Азаматтык кукык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 13:51, дипломная работа

Описание

Елiмiз нарық экономикасына көшiп, нарық қатынастары аясында әлеуметтiк және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он жылдан асып барады. Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикаға жақын қадамдар жасау үстiнде. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасып, егемендігінің нығая түсуі еліміздің құқықтық жүйесінде жарқын болашаққа бастайтын жаңа серпін туғызды. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың артуы және оларды жүзеге асырудың құралы – азаматтық-құқықтық қатынастарды қалыптастырып, оларды толыққанды реттеуге мүмкіндік беріп отыр.

Содержание

КІРІСПЕ 2
Азаматтық құқық субъектілерінің түрлері 4
1. Жеке тұлға азаматтық құқықтың субъектісі 5
1.1. Азаматтардың құқық қабілеттілігі 6
1.2. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі 10
2. Заңды тұлға 14
2.1. Заңды тұлғалардың түрлері 17
3. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері 19
3.1. Мемлекет сыртқы сауда айналымындағы азаматтық құқықтың субъектісі 24
Қорытынды 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

Работа состоит из  1 файл

Азаматты0 090ы0.docx

— 41.93 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  қатысуымен болатын дауларды сот  қарайды. Тараптардың қалаумен даулар аралық сотпен де қаралуы мүмкін.

Азаматтық кодекстің 111, 112-баптарына  сәйкес мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер Азаматтық заңмен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың  өзге қатысушыларымен тең негіздерде болады.

Азаматтық құқық қатынастарында әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан заңмен уәкілеттік берілген мемлекеттік  органдар мен Заңды тұлғалар ғана әрекет ете алады. Азаматтық айналымда  әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан құқықтық қатынасқа түсе алатын органдар қатарына бірінші кезекте мәслихаттар, әкім, әкімшілік, атқару билігінің аумақтық органдары жатады.

Азаматтық кодекстің 114-бабына сәйкес мемлекетке және әкімшілік-аумақтық бөліністерге Заңды тұлғалардың  Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар, егер заң құжаттарынан өзгеше норма  туындамайтын болса, қолданылады.

Қазақстан Республикасы мен  әкімшілік-аумақтық бөліністің алған  міндеттемелері бойынша жауапкершілік

Азаматтық құқықтың басқа  да субьектілеріне тән Қазақстан  Республикасы мен әкімшілік-аумақтық бөліністің міндеттемелері бойынша  дербес мүліктік жауапкершілікті мойнына  алатыны Заңмен белгіленеді.

Олар бір-бірінің міндеттемелері бойынша, сондай-ақ азаматтар мен  заңды тұлғаларының міндеттемелері үшін жауап бермейді (АК-тің  113-бабының 2-тармағы). Бірақ та бұл арада  әкімшілік-аумақтық бөлініс немесе Заңды тұлғаның кепілдік (кепіл болушылык) арқылы алған міндеттемесіне, сондай-ақ аталған субьектілердің Қазақстан  Республикасы міндеттемелерін өздеріне кепілдік (кепіл болушылық) арқылы алуын (жоғарыда айтылғандай) қолданылмайды.

Заң Қазақстан Республикасы мен оның әкімшілік-аумақтық бөлінісінің  құқық субьектілігінің ара жігін  олардың азаматтық құқықтық жауапкершілігі негізіне сүйене отырып бөледі (АК-тің  113-бабы). Мәселен, Қазақстан Республикасы өз міндеттемелері бойынша мемлекеттік  қазына мүлкімен, ал әкімшілік-аумақтық бөлініс жергілікті қазына мүлкімен жауап береді (АК-тің  113-бабы).

Мемлекет кінәларына қарамастан анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура  және сот органдары лауазымды  адамдарының азаматтарға немесе Заңды тұлғаларға теріс әрекеттері арқылы келтірген зияны үшін жауап  береді. Яғни заңсыз соттау, заңсыз қылмыстық  жауапқа тарту, бұлтартпау шарасы ретінде  заңсыз қамауға алу, үйде қамауда  ұстау, ешқайда кетпеуі туралы қолхат алуды заңсыз қолдану, қамау немесе еңбекпен түзеу түріндегі әкімшілік  шараны заңсыз қолдану, психиатриялық  емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу  мекемесіне орналастыру салдарынан туындаған заңсыздық мемлекет жауапкершілігіне жатады. (АК-тің  923-бабы).

Мемлекет Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірде қабылданған "Саяси  қуғын-сүргін құрбандарын ақтау  туралы" Заңы негізінде саяси  қуғын-сүргін құрбандары алдында жауап  береді.

Айталық қамауға алу, бас  бостандығынан айыру, психиатриялық, мекемелерге жатқызу түрінде  негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған, сондай-ақ шектеулі бостандық жағдайларында  ықтиярсыз еңбекке (соның ішінде "еңбек армиясы",

Ресей Федерациясы Азаматтың  кодексінің 127-бабында мемлекет жауапкершілігінің  ерекшеліктері қарастырылған, онда "шетелдің заңды тұлғаларының, азаматтар  мен мемлекеттің қатысуымен болатын  қатынастар азаматтық заңмен реттеліп, мемлекет мүлкі және оның меншігі  заңымен айқындалады" делінген. ҚP АК-інде мұндай шектеу қаралмаған.

"Ішкі істер министрлігінің  жұмысшы колонналары" деп аталатындарда)  тартылған және осы Заңға сәйкес  ақталған адамдарға, сондай-ақ  бас бостандығынан айыру орындарында  олармен бірге отырған балаларға  әлеуметтік қорғау органдары  тұрғылықты орындары бойынша  ақтау туралы және аталған  орындарда болған уақыты туралы  құжаттардың негізінде республикалық  бюджет қаржысынан олардың аталған  орындарда болған әр айы үшін  әлеуметтік қорғау органдарына  өтініш жасаған сәтінде қолданылған  Қазақстан Республикасы Заңдарымен  белгіленген еңбекақысының ең  аз мөлшерінің төрттен үш бөлігі  есебінен, бірақ заңмен белгіленген  ең төменгі 100 айлық есепті  көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде  ақшалай төленеді.

Мемлекеттің тағы бір жауапкершілігі Азаматтық кодекстің 9-бабының 5-тармағында қарастырылған. Атап айтқанда, мемлекеттік  өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік  органның заңға қайшы құжат шығаруы  мен осы органдардың лауазымды  адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе Заңды тұлғаға  келтірілген залалды Қазақстан  Республикасы немесе тиісінше әкімшілік-аумақтық бөлініс өтеуге тиіс.

3.1. Мемлекет сыртқы сауда айналымындағы  азаматтық құқықтың субъектісі

Мемлекет Қазақстан Республикасының  ұйымдық-құқықтық түрлері мен тіркелу  орындарына қарамастан барлық Заңды  және жеке тұлғаларына қатысты шетелдіктер  үшін міндетті экспорт және импорт тауарларының (қызмет, жұмыс) тәртібін белгілейді.

Қазақстан Республикасы өзінің мүлкіне өзі дербес жауап береді. Бұл Қазақстан Республикасының 1999 жылы 2 тамызда қабылдаған "Мемлекеттік  және мемлекет кепілдік берген қарыз  алу мен борыш туралы" заңынан  анық байқалады.

Мемлекет шетелдік инвесторлармен жасалған инвестициялық келісімдердің  қатысушысы да болады.

Мемлекет сыртқы сауда  айналымына елшілік, консулдық немесе сауда өкілділігі арқылы қатысады. Айталық, Қазақстан Республикасының  сауда өкілдігі Қазақстан Республикасы атынан өзіне жүктелген міндеттерді  жүзеге асыру үшін мәмілелер мен  басқа Заңдық актілер жасай алады. Қазақстан Республикасының сауда  өкілдіктері соттарға жауапкер болып  тек сол елдегі Қазақстан Республикасы сауда өкілдіктері жасаған мәмілелер мен басқа да Заңдық актілерден туындайтын дауларға қатыса алады.

Қазақстан Республикасы сауда  өкілдіктерінің міндеттемелері бойынша  жауапкершілікті "Қазақстан Республикасының  сауда өкілдіктері туралы" ереженің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының  Үкіметі көтереді.

Қазақстан Республикасының  сауда өкілдіктері қазақстандық сыртқы экономикалық және басқа да шаруашылық ұйымдардың міндеттемелеріне жауап бермейді, ал қазақстандық сыртқы экономикалық және басқа да шаруашылық ұйымдар өз кезегінде Қазақстан  Республикасы сауда өкілдігінің  міндеттемелері бойынша да жауапты  болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                    

                                       Қорытынды

  Мемлекет нарық экономикасының  қалыптасуына әсер ету ретінде  пайдаланатын экономикалық тұтқалардың  ішінде азаматтық құқық субъектілерінің  рөлі өте маңызды. Кез келген  мемлекеттің нарықтық дамуы азаматтық  құқық саласының дамып жетілгендігіне  мүдделі. Өйткені заңдар өмір  арнасына кешеуілдеген жағдайда  туындаған азаматтық айналым  қатынастарын реттеу мүмкін болмай  азаматтық құқық субъектілерінің  қатынастарына нұқсан келеді.  

Сондықтан құқық субъектілерінің  өзара түрлі қарым-қатынас ұйымдастыруды  құқықтық тұрғыдан қолайлы үйлестіруді, реттеуді қамтамасыз ететін құқық саласын  жетілдіру өте маңызды болып  отыр. Осы мәселелердің ертерек шешілуі  жүргізіліп отырған экономикалық және әлеуметтік реформалардың жемістілігіне  әсерін тигізетіні даусыз.

     Осыған орай  Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексінде көрсетілген азаматтық  құқық субъектілерін ажырата  алу, олардың түрлерін білу  құқық мамандары біздер үшін  маңызы зор. 

     Бұл курстық  жұмыста біз азаматтық құқық  субъектілерінің негізгі түрлеріне  толығырақ тоқталып өттік.

     Қорыта келе  біз ерекше айта кетейін дегеніміз,  Қазақстанның гүлденуі мен экономиканың  тұрақтануы жолдары бойынша дұрыс  жолмен дамуға мүмкіндік беретін  азаматтық айналымға қатысушылар  болып табылатын азаматтық құқық  субъектілерінің маңызы зор. 

Қорыта келе айтайын дегеніміз  РФ және басқа да дамыған елдердің оң тәжірибесін қолдана және отандық  тарихи ерекшеліктерді ескере отырып Қазақстан дамыған демократиялық  мемлекеттер арасында беделді орынға ие болатын құқықтық мемлекет болады деп сенеміз. Ал азаматтық құқық субъектілері осыған өз үлесін қоса береді дегім келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 Нормативтік құқықтық  актілер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлімі. 

Арнайы әдебиеттер

1. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан  Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж.

2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан  Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.

 

1 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (1994 жылғы 27 желтоқсандағы Жалпы бөлімнен және 1999 жылғы 1 шілдедегі Ерекше бөлім) Алматы, 12-бап

2 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (1994 жылғы 27 желтоқсандағы Жалпы бөлімнен және 1999 жылғы 1 шілдедегі Ерекше бөлім), Алматы, 13-бап

3 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (1994 жылғы 27 желтоқсандағы Жалпы бөлімнен және 1999 жылғы 1 шілдедегі Ерекше бөлім), Алматы, 14-бап

4 Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы. 10-бап.

5 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (1994 жылғы 27 желтоқсандағы Жалпы бөлімнен және 1999 жылғы 1 шілдедегі Ерекше бөлім). 22-бабының 1-тармағы.

6 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (1994 жылғы 27 желтоқсандағы Жалпы бөлімнен және 1999 жылғы 1 шілдедегі Ерекше бөлім).44-бабының 1-тармағының 2-бөлігі.

7 Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж. 80 б.

8 Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж. 82 б.


Информация о работе Азаматтык кукык