Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Автор работы: l**********************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 15:26, курсовая работа

Описание

Сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз ХХІ ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат.
Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
І. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
1.1.Қазақстанның сыртқы саясаты басымдықтары мен міндеттері......................5
1.2.Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауындағы Қазақстанның сыртқы саяси дамуы......................................................................................................................12
1.3.Қазақстан Республикасының саяси дамуы......................................................15
ІІ. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
2.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның ролі.........................................19
2.2.Қазақстанның бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.................28
2.3.Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтармен халықаралық байланыстары....33
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38

Работа состоит из  1 файл

ҚР-ның сыртқы саясаты.doc

— 297.00 Кб (Скачать документ)

    Тек осындай жағдайда ғана мемлекеттік  стандарт барлық берілетін нәрселерді айқындайды, жетілгендерді бекітеді, тек сонда ғана ол прогресс қозғаушысы ретінде өз ролін атқарады. Стандарттар тұрақты болу үшін және ғылым мен анықтайтын ғылыми зерттеулік жұмыстарының ең жақсы нәтижелерін және де ең жақсы конструкторлық дайындамаларды, халық шаруашылық қажеттіліктерді және әлемдік тәжірибелерді зерттеуге негізделген экономикалық орнықталған болжамдарды салу керек.

    Техникалық  прогресте стандарттау бойынша  жұмыстардың ғылыми мазмұнын көтеру қажеттілігін бөліп қою керек. Мәселелердің еш біруі өнім ұзақтылығы және сенімділігінің теориялық сұрақтарын дайындаумен  және өнімдерді сынаудың ғылыми дәйіктемелік әдістермен байланысты ғылыми зерттеулік жұмыстарсыз шешілмейді, сондай-ақ стандарттау дамуының перспективалық сұрақтарын анықтайтын ірі метрологиялық мәселелері шешусіз, ғылыми зерттеулік жұмыстарды жүргізусіз шешілмейді.

    Елде  қызмет еткен техникалық реттеу жүйесі халықаралықтан айрықша өзгешеленеді. Сондықтан ҚР-ның (техникалық реттеу туралы) заңын ұйымдарға және кәсіпорындарға енгізумен ТМД және ЕО елдер арасындағы тауарларың бос алмасу шарттарын  келісу мәселелері шешіледі.

    Көрініп тұрғандай ешбір стандарт немесе стандарт жинағы олармен орнатылған ережелер мен нормалар орындалмаса  немесе өнім нақты талаптарға сәйкес өндірілмесе тиімділігі аз болады, яғни стандарттарды енгізу бойынша  жұмыстар жеке және мемлекеттік және кәсіпорындарының стандарттау бойынша жұмыстардың нәтижелігін анықтайды.

    Стандарттардың  сақталмуы өнім сапасының едәуір нашарлануына әкеледі және өндіріске  матариалдық және моральдық зақымдар алып келеді.

    Өнім  сапасының және өндірістің тиімділігін  көтеру мәселесі әрқашанда елдің назарында. Ұлттық стандарттардың Еуропалық халықаралық жүйеге кіруі мынадай мәселелерді шешуде маңызы зор: барлық деңгейде стандарттау сертификаттау және стандарттарды дайындау сатыларын оларды енгізу және қарастыру тәртіптерін орнату; стандарттау объектілеріне көрсетілетін жалпы критерийлерді және талаптарды анықтауды; стандарттардың барлық категорияларын олардың міндеттіерін және өнімге болған стандарт түрлерін дайыдау.

    Стандарттау жүйесіндегі мемлекеттік саясат стандарттау және сертификаттау қызметіндегі даму және жүзеге асуда шешуші орынды алады. Бұл жүйе елдегі стандарттаудың даму әдістерін және жолдарын, оны оданда жоғары сапалық деңгейге шығаруын алдын ала анықтайды. Соның нәтижесінде өндірістің тиімділігі өнім сапасы көтеріледі және материалдық-техникалық ресурстарды үнемді түрде. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.3.Қазақстанның әлемдік қоғамдастықпен халықаралық байланыстары  

    Азиядағы  өзара ықпалдастық пен сенім  шаралары жөніндегі Кеңесті шақыру идеясын алғаш рет Қазақстан  Республикасының Призиденті Н.Назарбаев 1992 жылы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблясының 47-ші сесиясында ұсынған болатын және бұл АӨСШК үдерісінің басталуы еді.

    АӨСШК-ні құрудағы басты мақсат, оның атауының өзі айтып тұрғандай, мүше-мемлекеттер  арасындағы сенім шараларын жүзеге және өзара ықпалдастық болады. Бірінші Саммитен кейінгі қызмет, шын мәнінді, қатысушы елдердің өзара ықпалдастық тетігіне арналады.

    Сенім шаралары деген әдетте мемлекеттердің өздерінің арасындағы орын алуға  қауіп-қатер мен сенімсіздікті  азайту үшін қабылдайтын шараларын білдіреді. Сенім шаралары тұжырымының өзі «қырғи-қабақ соғыс» кезінде апаттардың немесе қателіктердің нәтижесінде кездейсоқ пайда болуы мүмкін ядролық соғысты болдырмауға орай алынған шаралардан туындаған. Шан мәнінде,сенім шаралары әскери-саяси салада мемлекеттер арасындағы шиленісті жағдайды бәсеңдетуге арналған ынтымақтастық ретінде қабылданады.       

    Азиядағы  өзара ықпалдастық пен сенім  шаралары жөніндегі Кеңесті шақыру идеясын алғаш рет Қазақстан  Республикасының Президенті Н. Назарбаев 1992 жылы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 – ші сессиясында ұсынған болатын және бұл АӨСШК үдерісінің басталуы еді.

    АӨСШК – ні құрудағы басты мақсат, оның атауының өзі айтып тұрғандай, мүше – мемлекеттер арасындағы сенім  шараларын жүзеге асыру және өзара ықпалдастық болды. бірінші Самиттен кейінгі қызмет, шын мәнінде, қатысушы елдердің өзара ықпалдастық тетігіне арналды.

    Сенім шаралары деген әдетте мемлекеттердің өздерінің арасындағы орын алған  қауіп – қатер мен қаупін төмендету  үшін қабылдайтын шараларын білдіреді. Сенім шаралары тұжырымының өзі «қырғи – қабақ соғыс» кезінде аппараттардың немесе қателіктердің нәтижесінде кездейсоқ пайда болуы мүмкін ядролық соғысты болдырмауға орай алынған шаралардан туындаған. Шын мәнінде, сенім шаралары әскери – саяси салада мемлекеттер арасындағы шиеленісті жағдайды бәсеңдетуге арналған ынтымақтастық ретінде қабылданады. [21; 236]

    Х\/ ғасырдың соңына дейін Орталық Азия әлемдік экономиканың маңызды өңірі  болып келеді. Біздің өңіріміз Шығыс  пен Батысты жалғастырып келеді. Халықтар аумақтар мен ұлттарға бөлінген жоқ. Жібек жолының саябыр тартуы Орталық Азияны мешеу шет аймаққа айналдырды. Тәуелсіздік алғанымыздан кейін соңғы 500 жылда алғаш рет біздің өңіріміз әлемдік экономика үшін қайтадан экономикалық маңызға ие болады. Біз өзіміздің транзиттік мүмкіндіктерімізді нығайтып келеміз, әлемдік нарыққа бағалы тауарлар – мұнай, газ, кен, ауыл шаруашылығының шикізаттының шығаратын өңірге айгала бастадық. Қазірдің өзінде көне Жібек жолының бойымен өтетін ХХІ ғасырдың жаңа мұнай-газ құбырлары, авто және теміржолдарының сорабтары айқындала бастады.

    Біз Азия «жолбарыстары» мен ЕуропалықОдақ  табыстарының сырына қаныға бастадық. Келесі бір жағынан – Екінші дүниежүзілік жүзілік соғыстан кейін тәуелсіздік  алған елдер арасындағы халықаралық жауығу мен қақтығыстар да тоқтаған емес. Жаһандық экономикада ірі нарықтардың маңызы да үлкен. Біз, сонымен қатар, ұлы державалардың осы өңірде экономикалық басымдылыққа ие болу жолындағы бәсекелестігін де байқап отырмыз. Осы жаһандық геоэкономикалық проблемаларға қатысы дұрыс тұғыр ұстанудың маңызы үлкен.

    Біздің  алдымызда таңдау тұр: бірі - әлемдік  экономиканың мәңгілік шикізаттық қоржыны  болып қалу, екіншісі тағы бір империяның келуін күту немесе Орталық Азияның  барынша интеграциялануына қарай қадам жасау.

    Бұдан былайғы интеграциялану – біздің өңіріміздің тұрақтылығына, прогреске, экономикалық және әскери-саяси тәуелсіздікке  апаратын жол. Тек осындай жағдайда ғана біздің өңірде әлем құрметттейтін  болады. Тек сонда ғана біз қауіпсіздікті  қамтамасыз етіп лаңкестік пен экстремизмге қарсы пәрменді күрес жүргізетін боламыз. Мұндай бірлестік, сайып келгенде, біздің өңірде өмір сүріп жатқан қарапайым адамдардың мүдделеріне толық сай келеді.

    Мен Ортақ Азия елдері Одағын құруды ұсынамын. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан арасында жасалған мәңгілік достық туралы шарт осындай бірлесу үшін бірлік негіз бола алады. Мен өңіріміздегі басқа елдерді де есептен шығарып отырғаным жоқ.

    Біздің  экономикалық мүдделеріміз де, мәдени-тарихи, тіліміз, дінімізде, экологиялық проблемаларымыз да керек десеңіз сыртқы қатерлерімізде ортақ. Еуропалық Одақтың сәулетшілерінің өздеріде осындай алғы-шартардың армандаған да болар. Біз тығыз экономикалық интеграцияға көшуіміз және ортақ нарық пен ортақ валютаға қарай ілгеруіміз керек.

    Біз осылай жасағанда ғана өзіміздің  әрқашан бірге болуымызды аңсаған  арға ұлы бабаларымызға лайық  бола аламыз. Алайда алдымен патшалық империя кейінен сталиндік ұлттық саясат осы бірліктен қорқып, өңірді әкімшілік-ұлттық аумақтарға бөлшектеп  тастаған еді. Ол кезде «бөліп ал да, билей бер» деген саясат үстемдік етті. Қазіргі бізге келесі ұрпақтарымыз үшін өңіріміздегі теңқұқылы халықтар жүруге тиісті жаңа жолды нұсқайтын сәт туды.

    Қауіпсіздік, халықаралық терроризмге және заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес, энергоресурстарды әлемдік рынокқа тасымалдау сияқты стратегиялық маңызды салалардағы ынтымықтастықты нығайту қазақстан-американ қатынастарын дамытудағы оң ахуалға айналды. Демокаратиялық құрылыс проблемалары жөніндегі белсенді диалог жалғаса түсті. Екі жақта ядролық қаруды және жаппай қырып-жоятын басқа да қару түрлерін таратпау саласындағы бірлесе жұмыс істеуді жалғастыра беруге уағдаласты. Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы өсуі одан әрі жалғаса түсті – 2000 жылы ол шамамен 500 миллион долларға жетті. Біздің елімізде 50 американдық үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс істеуіне мүмкіндік берілді.

    2001 жылы қаңтарда Ақ үйге АҚШ-тың  заңды жаңа қожайыны келді.  Осымен орайлас екі жақты арналар  бойынша жоғары деңгейдегі келесі  кездесуге әзірлік басталды. Біздің тарапымыздан алда тұрған келіссөз қазақстан-американ қатынастары дамуындағы жаңа кезеңнің есептеу нүктесіне айналды деген түсінік болды. Бағдарламалардың барлық бүге-шігесі, сондай-ақ қол қоюға ұсынылатын құжаттарждың мазмұны мұқият пысықталды.

    Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен  озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса  өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.

    Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық  экономикалық жобаларға белсене  қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені  олар біздің жаһандық экономикаға кіргізуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық – географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді.

    Мемлекет  өз тарапынан іскерлік бастамшылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік  және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге мінедетті. Бізге экономиканың барлық деңгейінде – бүгінгі де, сол секілді ықтимал мүмкін болатын нақты да перспективалы бәсекелестік артықшылықтарымызды қажеттілікпен әрі сарабдалдықпен анықтауға және пайдалануға тура келеді.

    Жүйелілік – біздің осы заманғы әлемде таяудағы онжылдықта алға жедел жылжымуымыздың басты қағидасы, міне, осы.

