Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Автор работы: l**********************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 15:26, курсовая работа

Описание

Сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз ХХІ ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат.
Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
І. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
1.1.Қазақстанның сыртқы саясаты басымдықтары мен міндеттері......................5
1.2.Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауындағы Қазақстанның сыртқы саяси дамуы......................................................................................................................12
1.3.Қазақстан Республикасының саяси дамуы......................................................15
ІІ. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
2.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның ролі.........................................19
2.2.Қазақстанның бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.................28
2.3.Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтармен халықаралық байланыстары....33
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38

Работа состоит из  1 файл

ҚР-ның сыртқы саясаты.doc

— 297.00 Кб (Скачать документ)

      Сыртқы саясаттағы  басымдықтар

    Қазақстанның  басымдықтары өмірлік басымдықтар  болып қалуда - XXI ғасыр қаупіне  қарсы тұруға қабілетті белсенді, жан-жақты әрі теңдестірілген сыртқы саясат.

    Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропа Одағымен ынтымақтастықты дамыту басым бағыт болып табылады.

    Азия  мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен  өзара әрекет етуге зор мән  беріледі.

    Үкімет  алдында Қазақстан қауіпсіздігін  қамтамасыз ету және ел ішіндегі реформаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында осы мемлекеттермен негізгі келісімшарттар және келісімдерді үздіксіз іске асыру міндеті түр.

    Мәскеуде  қол қойылған Қазақстан мен Ресей  арасындағы шекараны делимитизациялау туралы келісімшарт тарихи маңызға  ие. Сол негізде Қазақстан біздің стратегиялық серіктесіміз

    Ресеймен мемлекеттік шекараны заңды түрде рәсімдеді.

    Соңғы жылдары 14 мың шақырымды құрайтын ұзындықтағы шекара делимитизацияланды. Мұның өзі мемлекеттік құрылыс  жөніндегі жоспарларды іске асыру  үшін қолайлы жағдай жасайтын ұлттық қауіпсіздікке маңызды кепілдік болып табылады.

    Стратегиялық  мүддеде Қазақстан мүддесін толық  ескеретін жағдайда Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына тезірек енуі қарастырылады.

    Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына, ТМД  реформалануына, ЕуразЭС, ЕЭП құру жұмысын  жалғастыруға ерекше мән береді.

    Барлық  бағыттары бойынша ОБСЕ-мен өзара  әрекет жасау біздің еліміз үшін маңызды  болып қала береді. Қазақстан 2009 жылы осы ұйымға төрағалық етуге өз кандидатурасын үлкен жауапкершілікпен ұсынуда.

    Қазақстан әлемде күшті экономика мен халықаралық  қауымдастықта мықты орынға ие аймақтық держава ретінде қабылданады. Осы мәртебені қадыр тұтып, қазіргі әлемде біздің елімізді нығайту үшін қосымша күш-жігер жұмсауы қажет.

    Бізді бүгінгі таңда  не толғандырады?

    Жолдауда  республика Президенті XXI ғасырдағы  обьективтік қауіптерге көңіл бөлген, олар ары қарай экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында маңызды кедергі болуы мүмкін. Бүл қауіптер алыс емес. Бейбіт еңбек пен еліміздің ілгері дамуы барлық қазақстандықтарға, әлемдік қауымдастықтың ұстанымына байланысты.

    Не  жайында әңгімеленуде?

    Біріншіден, аймақты тұрақсыздық пен діни экстремизмнің таралуы.

    Екіншіден, өзінің географиялық жағдайына орай Қазақстанның есірткі тасымалы жолы ортасында қалуы.

    Қазақстан осы мәселелерді шешуде бұрынғыдай барлық мүддені мемлекеттер және халықаралық құрылымдармен белсенді ынтымақтасатын болады.

    XXI ғасырдағы қауіп арасында халықаралық  терроризм ерекше орын алады. 2005 жылы қаңтардың аяғында Алматыда  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі терроризмге  қарсы комитетінің жылжымалы  мәжілісі болып өтті, оған 40 халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты. Халықаралық зұлымдыққа қарсы нәтижесі күрес жүргізу үшін бүкіл әлемдік қауымдастықтың күш жұмсауы талап етіледі.

