Өндіріс шығындары және фирма табысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2011 в 14:57, контрольная работа

Описание

Шығындардың мәні.
Шығындардың түрлері.
Табыс және пайда.

Работа состоит из  1 файл

акмарал.docx

— 43.83 Кб (Скачать документ)

   Тозу - бұл физикалық және моральдық сипаттамаларын жоғалту процесі.

   Негізгі құралдардың физикалық тозуы олар пайдаланылған кезде жабдықтың бөлшектері мен тетіктерінің, үйлер мен ғимараттардың құрылымдық элементтерінің механикалық тозуына байланысты (физикалық тозудың пайдаланудағы нысаны), сондай-ақ темірдің тот басуына, ескіруіне, шіруіне әкеп соқтыратын (физикалық тозудың табиғи нысаны) табиғи-климаттық жағдайлардың әсерінен басталады. Нәтижесінде негізгі құралдар құнының бөлігі жоғалады.

  Амортизация - бұл тозудың құндық белгісі. Бұл  негізгі құралдардың амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың (негізгі құралдардың) жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың объекгивтік процесі.

  Амортизациялық  құн дегеніміз бастапқы құн мен  жою құнының арасындағы айырмашылық. Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамды құны ретінде анықталады.

  Амортизациялық  аударымдар амортизация нормалары  бойынша жасалады.

  Амортизация нормасы - бұл амортизациялық аударымдардың  жылдық сомасының негізгі құралдардың  жылдық орташа құнына қатынасы.

  Амортизация есептеу үшін мынадай әдістер қолданылуы мүмкін:

1. Құнды біркелкі (тікелей) есептен шығару әдісі

 Объектінің амортизациялық құны ай сайын бірдей сомамен есептен шығарылады. Амортизация сомасы мыналарға орай анықталады:

 Ұтымды  пайдалану мерзімі. Бұл ретте  объектінің жай-күйі, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мәселелері, климат жағдайлары, қазіргі таңдағы техника мен өндіріс саласындағы үрдістер, осындай активтермен жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

 Мысалы: Станоктың құны = 20 000 теңге. Болжамды жою құны = 2 000 теңге. Пайдалану мерзімі 10 жыл. Станоктың амортизациялық құны = 20 000 - 2 000 = 18 000 теңге. Амортизацияның жыл сайын сомасы 18 000/10 = 1 800 теңгеге тең. Амортизацияның ай сайынғы сомасы = 1 800/ 12 = 150 теңге.

 НҚ ұтымды пайдалану мерзімі жою құны секілді НҚ күйін жақсартуға жұмсалған соңғы шығындарды ескере отырып, қайтадан қаралуы мүмкін. Мұның өзі қызмет мерзімінің ұзаруына әкеліп соғады. Техникалық өзгерістерді, өткізу нарқындағы өзгерістерді ескерсек, шаруашылық қызметінің өзгеруі нәтижесінде қызмет мерзімі қысқарады.

 Егер 4 жылдан кейін шаруашылық қызметі түрінің өзгеруіне байланысты станоктың ұтымды қызмет мерзімі 7 жыл болып белгіленіп, жою құны 3 000 теңге мөлшерінде белгіленсе, онда жыл сайынғы амортизацияның сомасы 3 жылға (20 000 - (1 800 х 4) - 3 000)/3 000 = 3 267 теңге немесе ай сайын 272 теңге болады.

  Бұл әдіс НҚ пайдаланудан түсетін табыс оны пайдаланумерзімінде бірден болады, яғни жобаның қалған ұтымдылығының кемуі біркелкі жүзеге асады деп болжамдалатын кезде пайдаланылады.

  2. Өндірістік әдіс (амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне үйлесімді есептеу)

  Амортизация объектіні пайдалану мен уақыт бөлігінің нәтижесі ғана болып табылады деген негіздеме оны есептеген кезде ешқандай рөл атқармайды. Кәсіпорында өндірілетін әрбір өнім, жұмыс, қызмет бірлігінің құны оның көмегімен осы өнімдер, жұмыстар мен қызметтер өндірілген НҚ объектілерінің құнын өзіне бірдей мөлшерде сіңіреді. Ай, жыл ішіндегі амортизация сомасы объектінің құнын оның қатысуымен өндірілетін бұйым, жұмыс және қызмет санына бөлу жолымр анықталады.  Бұл әдісті пайдалану мерзімінің көбіне техникалық көрсеткіштеріне немесе субъектінің шаруашыпық қызметінің өзгеруіне байланысты шектелуі кезінде пайдаланады.

  Амортизация есептеудің үдемелі әдістері:

  ○ Сандар сомасы бойынша құнды есептен шығару (кумулятивтік) әдісі  есептеу коэффициентін анықтаудан тұрады. Коэффициенттің бөлімі ұтымды қызмет мерзімі жылдарының сомасына тең. Алымы қалған санның қызмет мерзімінің соңына дейін керісінше тәртіппен анықталады. Пайдаланудың алғащқы жылдарындағы амортизация сомасы одан кейінгі жылдардағыға қарағанда едәуір жоғары болады.

  Кулмулятивтік санды тез арада анықтау үшін мынадай формуланы қолданады:

  S = N * (N + 1)/2

  Мұндағы S – сома

  N – ұтымды қызметтің болжамды мерзімі

   Кемімелі қалдық (регрессия, қосарланған регрессия) әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнынан емес; баланстық құннан жүргізілуге тиістігін білдіреді. Тікелей әдіс кезінде қолданылатын амортизация нормасы екі еселенуі мүмкін, сол кезде қосарланған регрессия әдісі жайлы сөз болады.

  Амортизацияны есептен шығарған кезде, соңғы жылды  қоспағанда, жою құны ескерілмейді. Мұндайда амортизация сомасы қалдық құнның жою құнына дейінгі кемітілуі  үшін ішкі қажеттікпен шектелген  болады. 
 
 
 
 
 
 
 

"Ұйымды басқару құрылымы" немесе "басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы" (БҰҚ) менеджменттің ең бір шешуші түсінігі болғандықтан, ол басқару мақсаттарына, функциялары мен процестеріне, сонымен қоса, менеджерлердің жұмыстарына және олардың арасындағы өкілеттікті бөлісуге тығыз байланысты. Құрылым шеңберінде барлық басқарушылық процесс (ақпараттықтармен алмасу және басқарушылық шешімдер қабылдау) кәсіби мамандығына сай менеджерлердің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Құрылымды басқару жүйесін уақытында және сапалы салынған ғимараттың арқалығымен салыстыруға болады. Сондықтан да ұйым басқарушылары басқару құрылымдарын қалыптастырғанда, олардың принциптері мен тәсілдерін, типтері мен түрлерін таңдау барысында, үрдістердің өзгеруі ұйымның міндетіне сәйкестігіне баға бергенде жете зерттеу жүргізуді талап етеді. 

Бұл мәселелерді қарағанда, осы мәселенің шешуші түсінігінен, ең алдымен ұйымдарды басқару құрылымдарынан бастаған жөн. Менеджментке қатысты ғылымда осы категорияның күрделілігін және көп мәнділігін көрсететін көптеген түсіндірмелер кездеседі. Олардың ең бастылары мыналар. 

Басқару құрылымы деп қызметтің атқарылуы мен дамуын қамтамасыз ететін, тәртіпке келтірілген, өзара тұрақты байланыстардың біртұтас элементтер жиынтығын айтады. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына, қойылған міндеттер мен мақсатқа жету жолдарын көрсететін функцияларға сәйкес, басқару процесі шеңберінде жүзеге асырылатын басқарушылық әрекетінің бөлісу формасы мен кооперациясы деп түсінік беруге де болады. Бұл тұрғыдан басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын, оның құрамына кіретін органдар мен онда қызмет атқарушы адамдардың өзара байланысты міндеттерін атқаруды, құқықтары мен жауапкершіліктерін ең қолайлы бөлісу жүйесінің түрі деп те атауға болады. 

Басқару элементтерінің байланыс қатынастары деңгейлері мен өкілеттіктері — оның құрылымының ең басты, негізгі түсініктері. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының элементтері жеке жұмыс істеушілер (бастықтар, мамандар, қызметкерлер), сол сияқты, белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайтын басқару аппаратының органдары немесе осы аппаратта қызмет атқаратын мамандар болуы мүмкін. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының мамандану элементтерінің екі бағыты бар. Біріншіден, ұйым бөлімшелерінің құрылым құрамына байланысты маркетингті жүзеге асыратын басқару құрылымының, өндіріс менеджментінің, ғылыми-техникалық процестің тізбектері өзара ажыратылады. Екіншіден, функциялардың жалпы сипаттамасына байланысты жоспарлаумен шұғылданатын, ендірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыратын, ұйымда барлық процестерді бақылайтын, басқару процесінің міндетін орындайтын органдар қалыптасады.

Информация о работе Өндіріс шығындары және фирма табысы