Шағын және орта бизнесті қолдау мен реттеуді жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 22:51, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыс басты мақсаты:
 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаумен реттеу маңыздылығын дәлелдеу ;
 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаумен реттеу құралдарын және әдістерін ашып анық көрсету;
 Шағын және орта кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз етілуін және оның жетілдіру жолдарын ұсыну ;
 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаумен реттеу инфрақұрлымын , ондағы әрекет етуші ұйымдардың қызметі туралы және мемлекеттік қолдау және реттеу механизмдерін көрсету .
 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаумен реттеу шараларын жетілдіру жолдарын ұсыну ;

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………...3 – 4
І бөлім. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау және реттеу негіздері
1.1. Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негізі….. …………………………...….. .5-7
1.2. Қазақстан Республикасының орта және шағын бизнесті қолдау инфрақұрлымы ……………………………………………………… 8-11

ІІ бөлім. Батыс Қазақстан облысы бойынша шағын және орта бизнестің дамуы.
2.1 Орал қаласы бойынша шағын және орта бизнесті реттеу және қолдаудың қазіргі кездегі жағдайы туралы ..............................................12 - 14
2.2. Батыс Қазақстан облысы бойынша бизнестің даму көрсеткіштерін талдау..............................................................................................................15 – 17

ІІІ бөлім.
3.1. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті реттеу механизмдерін қалыптастыру және дамыту жолдары .............................18 -19
3.2. БҚО бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаның негізгі
бағыттары.......................................................................................................20 – 22

Қортынды .....................................................................................................23 - 24
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................25 - 26

Работа состоит из  1 файл

Ша5ын және орта бизнес.doc

— 1.73 Мб (Скачать документ)

4.                  Бүкіл әлемдік банк.

5.                  Техникалық бірлесу бойынша Гермения бірлестігі .

6.                  Техникалық көмек көрсету бірлестігі .

Коммерциялық ұйымдар  . Коммерциялық құрлымдарда шағын және орта бизнес  субьектілерін  тікелей  қолдау жүзеге асады ,  шағын және орта бизнестің дамуына жанама әсер етеді . Шағын және орта бизнестің  тиімді дамуына инвестициялық қолдау және   қаржы несиелік  жүйесінің  бірінші ретте  маңызы жоғары. Сондықтан Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес  субьектілерін   несиелендіру келесі ұйымдар арқылы жүзеге асады :

                  Екінші денгейлі банктер.

                  Несиелік серіктестіктер .

                  Шағын несиелік ұйымдар .

                  Лизингтік  компаниялар .

Кәсіпкерлерді несиелендіруде  жоғары орын алатын  банктер қатарына мына банктерді жатқызуға болады :Банк  Тұран Әлем ,   Қазкоммерцбанк , Ұлттық банк , Алматылық Сауда Қаржылық банкі,Темірбанк . [21]

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

II БӨЛІМ. Батыс Қазақстан облысы бойынша  шағын және орта бизнестің дамуы.

2.1 Орал қаласы бойынша  шағын және орта бизнесті реттеу және қолдаудың қазіргі кездегі  жағдайы  туралы.

Қазіргі кезде қалада кәсіпкерлікті дамытудың басты перспективасы болатын алғы шарттары жасалды.Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүргізіліп жатқан барлық істер кәсіпкерлікті дамытуға тиімді жағдайлар жасауға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына бағытталған, өндірілетін өнімдердің  көлемін ұлғайтуға және бюджет кірісін өсіруге әкеліп соғады.

Орал қаласы бойынша  шағын және орта кәсіпкерлікті  дамыту мәселесі туралы соңғы 4 жылдардың мәліметтері келесі  кестеде толығымен көрсетілген. Кесте 3. Шағын кәсіпкерліктің басты көрсеткіштерінің динамикасы.                                                                                                        

Көрсеткіштер

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

Жұмыс істеп тұрған                     мекемелер саны (бірлік)

10719

11396

13345

14981

Еңбек етушілердің саны (адам)

21255

21951

23883

25052

Өндірістің көлемі

(млн. теңге)

25420,1

29619,2

36873,6

31466,1

Бюджетке төлемдер

(млн. теңге)

1743,5

2698,2

4111,3

3162,5

Екінші деңгейдегі банктермен берілген несиелер (млн. теңге)

14100,5

9056,9

13517,7

19392,6

нысаны қызмет жасады немесе 117,7% өткен жылға қарағанда, оның ішінде – заңды тұлғалар 2462 немесе 108,1% , жеке кәсіпкерлер – 10883 шаруашылық субъктілері немесе 119,4%  2004 жылға қарағанда.

