Батыс және шығыс өркениет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 22:00, реферат

Описание

Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.

Содержание

Өркениет түсінігі
Қазақ халқының өркениет құндылықтары
Батыстық өркениет
Шығыс өркениеті
Пайдаланған әдебиет

Работа состоит из  1 файл

Батыс және Шығыс өркениет.docx

— 25.57 Кб (Скачать документ)

Жоспар

  1. Өркениет түсінігі
  2. Қазақ халқының  өркениет құндылықтары
  3. Батыстық өркениет
  4. Шығыс өркениеті
  5. Пайдаланған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.

Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:

мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);

Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);

Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);

Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);

Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);

Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.

Ағартушылық дәуірінде Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды сипаттау үшін қолданылды. 19 ғ-да Шпенглер мен Тойнби еңбектерінде бұл термин өзіндік ерекшелігі бар, жергілікті қауымдастық мағынасында, яғни “тарихи өркениеттер” (Қытай, Вавилон, Түркі, Мұсылман, Орта ғасыр, т.б.) ретінде қолданылды. Дегенмен Өркениетті саралаудың бірегей өлшемдері мен ұстанымдары әлі күнге дейін жасалған жоқ. Соңғы кездері Өркениетке бір аймақта тұратын халықтардың тарихи тағдырластығы, олардың арасындағы ұзақ әрі тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеум. ұйымдасу мен реттелудің этносаралық жергілікті қауымдастығы деген анықтама берілді. Өркениет категориясы мәдени типтерді зерттеуде немесе мәдени-тарихи типологияны жасауда кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Өркениет типтерін шығыс және батыс деп бөліп, “ғаламдық Өркениет” және “техногендік Өркениет” ұғымдары да қолданылады. Мәдениеттанушылар Өркениетті “мәдениет” ұғымымен салыстыра қарастырады. С.Хантингтонның жіктемесі бойынша, қазіргі әлемде батыстық, латын америкалық, православиялық, исламдық, конфуцийшілдік, үнді-буддалық, қиыр шығыс және африкалық секілді 8 суперөркениет қатар өмір сүруде. Қазіргі отандық мәдениеттану ғылымында қазақ өркениеті ұғымы қалыптасты. Ол ежелгі көшпелі өркениеттерден бастау алып (сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, ортағасырлық түркілік дала империялары, Алтын Орда, Ақ Орда, т.б.), кейін қазақ хандығы тұсында қалыптасқан, түркі-соғды, түркі-араб синтездері нәтижесінде исламдық суперөркениеттің құрамына енетін этномәдени бірлестікті сипаттау үшін қолданылады (қ. Дала өркениеті).

Қазақ Өркениеті 3 үлкен өркениеттердің (православиялық, исламдық, конфуцийлік) тоғысқан жерінде орналасқан.

Оның мынадай өзіндік белгілері бар:

а) көшпелі өркениеттің мәдени негізіне рулық-тайпалық одақ жатады;

ә) түркі тілінде сөйлеген тайпалар “түркі” этнонимі пайда болғаннан талай ғасырлар бұрын қалыптасқан;

б) мұсылман дінін түркі тайпалары біртіндеп өз еркімен қабылдаған және бұл үрдіс Шыңғыс хан империясы тұсында баяулағанымен, түбінде табысты аяқталған;

в) орта ғасырлардың соңынан бастап түркі тайпалары моңғолдық этн. элементтерді өзіне сіңіре бастады;

г) 15 ғ-да түркілік Орталық Азияда қазақ деп бұрынғы мемлекетінен бөлінген адамдарды айтты.

Қазақ халқының және оның ата-тектерінің әлемдік Өркениетке қосқан басты құндылықтарына мыналар жатады:

1) еуразиялық көшпелілер кеңістікті игеруде адамзат тарихындағы бірінші жетістікке жетті;

2) көшпелілер шөл мен шөлейттерді үйлесімді игере алды;

3) еуразиялық көшпелілер тарих катализаторлары (А.Вебер) қызметін атқарды, олардағы миграциялық процестер жаңа өркениеттердің қалыптасуының себебі болды (Үнді, Иран, Ғұн мемлекеті, Араб Халифаты, т.б.);

4) Ұлы Жібек жолы және басқа да мәдени байланыс жүйелері арқылы түркілер батыс пен шығыстың арасында дәнекерлік қызмет атқарды, олардың сұхбатына себепкер болды;

5) қазақтың арғы тектері әлемдік өркениеттіліктің шалбар, алдаспан, киіз үй, күйме, металл өңдеу, зергерлік, ұсталық сияқты артефактілерін алғашқылардың бірі болып енгізді;

6) түркілердің әмбебап дүниетанымдық жүйесі – тәңіршілдік адамдық ынтымақтастық пен келісімділіктің маңызды формасы болды;

7) “адам бол!” ұстанымы, әлемді жарық дүние деп түсіну, адамның көңіл-күйіне мән беру, ғарышпен және адамдармен үйлесімділікте болу, жасы үлкендер мен баланы қастерлеу сияқты қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінің құндылықтары қазіргі руханиятта ерекше орын алады. Қазіргі қазақ Өркениеті алдында ұлттық архетиптерді сақтай отырып, оларды қазіргі әлемдік Өркениет құндылықтарымен үйлесімді ету міндеті тұр.