    Қазақстанның  терроризмге қарсы коалицияға қатысуы  және біздің саперлік отрядтың Ирактағы жағдайды тұрақтандыруға қатысуы туралы мәселе осы тұрғыдан қарастырылуда. Еліміздің ішінде де белсенді әрекеттер қолданылуда: Жоғарғы Сот төрт террористік ұйымды заңсыз деп жариялады. «Экстремистік қызметке қарсы әрекет көрсету туралы» Заң қабылданды.

    Терроризмді ауыздықтау жағдайында Қазақстан аймақ мемлекеттері мен мүдделі елдердің әрекеттері мен белсенділіктерін үйлестірудің сапалы жаңа деңгейіне көтерілуге дайын.

      Аймақтағы жағдай  турады

    XV ғасырдың аяғына дейін Орталық  Азия әлемдік экономикада маңызды аймақ болып қала берді.

    Біздің  аймақ Батыс пен Шығыста біріктірді. Халықтар территория мен ұлттарға бөлінбеді. Ұлы Жібек жолының тоқтап қалуы  Орталық Азияны артта қалған территорияға айналдырды. Тәуелсіздік ала отырып, соңғы 500 жылда Орталық Азия аймағы әлемдік экономика үшін маңызды ауданға айналды. Орталық Азия аймағының елдері әлемдік рынокта құнды тауарлар - мұнай, газ, кен және ауыл шаруашылық шикізаттарын жеткізушіге айналды. XXI ғасырдың мүнай-газ желілері мен теміржолдары айқын көрініп түр, олар шамамен ежелгі Ұлы Жібек жолы бойлап бара жатыр. Біздің алдымызда «Азия барыстары» мен Еуропалық Одақ табыстары күтіп түр.

    Басқа жағынан алғанда - екінші дүниежүзілік соғыстан соң тәуелсіздік алған  елдер арасындағы кикілжіңдер мен  халықаралық конфронтация түр. Сонымен қатар, аймақта басым орын алу үшін ұлы державалардың жарысы жүруде.

    Қазір Орталық Азия аймағы елдері алдында  таңдау күтіп түр: әлемдік экономика  үшін мәңгі шикізат көзі болып  қалу, келесі империяның келуін күту немесе Орталық Азия аймағын маңызды түрде интеграциялау.

    Жолдауда  ары қарай интеграциялау - бүл  тұрақтылыққа, аймақтың игерілуіне, экономикалық және әскери тәуелсіздікке апаратын жол деп атап өтіледі. Осыған байланысты Республика Президенті Орталық Азия елдері Одағын құруды ұсынды. Мемлекет басшысының бастамасы объективті негізге ие, ол біздің халықтарымыздың мәдени ерекшеліктеріне, олардың бір тілдік топқа қатысты екендігіне, экономиканың өзара толықтырылуына, көлік инфрақұрылымы мен ортақ шекараларының болуына сүйенеді.

    Екіншіден, мемлекетаралық қатынастардың маңызды нормативтік - құқықтық базасы бар: Өзбекстан және Қырғызстанмен мәңгі достық туралы, ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісімшарттар; Қазақстан және Қырғызстан арасында одақтық қатынастар туралы келісімшарт; «Орталық Азиялық ынтымақтастық» ұйымының құрылтай құжаттары. Мұның бәрі неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Әсіресе, 1998 жылғы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мәңгі достық туралы келісімшарттың 8 бабына сәйкес тараптар түрлі экономика салаларында тығыз ынтымақтастықты дамыту мен нығайту үшін жағдай жасауда.

    Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасында біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімшарттың 8 бабы Ережесі  капитал мен жұмыс күшінің  еркін орын алмауы үшін жағдай жасауды қамтамасыз етуді, түрлі экономика саласында келісілген саясат жүргізуді қарастырады.