Қала бойынша шаруа қожалықтары – 23 бірлікті құрайды. Шағын кәсіпкерлік саласында еңбек етушілер саны 23883 адамды құрады. Шағын кәсіпкерлік саласында еңбек етушілер белсенді қала тұрғындарының 22%-ын құрайды. Жыл ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 4111,3 млн. теңге салық түсті, оның ішінде заңды тұлғалардан – 2551,9 млн. теңге, жеке тұлғалардан – 1559,4 млн. теңге.

Сызба 4 . Шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайын салыстырмалы талдау.

 


Сызба 5. Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлерге берілген несиелер .

Тұтыну нарығындағы  тауарлар  мен  қызметтердің  бағасы 2007 жылдың қаңтарында 2006 жылдың  желтоқсанымен  салыстырғанда  1,1%.    2007 жылдың 1 ақпан айына  азық-түлік тауарлары бағасы 2,2 % өсті,  соның  ішінде  жеміс-көкініс өнімдері-3,7% ,сүт өнімдері -2,4%. Азық –түлік емес   тауарлар  қантар айында 101,0 %  құрады . Тұрмыстық   аспаптар бағасы  3 %, киім және аяқ  киім бағасы 1,2 %, жанар-жағар май 4,9 % өсті.            Батыс Қазақстан регионының қалаларымен саластырғанда 2007 жылғы 15 қантарына 18 статистика органдармен сарапталған азық-түлік тауарлар топтарынан ішіндегі 14 атаулардан бағасы кем болып тұр.[22] 

3

 



2.2. Батыс Қазақстан облысы бойынша  бизнестің даму  көрсеткіштерін талдау .

«Орал  қаласының  кәсіпкерлік  бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің қызметін ұйымдастыру  кезінде  шағын және орта кәсіпкерлікті  дамыту көрсеткіштерін жыл сайынғы пайыздық өсім арқылы  салыстырмалы түрде есептейді және бұл  салыстырмалы кестелер  ережеге сәйкес жыл аяғындағы есеп беруде  тапсырылады .

Кесте 5. Даму көрсеткіштерін салыстырмалы кестесі.                                                                                

                                                                                                                                                                                     

 

Көрсеткіштер

 

өлшем бірлігі

 

1.01.07

1.12.07

1.12.06

%

 

1

ШК субъектілерінің жалпы саны

бірлік.

11396

13314

11231

118,5

 

Олардың ішіндегі  әрекет етуші

бірлік.

9326

10376

9079

114,3

 

Әрекет етуші  субъектілердің салыстырмалы көлемі

%

82

78

81

96,4

 

Заңды тұлға

бірлік.

2278

2448

2269

107,9

 

Олардың ішіндегі  әрекет етуші

бірлік.

1897

2088

1898

110,0

 

Әрекет етуші  субъектілердің салыстырмалы көлемі

%

83

85

84

102,0

 

Жеке тұлға

бірлік.

9118

10866

8962

121,2

 

Олардың ішіндегі  әрекет етуші

бірлік.

7429

8288

7181

115,4

 

Әрекет етуші  субъектілердің салыстырмалы көлемі

%

81

76

80

95,2

2

ШОК сферадағы  жұмыспен қамтылғандар саны

адам.

21951

23712

21678

109,4

 

Заңды тұлғалар

адам.

11698

12168

11680

104,2

 

Жеке тұлғалар

адам.

10253

11544

9998

115,5

3

Өндіріс көлемі

млн.

29619,2

33800,8

27150,9

124,5

 

Заңды тұлғалар

мың.тг

8036,5

9719,0

7366,8

131,9

 

Жеке тұлғалар

мың.тг

21582,7

24081,8

19784,1

121,7

4

Бюджетке төлемдер :

млн.тенге

2698,2

3516,1

2428,5

144,8

 

Бір реттік жинақ

млн.тенге

1950,2

2107,8

1706,1

123,5

 

Берілген патенттер

млн.тенге

748

1408,3

722,4

194,9

 

Берілген куәліктер

млн.тенге

96,2

91,0

102,7

88,6

 

Куәлік бергені үшін және патентті тіркені үшін төленген сома

саны

4305

2873

4251

67,6

 

Бір реттік жинақ

саны

1708

1765

1589

111,1

 

Берілген патенттер

млн. тенге

32,9

32,5

32,1

101,2

5

Тіркелген кіші қоймалардың саны

бірлік.

73

79

73

108,2

 

Әрекет етуші кіші қоймалардың саны

бірлік.

66

37

66

56,1

 

Ауыл шаруашылығындағы өнімдерді қайта өңдеу

мың.тг

61535,5

184595,2

56407,5

327,3

6

Екінші деңгейлі банктердің  несиелері

мың.тг

9056,9

12079,4

8028,3

150,5

 

Ұзақ мерзімді

мың.тг

3255,2

4777,1

2934,3

162,8

 

Қысқа мерзімді

мың.тг

5801,7

7302,3

5093,9

143,4

7

Жергілікті бюджеттерінен несиелер

мың.тг

2,0

0,0

2,0

0,0

8

Берілген жер участкалары

саны

452

327

422

77,5

 

Жер учаскаларының көлемі

га

491,3024

696,02

476,0

146,2

 

Олардың ішіндегі сатып алынғаны

саны

151

127

136

93,4

 

Жер учаскаларының көлемі

га

42,3161

49,14

38,30

128,3

9

Қолдануға берілген пәтерлер саны

саны

217

132

186

71,0

10

ШОК берілген ғимаратардың арендасы

саны

80

89

76

117,1

12

 

Активті тұрғындар

 

%

 

 

 

22

 

21

 

 

3

 



Даму көрсеткіштерін салыстырмалы кестенің қорытындысы ,  мұндағы  пайыздық көрсеткіштер мына  формула арқылы есептеліп шығарылған : ағымдағы жылдың өткен жылға қатынасын  100 % - ға көбейту арқылы табылған .

1)                 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 2007 жылын 2006 жылмен салыстырғанда 18,5%-ға өскен .

2)                 Шағын және орта кәсіпкерлік сферадағы  жұмыспен қамтылғандар саны 2007 жылын 2006 жылмен салыстырғанда 9,4 %-ға өскен.

3)                 Өндіріс көлемі  2007жылын 2006жылмен салыстырғанда 24,5 %-ға өскен.

4)                 Бюджетке төлемдер 2007жылын 2006 жылмен салыстырғанда 44,8  %-ға өскен.

5)                 Тіркелген кіші қоймалардың саны  2007жылын 2006 жылмен салыстырғанда 8,2 %-ға өскен.

6)                 Екінші деңгейлі банктердің  несиелері  2007жылын 2006 жылмен салыстырғанда 50,5 %-ға өскен.

7)                 Жергілікті бюджеттерінен несиелер  2007жылын 2006 жылмен салыстырғанда бір  деңгейде сақталған .

8)                 Берілген жер участкаларының  саны  2007жылын 2006 жылмен салыстырғанда 22,5 %-ға кеміген .

9)                 Қолдануға берілген пәтерлер саны 2007жылын 2006 жылмен салыстырғанда 29  %-ға кеміген .

10)            Шағын және орта кәсіпкерлікке берілген ғимаратардың арендасы  2007жылын 2006 жылмен салыстырғанда 17,1 %-ға өскен.

 

 

 

 

 

III БӨЛІМ. Шағын және орта бизнесті қолдау мен реттеуді жетілдіру жолдары .

3.1. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті   реттеу   механизмдерін қалыптастыру және дамыту жолдары .

Қазақстанды жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтары ретінде мен ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын айқындалып отыр. Бәсекеге қабілеттілік – Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа  табысты кірігуінің кілті  болғандықтан , осы 30 бағыт ішіндегі  он үшінші бағыты – Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимылға тікелей байланысты баяндалған . Осы бағытта шағын және орта кәсіпкерлікті  реттеу механизмдерін қалыптастыру жағдайында  және дамыту немесе қолдауды қарастыратын   төмендегідей жетілдіру жолдарын қарастыруға болады :

                  Біріншіден, Үкімет іскерлік бастамашылық жолында заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілердің қашан және қалай пайда болатынын анықтап алуға, оларды барынша қысқартуға, сондай-ақ шағын және орта бизнес құрылымдарының мемлекет алдында қандай да бір негізсіз есепті болуына жол бермеуге тиіс. Сонымен қатар, салық заңнамасының кәсіпкерліктің дамуын толығымен ынталандыратындай, сондай-ақ бизнестің “көлеңкеден” шығуына жәрдемдесетіндей етіп одан әрі жетілдіре түсу қажет.

                  Екіншіден, біз әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу жөніндегі жұмысты тиянақтауға тиістіміз. Үкіметке антимонополиялық заңнамаға кешенді тексеріс жүргізіп, бәсекені шектеу мен нарыққа қатысушылардың ымыраластығы фактілерін анықтаудың, экономикамыздың іргелі салаларын “жасырын” монополияландыруға жол бермеудің айқын тетіктерін жасауды, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану туралы тиісті ұсыныстар әзірлеу керек.

                  Үшіншіден, біз табиғи монополиялар аясын барынша қысқартуға тиіспіз, біздің тиісті салалардағы бәсекелестік қатынастарды қайта құрылымдау мен дамытудың жаңа бағдарламаларын жасап, қолданылып жүргендерін жаңалауымыз керек. Алқалы органдар басқаратын бұл құрылымдар тарифтік және техникалық реттеу функцияларын қоса атқаратын болады Экономиканың табиғи монополиялар сақталып қалған телекоммуникациялар мен аэронавигация, темір жол көлігі мен порттар, электр энергетикасы, мұнай мен газ құбыры көлігі, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы сияқты секторларын реттеу мен бақылау мақсатында тәуелсіз салалық реттегіштер жасақтауымыз керек..

                  Төртіншіден, жаңа кәсіпорындар мен компаниялар құру үдерісін жетілдіру қажет. Мәселен, “жалғыз терезе” жүйесі шеңберінде кәсіпкерге фирманы екі-үш күннің ішінде тіркете алатындай жағдай туғызу керек.

                  Бесіншіден, тұрлаулы және серпінді экономикалық өсу үшін біздің Қазақстанның шағын және орта бизнесінің жоғары сапалы өнімдері мен қызметіне сұраныс туғызушы катализатор ретінде мемлекет пен мемкомпаниялардың ресурстарын жариялы әрі конкурстық негізде белсендірек пайдалануымыз қажет.

      Алтыншыдан, жаңа өндірістерді ашық және жариялы конкурстық негізде дамыту үшін арнаулы бағдарламалар әзірлеу тиімді, онда үздік бизнес-идеялар жаңа бизнес қалыптастыру, айталық, заңгерлік және консультациялық шығындарды жабу үшін қаржылық және техникалық қолдау алар еді. Бұл міндет “Қазына” қорына қатысты болып табылады.  [2]

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. БҚО бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті  қолдау мен дамытудың   2007-2009  жылдарға арналған бағдарламаның  негізгі

бағыттары.

БҚО бойынша шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты - өндірістің жаңа технологиялық процестеріне бағытталған шағын кәсіпкерлікті қарқынды өсіру үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау және экономиканың тұрақты дамуы үшін осы сектормен қамтамасыз ету болып табылады.

Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында келесі міндеттерді шешу қажет:

      БҚО бойынша әкімшілік қиындықтарды жою;

      инфрақұрылымды, консалтингті және бизнес-оқытуды дамыту;

      шағын кәсіпкерліктің, бизнес-алаңдардың басты бағыттары мен басымдықтарын дамыту;

      БҚО бойынша бизнес-карта құру.

Бағдарламы  жүзеге асырудың механизмі мен басты бағыттары Шағын кәсіпкерлікті дамытуға жағдайлар жасау мен басты мәселелерді  шешу мақсатында, кәсіпкерліктің коммерциялық мүдделері және кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің бастамашылықтары негізінде Бағдарламамен келесі бірқатар басты шараларды іске асыру белгіленді.

БҚО бойынша әкімшілік қиындықтарды жою.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде шағын бизнесті құру мен дамыту мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылған жоқ, ол жүздеген жылдар бойына табиғи жолмен қалыптасты.

Қазақстанда экономиканың аталмыш секторын азғана тарихи мерзімде құру қажет болғандықтан, мәселенің мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс еді.        Негізін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар құрған жоспарлы экономикадан шағын және орта кәсіпорындардан құралған нарықтық экономикаға көшуді жүзеге асыру аса қажет болды. Алайда шағын кәсіпкерлікті дамыту, көздегендей жылдам болмайды.

Реттеуді қажет ететін бірқатар ережелерді шығару арқылы мемлекет жеке сектордың қызметін тежейді, сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған көптеген заңнамалық актілердің жүзеге асырылу механизмдері жоқ. Өз бизнесін табысты дамыту үшін кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге, түрлі құжаттамалар мен нұсқаулықтарға еркін қол жеткізуі қажет.

Сонымен қатар, олар рыноктағы ұсыныстар мен сұраныстар, шикізатты жеткізушілер, дайын өнімді пайдаға асыру және тендерге қатысу туралы ақпараттармен таныс болуы тиіс. Кәсіпкерлер үшін күнделікті қызметте қолданатын біліктілік пен арнайы дағдылардың деңгейін көтеріп отыру да маңызды. Осындай мәселелерді шешу үшін кәсіпкер ең алдымен өзінің міндеттері мен құқықтарын біліп, оларды тиісінше қолданып отыруы тиіс. Кәсіпкерлік туралы заңнамалық база кәсіпкер үшін қызмет етуі керек. Кәсіпкер мемлекет үшін, мемлекет кәсіпкер үшін қызмет етеді.

БҚО бойынша әкімшілік қиындықтарды жою үшін қажет:

1. Өзара мүдделілік пен басты шаралар есебінен, сенімділік пен ашықтық принципіне құрылған мемлекет және бизнес арасындағы барлық деңгейдегі диалогтың механизмін жетілдіру мақсатында, шағын кәсіпкерлікті қорғау мәселелерінің перспективалары мен проблемалары бойынша Орал қаласында құқық қорғау органдарының қатысуымен семинарлар мен конференциялар өткізу мүмкіндігін қарастыру.

Информация о работе Шағын және орта бизнесті қолдау мен реттеуді жетілдіру жолдары