Батыстық өркениет - елдер жиынтығы, оларға ортақ қасиеттер: дамыған экономика, жеке түлғаның еркіндігін, жеке меншіктің, адам қүқына басымдық беруді мойындайтын қүндылықтар Жүйесі және т.б. Көне Греция- дан бүгінгі күнге дейінгі сақталған Еуропалық халықтар мен елдердің мәдениеттерінің жиынтығы ретіндегі еуропалық мәдениеттің синонимі. Екінші кең таралған мәні – Батыc Еуропа ауқымынан шығып, Солтүстік Аме¬рика мен Австралияны, т.б. бірқатар елдерді қосып алатын батыстық әлем- нің қүндылықтары мен өмір салтының мәдени өздігінше орындалуының тәсілі. "Батыстық" үғымды шығыстық мәдениеттен бөліп жіктейді, ал, "өркениет" үғымы ішкі тынысты және мәдени үстанымдарды ғана емес, сонымен қатар жиынтығында батыстық мәдениет әсерін туғызатын оның салдарын, нәтижесін, батыстық мәдениеттің технологиялық жабдықталғанын білдіреді. Бүл түрғыда сөз мәдениеттің үстемдік етуші түрі жайлы болып отыр. Қазіргі зерттеулерде әдетте Батыc өркениеті еуропалық техногенді мәдениетпен теңестіріледі. Техника мен ғылыми жетілген технологиялар еуропа өркениетінің мүмкіншілігін арттырды. Еуропалық ғылымға негізделген мәдениет үнемі жаңарып, өндірісті модернизациялап, бүкіл әлеуметтік өмір салтын өзгертуді білдіреді. Батысты ғаламдық өркениеттік сипаттау әдетте Батыc пен Шығыстың арасында айырмашылықты қандай белгілерге сүйеніп жүргізумен шектеледі. Осы орайда, көптеген жаһандық мәселелер бойынша Батыстағы "механистік" ғьшым мен Шығыстағы (Қытайдағы) "организмдік", осыған сәйкес, жеке түлғаның экстравертті және интровертті түрлері, гилозоизм мен ирра¬ционализм Шығыстағы дүниетаным басым түрі және рационализм мен праг¬матизм Батыстық үлгі ретіндегі сияқты айырмашылықтар бар. Батыстық өркениеттің мызғымас негіздері ретінде көбіне Қайта Өрлеу дәуіріндегі, Ағарту дәуіріндегі, XVII-XVIII ғасырлардағы ғылыми төңкерістің мәдени жетістіктері аталады. Жаһандық түрғыда әлемдік өркениет тарихында Батысқа ерекше орын берілуін, даму динамикасындағы алшақтық бар болса да, Батыс¬ты Шығысқа қарсы қою үшін қолданбау керек. Батые әдеттегіден жоғары жаңару мен жүмылудың үлгісін көрсетіп отыр; Шығыс үшінші мыңжылдық қарсаңында өзіндік дәстүрлі мәдени қүн¬дылықтары мен бағдарларына адал күйінде қалуда. Ғылымды әлеуметтік мәдени ин¬ститут ретінде қалыптастырған дәл осы Батыc. Бүл жерде сөз тек ғылыми-техникалық қоғам қүратын эксперименталдық ғылым жайлы болып отыр. Осы орайда Еуропа өркениетіндегі бүкіл үш мәдени оқиғаның өзара байланысы мен өзара тәуелділігін айтып өту ләзім: Қай¬та Өрлеу, Реформация, ғылыми-техникалық төңкеріс. Қазіргі әлемде ғылым әлеуметтік жаңару институты ретінде дүниежүзіне кеңінен таралуда. Осыдан келіп, мәдени даму процесін қайта қүру, дәстүрлі өркениеттердің негізгі (Қытай, Үнді, Араб әлемі, Латын Америкасы, Африка) түрлеріне қайта көңіл белуге тура келеді. Бұл жағдайда ежелгі дүниеден бастап, Батыстық өркениеттің ерек- шеліктерін, қайталанбастығын анықтау мүмкін болмақ. Міне, тарихи дамудың осы кезеңінде әлемдік мәдениеттердің көп, түрленген сипаты анықталады. Осы көзқарасқа сай, батыстық өркениет қазіргі әлемнің ғаламдық факторына айналады.

Шығыс өркениет – шығыс мәдениеттерінің әр түрлі уақыт және мекен кеңістігіндегі даму деңгейін бейнелейтін жалпы атау. Шығыс өркениет көп жағдайда Батыс өркениетіне қарама-қайшы ұғым ретінде қолданылып, дәстүрлі қоғамның батыс мәдениетінен ерекшелігін айғақтай түсу үшін пайдаланылады. Шығыстағы дала өркениеті, ислам өркениеті, қытай өркениеті, үнді өркениеті, т.б. сипаты жағынан әр алуан және әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері бар мәдениеттердің болуы олардың бастау алатын рухани, діни, мәдени бастауларының әрқилылығымен анықталады. Жалпы адамзат өркениетінің ішінде өзіндік қайталанбас ерекшелігімен, рухани құндылықтарға қосқан мол үлесімен ерекшеленетін қазақ мәдениеті де дала өркениетінен бастау алатын, ислам өркениетімен құнарлана түскен жалпы Шығыс өркениет аясындағы дербес төл өркениет.

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет

"Қазақ Энциклопедиясы"

  Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

Қазақ тілі терминдерінің  салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002

Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005


Информация о работе Батыс және шығыс өркениет