    Н.Ә.Назарбаев  «Одақтас мемлекеттер» құру деп қатысушы мемлекеттердің егемендігін жоюды  мақсат тұтпағанын атап өткен жөн. Ол өз Жолдауында Қазақстанның Ресей, Қытай және АҚШ мемлекеттерімен қатар Орталық Азия мемлекеттерімен өзара ынтымақтастық жасаудың басым екендігін мәлімдеді.

    Мемлекет  басшысы мұнда еркін сауда  аймағын, кедендік одақты, қызмет көрсетудің тауарлар мен капиталдың, жұмыс күшінің, валюталық одақтың ортақ рыногын құру арқылы экономикалық реформаларды іске асыруда саясатты үйлестіруді назарға алды.

    Осыған  байланысты іс-шаралар кешенін әзірлеу  жоспарлануда, ол іс-шаралар кешені жеке келісімдерге сәйкес қабылданып, іске асырылуы тиіс.

    Орталық Азия елдері жақын жылдарда бірқатар стратегиялық табыстар алуы мүмкін: жеке ұлттық мүддеге негізделген сыртқы және ішкі саясатты сәтті жүргізу үшін мүмкіндіктер жасау; бәсекеге қабілеттілікті ұлғайту үшін қосымша аспаптар жасау; елдің ішкі экономикалық және саяси дамуы үшін қолайлы сыртқы жағдайлар құру.

    Алдымызда мемлекет басшысының бастамасын іске асыру бойынша зор дипломатиялық  жұмыс күтіп түр. Мұнда Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ басқа да тараптардың  ұстанымы маңызды.

    Өз  кезегінде, біздің мемлекетіміз ынтымақтастықты тереңдету, интеграциялау, ортақ рынокқа жылжу, ортақ валютаға қарай жылжу және осы негізде Орталық Азия мемлекеттері Одағын құру арқылы аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтуға барлық күшін жұмсайтын болады.

    «Осылай ғана, - деп атап көрсетіледі Жолдауда, - әрқашан бізді бірге көретін, біздің бәрімізге ортақ ұлы бабаларымызға лайық боламыз. Бірақ, патша империясы, содан соң Сталиндік ұлттық саясат осы бірліктен қорқып, аймақты әкімшілік - ұлттың территорияларға бөліп тастады. «Бөліп ал да, билей бер» саясаты жүрді. Атап айтқанда, нақ біздердің аймақтың тең құқылы халықтарының келесі ұрпақтарына жаңа, қажетті жол көрсететін кезіміз келіп жетті». 
 

1.3.Қазіргі замандағы Қазақстанның саяси дамуы

Қазақстан егемендігінің қалыптасуы мен ерекшеліктері.

    Қазіргі Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы дегенде, ең алдымен қазақ халқының тәуелсіз егеменді ұлттық мемлекеттігінің  қалыптасуын ұғыну керек. Қандай болмасын ұлттың мемлекеттіксіз өмір сүре алмайтыны тарихтан белгілі.

    Демократияның негізгі бір принципіне де мемлекеттік құрылымның ұлттық сипатын сақтап қалу, жан-жақты дамыту саясаты жатады. Бұл принцип жүзеге аспаған жағдайда ұлттың құрып кетуі кезектегі мәселе.

    Бұл - бір. Екіншіден, қазақ халқының ұлттық-саяси  дамуының тамыры кешегі кеңес дәуірінен де әрі тереңде жатқанын ұғынуы қажетті. 400 жылдан астам шексіз шығын қасірет, құрбандықтармен өткен саяси күресте дүниеге келген алғашқы тәуелсіз қазақ мемлекеттігі ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Россияғға қосылуы аяқталған соң мүлде жоғалып, оның орнына отаршылық саясаттың әскери-әкімшілік жүйесі орнады.1917 жылы ақпан революциясынан кейін, Қазан революциясы кезінде ескі саяси жүйенің ыдырауына байланысты бүкіл Россия көлемінде етек алған бұқаралық-халықтық қозғалыс, жалпы қоғамдық үрдіс заңды түрде қазақтың ұлттық автономиясын, тәуелсіз мемлекетін құру идеясын тудырды. Осы кезеңде Алаш партиясы құрылып, оның басшылары « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститутциялық Заң қабылданды. Осы заң бойынша Қазақстан Республикасының өз территориясында өкімет билігін толық иеленетіндігі, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізетіндігі белгіленді. Аталған заң республиканың жаңа Конституциясын әзірлеуге негіз болды.

