Азаматтык кукык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 13:51, дипломная работа

Описание

Елiмiз нарық экономикасына көшiп, нарық қатынастары аясында әлеуметтiк және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он жылдан асып барады. Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикаға жақын қадамдар жасау үстiнде. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасып, егемендігінің нығая түсуі еліміздің құқықтық жүйесінде жарқын болашаққа бастайтын жаңа серпін туғызды. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың артуы және оларды жүзеге асырудың құралы – азаматтық-құқықтық қатынастарды қалыптастырып, оларды толыққанды реттеуге мүмкіндік беріп отыр.

Содержание

КІРІСПЕ 2
Азаматтық құқық субъектілерінің түрлері 4
1. Жеке тұлға азаматтық құқықтың субъектісі 5
1.1. Азаматтардың құқық қабілеттілігі 6
1.2. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі 10
2. Заңды тұлға 14
2.1. Заңды тұлғалардың түрлері 17
3. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері 19
3.1. Мемлекет сыртқы сауда айналымындағы азаматтық құқықтың субъектісі 24
Қорытынды 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

Работа состоит из  1 файл

Азаматты0 090ы0.docx

— 41.93 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

 

 

КІРІСПЕ 2

Азаматтық құқық  субъектілерінің түрлері 4

1. Жеке тұлға   азаматтық құқықтың субъектісі 5

1.1. Азаматтардың  құқық қабілеттілігі 6

1.2. Азаматтардың  әрекет қабілеттілігі 10

2. Заңды тұлға 14

2.1. Заңды  тұлғалардың түрлері 17

3. Мемлекет  пен әкімшілік-аумақтық бөлініс  азаматтық құқық субъектілері  ретіндегі ерекшеліктері 19

3.1. Мемлекет  сыртқы сауда айналымындағы азаматтық  құқықтың субъектісі 24

Қорытынды 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Елiмiз нарық экономикасына  көшiп, нарық қатынастары аясында  әлеуметтiк және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он жылдан асып барады. Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикаға  жақын қадамдар жасау үстiнде. Қазақстан  Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасып, егемендігінің нығая  түсуі еліміздің құқықтық жүйесінде  жарқын болашаққа бастайтын жаңа серпін туғызды. Тәуелсіз мемлекетіміздің  өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың артуы және оларды жүзеге асырудың құралы – азаматтық-құқықтық қатынастарды қалыптастырып, оларды толыққанды реттеуге мүмкіндік беріп отыр.

Соңғы жылдарда экономикадағы  қолайлы өзгерістер және тұрақты  өсуді қамтамасыз ету жөнінде  қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде құқықтық реформалар біздің еліміздің  заңгерлерінің әмбебаптығын, терең  білімділігін талап етуде. 

Біздің зерттеу тақырыбымыз  бүгінгі күнге дейін республика көлемінде өз деңгейінде ғылыми тұрғыдан толықтай, қарастырылмай келе жатқан мәселелерінің бірі. Өйткені, ғалымдарымыз көбінесе нарықтық экономиканың тұлғаларын зерттеуден гөрі олардың  іс-әрекеттеріне (шарттар, мәмілелер т.с.с.) көбірек  ден қоюда. Әрине отандық цивилистиканың даму сатысында мұндай құбылыстың белең  алуы өз кезегінде орынды да шығар. Сондықтан менің қалам тартқан  тақырыбыма, яғни курстық жұмысыма негізгі арқау болған заңгер-ғалым  Ғ. Төлеуғалиевтің оқулығы болды. Сонымен  қатар баспадан 2003 жылы жарық көрген Ғ. Жайлиннің Азаматтық құқықтың Ерекше бөлім атты оқулығы көп көмектесті.

Мен өз жұмысымды осы кісілердің еңбектеріне және Азаматтық кодекске сүйене отырып жаздым. Бұл жұмысым  негізінен үш тараудан, сондай-ақ кіріспеден және қорытындыдан тұрады.

      Бұл курстық жұмыстың мақсаты – азаматтық құқықтардың субъектілері нені қамтиды, олардың түрлері қандай және олардың айырмашылықтарын қарастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азаматтық құқық субъектілерінің  түрлері

Құқықтар мен міндеттер  қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық  туралы айтқанымызда, бұл құқыққа  әлдебіреудің ие екендігін үнемі  есте ұстаймыз. Сондай-ақ, міндеттің  де әлдебіреудің мойнындағы міндет екендігін  жадымыздан шығара алмаймыз.

Заң тілінде құқықтардың  және міндеттердің иелерін "құқық  субъектілері" деп немесе "тұлға" деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін  алған құқық қабілетті атаулының  бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әртүрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал азаматтық құқық  қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің Азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсіну керек.

Тұлғаның екі категориясы  бар. Құқық субъектілері  ең алдымен  адамдар (жеке тұлға). Әрбір адам құқық  субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы  мәлім. Бұл  ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар және т.б. да құқық пен міндеттердің иелері болып табылады.

Жоғарыда айтылған екі  категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар мен ұйымдарды) бір-бірінен  ажырату үшін заңгерлер бұларды  жеке тұлғалар және Заңды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, заңды тұлға деп мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды және т.с.с. атайды.

1. Жеке тұлға  азаматтық  құқықтың субъектісі

Азаматтық кодекстің 12-бабында: «Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлға  болып ұғынылады»1, - деп көрсетілген.

Азаматтық алған адам сол  мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық заңда  жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі  туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі  туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі  ең алдымен толық түрде Қазақстан  Республикасының азаматтарына беріледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 19 маусымда қабылданған "Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы" Заң күші бар Жарлығының 2-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының  азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары болып саналады." Қазақстан Республикасындағы  олардың азаматтық құқық қабілеттілігі  өзінің мемлекетінің заңымен емес, Қазақстан Республикасының заңымен  айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының  Заңында қаралмаған Азаматтық құқыққа  таласа алмайды және де егер заңда  өзгеше көзделмесе, құқық қабілеттілігі  шектелуге жатпайды.

Аталған Жарлықтың 2-бабының 11-бөлігіне сәйкес, "Қазақстан Республикасының  азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ  адамдар деп есептеледі". Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде Азаматтық құқықты пайдаланады.

1.1. Азаматтардың құқық қабілеттілігі

1. Құқық субъектілерін  сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері  құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі  АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа  ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі)  барлық азаматтарға бірдей деп  тұжырымдалады2. Конституцияның 14-бабына сәйкес, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

Конституцияның аталған  тұжырымына орай азаматтарды құқық  қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық  кодекстің 13-бабында азаматтарды  құқық қабілеттілігі барлық азаматтар  үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дей тұрғанмен, құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға  берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қалды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез  келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді; машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі  дегенді Заңда бұл орайда ешкімге  артықшылық бермейтіндігі, ешкімге  субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабының 1-тармағында былай деп жазылған: "Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды". Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізіңде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:

1) белгілі бір лауазымды  иеленуге немесе белгілі бір  қызметті жасауға (жүргізуші,  дәрігер және т.б.);

2) елдің аумағында емін-еркін  жүріп-тұруға (жер аударумен шектелу).

Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан  да уақытша сипатта болады. Сонымен  қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз  қандайда бір құқықты алу мүмкіндігінен  айыру болып табылады.

Субъективтік құқықтан айыру  дегеніміз нақты, іс жүзіндегі құқықтан айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру (тағы да Заңды жауапкершілік  негізінде) белгіленген мерзімнің  тағайындалуымен байланысты болмауы  мүмкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамның  мүлкі тәркіленді делік, яғни оның белгілі  бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау  мен балық аулауға және т.б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауапкершіліктің мұндай шарасы оның жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.

Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы, дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа  мекемеге барып тап сондай мамандықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Дей тұрғанмен, басқа жұмыспен айналысуына  мүмкіндік беріледі.

Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әртүрлі құқықтарды ала алады, сол арқылы өзіне әртүрлі  міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтық құқық қабілеттілігінің мазмұны азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы болып  табылады. Азаматтық кодекстің 14-бабында  бұл мәселе былайша тұжырымдалған: "Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын  меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында  еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерді таңдауға; республикадан тыс  жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайта оралуға; заң  құжаттарында тыйым салынбаған кез  келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды  тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым  салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық айыбының орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады"3.

2. Азаматтың құқық қабілеттілігі  оның туған сәтінен басталады,  яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен  кейін жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса  да, тұлға деп саналмайды, өйткені,  ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала  туған бала тұлға санатына  қосыла алады. Сонымен, егер  сәби тірі туып аз күн болса  да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың  хал актілерін тіркеу органдарында  қай кезде шетінегеніне қарамастан  туылғаны жөнінде тіркеледі.

Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде  іште қалған және мұра ашылғаннан кейін  тірі туған азаматтар мұрагер  бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше  минут өмір сүрсе де аталған құқықты  иеленеді.

Құқық қабілеттілігі адамның  құқық субъектісінің өлуімен  бірге қысқарады. Өлген адамның  ие болып келген құқықтары мен  міндеттері ішінара (жеке бастық, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагерге көшеді. Өлім — бірқатар құқықтық салдар тудырып  кететін факт. Сондықтан, адам туылғанда  тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал  актілерінде тіркеу керек. Айта кететін  жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттігіне  әсер етпейді.

1.2. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі  дегеніміз, азаматтың өз әрекеттерімен  Азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық  міндеттер жасап, оларды орындауға  қабілеттілігі болып табылады.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі  азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі  оның дүниеге келген сәтінен бұл  дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі  үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп  оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан  да азаматтың құқық қабілеттілігі  оның жасы мен психикалық жағдайына  қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық  құқық пен міндеттілікті алу  үшін қалыпты әрі толысқан психикада  болуы тиіс. Нәтижесінде құқық  қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір  сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі  бір уақыт арасында болмауы мүмкін.

Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке  толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан  кейін толық көлемінде пайда  болады.

Бұл арада ескеретін мынадай  бір жағдай бар: Азаматтық кодекстің 17-бабының 2-тармағына сәйкес заң  құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін  некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда "Неке және отбасы туралы" Заң  бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда Мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін ("Неке және отбасы туралы" Заң, 10-бап)4.

Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне  байланысты жүзеге асады. Жаңа туған  бала толығынан құқық қабілеттілігі  бола тұрса да, өзі әрекет жасап  қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады.

Информация о работе Азаматтык кукык