Банктін пассив операциясының тәуекелділігін басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2011 в 20:49, курсовая работа

Описание

Пассивтік операциялардың басты мақсаты - ақша ресурстарын мобилизациялау болғандықтан, таңдалған жұмыс тақырыбы актуалды тақырыптардың бірі болып саналады.
Курстық жұмысымның мақсаты – коммерциялық банктің пассивтік операцияларының мәнін көрсету, өйткені банктік баланс пассивтері ссудалар беру процесінде, бағалы қағаздарды инвестициялау және т.с.с. кезінде табысты қолдануға арналған банк ресурстарының құрылу көзінде көрініс табады.

Работа состоит из  1 файл

КУРСАВОЙ .doc

— 236.00 Кб (Скачать документ)

    Пассивтік  операциялардың  басты  мақсаты -  ақша  ресурстарын мобилизациялау  болғандықтан,  таңдалған  жұмыс  тақырыбы  актуалды  тақырыптардың  бірі  болып  саналады.

            Курстық жұмысымның  мақсаты – коммерциялық  банктің пассивтік операцияларының мәнін  көрсету,  өйткені  банктік  баланс  пассивтері  ссудалар  беру  процесінде,  бағалы  қағаздарды  инвестициялау  және  т.с.с. кезінде  табысты  қолдануға  арналған  банк  ресурстарының  құрылу  көзінде  көрініс  табады.

              Курстық жұмысымның міндеті:

  • пассивтік  операциялардың  және  олардың  құрылымының экономикалық  мазмұны;;
  • коммерциялық  банктің меншікті  қаражаттары және оларды  құру  мен  қолданылуы;
  • коммерциялық  банктің  тартылған  ресурстары;
  • коммерциялық банк  пассивтерінің  талдауын  жасау;
  • депозиттерді  ынталандыру  мүмкіндіктерін  зерттеу;
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.  КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК  ПАССИВТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗІ. 

    1.1  Пассивтік операциялардың  экономикалық  мазмұны. 

    Коммерциялық  банктер  операцияларының  мазмұнын  олардың  балансы  бойынша  көрсететін  болсақ,  банк  технологиясы  толық  түсінікті  бола  түседі.  Бұл  жерде  пассивтік  операцияларға  бірінші  кезекті  мән  беріледі.  Бұл  операциялардың маңыздылығы,  олардың  банк  қызметі  үшін  түпкі  көздер  жасайтындығынан,  сондай- ақ  міндеттемелер  бойынша  банктердің  жауапкершілігін  арттыратындығынан  көрінеді.

    Банк  ресурстарын  құру  үшін  банк  қаржылары  қарастырылатын,  содан  кейін  актив  бойынша  пайдаланылатын  коммерциялық  банктің  операциялары  пассивтік  операциялар  ретінде  түсіндіріледі.  Ал  банк  активтерінің  көлемі  мен  құрылымы  олардың  құрылған  көздері  есебінен,  яғни банк  пассивтерімен  анықталады.

    Банк  пассивтерін  құру  процесі,  олардың  құрылымдарын  оңтайландыру,  соған  орай  ақша  қаражаттарының  бүкіл   көздерін  басқару  сапасының  ресурстық  мүмкіндіктерді  құруы  банк  қызметінің  негізгі  кезеңдерінің  бірі  болып  саналады.  Тұрақты  ресурстық  базасының болуы  банктің  активтік  операцияларды  табысты  жүргізуіне  мүмкіндік  береді.

    Банктің  пассивтік  операцияларды  жүргізуі  нәтижесінде   банк  капиталы  мен  қатыстырылған  қаржылардан  тұратын  банк  ресурсы  пайда  болады.

              Коммерциялық  банктер  тәжірибесінде  пассивті операцияларға  айқындаушы операциялар  жатқызылады,  өйткені ресурстардың жеткіліктілігі  активті  операциялар  жасауға  мүмкіндік береді.  Коммерциялық  банк  балансының  пассиві  бойынша  реурстарды  құрудың төмендегідей  көздерін  көрсетуге  болады:

  • Салымдар (депозиттер)  қабылдау;
  • Клиенттердің  есеп  шоттарын, оның  ішінде банк –корреспонденттерді  ашу  және  жүргізу;
  • Меншікті  бағалы  қағаздар  (акциялар, облигациялар),  қаржы  құралдарын (вексельдер, депозиттік  және  сақтық  сертификаттарды)  шығару;
  • Банкаралық несие  ресурстарын алу.

    Пассивтің көрсетілген  баптарын  қысқаша  сипаттау  бойынша – қол  ақша (аударымдар  түрінде),  ұлттық (шетел) валюта  түріндегі  салымдар  «депозиттер) белгілері  бойынша:

  • Жеке  және заңды  тұлғалардың;
  • Талап  еткенге  дейінгі немесе  шарт  бойынша  көрсетілген  мерзімдегі;
  • Банк  үшін  тұрақты  немесе  тұрақсыз  салымдар  болып  ажыратылады.

    Клиенттер  (заңды  тұлға)  банкте  өз  есеп  шотын  ашады,  онда  активті  операциялар  үшін  пайдаланылатын, әрқашанда  орташа  қалдық  (несиелік)  қалып  отырады.

    Банктің  депозиттік  сақтық  сертификаттары,  вексельдер,  акциялар  мен  облигациялар  дамыған  ірі  корпоративтік  банктердің  пассивінде  айтарлықтай  орын  алады  және  барлық  елдерде  банктер  осы  түпкі  көздерді  дамытуға  назар  аударады.

    Коммерциялық  банктер  ресурстарды  жедел  қатыстыру  үшін,  ақшалай  қаржылар  сатылатын  ресурстардың  банкаралық  нарығының  мүмкіндіктерін  пайдаланады. Қарыз  алу көздері  баланстың  төлем  қабілеттілігін  ұстап  тұру  мен  міндеттемелердің  үзбеліксіз  орындалуын қамтамасыз  етеді.  Банктер бір- біріне  корреспонденттік  есеп- шоттар  ашады және  банк  жүйесінің тұтастай  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету үшін  шарттық негіздерде  ақшалар сатады.  Егер  коммерциялық  банктерге орталықтандырылған  несиелер  берілетін  болса,  Орталық  Банк  (Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі)  болып  қатысады,  ондай  жағдайда  макроэкономикалық  тұрақтылыққа  қатысты  ауытқып  отыратын  қайта қаржыландыру  ставкасы  қолданылады.  Коммерциялық  банктер  банкаралық  несие  беру  кезінде  қаржыландыру  ставкасына  қарағанда  неғұрлым  жоғары  ставкалар   белгілейді.

    Пассив  бойынша  түпкі  деректер  құрылымын  жинақтау  кезінде  банктердің мынадай  ресурстарын  бөліп  көрсетуге  болады:

              -меншікті  капитал;

             -тартылған ресурстар (салымдар,  депозиттер);

              -қарыз  алу  көздері (банкаралық  ссудалар).

    Коммерциялық  банктер  операцияларының  мазмұнын  олардың  балансы  бойынша  көрсететін  болсақ,  банк  технологиясы  толық  түсінікті  бола  түседі. Бұл  жерде  пассивтік  операцияларға  бірінші  кезекті  мән  беріледі.  Бұл  операциялардың маңыздылығы,  олардың  банк  қызметі  үшін  түпкі  көздер  жасайтындығынан, сондай- ақ  міндеттемелер  бойынша  банктердің  жауапкершілігін  арттыратындығынан  көрінеді.

    Банк  ресурстарын  құру  үшін  банк  қаржылары  қарастырылатын,  содан  кейін  актив  бойынша  пайдаланылатын  коммерциялық  банктің  операциялары  пассивтік  операциялар  ретінде  түсіндіріледі.  Ал  банк  активтерінің  көлемі  мен  құрылымы  олардың  құрылған  көздері есебінен,  яғни  банк  пассивтерімен анықталады.

    Банк  пассивтерін  құру  процесі,  олардың  құрылымдарын  оңтайландыру,  соған  орай  ақша  қаражаттарының  бүкіл   көздерін  басқару  сапасының  ресурстық  мүмкіндіктерді  құруы  банк  қызметінің  негізгі  кезеңдерінің  бірі  болып  саналады.  Тұрақты  ресурстық  базасының болуы  банктің  активтік  операцияларды  табысты  жүргізуіне  мүмкіндік  береді.

    Банктің  пассивтік  операцияларды  жүргізуі  нәтижесінде   банк  капиталы  мен  қатыстырылған  қаржылардан  тұратын  банк  ресурсы  пайда  болады.

    Банк  ресурстары  банктің  пассивтік  операцияларды  жүргізуінің  нәтижесінде  пайда  болады,  әрі  банктегі  баланстың  пассивінде  көрініс  табады.

    Банк  ресурстарын  банктердің  меншікті  қаражаты,  қарыз  қаражаты  және  тартылған  қаражат  құрайды.  Банк  олардың  жиынтығын  активтік  операцияларды  жүзеге  асыру  үшін  пайдаланады,  яғни  табыс  алу  мақсатында  жұмылдырылған  ресурстарды  орналастырады.

    Пассивтік және активтік операциялар  бір–бірімен  тығыз  байланысты.  Мысалы,  пассивтердің  құрылымы  мен  сипаты  көп  жағынан  банктің  активтік  операцияларды  жүргізудегі  мүмкіндігін  анықтайды,  ал  несие  саласындағы  банк  саясатының  өзгеруі  ресурстардың  сипатына  елеулі  әсерін  тигізеді.

    Коммерциялық  банктің ресурстары, банк иелік ететін және белсенді (активті) операцияларды  жүзеге асыру үшін пайдаланылатын меншікті және тартылған қаражаттардың жиынтығын  білдіреді.

    Банктің барлық ресурстары құралу тәсілі бойынша  меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінеді.

    Негізінен, бүкіл банк ресурстарының 80%-дан  аса үлесін құрайтын тартылған қаражаттар коммерциялық банк ресурстарының негізгі  көзі болып саналады. Банктің меншікті қаражаттарының үлесіне бүкіл банк ресурстарының 10-20%-ы келеді, бұл тұтастай алғанда әлемдік банк тәжірибесінде қалыптасқан құрылымға жауап береді. 

            

    1. Банк тәуекелдерінің мәні
 

    Банктер  басқа  да   коммерциялық   ұйымдар  сияқты   белгілі  бір   мақсатқа  сүйенеді – пайданы  барынша  көбейту.   Бірақ  бұл  мақсатқа  жету  барысында  банк  мынандай  заңдылыққа  қарама – қайшы  келеді, « Пайда  жоғарланған   сайын,  тәуекелділік  те  жоғарылайды ».  Ал  банк  жүйесінде   жүретін  операциялардың  соңғы  нәтижесін,  ол   дегеніміз  пайданы  максималандыра  білу,  осы  тәуекелділіктердің  басқарып  білумен  тура  байланысты.   Міне,  осы  мәселенің  барлығы   бірінші  бөлімде  қарастырылған.

    Нарықты және нарықтық инфрақұрылымдарды, шаруа -                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   шылық байланыстарын орнықтырудың жаңа тетіктерін қалыптастыру және кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту шаруашылық жүргізудің: бүкіл еларалық, республикалық, аймақтық, жергілікті сатыларында, сондай-ақ меншік нысандарыньң түрлеріне карамастан әрбір шаруашылық бірлігі деңгейінде экономикалық тәуекелдер теориясын, оларды бағалау мен реттеудің әдістерін әзірлеп жасауды талап етеді.

    Аталмыш проблемаларды шешуде банк жүйелері басты рөл атқарады. Бұл — ел экономикасының тұрақсыздығы жағдайындағы банктер мен несие қатынастары  рөлінің өсе түсуімен және нарықтық қатынастардың дамуымен айқындалады. Банктер ссудалық капитал, бағалы қағаздар нарығын, валюта нарығын ғана қалыптастырмайды, сонымен бірге тауар биржаларын және жаңа шаруашылық құрылымдарын құру мен олардың қызметін жүргізуге де катысады, негізі бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық жағдайы, тауар, сауда және валюта нарықтарының конъюнктурасы, аймақтың экономикалық хал-ахуалы туралы қажетті ақпараттардың бірден-бір иеленушісі болып саналады. Соңғы айтылғандар банктердің өз клиенттерінің сыртқы және ішкі коммерциялық және саяси тәуекелдерін зерттеудің маңыздылығын растайды.

    Барынша көп пайда табуға ұмтылу нарықгық қатынастар жағдайындағы коммерциялық банктер жұмысының басты қағидасы болып саналады.

    Кез келген шаруашылық қызметінде қандай да бір шаруашылық операцияларыньң өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын әрқашанда ақша ысырыптарының болу қауіпі өмір сүреді. Мұндай ысыраптар қауіпі қаржы тәуекелдерін білдіреді. Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығы банк саласы қызметінің сенімділігіне көп байланысты.Бірақ банкілер өткізетін операциялар тәуелділікпен жүргізіледі.

    Тәуекел — бұл табысқа жете алмаған жағдайдағы оның болуы мүмкін зардаптары мен одан шығудың белгісіздік жағдайын көрсететін кез келген өндірушінің, оның ішінде банк қызметінің ахуалдық сипаттамасы болып саналады.

    Тәуекел пайданы жоғалту және берілген несиелерді уақытында төлемеушіліктің салдарынан шағымдардың пайда болуы, ресурстық базаның қысқаруы, баланстық операциялардан сыртқары түрде төлемдерді жүзеге асыру сияқты кажетсіз нәтижелердің болу ықтималдылығынан көрінеді. Сонымен бір мезгілде тәуекел деңгейі неғұрлым төмен болса, жоғары пайда алуға деген сенім де соғұрлым аз болады. Соңдықтан, біріншіден, кез келген өңдіруші тәуекел дәрежесін барынша төмендетуге тырысады жөне бірнеше баламалы шешімдердің ішінен әрқашанда тәуекел деңгейі төменін таңдайды, екіншіден, іскер белсенділік, кірістілік дәрежелері мен тәуекел деңгейінің оңтайлы арақатынасын таңдауы қажет болады. 

    Егер:

    проблемалар күтпеген жерден туындайтын болса;

    банктің бұрынғы тәжірибесіне сәйкес келмейтін (коммерциялық банктер институты жаңа ғана даму ала бастаған біздің жағдайымызда әсіресе өзекті) аддыға жаңа міндеттер қойылған болса;

Информация о работе Банктін пассив операциясының тәуекелділігін басқару