Курстық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 22:49, курсовая работа

Описание

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып кқрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз байлынысты болды.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................... 3
I Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын пайдалануда бюджеттіліктің теориялық негізі
1.1 Муниципалдық құрылым қаржы ресурстарының мәні мен маңызы......................................................................................................................5
1.2 Жергілікті бюджет – муниципалды құрылымдар қаржыларының негізгі ресурсы ретінде......................................................................................................11
1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың муниципалдық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні ....................................................19

II Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау
2.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарының құрылымы мен қалыптасуының негізгі элементтері....................................................................25
2.2 Өскемен қаласының қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздері талдау......................................................................................................................32

III Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын жетілдіру жолдары
3.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын басқарудағы бюджетаралық теңестіру механизмін жетілдіру ...............................................43

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................................54

Работа состоит из  1 файл

айка норма.doc

— 432.00 Кб (Скачать документ)

     2.Даму әлеуеті орташа ауылдық елді- мекендердің саны-5664, мұнда 5329147 адам тұрады;

    3. Даму әлеуеті төмен елді- мекендердің саны-776 халықтың саны-288242;

     4. Бұл топтағы аса қолайсыз экологиялық ауылдық жағдайдағы  ауылдық елді- мекендер саны-22. Бұларда 9611 адам тұрып жатыр.

 

        Бірінші және екінші топтағы елді- мекендерге Үкімет тарапынан қаржылық көмек беру, өндіріс орындарыфн ашу, табиғи ерекшелігіне байланысты мәдени орындар ұйымдастыру сияқты шаралар жасалады, ал үшінші және төртінші топтағы ауылдарға қаржылық көмек қарастырылмайды, оларды көшіру басталады. Яғни, жергілікті шаруашылық тек қана коммуналды қызмет көрсетімен шектелмейді, яғни жоғарыда аталып өткендей, болашағы бар елді- мекендерде басқа да қызмет түрлерін ұйымдастыруға болады. Мәселен, туризм, балық, аң шаруашылықтарымен байланысты. Тіпті жерге байланысты да, себебі біздің мемлекетте жер  тек қана мемлекет меншігінде емес[9,4-6 б.б].

      Осылайша ауылдық аймақтарды дамытуға түрлі шаралар жүргізіліп жатқанын атап өте келе жергілікті аймақ тұрғындарының әл- ауқаты жөнінде, халықтың тұрмысын қалай жақсарту қажет, ол үшін қандай шаралар қолдану қажет?- деген сауалдарға жауап бере кетейін.

      Жанұя бюджеті-жанұя табысынын құрылымы мен пайдалануы. Тұрмысы төмен жанұялар мәселесі – бұл барлық елде де Өкімет алдында тұратын үлкен мәселе. Бір жағынан, тұрмыс деңгейі төмен халық жағдайымен санасып жәрдем беріп тұратын мемлекет мәдениеті жоғары мемлекет екенін көрсетеді.Екінші жағынан, тиісті мөлшерден жоғары берілген жәрдем еңбекке ынтаны төмендетіп, мемлекет экономикасын әлсіретуге әкеліп соғуы да мүмкін.

       Әлеуметтік қорғау- бұл әлде бір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын, әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыс пен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл- ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.

        Әлеуметтік қамсыздандырудың обьетісі – қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелері, оның қатарында уақытша еңбекке жарамсыз мүшелері де кіреді.

Әлеуметтік қамсыздандыру  иесі- республикалық деңгейде, жергілікті деңгейде  және шаруашылық білім  деңгейінде қалыптасады. Жергілікті деңгейде- әлеуметтік мәдениеттік және демографиялық ерекшелектерді есепке ала отырып, әлеуметтік қорғау жүйесін қамтамасыз ету. Әлеуметтік қамсыздандыру шығындарының көздеріне келесілер жатады:

 

  • бюджеттік зейнетақы қорының құралдарынан;
  • әлеуметтік сақтандыру қорынан ;
  • кәсіпорын мен ұйымдардан өз еркімен келген салымдарынан;
  • қайырымдылық қорлары және т.б. да қорлардан.

 

      Жұмысынан айырылу жағдайында азаматтарды әлеуметтік қорғауда екі деңгейлі құрылым қарастырылады.

 Бірінші деңгей: жергілікті  бюджеттер есебінен барлық жұмыссыз  азаматқа жұмысқа орналасуға, кәсіби қайта даярлауға көмек көрсету, қоғамдық жұмыстар беру жолымен әлеуметтік қорғау[10].

 Екінші деңгей: ресми жұмыс  істейтін еңбеккерлерге міндетті  әлеуметтік сақтандыру жүйесінен  белгілі бір мерзім ішінде  төлемақы беру.

   Қорыта айтқанда жергілікті аймақтардың экономикалық, мәдени, әлеуметтік, экологиялық т.б. салаларын дамыту үшін жергілікті қаржыны, оның ішінде жергілікті бюджеттің кіріс көздерін дұрыс жұмсай білу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың муниципалдық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні

 

Елдің мемлекеттік құрылысында  аумақтық құрылымдардың болуы оларда тіршілік ету қызметін қамтамасыз ету  үшін оларға белгілі бір өкілеттіктер мен қаржы ресурстарының көлемін  беру қажеттілігін негіздейді. Осыған байланысты қаржылық жүйенің құрылымында жергілікті бюджеттер ерекше буын ретінде бөлінеді.

Жергілікті бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін,  түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін айқындайтын  жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің ақшалай қорын білдіреді.