    Еуропадағы  қауіпсіздік және ынтымақтастық  ұйымы «Кеңес» деген атау мен 1972 жылы Финляндияның астанасы Хельсинки  қаласында дүниеге келді. Еуропадағы 35 мемлекет басшылары континенттегі  қауіпсіздік шаралары туралы Кеңес  өткізіп Хельсинки келісіміне қол  қойды. Бұл қырғиқабақ соғыстың үдеп тұрған шағы болатын. Ол қезде КСРО-ның халықаралық беделі өте жоғары дәрежеде және Кеңес Одағы тек Еуропа емес бүкіл әлемде қауіпсіздікке ықпал ете алатын қуатты жағдайда болды. Хельсинки Кеңесі мен Келісіміне де КСРО бастамасшы мүдделі әрі ықпалды болды. КСРО атынан сол кездегі Жоғарғы Кеңес Президумының Председателі СОКП Орталық Комитетінің Бас секретары Л.И.Брежнев қатынасып сөз сөйледі. Келісімге қол қойды. Сол кезде бұл оқиға Еуропа елдері арасында үлкен әрі маңызды саяси оқиға болды. кеңес жыл сайын шақырылып тұратын болып келісілді. Жәнеи басында ол негізінен тек қауіпсіздік мәселелерін ғана құзырына қамтыды кейінгі жылдары Кеңестің құзыры кеңейтіліп үш бағытта – қауіпсіздік, экономикалық және гуманитарлық салада жүргізілетін болып келісілді. Бұл жерде айта кететін ескертпе – үшінші, гуманитарлық сала адам құқықтарына келіп саятын болды. Міне, осы, әсіресе үшінші бағытқа байланысты пікір таласта көп. өйткені гуманитарлық деген ұғымның ауқымы өте кең. Оның ішінде өркениетке қатысты көптеген бағыттар қаралы қажет еді. Ол ескерілмейді. Адам құқықтары сайлапуға қатынасу мүмкіндігі мен әдетте ресми үкіметтерге оппозициялық көз қарастағ,ы адамдардың мүддесімен назар аударумен шектеліп жатады.

    Өткен ғасырдың 1989-1992 жылдары Еуропа түбегейлі өзгерівстерге ұшырады және КСРО күйреді. Оның орнына жаңадан 15 мемлекет дүниеге келді. Кавкзда, Молдавияда, Тәжікстанда, Балтық жағалауында қантөгістер болды. Батыс Шығыс Германия қосылды. Чехия, Словакия бөлінді. Бұрыңғы югаславия тарап, бірнеше мемлекет құрылды. Балкан өңірі алаулаған отқа толды. Ұлттар арасында соғыс болып, күшті ұлттар әлсіз ұлттарға күш көрсете бастады. Аяғы  БҰҰ-ның қарулы күштері югаславияны бомбылаумен тынды.

    1992 жылы бұрыңғы Кеңес Одағынгың  кеңестігіне жас мемлекеттер «автоматы» түрде ЕҚЫҰ-ға мүше болып қабылданды. «Кеңес» деген атау «ұйым» деген атаумен ауыстырылды, оның жоғарыда аталған үш бағыты қайта бекітіліп ішкі аппатарты күшейтілді жаңадан аз ұлттар мәселесі босқындар мәселесі Жоғарғы Комиссар тағайындалды. «Далалық миссиялар» көбейтіліп олардың құрлымдары Орталық Азия мемлекеттеріне келе бастады. Әуелі баста миссия басшысы Ташкентте орналасып кейінгі жылдары әр республикада өзіндік миссиялар жұмыс жасай бастады. Қазақстанда ЕҚЫҰ-ның ресми өкілі – елші Ивар Викки қазіргі Алматыда. Өкілдікті Астанаға көршіміз деген міндеттемелері бар. Қазақстанның австралиядағы елшісі ЕҚЫҰ жанындағы өкілдікті қоса атқарады.

    Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-ның 1994 жылғы желтоқсан  айында Будапешт қаласында өткен  кезекті жиыны өте маңызды. сол жолда тәуелсіз Қазақстанның президенті 55 мемлекеттің басшылары қатынасқан жиында тұңғы рет сөз сөйлеп, жаңа саяси жағдайдағы жаңа мемлекет – Қазақстанның Еуропа мен Азия кеңестігіндегі қауіпсіздікпен даму үдерістерін қамтамасыз етуге байланысты өз ұсыныстарын ортаға салған. Дәл осы жиын үстінде Қазақстан үшін маңызды келісімге қол қойып, елдің мәртебесі көтерілген еді. Ол – жер бетіндегі ядролық қарулы мемлекеттердің Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдігі туралы тарихи келісім болатын. Өзіміздің жаңадан әлемге таныстырып жүрген тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бұл келісім Қазақстанның мәртебесін көтеріп еді. Үлкен сахнаға АҚШ Президенті Б.Клинтон, Ұлыбритания Премьері Дж.Мейджжор, Франция Президенті Ф.Миттеран, Ресей Президенті Б.Ельцинмен бірге Н.Назарбаев көтеріліп, Еуропа тарихында тұңғыш рет осындай кепілдік келісіміне қол қойылды деген сөздер жария етілгенде, дамыған елдер қатарына қосылармыз деген сенім де нығая түскен.

    Сол 1994 жылы Будапеште қол қойылған келісімнің Қазақстан үшін маңызы бүгінде артып тұр. Болашақта да оның қажеттілігі арта түсері хақ. Осыдан кейін, 1995 жылы Қазақстанға кепілдігін Қытай үкіметі жариялады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты