Банктін пассив операциясының тәуекелділігін басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2011 в 20:49, курсовая работа

Описание

Пассивтік операциялардың басты мақсаты - ақша ресурстарын мобилизациялау болғандықтан, таңдалған жұмыс тақырыбы актуалды тақырыптардың бірі болып саналады.
Курстық жұмысымның мақсаты – коммерциялық банктің пассивтік операцияларының мәнін көрсету, өйткені банктік баланс пассивтері ссудалар беру процесінде, бағалы қағаздарды инвестициялау және т.с.с. кезінде табысты қолдануға арналған банк ресурстарының құрылу көзінде көрініс табады.

Работа состоит из  1 файл

КУРСАВОЙ .doc

— 236.00 Кб (Скачать документ)

    Мерзімді  депозит  пен талап  етілмелі  депозит  арасындағы  аралық  жағдайға  жинақ  ақша  салымы  ие.  Әдетте,  бұл  операцияны   Жинақ  ақша  банкісі  жүзеге  асыратын,  бүгінгі  таңда  ресурстар  үшін  жүріп  жатқан  қатаң  бәсекелестік  күрес  жағдайында  бұл  секторды  коммерциялық  банктердің  ссуда  нарығы  белсенді  түрде  игере  бастады.  Шетелдік  іс- тәжірибе  жинақ  ақша  операциясын  бөлек  қарастырады:  «Жинақ  ақша  салымын  айрықшалап  көрсететін  ерекшелікке  оның  иесіне  салым  ақшаның  бар  екендігін  куәліктің,  көбінесе – жинақ  кітапшасының  берілетіндігі  жатады.  Жинақ  ақша  депозиті  ақшаны  жинақтауға  қызмет  етеді.  Бұл  арада  төлемдер  шотына  орналастырылған  немесе  белгілі бір мерзімге  салынған  ақша  сомасы  жинақ ақша  салымына  қатысты болмайды».

    Салым  қаражатын  тарту  үшін  коммерциялық  банктер  шетелдік  тәжірибені  қосымша  пайдаланады,  оның  ішінде:

  • халықтың  қаражатын  тарту  бойынша  әр  түрлі  бағдарламаларды  әзірлеу;  салымшылар  мен  клиенттерге  кең  ауқымды,  оның  ішінде,  банк  сипатындағы  қызметті  (мәселен,  Медициналық  қызмет  көрсетудің  элементі  ұшырасатын)  көрсету;
  • «тыныш»  мақсатты   жарнаманы  (пошта,  телефон  арқылы)  пайдалану;
  • Салым  ақша  мерзімі  аяқталғанда  сыйлықақысы  төленетін  инвестиция  сипатындағы  салым  ақша  бойынша  жоғары  процент  мөлшерлемесін  пайдалану;
  • тұрақты  салымшыларға  «банкке  адалдығы  үшін»  сыйақы  төлеу;
  • банк  пен  клиенттің  экономикалық  мүдделерін  оңтайландыруға  мүмкіндік  беретін  НАУ  және  САПС  стпаттарындағы  аралас  шотты  пайдалану.

    Коммерциялық  банктердің  өзгешелігі  - олардың  өзгенің  қаражатымен  қызмет  жасауы.  Банк  капиталының  90%- ке жуығы  тартылған  қаражат. Тартылған  қаражаттың ең  үлкен  мөлшері  банктің өз  капиталына  байланысты  анықталады.  Әр  елде  өз  капиталы  мен  тартылған  капиталдың арақатынасы  әр түрлі  болады.  Ол  нормативтер 1:10 қатынасынан  1:100  қатынасына  дейін ауытқиды.  Мысалы, Швейцарияда  ол 1:12  қатынасы  болса,  ал  Жапонияда  1:83  қатынасына  тең.

    Коммерциялық  банк  кәсіпорындардың,  ұйымдардың. Мекемелердің,  халықтың  және  басқа  да  банктердің қаражаттарын  тартуы  мүмкін.  Тартылған  ресурстар белгіленген мерзіміне қарай басқарылатын ресурстар белгіленген мерзіміне қарай басқарылатын  ресурстар және  ағымдағы  пассивтер болып бөлінеді.

    Басқарылатын  ресурстар  банкке  тартылған  мерзімдік депозиттерді  және  банкаралық  несиелерді  біріктіреді.

    Ағымдағы  пассивтер  есептесу,  ағымдағы  және  корреспонденттік  шоттардағы  қалдықтардан  құрылады.

    Салым (депозит) – ол  белгілі  бір  шартпен  иесінің  банкке  сақтауға  салған ақша  қаражаты. Ол  қолма- қол  ақша  немесе ақшаның  қолма- қол  емес  формасында,  ұлттық  немес  шетел  валютасында  салынуы  мүмкін.

    Ақша  қаражаттарын  салымға  тарту  депозиттік  операциялар деп  аталады.  Банктер  үшін  депозит  олардың  пассив  операцияларының  басты  түрі,  сондықтан ол  активтік  несие  операцияларын  жүргізудің  негізгі  ресурсы.

               Салымдар  әр  түрлі  белгілерге  байланысты жіктеледі.  Салушысына  қарай  депозиттер  жеке және  заңды  тұлғалардың  депозиттері  болып  бөлінеді.  Банктен  алу  мерзіміне  қарай  мерзімді  және талап  бойынша  алынатын  депозиттер  болып  та  бөлінеді.  Талаппен  алынатын  депозиттерге қаражат толық  немесе  бөлікпен  салынып  және  иесінің  талабы  бойынша  дәл  сол  сияқты жолмен алынады.  Бұл  депозиттер клиент  ашқан  әр түрлі  шоттарда  орналастырылып,  қолма- қол  ақшасыз  есеп айырысуға  алынуы  мүмкін.

    Сонымен,  депозиттер -  коммерциялық  банктер ресурстарының маңызды  көзі.  Банктердегі  оның  құрылымы  ақша  нарығындағы  конъюнктураларға  қарай  әрдайым  өзгеріп  тұрады.  Дегенмен  банк  ресурстарын  құрудың  бұл  көзіне біраз  кемшіліктер  де  тән.  Банк  клиенттерден  қаражат  тартқанда  бірсыпыра  материалдық және  ақша  шығындарына  тап  болады.  Одан  басқа  салымға қаражат  тарту көп  жағдайда банкке  емес,  клиентке  байланысты.  Сондықтан  несие  ресурстары  нарығындағы  банктер  арасындағы  бәсекелестік  олардың  депозит  тартуға  мүмкіндік  беретін  қызмет  түрлерін  дамытатын шараларды  жүргізуге  мәжбүр  етеді.

    Қазіргі  кезде  коммерциялық  банктер  қосымша  ақша  қаражатын  тарту  үшін  басқа  несие  мекемелері  жинақтаған  ақша  қаражаты  сатылатын  банкаралық  несие  мекемелері    жинақтаған  ақша  қаражаты  сатылатын  банкаралық  несие  ресурстары  нарығының  мүмкіндігін пайдаланады.  Банкаралық  несие  корреспонденттік  қатынастар  шеберінде  беріледі;  яғни  бір  банк  басқа  банкте  бір- бірінің  тапсырысы  бойынша төлем  және  есептесу  операцияларын  жүргізу  үшін  корреспонденттік  шот  ашады. Банкаралық  несиені  тарту  тікелей  сөйлесу арқылы,  не  болмаса  қаржы  делдалдары арқылы  жүзеге  асырылады.  Егер  банктер  өзара  банкаралық  несие  туралы  келіссе,  онда  ол  келісім  арнаулы  шартпен  рәсімделеді.  Бұл  келісімнің көбісі  белгілі  бір  мерзімге  жасалады.   

    Коммерциялық  банктердің  пассив  операцияларына  олардың  орталықтанған  несие  ресурстарынан  несие  алуы  жатады.  Орталық  банк  коммерциялық  банктерге  несиені  жарыс  негізінде  қайта  қаржыландыру  ретінде,  сондай- ақ ломбардтық  несие формасында  береді.

