Кәсіпорын табысын жоғарылату мүмкіндіктерін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 18:48, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.
Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.

Содержание

Кіріспе
3

1. Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы
1.1. Кәсіпорын табысының экономикалық мәні 5
1.2. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі
ролі және функциялары
7
1.3. Кәсіпорын табысының қалыптасуы
және орналастырылуы
9

2. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау
2.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау 12
2.2. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері 15
2.3. Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі 20

3. Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері 23

Қорытынды
29

Қолданылған әдебиеттер тізімі 31

Работа состоит из  1 файл

курсовик (1).doc

— 284.50 Кб (Скачать документ)

    Нарықтық  экономикада кәсіпорын табысының  ролі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың  маңызды категориясы ретінде  ретінде табыс бірқатар маңызды  функцияларды атқарады.

    Біріншіден, табыс кәсіпорын қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш болып табылады. басқаша айтар болсақ, кәсіпорынның табыстылығы деген деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Алайда, бұл көрсеткіш кәсіпорын иелері мен кредиторлары үшін нақты бір қолайлы жағдайдың дәлелі бола ала ма? Әрине, жоқ, себебі кәсіпорынға кез-келген бір табыс қажет емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың (кәсіпорын иелерінің, қызметкерлердің, кредиторлардың) қажеттіліктерін қанағаттандырарлық мөлшері қажет. Табыс мөлшері көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері кәсіпорынның өзіне байланысты болса, кейбіреулері кәсіпорынның қолынан келмейтін шаралар болып табылады.

    Екіншіден, табыс ынталандырушы функция  қызмет атқарады. Кәсіпорындардың қорытынды  қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, табыс нарықтық шаруашылық өмірде шешуші роль атқарады. Табыс «кәсіпорындардың басты мақсаты» деген дәрежеге ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық субъектілерінің экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табылады, ал бұл әрекеттердің игіліктерге ұласуы табыстың мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада қалыптасқан оны үлестіру тәртіптеріне (соның ішінде салық салу жүйесіне де) байланысты.

    Табыс – меншікті капитал өсімінің бірден-бір  көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.

    Нарықтық  экономикада табыс - өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады.

    Тағы  да айта кететін жағдай – табыс  кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік игіліктерінің көзі болып табылады.Салықтарды, дивидендтерді және басқа да бірінші  кезектегі төлемдерді өтегеннен  кейін кәсіпорын қарамағында қалатын табыс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлеуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.

    Үшіншіден, табыс мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Табыс мемлекеттік бюджет қазынасына салықтар түрінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде түседі. Бұл қаражаттар, өз кезегінде, бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде бекітілген мақсаттарына бағытталады.

    Сонымен, кәсіпорынның табысы – оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл қорытынды кәсіпкерлік қызметтің түпкі мақсатынан келіп туындайды. Қазіргі замандағы батыстық экономика ғалымдары кәсіпорындардың мақсаттарын келесідей тәртіппен тұжырымдайды:

  • акционерлік меншікті арттыру;
  • табысты арттыру;
  • басқарушылық сыйақыларды арттыру;
  • әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.

    Қаржыны басқарудың бүгінгі теориясы бизнестің  ең бірінші кезектегі мақсаты  – кәсіпорын акционерлерінің  материалдық мүдделерін арттыру болып табылады деген тұжымға негізделген. Яғни кәсіпорындар өздерінің қарапайым акцияларының биржалық құнын арттыру тиіс. Кәсіпорынның басқа мақсаттары да оның экономикалық саясатына өз әсерін тигізетіні сөзсіз, алайда олар алғашқымен салыстырғанда маңыздылығы төмен болып саналады.

    Кәсіпорын мақсаттарын бұлайша саралау  батыстық экономика үшін әбден ақылға қонымды. Табысты арттыру аз ғана уақытты қамтитын қысқа мерзімді міндет болып табылады, ал акционерлік  меншікті арттыру – ұзақ мерзімді мақсат болып табылады. Себебі кәсіпорын иелері бүгінгі табысқа да, келешектегі табысқа да мүдделі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.3. Кәсіпорын табысының қалыптасуы

және  орналастырылуы 

    Кәсіпорын табысының қалыптасуы және оның орналастырылуы (үлестірілуі, пайдаланылуы) оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және стратегиялық мақсаттарымен анықталады.

    Кәсіпорынның  жалпы табысы оның ағымды кезеңдегі  негізгі, қаржылық, инвестициялық қызметтерден, төтенше жағдайлардан алған табыстарының жиынтығынан қалыптасады. 1.1-суретте кәсіпорынның жалпы табысының қалыптасу үлгісі берілген.

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.1-сурет.  Кәсіпорынның жалпы табысының  қалыптасуы 
 

    Жалпы табыстың құрамында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерінен алынған табыстары  кіреді. Бірінші кезекте жалпы  табыс өнімді өткізуден, яғни негізгі қызметтен алынған табысты қамтиды. Бұл табыс жалпы өнімді өткізуден түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді және өнімді өндіруге, өткзуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады.

    Екіншіден, жалпы табыстың құрамына тауарлық емес өнімдерді сатудан алынған табыс, яғни кәсіпорынның балансында есептелетін қосалқы өндірістердің (ауыл шаруашылық өндірісінің, көлік шаруашылығының және басқа да шаруашылықтардың) табыстары кіреді.

