  сотқа дейінгі әрекетке оқтын-оқтын  ғана қатысатындықтан, ал қылмыстық іс қозғау — бүл прокурордың заңды қадағалау жөніндегі өзіне жүктелген міндетті жүзеге асыру құралы болып табылатындықтан, бұл жағдайда қылмыстық іс қозғау құқығының бірден-бір іс жүргізу салдары туады, ол қозғалған қылмыстық істі соттылығына қарай құзыретті органға тапсырумен аяқталады. Мұнда прокурордың сотқа дейінгі әрекеттің заңдылығын қадағалауы толығымен сақталады. Бүл жерде прокурордың қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру құқығы адамды қылмыстық жауапқа тартатын кезден басталатынын есте сақтау қажет. Алайда бұл жағдайда да прокурордың қылмыстық ізге түсуге қатысуы үздік-создық сипатта болады.

Өз құзыретінің  көлемі бойынша қылмыстық іс қозғау құқығы бар келесі адам тергеуші болып саналады. Уәкілетті адамдардың бүл санатына ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және қаржы полициясы органдарының тергеушісі жатады (ҚІЖК-нің 64-бабының 1-бөлігі). Заң шығарушылар тергеуші іс қозғауға құқылы қылмыстық істер көлемін тергеушінің қай ведомствоға қарайтынына және қылмыстық ізге түсу органдарында (прокурор мен прокуратура органдарынан басқа) тергелуіне қарай жіктеген.

    Уәкілетті  органдар тергеу көлеміне қарай  былайша орналасады. (ҚІЖК-нің 192-бабы):

  1. ішкі істер органдарының тергеушілері Қылмыстық кодекстің

177-бабы  бойынша;

   2) ұлттық қауіпсіздік  органдарының тергеушілері —  Қылмыстық кодекстің 38-бабы бойынша;

  1. қаржы полициясының тергеушілері — Қылмыстық кодекстің 36-бабы 

бойынша қылмыстық  іс қозғауға құқылы;

  1. Қылмыстық кодекстің бірқатар нормалары бойынша балама тергеу көзделген, ол тұтас алғанда жоғарыда келтірілген көлемнің арақатынасына әсер етпейді.

Тергеушінің уәкілеттігін тергеумен өзара байланыста жіктеу дегеніміз жалпы ереже бойынша мынаны білдіреді:

- бұған дұрыс  негіз болған жағдайда тергеуші  өзіне бөлінген тергеу шегінде қылмыстық іс қозғауға міндетті;

- егер қылмыстық әрекеттің  белгілері ол тергейтін құрамның тізбесіне жатпайтын болса, тергеуші қылмыстық істі өзі қозғауға және бұдан кейін оны тергелуі бойынша, немесе қылмыстық іс қоз-ғамастан, қылмыс туралы арызды немесе хабарламаны қылмыстың тергелуі бойынша беруге құқылы (ҚІЖК-нің 188-бабы).

 Қылмыстық  іс қозғау сатысындағы уәкілеттігінің  көлемі жөнінен тергеу бөлімінің бастығы тергеушіге жақындайды, мұны ҚІЖК-нің 63-бабының 2-бөлігінен байқаймыз. Тергеу бөлімінің бастығы тергеушінің уәкілеттігін пайдалана отырып, қылмыстық іс қозғауға құқылы деген нұсқау қарастырылатын бөлікте тергеуші мен тергеу бөлімі бастығының уәкілеттігі толық сәйкес келеді деген сөз емес. Тергеу бөлімінің бастығы қылмыс туралы арызды немесе хабарламаны қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін, сондай-ақ қылмыс жөніндегі арызды немесе хабарламаны қылмыстық іс қоз-ғамай-ақ тергелуге жіберу үшін өзі басқаратын бөлімнің кез келген тергеушісіне беруге құқылы. Тергеу бөлімі бастығы уәкілеттігінің бұл ерекшелігі іс жүргізу сипатынан гөрі көбіне ұйымдық-басқару сипатына ие болады.

Қылмыстық іс қозғау құқығы бар келесі субъект — бұл анықтаушы  және анықтау органы (ҚІЖК-нің 186-бабының 1-бөлігі). Заң шығарушылар бұлармен қоса, анықтау органының бастығына да осындай қүқық берген (ҚІЖК-нің 66-бабының 4-бөлігінің 4-тармағы). Нақты қылмыстық іс жүргізу шегінде анықтау органы бастығының өзіне бағынышты анықтаушыға қатысты іс жүргізу жағдайы тергеу бөлімі бастығының өзіне бағынышты тергеушіге қатысты жағдайына ұқсайды.

