Шағын және орта бизнесті қолдау мен реттеуді жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 22:51, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыс басты мақсаты:
 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаумен реттеу маңыздылығын дәлелдеу ;
 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаумен реттеу құралдарын және әдістерін ашып анық көрсету;
 Шағын және орта кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз етілуін және оның жетілдіру жолдарын ұсыну ;
 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаумен реттеу инфрақұрлымын , ондағы әрекет етуші ұйымдардың қызметі туралы және мемлекеттік қолдау және реттеу механизмдерін көрсету .
 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаумен реттеу шараларын жетілдіру жолдарын ұсыну ;

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………...3 – 4
І бөлім. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау және реттеу негіздері
1.1. Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негізі….. …………………………...….. .5-7
1.2. Қазақстан Республикасының орта және шағын бизнесті қолдау инфрақұрлымы ……………………………………………………… 8-11

ІІ бөлім. Батыс Қазақстан облысы бойынша шағын және орта бизнестің дамуы.
2.1 Орал қаласы бойынша шағын және орта бизнесті реттеу және қолдаудың қазіргі кездегі жағдайы туралы ..............................................12 - 14
2.2. Батыс Қазақстан облысы бойынша бизнестің даму көрсеткіштерін талдау..............................................................................................................15 – 17

ІІІ бөлім.
3.1. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті реттеу механизмдерін қалыптастыру және дамыту жолдары .............................18 -19
3.2. БҚО бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаның негізгі
бағыттары.......................................................................................................20 – 22

Қортынды .....................................................................................................23 - 24
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................25 - 26

Работа состоит из  1 файл

Ша5ын және орта бизнес.doc

— 1.73 Мб (Скачать документ)


Мазмұны:

Кіріспе………………………………………………………………………...3 – 4

І бөлім. Қазақстан  Республикасында шағын және орта бизнесті мемлекеттік  қолдау және реттеу негіздері 

1.1. Қазақстан  Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдаудың құқықтық негізі….. …………………………...….. .5-7

1.2. Қазақстан Республикасының  орта және  шағын  бизнесті                                                    қолдау инфрақұрлымы ………………………………………………………  8-11

 

ІІ бөлім. Батыс Қазақстан облысы бойынша  шағын және орта бизнестің дамуы.

2.1 Орал қаласы бойынша  шағын және орта бизнесті реттеу және қолдаудың қазіргі кездегі  жағдайы  туралы ..............................................12 - 14

2.2. Батыс Қазақстан облысы бойынша  бизнестің даму  көрсеткіштерін талдау..............................................................................................................15 – 17

 

ІІІ бөлім. Шағын және орта бизнесті қолдау мен реттеуді жетілдіру жолдары

3.1. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті   реттеу   механизмдерін қалыптастыру және дамыту жолдары .............................18 -19

3.2. БҚО бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті  қолдау мен дамытудың   2007-2009  жылдарға арналған бағдарламаның  негізгі

бағыттары.......................................................................................................20 – 22

 

Қортынды .....................................................................................................23 - 24

Қолданылған  әдебиеттер...........................................................................25 - 26

 

 

 

 

КІРІСПЕ.

Курстык жұмыстың  тақырыбы - «Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау және реттеу » , бұл тақырыптың өзектілігін мемлекетіміздің экономикасында шағын және орта кәсіпкерліктің өте терең тамырын жебіргеннен көруге болады. Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау қызметі , осы саладағы әрекет етуші субъектілерге  оң  нәтижелілік  берсе , осы жетістіктер  арқылы мемлекет  алға қойған  саяси ,экономикалық , әлеуметтік мақсаттарына  жететіні анық  . Сондықтан да мемлекеттік реттеу және қолдау кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзу қажет.  Кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызу керек. Бұл жағдай  шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және реттеудің  Қазақстан   экономикасындағы   өзекті мәселе екеніне көз жеткізеді .