Жергілікті бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен міндеттердің мазмұнымен және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.

Жергілікті бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға тәуелді болады. Оларға мыналар жатады:

 

    • елдің жалпы экономикалық жағдайы;
    • тиісті аумақтың экономикалық әлеуеті;
    • жергілікті билік және басқару органдарының құқықтары мен міндеттерін реттейтін мемлекеттік заңнаманың деңгейі;
    • жергілікті билік және басқару органдарының өздеріне берілген құқықтарды іске асырудағы құзыреттілік дәрежесі.

Жергілікті бюджеттер  тұрақтылығының басты шарты нақты  қаржы кезеңі мен нақты аумақтың шеңберінде жергілікті мемлекеттік  органдардың келіп түсетін кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-теңдікті қамтамасыз ете білу шеберлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасында  жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қаланың  және астананың бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.

Облыстың бюджеті олардың  арасындағы өзара өтемелі операцияларды  ескерместен облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып  табылады.

Қазіргі кезде Қазақстандағы  жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің кірістер бойынша шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша – шамамен 48%-ын алады.

Жергілікті бюджеттерді  қалыптастырудың олардың өз бетімен  жұмыс істеуінің үш деңгейі бойынша  өз ерекшеліктері бар: облыстық бюджет деңгейінде, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджеті деңгейінде және аудан бюджеті деңгейінде. Жергілікті бюджеттердің кірістері республикалық бюджеттің кірістері сияқты салықтық және салықтық емес түсімдерден қалыптастырылады. Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері Бюджет және Салық кодекстерінің регламенттеуші ережелеріне сәйкес республикалық бюджетке түсетін  салық түсімдері түрлерінен ерекшеленеді.

Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық  меншіктен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен түсімдерден; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу өткізуден ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдардан, өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіреді.

Мыналар:

    • аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджетке трансферттер;
    • республикалық бюджеттен трансферттер жергілікті бюджетке трансферт түсімдері болып табылады.

 

Республикалық маңызы бар  қаланың, астананың бюджетіне республикалық  маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінде тұрған мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түскен түсімдер есептеледі.

Мыналардың:

- облыстың;

- республикалық маңызы  бар қаланың;

- астананың,

- ауданның (қаланың),

- қаладағы ауданның,

- аудандық маңызы бар  қаланың,

- кенттің, ауылдың  (селоның),

- ауылдық (селолық)  округтің бюджеттік бағдарламалары  жергілікті болып табылады.

Облыстық бюджеттің  шығыстары облыстық деңгейдегі билік  органдарының функцияларына сәйкес шығыстардың бағыттары бойынша  жүзеге асырылады.

Облыстық деңгейдегі жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың  жұмыс істеуіне; облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлауға; облыстың деңгейінде бюджеттік жоспарлауға; облыстық бюджеттің орындалуын ұйымдастыруға; облыстық коммуналдық меншікті басқаруға  жұмсалатын шығындар жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ететін шығыстарға жатады[11,56-59б.б].

Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын  қарау және бекіту рәсімі

Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының  Үкіметі Парламентке ағымдағы қаржы  жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей  енгізеді. Қазақстан Республикасы Парламенті  Мәжілісінің және Сенатының жалпы отырыстарында республикалық бюджет туралы заңның жобасын қарау Үкімет өкілеттік берген тұлғаның, ол қазіргі сәтте Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып табылады, республиканың әлеуметтік дамуының болжамы және республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі баяндамаларының негізінде жүзеге асырылады.

Республикалық бюджетті бекіту ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан  кешіктірмей әуелі Мәжілісте, содан  кейін Сенатта дәйекті түрде  қарау жолымен Парламент палаталарының жеке отырыстарында жүргізіледі.

Егер Парламент ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық  бюджет туралы заңды қабылдамаса, Президенттің кезекті қаржы жылының бірінші  тоқсанына арналған республикалық  қаржы жоспары туралы Жарлық шығаруға құқығы бар, ол Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы  заңды бекіткенге дейін  қолданыста болады. Президенттің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.

Кезекті қаржы жылының  бірінші тоқсанына арналған республикалық  қаржы жоспары ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі.

Қаржы жоспары бекітілген жағдайда  осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

Бұл ретте осы қаржы  жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына  арналған республикалық қаржы жоспары  ескеріле отырып бекітіледі.

Нәтижелерге бағдарланған бюджет жасау қағидаттарына сәйкес қосымшаларымен бірге Республикалық  бюджет туралы заң, қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Облыстық бюджеттің, республикалық  маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы  тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

Облыстық бюджет, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың бюджетін тиісті мәслихаттар Президент республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімінен кешіктірмей бекітеді.

Егер мәслихат белгіленген  мерзімде жергілікті бюджет туралы шешім  қабылдамаса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешім шығаруға құқығы бар, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.

Кезекті қаржы жылының  бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары республикалық  бюджет сияқты ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі. Жергілікті қаржы жоспарын бекіту кезінде осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

Облыстардың, республикалық  маңызы бар қалалардың, астананың  жергілікті атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін  бекіту туралы шешімдерді қабылдағаннан  кейін бір апта мерзімде мемлекеттік  жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде сәйкестендірілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарлы жылға арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.

Қазақстан Республикасының  үкіметі бекіткен уақыт мерзімі  ішінде жергілікті өкілетті органдар келесілерді іске асырады:

Информация о работе Курстық жұмыс