Кәсіпорын табысын жоғарылату мүмкіндіктерін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 18:48, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.
Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.

Содержание

Кіріспе
3

1. Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы
1.1. Кәсіпорын табысының экономикалық мәні 5
1.2. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі
ролі және функциялары
7
1.3. Кәсіпорын табысының қалыптасуы
және орналастырылуы
9

2. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
2.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау 12
2.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері 15
2.3. Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі 20

3. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері 23

Қорытынды
29

Қолданылған әдебиеттер тізімі 31

Работа состоит из  1 файл

курсовик (1).doc

— 284.50 Кб (Скачать документ)

    Табыстылықтың екінші абсолюттік көрсеткіші – жалпы  табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

    Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор - өндірістік өзіндік құн, сол себепті  оның төмендеуі табыстың көлеміне көп әсерін тигізеді. Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы – материалдық шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе, шикізат құнының үлесі өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу салаларында қызмет ететін кәсіпорындар үшін өте маңызды.3

    Кәсіпорын табысының артуы тек өнімнің  өзіндің құнына ғана емес, сондай-ақ, өткізілген өнімнің көлеміне, өнім бірлігінің бағасына байланысты болады. Осы факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін талдау кестесін құруға болады4. 

2.2-кесте

Кәсіпорынның  жалпы табысы

 

мың теңге 

Көрсеткіштер

Жоспар бойынша Нақты сатылымға жоспар бойынша Нақты
1 2 3 4 5
1 Өнімді өткізуден  түскен табыс 20 850 19 745 23 179
2 Өнімнің өндірістік өзіндік құны 16 435 15 741 16 996
3 Жалпы табыс (1 – 2) 4 415 4 004 6 183
 

    2.2-кестеден байқайтынымыз, жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен 1768 мың теңгеге артық. Осы ауытқуға жоғарыда аталған факторлардың әсерін келесі тәртіп бойынша анықтауға болады.

  1. Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:
 

                             (2.1) 

    мұнда – өткізілген өнімнің нақты көлемі; – өнім бірлігінің нақты өзіндік құны; – өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.

    Осылайша  табылған сомада шикізат, материалдар, отын, жартылай өнімдер, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғанда өзгерістері бар. Бұл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.

    Өткізілген  өнімнің өндірістік өзіндік құнының жоспармен салыстырғанда төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды. Біздің мысалда артық шығындалу болған, бұл жалпы табыс көлемін 1255 мың теңгеге (16966 – 15741) төмендетті.

  1. Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы баға өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі:
 

                             (2.2) 

    мұнда және – өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және жоспарлы бағалары.

    Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнімді өткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады. Біздің мысалымызда жалпы табыс баға факторы есебінен 3434 мың теңгеге (23179 – 19745) өскен.

  1. Өткізу көлемінің өзгерістерінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалуын анықтау керек. Табыс көлемі осы факторларға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.

    Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі  қызметтен алынған табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы  табыс пен кезең шығындары  арасындағы айырма ретінде мына формула  бойынша анықталады:

ТН = ТЖШК,                                    (2.3) 

    мұнда ДН – негізгі қызметтен алынған табыс; ДЖ – жалпы табыс; РК – кезең шығындары.

    Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс та соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен үздіксіз байланыста жүргізу керек. 
 

    2.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері 

    Табыстылықтың негізгі көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, 5қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану секілді мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін (рентабельділігін) сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.  

    

    

      

      
 
 
 
 

    2.1-сурет.Табыстылық  көрсеткіштердің жіктелуі 

    Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде  өндіріске салынған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға  қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, салынған жалпы капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты ол инвесторлар мен несие берушілердің үлкен назарына ие болады.

    Барлық  өндіріске салынған активтердің  тиімділік деңгейі (Да) мына формула бойынша есептеледі: 

                                         (2.4) 

    Кәсіпорынның  жалпы активтерінің табыстылық деңгейін шартты мысал түрінде талдау 2.3-кестеде берілген.