Курстық жұмыс басты мақсаты:

                  Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаумен  реттеу  маңыздылығын  дәлелдеу ;

                  Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаумен реттеу құралдарын және әдістерін ашып анық көрсету;

                  Шағын және орта кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз етілуін және оның жетілдіру жолдарын ұсыну ;

                  Шағын және орта кәсіпкерлікті  қолдаумен реттеу  инфрақұрлымын  , ондағы әрекет етуші ұйымдардың қызметі туралы және мемлекеттік қолдау және реттеу механизмдерін көрсету .

                  Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаумен реттеу  шараларын жетілдіру жолдарын ұсыну ;

Курстық жұмыс кіріспе және  үш негізгі бөлім , қорытындыны , қолданылған әдебиеттер тізімін қамтып жазылған . Бірініші бөлімде  шағын  және орта кәсіпкерлікті қолдаумен реттеуді құқықтық қамтамасыз ету ,  шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрлымы  , шағын және орта кәсіпкерлікті  мемлекеттік реттеу туралы мәселелер қаралды .Екінші бөлімде  кәсіпкерлікті қолдаудың қазіргі жағдайына талдау ,  даму көрсеткіштері  туралы мәліметтер жазылды. Үшінші бөлімде  қолдаумен реттеудің  жетілдіру жолдары  ,негізгі бағыттары , іске асыру шаралары жазылды .

Курстық жұмыста «Орал  қаласының  кәсіпкерлік  бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау  жұмыстары мен реттеу шараларына  сәйкесті  жүргізілген   жылдық есептерінен ,   тоқсан  сайын жүргізген маниторингтен ,   осы бөліммен құрастырылған аймақтық   бағдарламалардан , «Жеке кәсіпкерлік туралы » заңынан ,  жергілікті бюджетпен  осы бағдарламаларды жүзеге асыру шаралар жоспарынан , БҚО бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың  2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасынан , Қазақстан Республикасының президентінің Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» халыққа жолдауынан ,   Қазақстан Республикасының Үкіметінің бағдарламасынан ,  аймақтық ғылыми  зерттеу қорының тарату материалдарынан , Кәсіпкерлікті қолдау департаментінің  шығарған  әдістемелік кітапшасынан алынған мәліметтер бойынша жазылды .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I БӨЛІМ. Қазақстан  Республикасында шағын және орта бизнесті мемлекеттік  қолдау және реттеу негіздері .

1.1. Қазақстан  Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдаудың құқықтық негізі.

Нарықтық қатынастар  көптеген  адамдардың «өз ісіне »деген  табиғи ұмтылуды тудырып , өздерінің меншіктерін артыра түседі . Ең соңында  бұл қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің  пайда болуына әкеп соғады . Кәсіпкерлік дегеніміз- белгілі бір  істі  істей білу . Кәсіпкерлік  -   ежелден келе  жатқан адамдардың  іскерлік белсенділігі , қабілеті .  Кәсіпкерлік  адамдар мен  олар құрған бірлестіктердің белсенді , дербес  шаруашылық қызметі . Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып ,  мүліктік жауапкершілікті   сақтай отырып  ,  пайда табу жолын көздейді .  Кәсіпкерліктің ерекшеліктері болып  дербестік , тәуелсіздік ,  экономикалық  ынталық ,  тәуекел ,  жеке жауапкершілік ,   жаңашылдық  табылады.Қазіргі таңда  мемлекетімізде кәсіпкерліктің  мынадай түрлері әрекет етеді :

1.                  Өндірістік кәсіпкерлік

2.                  Коммерциялық кәсіпкерлік

3.                  Қаржылы кәсіпкерлік

4.                  Кеңес берушілік кәсіпкерлік

Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің негізгі құраушысы болып  шағын орта кәсіпкерлік  табылады .  Шағын  және орта  кәсіпорындардың  маңызы ел экономикасында  аса үлкен . Шағын және орта кәсіпкерлік  субьектілерінің  маңыздылығы -   бұл  әлеуметтік аспектіде , шағын кәсіпорындар   жұмыс орындарын  көбейтуге  жағдай жасап  ,  жұмыссыздықты азайтады .Сонымен қатар  шет елдердегі тәжрибелер осыған дәлел .Мысалы , Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайыздан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын береді [16]

Сондықтан да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзу қажет  , шағын және орта кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызу керек.[15]

Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi болып табылады:Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;  Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi; Шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлерi үшiн қол жетiмдiлiгi; Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Шағын кәсiпкерлiк  субъектiлерiн   қаржылық қолдау:

1)мемлекеттiк мұқтаждар үшiн тауарлардың  кепiлдендiрiлген көлемiн сатып алу.

2)екiншi деңгейдегi банктер арқылы кредит берудi ұйымдастыру;

3)экономика салаларында әлеуметтiк маңызы бар жобаларды ұйымдастыружәне iске асыру үшiн мемлекеттiк гранттар беру;

4)арнайы инвестициялық бағдарламаларды iске асыру;

5)бюджет қаражаты есебiнен қарыздар беру жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстан  Республикасының  «Жеке кәсiпкерлiк туралы» туралы заңына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерін  мемлекеттік қолдау жоғарыдай жүзеге асады. Қазақстан  Республикасының  «Жеке кәсiпкерлiк туралы» туралы заңына сәйкес Кәсіпкерлерді құқықтық қамтамасыз ету  және кәсіпкерлерді  құқығын қорғау  , шағын және орта кәсіпкерліктіктің қызметін құқықтық реттеу  шаралары қарастырылатын болады.Сенімділік пен  ашықтылық қағидасында  ,  өзара көзқарастарды барынша ескере отырып ,  бизнес пен мемлекет арасында барлық деңгейде  диалог тетігін жетілдірді . Бұл шағын және орта кәсіпкерліктікті құқықтық қамтамасыз етулуі   және кәсіпкерлерді  құқығын қорғалу   , шағын және орта кәсіпкерліктіктің қызметін құқықтық реттеу  шаралары  осы мәселелер бойынша құқық қорғау  органдарының қатысуымен семинарлар мен конференцияларда    кең түрде талқылау мүмкіндіктерін қарайды Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 Заңына сәйкес Қазақстан  Республикасының  «Жеке кәсiпкерлiк туралы» туралы заңы  қабылданды . Бұл  заң   шағын және орта кәсіпкерліктікті құқықтық  мемлекеттік  қолдау , реттеу   шараларын жүзеге   асырадың  негізгі құралы болып  табылады. Осы Заң жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсiпкерлiктiң еркiндiгiн қамтамасыз ететiн негiзгi құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар мен кепiлдiктердi айқындайды. Осы Заң 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi, заңда 11 тарау , 51 бап бар :

                  Жалпы ережелер

                  Жеке кәсіпкерлік субъектлері және олардың жұмыс істеу  жағдайлары

                  Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту саласындағы  құзыреті

                  Жеке кәсіпкерлікті мемелекеттік қолдау

                  Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін  құру және олардың  нармативтік құқықтық актілеріне  сараптама  жасауға қатысуы

                  Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу және тарату

                  Мемлекеттік әкімшілік ету, Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жауаптылығы

                  Жеке кәсіпкерлікті мемелекеттік бақылау

                  Мемлекеттік бақылауды лецезиялауды  және аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде  мемлекеттік органдармен  лауазымды  адамдардың  жауаптылығы

                  Қорытынды ережелер .[1]

 

1.2.  Қазақстан Республикасының  орта және  шағын  бизнесті                                                    қолдау инфрақұрлымы .

Қазақстан Республикасының  шағын бизнеске  бағыттылған  мемлекеттік саясаты  орта жіктің  құрылуына мақсатталған ,  бұл шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жүзеге асырылады .Шағын бизнес  қосымша құны  жоғары болатын  жаңа технологиялық өндіріске бағытталған. Алға қойылған мақсатқа жету үшін , Қазақстан Республикасында  индустриялық –иновациялық даму стратегиясының  кәсіпкерлік саласының инфрақұрлымын дамыту  тапсырмаларын шешуде қарастыратын  сатысын жүзеге асырады .

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрлымында   жеке кәсіпкерлік қызметтің дамуына  және қызметін жүзеге асыруына  , жеке кәсіпкерліктің құрылуына   жағымды жағдай қалыптырастыратын  комплесті ұйымдардан тұрады .

Қазақстан Республикасында  бұл ұйымдарға  келесі ұйымдарды жатқызуға болады :

                  Мемлекеттік және мемлекет иелігінен құрылған ұйымдар.

                  Халықаралық және шетелдік ұйымдар .

                  Коммерциялық ұйымдар .

Интитуттар  құрлымының  функционалды бағытына байланысты  инфрақұрлымдар келесідей анықталады :

                  Бизнестің  құрылуына ,бизнестің дамуына  және  қызметін жүзеге асыруына    мемлекеттік қолдау және көмектесу .

                  Қаржылық қолдау .

                  Ақпараттық- аналитикалық қолдау .

                  Кадр саласындағы білім беруді және квалификацияны жоғорлату.

                  Материалды –техникалық қолдау .

Қазақстандағы  кәсіпкерліктің даму процесіне құрлымның ұйымдасуы және фунциясынын сәйкестендіру  инфрақұрлымындағы  интитуттардың  қатысу  матрициясын құруға  мүмкіндік береді .

 

 

Сызба 1 . Шағын бизнесті қолдау инфрақұрлымындағы  интитуттардың  колдауға катысу  матрициясы .                                                                                                                                            

 

 

 

 

 

 

Жоғарыдағы  қызметтерді орындаушы  ұйымдарға  мына  мемлекеттік  компаниялар  жатады:

1.            АҚ «Технологияны трансферттеу және инжиниринг  орталығы » бұл орталық негізгі мақсаты : жаңа технологияларды трансферттеуді ұйымдастыру  арқылы Қазақстандағы экономика секторындағы  салалардың   бәсекелестігін жоғарлату ,  Республикамыздағы  инновациялық қызметін активтендіру .

2.            АҚ  «Маркетингтік –аналитикалық зерттеу орталығы» , бұл орталық Үкіметке  кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша  мемлекеттік саясаты құру және жүзеге асыру  саласында  ақпараттық – аналитикалық  қолдау көрсетеді .

3.            АҚ «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры »  , бұл қор шағын және орта  бизнеске қаржылық көмекті несие  беру арқылы көрсетеді.

4.            АҚ «Ұлттық инновациялық қор» , бұл қор инновациялық кәсіпкерлікке бағытталған  бизнес иелеріне  қаржылық көмекті ииновациялық процестерге  инвестиция тарту , қаржыландыру жолымен  жүзеге асырылады .

5.            АҚ «Қазақстанның  инвестициялық қоры » - жаңа , қазіргі заманғы  технологиялық прогреске сәйкес   технологияларды  қолданып  шикізаттарды және  материалдарды  тереңдетіп өңдеуді жүргізетін кәсіпорынның жарғылық капиталына инвестиция тарту арқылы  қаржылық көмек көрсету .

6.            АҚ  «Қазақстан даму банкі »- қаржылық көмек .

Халықаралық және шетелдік ұйымдар.

Халықаралық және шетелдік ұйымдар  Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуына оң әсер етті. Халықаралық ұйымдардың бағдарламасы  ұзақ мерзімді мақсатты мінезде болады . Қазақстан Республикасындағы  өз қызметтерінің нәтижелері бойынша әйгілі халықаралық және шетелдік ұйымдар :

1.                  Еуропиялық қайта құру және даму банк .

2.                  Халықаралық даму бойынша АҚШ  агенствасы .

3.                  «Еуразия » қоры .

Информация о работе Шағын және орта бизнесті қолдау мен реттеуді жетілдіру жолдары