  Анықтаушы,  анықтау бөлімінің бастығы, анықтау  органы қылмыстық іс қозғауға құқылы қылмыстық істердің аясы, біріншіден, олардың қай ведомствоға жататынына қарай (ол анықтау органдарының тізбесін қамтитын 65-бапта белгіленген), екіншіден, оған берілген құзыреті көлеміндегі шектеулермен анықталады. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдауда да анықтаушының дербестігі шектеулі сипатта болады: анықтаушының қылмыстық іс қозғау туралы қаулысы оны анықтау органының бастығы бекіткеннен кейін ғана іс жүргізу күшіне ие болады (ҚІЖК-нің 66-бабының 5-бөлігі).

     Анықтаушының  қылмыстық іс қозғау жөніндегі  өз құқығын жүзеге асыру жағдайлары іс бойынша алдын ала тергеу жүргізудің міндеттілігі мен міндетті еместігіне қарай ерекшеленеді. Егер іс бойынша алдын ала тергеу міндетті түрде талап етілмейтін болса, онда анықтаушы қылмыстық іс қозғайды, қаулыны анықтау органының бастығына бекіттіреді де, бұдан әрі тергеушінің сотқа дейінгі әрекеті секілді өз уәкілеттіктерін жүзеге асырады (ҚІЖК-нің 67-бабының 3-бөлігі). Егер іс бойынша міндетті түрде алдын ала тергеу ісі жүргізілетін болса, онда анықтау органы бастығының тапсыруымен анықтаушы кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда қылмыстық іс қозғауға уәкілетті болады. Басқа жағдайларда қылмыстьіқ іс қозғау туралы шешімді уәкілетті тергеуші қабылдайды.

Сот қылмыстық  ізге түсу органы болмағандықтан, сотқа  қылмыс туралы арыз немесе хабарлама түсетін жағдайларда заңда қылмыстық іс қозғаудың арнайы тәртібі көзделген. Сот мұндай хабарлама мен арыздардың бәрін прокурорға жолдайды, ал прокурор өз кезегінде қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдап, тиісті материалдарды (арыз, хабарлама, қаулы) тергелуге жолдайды. (Бұл тәртіптің жеке айыптау істерін қозғайтын жағдайларға қатысы жоқ). Сот хабарламаның, арыздың прокурорға жолданғаны жөнінде арыз берушіге хабарлайды. Сот тікелей істі (қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік) қарау барысында қылмыстардың белгілерін табатын жағдайларда прокурордың атына жеке қаулы шығарып, онда іс бойынша анықталған заңды бұзу фактілеріне, қылмыс жасауға итермелеген және тиісті шаралар қабылдауды қажет ететін себептер мен жағдайларға прокурордың назарын аударады. Прокурор қабылданған шаралар туралы,оның ішінде қылмыстық іс қозғау және оны тергеуге жолдау жөнінде жеке қаулы шығарған сотқа бір ай мерзім ішінде хабарлайды (ҚІЖК-нің  183, 387-баптары).

 

 

2-ші дәріс.  Қылмыстық іс қозғаудың заңдық негіздері.

 

Қылмыс туралы арыздар  мен хабарламаларды жан-жақты және әділ қарау, сондай-ақ шешу — алдын ала тергеу органдарының қылмыстық іс қозғау сатысындағы маңызды іс жүргізу міндеті.

 Заң қылмыстық  іс қозғау туралы шешім қабылдау  үшін мынадай белгілі бір шарттардың болуы талап етіледі деп белгілеген: 1) қылмыстық іс қозғаудың себебі; 2) қылмыстық іс қозғаудың негізі; 3) қылмыстық іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлардың жоқтығы.

Қылмыстық іс қозғауға себеп  — бұл тергеушіні, анықтаушыны, прокурорды дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы хабардар етудің заңда қатаң белгіленген негізі, мұндай негіздер болған жағдайда аталған органдар қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қарауға міндетті.

    ҚР  ҚІЖК-нің 177-бабына сәйкес қылмыстық  іс қозғауға мыналар себеп болады:

  1. азаматтардың арыздары;
  2. кінәсын мойындап келу;

    3) мемлекеттік  органның лауазымды адамының  немесе ұйымда 
басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;

4)бұқаралық ақпарат  құралдарындағы хабар;

5)лауазымды адамдардың  және қылмыстық іс қозғауға  заңды органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей  анықтауы.

 Азаматтардың қылмыс туралы арыздары жазбаша түрде де немесе ауызша болуы мүмкін. Жазбаша арызды берген адам оған қол қоюы тиіс. Ауызша арыз хаттамаға түсіріледі де, оған арыз беруші және арызды қабылдап алған лауазым иесі қол қояды. Ауызша арыздың хаттамасында хаттаманың қайда және қашан жасалғаны, арызды кімнің (қылмыстық ізге түсу органының лауазымды адамы) қабылдап  алғаны, арыз беруші туралы толық мәліметтер (аты-жөні, туған жері мен жылы, тұрғылықты орны мен жұмысы, жеке басын куәландыратын қандай құжат көрсетілді, оны кім және қашан берген) көрсетілуі тиіс.