                                                                                                                                                                                                         мың теңге

Көрсеткіштер Өткен жыл Есепті жыл Ауытқуы (+,–)
1 2 3 4 5
1

Таза табыс

5 040 6 538 +1 498
2 Жалпы активтер (салынған капитал) 30 512 37 254 +6 742
3 Жалпы активтердің  табыстылығы, % 16,52 17,55 +1,03

2.3-кесте. Жалпы активтердің (өндіріске салынған капиталдың) табыстылық деңгейі

    Кестеден  байқағанымыздай, аталған кәсіпорында  жалпы активтердің табыстылық деңгейі  өткен жылмен салыстырғанда 1,03 пунктке артып және 17,55%-ды құрайды. Алайда, бұл көрсеткіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның қандай факторлардың есебінен құрылғанын және активтердің табыстылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлардың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды болып келеді.

    Арнайы  оқулықтарда бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға  және оларды есептеуге қатысты екі  түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және соңына есептеліп, екіге бөлінген активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорынның таза табысы жатқызылады.

    Бұл екі фактордың талданып отырған  көрсеткіш бойынша алыған ауытқуға (+1,03) ықпалын анықтау үшін өткен жылғы табыс және есепті жылғы жалпы активтер бойынша активтердің қосымша табыстылық коэффициенттерін есептейміз: (5040:37254·100), бұл біздің мысалымызда 13,53%-ды құрайды. Одан өткен жылғы табыстылық коэффициентін алып тастау арқылы, жалпы активтер өзгерісінің ықпал ету мөлшерін анықтаймыз. Бұл фактордың талданып отырған көрсеткішке кері әсері 2,99 пунктті құрайды (13,53 – 16,52). Таза табыстың 1498 мың теңгеге өсуі зерттеліп отырған көрсеткішті 4,02 пунктке (17,55-13,53) өсірді. Бұл екі фактордың жиынтық әсері өткен жылғы мәнімен салыстырғанда жалпы активтердің табыстылық деңгейінің оң нәтижелі ауытқуын беріп отыр (-2,99 + 4,02 = +1,03).

     Екінші  көзқарас бойынша кәсіпорынның табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші  негізгі факторларғ келесілер жатады:

  1. өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;
  2. жалпы активтердің айналымдылығы.

     Бұл көрсеткіштердің арасындағы өзара  байланыс келесі түрде беріледі: жалпы активтердің табыстылық деңгейі = өткізілген өнімнің табыстылығы × активтер айналымдылығы. Шынында да:

       (2.5) 

     Басқаша айтқанда, кәсіпорынның активтерге салынған қаражаттарының әрбір теңгесінен алынған  таза табысы өнімді өткізу табыстылығынан және кәсіпорын активтерінің айналымдылығының жылдамдығына байланысты болады.

     Өндірістік активтерге салынған капиталдың табыстылық деңгейінің өзгеруіне жоғарыда аталған факторлардың тигізетін әсерін талдау үшін келесідей кесте құрамыз.

2.4-кесте. Жалпы капиталдың табыстылық деңгейіндегі ауытқулар 

Көрсеткіштер Өткен жыл Есепті  жыл Ауытқу  (+,–) соның ішінде коэффи-циенттердің өзгеруінен
Сату  табыс-тылығы Активтердің айналымды-лығы
1 2 3 4 5 6 7
1 Таза табыс, мың теңге 5 040 6 538 +1 498
2 Өткізуден түскен табыс, мың теңге 24 392 23 179 –1 213
3 Жалпы активтердің  орташа жылдық құны, мың теңге 30 512 37 254 +6 742
4 Активтеррдің  табыстылық деңгейі (1 / 3)·100, % 16,52 17,55 +1,03 +4,74 –3,71
5 Өткізілген  өнімнің табыстылығы (1 / 2), % 20,66 28,21 +7,55
6 Активтердің айналымды-лық  коэффициенті (2 / 3) 0,80 0,62 –0,18

2.4-кесте.  Жалпы капиталдың табыстылық деңгейіндегі ауытқулар 

Информация о работе Кәсіпорын табысын жоғарылату мүмкіндіктерін талдау