Курстық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 22:49, курсовая работа

Описание

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып кқрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз байлынысты болды.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................... 3
I Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын пайдалануда бюджеттіліктің теориялық негізі
1.1 Муниципалдық құрылым қаржы ресурстарының мәні мен маңызы......................................................................................................................5
1.2 Жергілікті бюджет – муниципалды құрылымдар қаржыларының негізгі ресурсы ретінде......................................................................................................11
1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың муниципалдық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні ....................................................19

II Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау
2.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарының құрылымы мен қалыптасуының негізгі элементтері....................................................................25
2.2 Өскемен қаласының қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздері талдау......................................................................................................................32

III Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын жетілдіру жолдары
3.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын басқарудағы бюджетаралық теңестіру механизмін жетілдіру ...............................................43

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................................54

Работа состоит из  1 файл

айка норма.doc

— 432.00 Кб (Скачать документ)

Қаржы ресурстары категориясын қарастыру  кезінде критерийлердің  негізделуі есепке алынуы керек. Кәсіпорын экономикасы  және қаржы бойынша арнайы әдебиеттерде қарастырылып отырған мәселенің негізгі үш жалпы ғылыми әдістемелік тәсілі кездеседі.

Бірқатар экономистер қаржы  ресурстарын анықтау кезінде  негізгі кезең ретінде олардың  айналыс шегін немесе нақтырақ айтқан кезде – олар объектісі болып саналатын, басқару деңгейін қабылдайды, олардың қатарына: мемлекеттің жалпы қаржы ресурстарын, кәсіпорын мен мекемелердің қаржы ресурстарын және т.б. жатқызуға болады.

Ғалымдардың келесі тобы қаржы ресурстарын  критерий ретінде анықтауда олардың  қалыптасуының қайнар көздерін таңдайды, ол жиынтық қоғамдық өнім. Олар қаржы ресурстарының көлемін анықтауда жиынтық қоғамдық өнімнен белгілі шығындарды, ең алдымен қарапайым қайта өндіріспен байланысты шығындарды шегеру тәсілін қолдануды ұсынады .

Біздің пікірімізше, осы тәсілге қатысты бірқатар ескертулер жасаған дұрыс. Біріншіден, жиынтық қоғамдық өнім қаржы ресурстарын қалыптастырудың жалғыз қайнар көзі болып табылмайды. Екіншіден, бәрімізге белгілі жағдайдай, елдің экономикасындағы қаржы ресурстарының қайнар көзі ретінде ұлттық байлықтың бір бөлігі де қатысады. Сонымен қатар, қаржы ресурстары құрылған құнның ақшалай формасын бөлу және қайта бөлу процесінің нәтижесінде қалыптасады, осы негізде кіріс пен түсімдердің белгілі формалары ерекшеленеді.

Микродеңгейдегі қаржы мемлекеттік заңдылық пен үкіметтің атқарушы және басқарушы органдары тарапынан реттеу объектісі болып саналады. Маңызды қаржы шешімдерін қабылдаудағы басты субъект – меншік иесі болып табылады.

Профессор К. Жүйріков қаржы ресурстары туралы түсінікті тек шаруашылық субъектісі, яғни корпорация деңгейінде ғана береді: «қаржы ресурстары деп – шаруашылық субъектісінің иелігіндегі және қаржылық міндеттемелерді жүзеге асыруға, кеңейтілген қайта өндіріс және экономикалық ынталандыру шығындарын жүргізуге бағытталған, ақшалай кірістер мен түсімдер».

Корпорацияның қаржы ресурстарының  құралуының қайнар көздеріне ол төмендегідей сипаттама береді.

Меншікті және оған теңестірілген  қаражаттарға корпорацияның кірістерінің барлық түрлері, амортизация, істен  шыққан мүлікті өткізуден түскен түсім, тұрақты пассивтер, мобилизацияланған ішкі ресурстар жатады. Қаржы нарығында мобилизацияланған қаражаттар – бұл меншікті акцияны, облигацияны және басқалай құнды қағаздарды сату, инвестициялар. Қайта бөлу тәртібінде түскен ақшалай қаражаттар – бұл сақтандыру бойынша қайтарымдар, концерндерден, ассоциациялардан, салалық құрылымдардан түскен түсімдер; пай жарналары; дивидендтер мен пайыздар; бюджеттік субсидиялар.

Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшылықты өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақшалай қорлар түріндегі олардың материалдық іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржылық қатынастардың тұрақты иелері болып келеді. Олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері (бұл көздерді біріктіруші) ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады. Демек, қаржылық ресурстар – бұл жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу үдерісінде жасалынатын экономикалық субъектілердің және мемлекеттің қаржылық әдістердің көмегімен құратын ақшалай қорланымдары мен ақшалай қорлары. Қаржылық ресурстар ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Тап қаржылық ресурстар қаржылық категорияны баға және басқа құндық категориялардан бөліп алуға мүмкіндік жасайды. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржылық ресурстар өсуінің басты шарты болып табылады.

Қаржы ресурстары – кәсіпорынның, мекеме мен мемлекеттің иелігіндегі, қаржы-несие жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындауы, жұмысшыларды материалды ынталандыруға, кеңейтілген қайта өндіріс шығындарын жүзеге асыруға бағытталған ақшалай кірістер мен қорлар – деген анықтама беру толығырақ болады деп есптейміз.

Фирманың қаржы ресурстары мен  капитал арасындағы айырмашылық келесіде: кез-келген уақытта фирманың қаржы ресурстары капитал көлеміне тең немесе одан көп. Сонымен қатар, теңдік фирманың ешқандай міндеттемесінің жоқ екендігін және барлық қаржы ресурсының айналымға салынғандығын сипаттайды. Бірақ, бұл капиталдың көлемі фирманың қаржы ресурстарының көлеміне жақындаған сайын фирма тиімді жұмыс істейді дегенді білдірмейді.

Нақты өмірде жұмыс істейтін фирмаларда қаржы ресурстары мен капиталдың теңдігі болмайды. Қаржылық есептілік  қаржылық ресурстар мен капиталдың арасындағы айырмашылықты анықтай алмайтындай етіп құрылады. Өйткені, стандартты есептілікте қаржылық ресурстар емес, олардың айналған түрлері – міндеттемелер мен капитал сипатталады.

Кәсіпорындардың қаржылық қатынасы кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, оның кірісінің құралуы, шаруашылық қызметті қаржыландырудың қарыз қайнар көздерін тартуы, осы қызмет нәтижесінде пайда болған кірістерді бөлуі, оларды кәсіпорынның даму мақсатында пайдалануы ақшалай негізде жүзеге асқан кезде пайда болады.

Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыру олардың тиімділігін қамтамасыз етудің жалпы кешенінің негізін қалаушы болып табылады.  Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары төмендегіше:

 

    1. қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы;
    2. мақсатты және көп мақсатта пайдаланылатын қаржы ресурстары;
    3. кәсіпорынның қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін белгілеу;
    4. қаржы ресурстарын олардың тағайындалуына сәйкес мақсатты пайдалану;
    5. қаржы ресурстарының сақталуы.

 

Қаржы ресурстарының  құрамы деп оларды құрайтын кірістердің жиынтығы түсініледі. Қаржы ресурстарының құрылымы қаржы ресурстарының жекелеген элементтерінің қатынасын көрсетеді, яғни кәсіпорынның қаржы ресурстарының жалпы көлеміндегі әрбір элементтің үлесін [2,24-26 б.б].

Біздің пікірімізше, қаржы ресурстарын  анықтаудағы ең қолайлы негізгі принцип болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта бөлуден өте отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілген форма: амортизациялық аударым, жиынтық кіріс (пайда), айналым қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі, тұрақты пассивтер және т.б, сонымен қатар олардың кәсіпорынның қаражаттар айналымы процесіндегі рөлін нақты айқындау керек.

Қаржылық ресурстар жалпы қоғамдық өнімнің 60%-ға жуығын құра отырып, мемлекеттің қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу үдерісінде қалыптаса отырып, олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпымемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің ақша көрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс үдерісінде қаржылық ресурстар неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол тиімдірек болады. Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу және экономикалық өсудің қарқынын тездету ұлттық шаруашылықта қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты.

Қаржылық ресурстарды өсірудің маңызды факторы қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру болып табылады, бұл ұдайы өндіріс үдерісінде ұлттық табыстың артуын білдіреді, сондай-ақ экономикалық қызметтің қаржылық нәтижесінің өсуіне алып барады. Еңбек өнімділігімен қоғамдық өндіріс тиімділігінің басқа көрсеткіші – қор қайтарымы (капитал қайтарымы) тығыз байланысты. Қор қайтарымын арттыру қаржылық ресурстарды қалыптастыруға, атап айтқанда, олардың негізгі көзі – таза табыстың өсіміне сөзсіз әсер етеді, ол өнім өндіру ауқымы өсімінің, сондай-ақ ағымдағы шығындарды (ең алдымен жалақы мен амортизациялық аударымдарды) үнемдеудің нәтижесінде артады. Және, керісінше, қор қайтарымының төмендеуі қаржы ресурстарын азайтады.

Екінші фактор – бұл материалдық  шығындардың орнын толтыру қоры мен өндірілген ұлттық табысқа  жалпы қоғамдық өнімнің бөліну үйлесімдері. Жиынтық қоғамдық өнімдегі материалдық шығындардың үлесін – материал сиымдылығын – төмендету өндірілген ұлттық табысты – қаржылық ресурстардың негізгі көзін – арттыруға мүмкіндік беретін фактор болып табылады.

Қаржылық ресурстардың өсуіне, сонымен  қатар жалпы алғанда  қоғамдық өндірістің, сондай-ақ өнеркәсіп өндірісінің материалдық-заттай құрылымы да әсер етеді. Енді біз, «қаржы жүйесі» ұғымының ара-жігін анықтап алайық. Ол қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.

 

 

 

1.2 Жергілікті бюджет – муниципалды құрылымдардың қаржыларының негізгі ресурсы ретінде

 

      Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында жергілікті органдар қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуде едәуір дербестікке ие бола бастады. Басқарудың жергілікті органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде маңызды міндеттер жүктелінген. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылымның салалары халыққа қызметтер көрсетуді бюджет қаражаттарынан қалыптасатын қорлар есебінен көрсетіледі. Бұл, тиісінше, жергілікті қаржының ролі мен маңызын арттырып отыр[3].

          1994 жылға дейін Қазақстанда 3045 жергілікті бюджеттер болған еді,1994 ж. басынан жүргізілген бюджет жүйесін орталықтандыруға байланысты 2500 жергілікті бюджеттер- селолық, поселкелік, ауылдық бюджеттер жойылды. Осының нәтижесінде бюджет жүйесіне түсетін қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі едәуір бәсеңсіді.

           Бүгінде, жұртқа мәлім, қоғамда экономикалық қатынастарды орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда аймақтардың дербестігі мен ролін арттырып отыр. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін одан әрі арттыру қажеттілігін негізге ала отырып, биліктің барлық деңгейлері арасындағы функцияларды неғұрлым айқын ажырату, реформалар жүргізу орталығын жергілікті мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейлеріне ауыстыру мәселелері басым мәселелерге айналуда.

           Облыстық, аудандық (қалалық) және ауылдық билік деңгейлері арасындағы функцияларды бөлу бүгінгі таңда облыстық деңгейге берілген және көбінесе басқарудың орталытандырылған сызбасын қабылдайды. Яғни, орталықтан берілген өкілеттіктер облыстық деңгейде қалып қойды, ал бұл жүргізіліп жатқан реғформалардың идеологиясына толық дәрежесінде сәйкес келмейді.

           Биліктің аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлері жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуде неғұрлым дербес және жауапты болуға тиіс, олардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі заңнамалық кесімдер деңгейінде айқын реттелуге тиіс. Осыған байланысты әкімшілік- бюджеттік реформаны аяқтау мемлекеттің одан әрі қарышты әрі тұрақты дамуын қамтамасыз етудің аса маңызды шарты болып табылады. Бюджет мелекеттің өз функцияларының орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік саясат шараларын іске асыру жөніндегі негізгі құрал болып табылады. Сондықтан мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін оларға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін жергілікті қаржы қаражатымен қамтамасыз ететін, өзара қатынастардың тұрақтылық пен анықтық қағидаттарына негізделген, сондай- ақ тиімді бюджет саясатын жүргізуді ынталандыратын бюджетаралық қатынастардың оңтайлы моделін қалыптастыру талап етіледі.

         “ҚР- дағы жергілікті мелекеттік басқару туралы” ҚР- ның 2001 ж. 23 қаңтардағы Заңының, “Бюджет жүйесі туралы” ҚР-ның 2000 ж. 1 сәуірдегі Заңының жаңа редакциясының қабылдануымен, сондай- ақ ҚР- ның Азаматтық Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуімен мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, сондай- ақ оларды ретке келтіру жөнінде әрбір билік деңгейіне өкілеттіктер мен жауапкершілік бекіту мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда мелекеттік басқару жүйесінің базалық негіздерін құру аяқталды.

            Жүргізілегн реформалар нәтижесінде бюджет жүйесі едәуір өзгерістерге ұшырады.2000 ж. бастап бюджет  саласындағы шекаралар айқын бөлінді, бюджеттік бағдарламаларды, республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы түсімдерді бөлу заңды түрде бекітілді. Мемлекеттік бюджеттің негізгі өлшемдеріне орта мерзімді болжам жасауға көшу жүзеге асырылды, жергілікті атқарушы органдарға заңды түрде айқындалған деңгей шеңберінде қарыз алуды жүзеге асыру құқығы берілді.

            Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру орталық пен аймақтар мүдделерінің теңдестірілуіне қол жеткізуге, мелекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерінің аймақтардың экономикалық дамуына мүдделілігін арттыруға және жергілікті бюджеттрге түсетін түсімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталады[4,3-4 б.б].

           2000ж. енгізілген бюджеттік алулар мен субвенциялар арқылы бюджетаралық реттеу тетігі қазіргі уақытта бюджетаралық қатынастарды, атап айтқанда, кірістерді немесе бюджетарлық трансфертттердің мөлшерін бөлу нормативтерін жиі нақтылау жолымен төмен тұрған бюджеттерден алуларды жүзеге асыру нәтижесінде қажетті тұрақтылықты қамтамасыз етпейді. Осыған байланысты бюджеттік теңдестірудің құралы қызметін атқаратын бюджетарлық трансферттердің қолданыстағы жүйесі мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде аймақтарды дамытуды экономикалық ынталандыруды шектейтін жергілікті бюджеттерді теңестірудің ашық емес тетігі ретінде қабылданады.

Информация о работе Курстық жұмыс