 Арыз берушіге  көпе-көрінеу жалған сөз жеткізгені  үшін жауаптылығы міндетті түрде түсіндіріледі, осыдан кейін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 351-бабы бойынша әдейі, жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертіліп, бұл туралы хаттамаға белгі соғылады, ол арыз берушінің қол қоюымен куәландырылады.

Заңмен белгіленген  осы міндетті рәсімді орындау  кейін заңды түрде алынған шын мағлұматтарды қолға түсірудің кепілі болады, осындай мағлұматтардың негізінде қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілетін болады.

  Қылмыс туралы ауызша хабарлама телефон арқылы да берілуі мүмкін. Ішкі істер органындағы кезекші мүндай арызды қылмыс туралы арыздар мен хабарламалар журналына тіркейді, осыдан кейін ол тексеру шаралары барысында қолдау табатын болса, міндетті түрде жазбаша ресімделуі тиіс. Азаматтардың әрқашан тікелей ауызша немесе жазбаша арыз беру мүмкіндігі бола бермейді, сондықтан олар мұндай жағдайларда бұл туралы өздеріне қолайлы әдіспен, яғни оны хат арқылы поштамен жолдай алады.

 Әдебиетте "хат"  термині арқылы кейде арызды  немесе басқа өтініш түрлерін жөнелтудің техникалық әдісі ғана түсініледі.

А.Р. Михайленко "хат" дегеніміз - бұл ең алдымен  сөзді қашықтыққа жеткізіп қана қоймай, сондай-ақ оны қағазға түсіріп, уақыт кеңістігінде сақтауға мүмкіндік беретіндей етіп жазып алу деп анықтайды. Бұған қоса, қылмыс туралы арызды

хатпен ғана емес, бандероль, сәлемдеме жәшік және т.с.с. арқылы да жіберуге болады".

     Қылмыс  туралы арызды немесе хабарламаны  жеткізудің мұндай әдістерін тиісті іс жүргізу ресімінен өткізген соң қылмыстық іс қозғауға себеп ретінде қарастыру керектігімен келіскен жөн.

     Азаматтардың  жеке және жеке-жариялы айыптау  істері бойынша шағымдарын да себеп ретіндегі арыздар орнына қарау қажет, олардың тізбесі ҚІЖК-нің 33, 34-баптарында көрсетілген.

     Алдын  ала тергеу органдарына авторлар  әр түрлі мән-жайларға (қорқу, түбіме жете ме деп үрейлену, зүлымдық, жала, кек алу) байланысты беймәлім болып қала отырып, "домалақ" арыз түсіретін жағдайлар тәжірибеде бар.

    Біздің  қоғамда "домалақ" арызға қашан да мүлде теріс пікір қалыптасқан. Солай бола тұрса да, заң шығарушылар мұндай арыздардың құқықтық табиғаты мен іс жүргізу салдарын айқындаған. "Домалақ" арыздар, егер оларда қылмыстың белгілерін көрсететін мағлұматтар жеткілікті болса, алдын ала, мұқият және жан-жақты тексергеннен кейін ғана қылмыстық іс қозғауға себеп бола алады. Бұл жағдайда алдын ала тергеу органының тікелей қылмыс белгілерін табуы себеп болады.

Кінәсын мойындап келу дегеніміз адамның өзі жасаған қылмысы туралы қылмыстық процесті жүргізетін органға берген ерікті түрдегі ауызша немесе жазбаша арызы. Кінәсын мойындап келу хаттама арқылы ресімделеді, онда жасалған мәлімдеме толығымен сипатгалады. Кінәсын мойындап келу хаттамасына кінәсын мойындап келген адам мен арызды қабылдап алған лауазым иесі қол қояды. Бұл адам туралы әлі күдік тумаған немесе осы қылмысты жасағаны жөнінде оған айыптау тағылмаған уақыт ішінде істелуге тиіс уақыт аралығы кінәсын мойындап келуге тән ерекшелік болып табылады. Қылмыстық заң кінәсын мойындап келуді кінәлы адамның жауаптылығын жұмсартатын мән-жайлардың қатарына жатқызатындықтан, бұл ескерту аса мәнді болып есептеледі.

Кінәсын мойындап келу қылмысты ашуға септігін тигізуге тиіс, бірақ еш уақытта қылмысты тергеу барысында алыпсатарлық мақсатта пайдаланылмауы тиіс. Кез келген себеп секілді, кінәсын мойындап келу де тексеруден өтуі тиіс, өйткені бұл жағдайда адам өзіне-өзі жала жабуы немесе оны қысым жасау салдарынан жазуы мүмкін. Егер өзінің арызында қылмысқа қатысушылар көрсетілетін болса, кінәсын мойындап келген арыз беруші көпе-көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы міндетті түрде хабарланып, ескертілуі тиіс.

Информация о работе Экономикалық мәдениет түсініг