    Коммерциялық  банктердің  қаражат  тартуының  келесі  бір  әдісі -  кері  сатып  алу  келісім  немесе  репо  операциясы. Бұл келісім банк  пен фирма арасында  немесе  мемлекеттік бағалы  қағаздар  сатушылармен  жасалады.  Егер  фирма қолма-қол ақшаның ірі сомасын өте қысқа мерзімге  банкке  салғысы келсе,  онда  ол  банктен бағалы  қағаздарды  сатып алады да,  кейін оларды  кері  сатып алуы  туралы  келіседі. Фирма қаражатты келесі  күні  қайтаруы  мүмкін,  онда  алатын  процент мөлшері депозиттік  сертификаттан әлде  қайда төмен болады.  Бұндай  келісім уақытша бос қаражатты тартудың бір жолы.

    Соңғы  жылдары  коммерциялық  банктердің  пассив  операцияларының бірі  еуровалюталық несие  кең  өрістеуде.

    Еуровалюталық  несие – ол  шетел  банктерінен  еуровалютамен  алынатын  несие.  Әлемдік  қарыз  капиталы  нарығында  басты  валюта  доллар  болып  есептеледі. 

    Бұл бөлімді қорыта айтқанда, пассивтік операциялар дегеніміз – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және с.с. басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары.

    Банк  ресурстарын  құру  үшін  банк  қаржылары  қарастырылатын,  содан  кейін  актив  бойынша  пайдаланылатын  коммерциялық  банктің  операциялары  пассивтік  операциялар  ретінде  түсіндіріледі.  Ал  банк  активтерінің  көлемі  мен  құрылымы  олардың  құрылған  көздері  есебінен,  яғни банк  пассивтерімен  анықталады.

    Коммерциялық  банктер  тәжірибесінде  пассивті операцияларға  айқындаушы операциялар  жатқызылады,  өйткені ресурстардың жеткіліктілігі  активті  операциялар  жасауға  мүмкіндік береді.  Коммерциялық  банк  балансының  пассиві  бойынша  реурстарды  құрудың төмендегідей  көздерін  көрсетуге  болады:

  • Салымдар (депозиттер)  қабылдау;
  • Клиенттердің  есеп  шоттарын, оның  ішінде банк –корреспонденттерді  ашу  және  жүргізу;
  • Меншікті  бағалы  қағаздар  (акциялар, облигациялар),  қаржы  құралдарын (вексельдер, депозиттік  және  сақтық  сертификаттарды)  шығару;
  • Банкаралық несие  ресурстарын алу.

    Коммерциялық  банктің ресурстары, банк иелік ететін және белсенді (активті) операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын меншікті және тартылған қаражаттардың жиынтығын білдіреді.

    Банктің барлық ресурстары құралу тәсілі бойынша  меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінеді.

    Негізінен, бүкіл банк ресурстарының 80%-дан  аса үлесін құрайтын тартылған қаражаттар коммерциялық банк ресурстарының негізгі көзі болып саналады. Банктің меншікті қаражаттарының үлесіне бүкіл банк ресурстарының 10-20%-ы келеді, бұл тұтастай алғанда әлемдік банк тәжірибесінде қалыптасқан құрылымға жауап береді.

                Банктің негізгі үлесін 65%-ын депозиттер құрайды. Коммерциялық банктердің қызметіндегі депозиттік операциялардың алатын орны ерекше.Депозиттік  операциялар ақшалай қаражаттарды тартуға бағытталған. Салым (депозит) иелері өздерінің банкке салған ақшалай қаражаттары бойынша белгілі мүддені пайыз және басқа да қызметтер түрінде алу мүмкіндігіне ие. Депозит  қатынастардың субъектілері әр түрлі ұйымдар мен жеке тұлғалар. Банктің депозиттік операциясы жалпы экономиканы дамытуға бағытталған негізгі операцияла 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ. 

    2.1 АҚ «Банк Туран  Алем» қаржы қаражаттарды  тартуын талдау.

       

      АҚ”Банк Туран Алем” Қазақстан  Республикасындағы 36 банктің ішіндегі  ең ірі ондықтыққа кіреді. Ондықта  ”Банк Туран Алем” екінші орынды алып отыр.Өзінің банктік қызметінің жоғарғы деңгейде дамуына байланысты.Сол себепті мен мысал ретінде осы банктің балансын  алдым. Мысалға алынған банк балансын есептемелерінен алдым. Бұл банк әртүрлі операцияларды жүзеге асырады.

         Банк  Туран  Алем  2007 жылы  ААҚ  «Банк  Туран  Алем»  4 млрд  теңге  көлеміндегі   жай атаулы  акциялардың  бесінші   эмиссиясы  толығымен   орналастырылған   болатын ,  оның  нәтижесінде   төленген  жарғылық  капитал  33% -ке   көбейді.   Банк  акциялары  Қазақстан  қор  биржасының  листингіне  қосылған  және  саудаларда  белсенді  қатысады.

    2007 жылдың  19 ақпанында  Қазақстан   қор  биржасының  Биржалық  Кеңесі  шешімімен  ААҚ «Банк  Туран Алем»  бірінші  эмиссиясының  субординирленген  атаулы  купонды  облигациялары  биржа  бағалы  қағаздараның  «А»  категориясы  әдейі  тізіміне  енгізілді.

    2007 жылы  банк  2008 жылға  дейін  100млн дол. соммасында  еврооблигациялар  шығарылды.

    2008 жылы  2  маусымында  банк  225млн  АҚШ доллары  соммасында  долларлық  облигациялар шығарды.  Ағымдағы  займ  өтеу мерзімі  7 жылға  дейін  созылғаны  арқасында  айырылады.  Ал  7,875% купондық  ставка  ТМД  елдерінің  қаржы  институттарының  арасындағы  қарыз  беру  бойынша  ең  төмен  болып  келеді.

    Осылайша,  шетел елдері  банктерімен  тиімді  корреспонденттік  қатынастарды  ұстау  мен  құру,  халықаралық  есепайырысу  мен  құжаттық  операцияларды  сапалы  жүргізу  банк  қызметінің  жетістікті  бағыттарының  бірі  болып  табылады.  Банкпен  өнделген  стратегия  шеңберінде саудалық  қаржыландыру  қызметтің  басты  бағыты  болып  белгіленген.  Жүргізілген жұмыс  нәтижесінде  2008 жылы құжаттық  бизнес  2007 жылмен  салыстырғанда  1,4 есе  өседі,  шетел  қаржы институттардан,  несие  несие  орындарынан  құжаттық  және  форфейтингтік операияларға  130млн  АҚШ  долларынан  220млн  АҚШ долларына  дейін  көлемінің  бір  уақытта  өсуі  арқасында.  Банк  клиенттері бұйрығымен  берілген  банктік  кепілдемелер, сонымен  қатар  экспортты- импорттық  операциялар  бойынша  құжаттық  аккредитивтер  көлемі  елеулі  өсті.

    2008 жылдың  31 желтоқсаны  жағдайына   айналымға  шығарылған  және  айналымдағы  құжаттық  аккредитивтердің  соммасы  65,89млн.  АҚШ долларын  құрады. 2008 жылы  31,59 USD соммасында  халықаралық  кепілдемелер  визаланды   және  берілді. Екі  жылда  (2005-ден  2006-ға  дейін)  шығарылған  және  визаланған  кепілдемелер  мен  аккредитивтер  көлемі  сәйкесінше  2,1 рет  және  1,6 ретке  өсті.

    Банк  клиенттерінің  негізгі  сауда  серіктестері  Германия, Россия,  Индия,  Турция,  Корея,  Голландия,  Италия,  Дания,  Иран,  ОАЭ,  Китай болып табылады.

    «Банк ТуранАлем»  және  оның  қарамағындағы  бүкіл  компаниялар  қаржылық  топты  құрайды.  Бұл -  ЖШС «Туран  Алем  Секъюритиз»,  ол  1997 жылдың желтоқсанында  құрылған  болатын.  Банк  атап  өтілген ЖШС-ң жалғыз  акционері болып келеді,  оның  негізгі қызметі үкіметтің,  муниципалитеттің,  Қазақстандағы корпорацияның бағалы  қағаздарын  орналастыруда,  сатуда,  саудада белгіленеді. 

    ААҚ «Банк Туран Алем  сақтандыру  компаниясы»  1998 жылдың  қыркүйегінде  құрылған.  Банк  БТА сақтандыру  компаниясының  40% жарғылық  капиталына  ие.

    ЖАҚ Зейнетақы  қоры  «Құрмет», банк  оның  47,5% жарғылық  капиталына  ие.

Информация о работе Банктін пассив операциясының тәуекелділігін басқару