Азаматтык кукык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 22:39, реферат

Описание

Қазіргі кезде адамның ең жоғарғы құндылық екені, оның құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығы туралы идеяның озіне лайықты баламасы жоқ. Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарын шектеуге, тоталитарлық режимдердің орнауына алып кететінін дәлелдеді.
Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз.
Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының ҚР Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.

Работа состоит из  1 файл

азаматтык кукык.docx

— 23.80 Кб (Скачать документ)

   Қазіргі кезде адамның ең жоғарғы құндылық екені, оның құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығы туралы идеяның озіне  лайықты баламасы жоқ. Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарын  шектеуге, тоталитарлық режимдердің  орнауына алып кететінін дәлелдеді. 
Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз. 
Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының ҚР Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.

   Адам  құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясымен  басқаға жалпы мойындалған халықаралық  актілерінің қағидаларын кеңінен  қабылдап, қайталаған Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясын қысқаша  қарастырып көрейік. Ал 1995 жылғы қабылданған  қолданыстағы Конституциясының адам құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен сабақтастығын сақтап, оның негізгі  қағидаларын, яғни адам құқықтары мен  табиғи сипатын, халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары  мен қағидаларының ішкі заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының  құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген мәселелерді бекітіп, дамытты. Қазақстандағы  әлеуметтік заңнаманың жүйесі мен мазмұнының дамуына қайта құру және одан кейінгі  кезеңдерде бірсыпыра факторлар  әсер етті.

   ҚР  Конституциясында тек әлеуметтік мемлекеттің  ғана емес, сонымен бірге құқықтық мемлекеттің де қағидалары дамытылады.Тұңғыш рет мемлекет пен тұлғаның қарым-қатынасы сот негізінде қойылды, барлық құқықтар мен бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік  органдар, азаматтар мен олардың  бірлестіктері араларында туындайтын барлық дауларды сот жолымен шешу қағидасы енгізілді. 
1997 жылы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының қабылдануына орай 1995 жылғы Конституцияның талаптарына сай адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдік кеңейтілді. Адамнаң құқықтары мен бостандық тары мен мүдделерін басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі келесі маңызды қадам-ҚР Конституциясының қабылдануы болды.

   Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарының үлкен тізімі бекітілген. Бұл арада  ҚР Конституциясында адам құқықтары  мен бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып, бекітілуінің аса маңызды факт екенін талап еткен жөн. ҚР Конституциясында бекітілген адамның құқықтары мен  бостандықтары заңдардың, мемлекетті билік органдары мен олардың  лауазымды тұлғаларының қызметтерінің  мәнән, мазмұны мен қолданылуын  белгілейді. Конституция құрамындағы  бұл маңызды ережелер мемлекеттік  органдардың қызметін реттейтін  бөлімдердің алдында келтірілген, бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары қоятынын білдіреді.

   ҚР  Конституциясында адам мен азаматтың  азаматтық және саяси құқықтары  мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның  дербестігін, жеке-дара мүдделердің  әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы  және барлығына қол сұғушы ұйымының ролін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда  азаматтық қоғам орнатудың маңызды  алғышарты болып табылады. Нақ  осы тұлғаның белгіленген дербестігі оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті  және қоғам мен мемлекеттің проблемаларын  шешуге қатысу үшін жағдайлар жасау  егеменді Қазақстанда азаматтық  қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы. 
Жалпы алғанда ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуында көмектесетін адам құқықтыра мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген. Бұл каталог жалпы халықаралық стандартқа сай келеді. Оның үстінде, Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды қорғаудың және кепілдік берудің нақты теханизмі бар. Аталған қағиданың Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу, әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді.

   Қазіргі заманда адамның бостандығы басқаша  түсініледі. Адамның бостандығы тек  белгілі бір әрекеттер жасау  және оларды іске асыруда кездесетін кез-келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның бостандығы көрініс табатын  маңызды тұстардың бірі-жауапты  шешімдерді қабылдау екендігі. Бұл  адамның санасы мен мәдениеттің  даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді. 
Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады; адамға оның құқықтары мен бостандықтарын құдай да, мемлекетте сыйлаған емес, сондықтан да оларды адамнаң табиғи құқықтары деп атайды. Адам өзінің құқықтары үшін ешқандай құдай немесе зайырлы билікке қарыздар емес. Ол ешуақытта да мені жарылқап, маған құқықтар мен бостандықтар дерді деп бас июге, ешкімнің алдында өзін мәңгілік борышкермін деп сезінбеуге тиіс. Адамның қадір-қасиеті оған, адамға, өзінің құқықтары мен бостандықтарының түйірлерімен пайдаланғандығы үшін кімге де, неге де болса да құлшылық етіп, бас ұрумен сыйымсыз. Олар оған оның тек адам болғаны үшін ғана тиесілі.

   Егер кісі өзінің қандай да болмасын моральдық құқығының бұзылғаны туралы талап-арыз қоярда өзінің ондай құқықтарға иелік етуін дәлелдеуге тиіс болса, адам құқықтарына байланысты мұндай дәлелдеудің қажеттілігі жоқ, өйткені олар оған тумысынан тиесілі. Оның үстіне адам құқықтарының өзі оларға негізделетін талаптар қою үшін жеткілікті негіз болып табылады. 
Талап ету қабілеті-адам құқықтарының маңызды тұстарының бірі. Құқықсыз адам өзінің өмірі, бостандығы мен әл-ауқаты тәуелді адамдарға жалынып-жалбарына алады. Өтініш пен жалбарыну жағдайының тең еместігін білдіреді. Құл не қызметші өтінеді, ерікті адам талап етеді. Талап ету-адамның қадір-қасиетінің маңызды элементі. Қадір-қасиетін қорғау, өз кезегінде адам құқықтарын қорғаудың негізгі қызметінің бірі болып табылады. 
Адамның абсолюттік құқықтарының доктринасы батыстың табиғи-құқықтық теориясы шеңберінде қалыптасты. Табиғи-құқықтық көзқарастардың шеңберінде адам құқығының ажырамас, алып қоюға болмайтын абсолюттік сипаты сияқты сипаттамалары өзара тығыз байланысты және бір-бірін қажет етеді. Бірақ алған сипаттамалардың әрқайсысы адам құқықтарының түрліше тұстарына назар аудартады.

   Қазақстан жағдайында адамның ажырамас табиғи абсолюттік құқықтары мен бостандықтары доктринасының маңызы оның жеке адам мен биліктің арасындағы қарым-қатынастардың жаңа өлшемдерін белгілеуде: ол адамның басымдылығын бекітті. Жалпы ережелер 
33-бап. Заңды тұлға ұғымы 
1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. 
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.  
2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады. 
34-бап. Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары 
1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. 
2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.  
3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. 
Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. 
3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн. 
4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (осы Кодекстiң 110-бабы). 
5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi. 
Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.07.10. N 282, 1998.12.16. N 320, 2007.01.12. N 225 Заңдарымен. 
35-бап. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi  
1. Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметiне байланысты мiндеттердi осы Кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкiн. Мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi атқаруы мүмкiн. 
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшiн басқа қызметпен айналысу мүмкiндiгi болмауы немесе шектелуi мүмкiн.  
Заңды тұлға тiзбесi заң актiлерiнде белгiленетiн жекелеген қызмет түрлерiмен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады. 
2. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады. 
3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекеме) құқық қабiлеттiлiгi осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгiленедi. 
Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211, 1998.12.16. N 320 Заңдарымен. 
37-бап. Заңды тұлғаның органдары 
1. Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс iстейтiн өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзiне мiндеттер қабылдайды. 
2. Заңды тұлға органдарының түрлерi, тағайындалу немесе сайлану тәртiбi және олардың өкiлеттiгi заңдар мен құрылтай құжаттарында белгiленедi. 
Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен. 
 
38-бап. Заңды тұлғаның атауы 
1. Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн өз атауы болады.  
Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн.  
Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi. 
Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi. 
2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi. 
Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзi пайдалануға құқығы бар. Бөтен бiр фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесiнiң талап етуi бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.  
Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен мiндеттерi заңдарда белгiленедi. 
3. (3-тармақ алынып тасталды - 2001.12.24. N 276 Заңымен) 
4. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында, Қазақстан Республикасының заң актілерiнде, Президентi мен Үкiметi актiлерiнде белгiленген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ресми атауларына сiлтемелердi пайдалануға тыйым салынады. 
Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1996.07.15. N 30 Заңымен, 1998.03.02. N 211, 1999.07.16. N 440, 2001.12.24. N 276 Заңдарымен. 
39-бап. Заңды тұлғаның тұрған жерi 
1. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс iстейтiн органы тұрған жер оның тұрған жерi болып танылады. 
2. Заңды тұлғаның тұрған жерi оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетiледi. 
3. Үшiншi тұлғалармен қарым-қатынаста заңды тұлға өзiнiң нақты мекен-жайының бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайға сәйкес келмейтiнiне сiлтеме жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайына да, нақты мекен-жайына да почталық және өзге де хат-хабарлар жiберуге құқылы. 
Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

   Азаматтық құқықтар объектілері 
Жалпы ережелер 
115-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi 
1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады. 
2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. 
2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады.  
3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады. 
Ескерту. 115-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен. 
 
116-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң айналым қабiлеттiлiгi 
1. Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға әмбебап құқықты мирасқорлық (мұрагерлiк ету, заңды тұлғаны қайта құру) тәртiбiмен не өзге де әдiспен еркiн берiледi немесе ауысады. 
2. Берiлуге рұқсат етiлмейтiн заттардың түрлерi (айналымнан алынып тасталған заттар) заң құжаттарында тiкелей көрсетiлуге тиiс.  
3. Айналымның белгiлi бiр қатысушысына ғана тиесiлi болуы мүмкiн не алынуына немесе берiлуiне арнайы рұқсат бойынша (айналым қабiлеттiгi шектеулi заттар) жол берiлетiн заттардың түрлерi заңдарда белгiленедi. 
4. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар заң құжаттарында белгiленген реттердi қоспағанда, басқа әдiспен берiлмейдi және ауыспайды.

Информация о работе Азаматтык кукык