    Үшіншіден, жалпы табыстың құрамына негізгі  қорларды және өзге де мүліктерді сатудан түскен табыс кіреді.

    Сондай-ақ, жалпы табыс өткізілімнен тыс  алынған табыстар мен шығындарды, яғни тауарды немесе қандай-да бір  активті сатудан тыс операциялардың нәтижесін, қамтиды.

    Кәсіпорынның  қарамағында қалатын жалпы табысы әрі қарай үлестіру объектісі ретінде қарастырылады. Оны үлестіруді табыстың бір бөлігін мемлекеттік бюджетке және басқа да міндеттемелерді өтеуге, ал қалған бөлігін кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына сәйкес мүдделеріне бағыттау деп түсінуге болады. Табысты үлестіру заңдылығы – салықтар мен басқа да міндетті төлем шарттары түрінде түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін бөлігі. Содан кейін қалатын табысты үлестірудің бағытын анықтау кәсіпорынның құзіретіне жатады.

    Табысты үлестірудің негізгі принциптері келесілер:

  • кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық, қаржылық және инвестициялық қызметтерден алынған табысы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорын арасында бөлінеді;
  • мемлекет қазынасына түсетін табыстың бөлігі салықтар және алымдар ретінде мемлекеттік бюджетке түседі. Салықтардың құрамы, мөлшерлемелері және сәйкес деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде белгіленеді;
  • салықтардан кейін шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс мөлшері өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық, инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек;
  • шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс әуелі кәсіпорынның әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін қорларға, ал қалған бөлігі тек тұтыну қорларына кетеді.

    Кәсіпорын қарамағында қалатын табыс (таза табыс) екі бөлікке бөлінеді. Бірінші  бөлігі тұтыну қорларына, екінші бөлігі жинақтау қорларына бағытталады.

    Тұтыну  қорларына бағытында қолданылатын табыс кәсіпорынның мүлкін арттыру мақсатында өндірістік активтерді, жаңа технологияларды енгізуге, сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады. Кәсіпорынның капиталын ұлғайтуға орналастырылған табыс өндірілген өнімнің көлемін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, түптеп келгенде шаруашылық субъектінің келешектегі әлеуетті (потенциалды) табыстылығын арттырудың алғы шарты болып табылады.

    Жинақталу қорларына бағытталатын табыс алуан  түрлі қосымша қорларды қалыптастыруға жұмсалады: әлеуметтік сақтандыру қоры, резервтік қорлар, экологиялық қор және тағы да басқа қорлар. Бұл кәсіпорындардың келешекте болуы ықтимал күтпеген шығындар мен зияндардың орнын толтыруға, қоғам өміріне өндіріс барысынан келетін зияндарды өтеуге, сондай-ақ, қолайлы жағдайлары туындаған кездерде резервтік қорлардағы қаражаттар есебінен қосымша күтпеген табыстарды алу мүмкіндіктерін жүзеге асыруына көмегін тигізеді.

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.2-сурет.  Таза табысты бөлу схемасы 

    Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы  жүйесін қалыптастыруға, біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.

Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын  уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау, жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек. Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан, «еңбек» деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендеу барысын жеңу.

     Бұл аталған проблемаларға теориялық  тұрғыдан айрықша мән берілуі  тиіс. Қазір, яғни әлеуметтік-экономиканың серпінді даму кезеңінде өндіріс  тиімділігін экономикалық жағынан  ынталандыру, еңбектің сандық және сапалық  сипаттамаларын, макроэкономикалық ұдайы өндіріс процесіндегі ынталандырудың рөлін айқындау, еңбектің трансформациялануын жалпылау және нақтыланған түрде зерделеу өте маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып отыр. 
 
 

2. Кәсіпорын табысын  талдау және жоспарлау

2.1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау 

    Нарықтық  экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі  және түпкі мақсаты табыс алу  болғандықтан, барлық назарды осы  көрсеткішке аудару керек.

    Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші - өнімді (қызметтерді, жұмыстарды) өткізуден алған табыс. Ол қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдерді, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құнын, сату және баға шегерімдерін алып тасталып көрсетіледі.2

    Табыс құрылымында ең үлкен үлесті өнімдер  мен тауарларды өткізуден түсетін  табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және басқа  да факторлармен анықталады.

    Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлық-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

    2.1-кестеде өнімді өткізуден түскен табысты алу жоспанының негізделуін тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген. 

2.1-кесте  

Өнімді  өткізуден түскен табыс жоспарының

негізделуін бағалау 

мың теңге

Көрсеткіштер Есептік бағасы
1 Өткізілмей  қалған дайын өнімнің нақты қалдығы 8 360
2 Тауарлы өнім шығару 29 000
3 Өткізілген  өнімнің жыл соңындағы қалдығы 15 940
4 Өнімді өткізуден  алынуы мүмкін табыс (1 + 2 – 3) 21 420
5 Жоспар бойынша  өнімді өткізуден алынатын табыс 20 850
6 Ауытқуы (4 – 5) 570
 

    Кестеден  кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін  табыс көлемін 570 мың теңгеге төмендеткені көрінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден түсетін табыс 20850 мың теңгені емес, 570 мың теңгеге көп, яғни 21420 мың теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас еді.

Информация о работе Кәсіпорын табысын жоғарылату мүмкіндіктерін талдау