    Қазақстан республикасының  мемлекеттік-саяси құрылымы. Жас еегеменді Қазақстан мемлекеттік-саяси құрылымы тоқсаныншы жылдардың бірінші жартысында қалыптасты. 1993 жылы қабылданған Конституция бойынша мемлекеттік өкімет билік заңдық, атқару және сот билігі болып бөлінеді. Атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқаратын мемлекет басшысы ретінде президенттік билік орнады. Қазақстан Республикасы-демократиялық, зиялы және біртұтас (унитарлық) мемлекеттік сипатын алды. Егеменді мемлекеттің күшті президенттік республика құру бағытында дамуы басты стратегиялық мақсатқа айналды.

    Президенттік  билікке көшу объективтік заңдылық. Саяси жүйенің бұл түрдегі  ерекшелігі-президент қоғамнан, партиялардан, парламенттен және барлық билік институттарынан  жоғары тұрып, олардың жұмысын үйлестріп, бағыттап отырады. Қоғам өмірінің өткелең, төтенше кезеңдерінде ол конституцияның бірден-бір кепіліне және мемлекеттік егемендіктің нақты көрінісіне айналды.

    Дүние жүзіндегі көптеген демоктариялы елдердің тарихи тәжірбиесі көрсеткендей бұл  ел басқару түрінің бірден-бір  пәрменді түр екендігі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде ерекше дәлелденді. Осы тоқсаныншы жылдардың басында кешегі Одақтың көптеген аймақтарында саяси тұрақтылық бұзылып, азаматтық және ұлттық тартыс-қақтығыстар бел алған тұста Қазақстан экономикалық құз шатқалға құлап кетудің аз-ақ алдында тұрды. Мемлекетті осы апттан жедел алып шығу президенттік биліктің басты мәселесі болды. Бұл үшін экономикалық реформаны саяси тұрғыдан қорғау, ел ішінде саяси тұрақтылықты сақтау, жас мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік жүйесін құру, Қазақстанның геосаяси жағдайына сәйкес дербес сыртқы саясат жүргізу стратегиялық өткір мәелелерге айналды. Осымен қатар Қазақстанды дүние жүзіне танытып, әлемдік қоғамдастық құрметтейтін дәрежеге көтеру, ядролық қарусыздану процесінде тарихи мәселелерді жедел шешу керек болды .

    Президенттік  билік институтын еңгізу арқылы республикада ең бір қиын өткелең жағдайда өкімет билігі орнықты ұсталып, қоғамдық-саяси  жүйе жедел түрде дамыды. Мысалы, бір ғана 1992 жылдың өзінде мемлекеттің  төл күш-құрылымдары-әскери күштер, Республикалық ұлан, ішкі және шекара әскерлері құрылды. 1993 жылдың сәуір айында тарихта тұңғыш рет Қазақстанның Теңіз күштерін құру істері басталды. Осылай жас мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік жүйесін құру ісі қысқа мерзімде аяқталды. Осы жылдары сыртқы істер министрлігі шын мәніндегі сыртқы саясат мекемесіне айналды. Шет елдермен және халықаралық ұйымдармен барлығы 800-ден астам құжат жасалды.

    Тоқсаныншы  жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстанның қоғамдық,мемлекеттік-саяси  өмірлік барлық жағынан да күрделі өзгерістерге толы.

    Қазақстанның  тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 1990 жылғы 24 сәуірде ҚазССР Жоғарғы Советінің  сессиясында жасырын дауыс берудің  нәтижесінде сайланып, ал 1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкілхалықтық сайлау арқылы билікке келген болатын. Бұл Қазақстанда саяси бір жүйеден екінші жүйеге көшудің алғашқы жылдары еді. Қоғам өмірінде, елді басқару саласында президенттік билік комунистік партия және кеңестер билігімен қатар өмір сүруі.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты