Өндіріс шығындары және фирма табысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 08:00, реферат

Описание

Экономистері фирманың өмір сүруі негіздеуді талап ететінін ұзақ уақыт мойындамай келді. Рынок тәніндегі иерархиялық бөртпелерді түсіндіру үшін 1937 жылы Рональд Коуз бірінші болып тұжырымдаған бұл теория операция бағасы тұжырымдамасына негізделді. Автономды кісілер арасындағы кез-келген нарықтық операция уақыт пен келіссөзді талап етеді, сондықтан оның бағасы болды. Фирма – шынтуайтында, саяси ұйым - өндірісті үйлестіріп, айырбасты базар бағасынан төмен жүргізе алатын жерде бәсеке оның басым түсіп отыруына мүмкіндік береді. Осы заманғы кешенді экономикада ақпарат секілді қоғамдықтауардың маңызы арта түскен сайын көптеген секторларда базардан фирманың артықшылығы ұлғайып орташа фирмалардың өсуіне жол ашты. Бір рет жасалған ақпарат халықтың үлкен топтарына оп-оңай жол аша алады, мұның үстіне әрбір қосымша тұтынушы үшін оның пайдалылығы ешқандай кемімейді. Егер ол қаралған болмаса, оны алу соншалық оңай болғандықтан, ешкім оның шын құнын паш етіп, оны төлеуге құлықты болмады.Бірақ, егер барлығы төлеуден бас тартса, ақпарат жасауға ынта жойылады. Фирма бұл проблеманы былай шешеді: ақпарат алу құқығына ие болған кісінің пайда табуын қамтамасыз етуге көмектесу үшін беделін пайдаланады. Ол ақпарат тауар жатқан жерді анықтау, оны жетілдіру технологиясы немесе оны базарға шығаратын жаңашыл да пәрменді әкімшілік жүйе болуы мүмкін.

Содержание

Кіріспе
І-бөлім.
Фирма туралы жалпы түсінік.Қызметі, түрлері
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктері ...........................................................................

ІІ-негізгі бөлім.
2.1 Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
ІІІ-Қорытынды бөлім
3.1 Жер және кәсіпкерлік
3.2 Еңбек және капитал
3.3 Фирма табысы және пайда

Работа состоит из  1 файл

Жоспар экономиканы мемлекеттік реттеу.doc

— 169.50 Кб (Скачать документ)
 
 

Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшаға емес, жеке тұлғаның пайдалық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:

  • акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды;
  • мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құралады;
  • құрылтайшылар мүлкінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтары да енеді.

  Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, «Шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлік дамыту туралы», «Жеке кәсіпкелік қолдау мен қорғау туралы» республика заңдарында кәсіпорын кез келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған.

   Қазіргі кезде  экономикасы дамыған елдерде  бірнеше миллиондаған әртүрлі  фирмалар қызмет атқаруда. Осы  қаптаған көптүрлі белгісі бойынша  классификациялау қажет. 
 
 
 

Кәсіпкерлік қызметті белгісіне  қарай нысаны мен  түріне классифакациялау 
 

Ұйымдық –  құқықтық нысаны бойынша Шаруашылық қызметінің сипатына қарай Салалық қызметі бойынша Меншік нысаны бойынша
Картелдер

Синдикаттар (консорциумдар)

Трестер

Концерндер

Концерн- конгломераттар

Холдинг- компаниялар

Акционерлік қоғамдар (корпорациялар)

Кооперативтер

Серіктестіктер

Өндірістік

Саудалылық

Делдалдық Банктік

Сақтандырулық

Инвистициялық

Инжинирингтік

Венгурлік (тәуекелділік)

Консалтингтік

Аудиторлық

Трастолдық

Өнеркәсіп

Ауыл шаруашылығы

Сауда Байланыс

Көлік

Қаржы- несиелік

Мәдениет

Өнер 

Білім

Ғылым

Денсаулық сақтау

Тұрғын үй шаруашылық

Мемлекеттік

Қазыналық

Ұжымдық

Жалгерлік

Кооперативтік

Акционерлік

Жекелеген

Аралас (біріккен)

Мемлекеттік кооперативтік  пен бірге

Ұжымдық жекемен бірге

Мемлекет аралық (біріккен кәсіпорын)

Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек қана АҚШ-тың өзіндеолардың саны 7 млн. құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі серіктестіктер құрылады. 

  Нарықтық теория мен практикадағы  мәнінің зор екендігіне қарамастан таяу шетел мен Қазақстан Республикасы ғалым – экономистерінің нарық жайлы пікірі біркелкі емес. Бірнеше анықтамаларды келтіріп өтейік:

     «Нарық – белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс факторына қарай қндірістік өатынастарды қысқарту, шаруашылық субъектілерін байланыстырушы ұйым»

    «Нарық – тауар  айырбасының аясы, сатушы мен сатып  алушылар арасындағы  белгілі экономикалық  қатынастар жүйесінің  сипаттамасы».

     Нарық – сатушы  мен сатып алушы  арасындағы тауарды өткеру жайлы қатынастар жүйесін көрсетеді».

Осы анықтамалардағы  ортақ пікір: нарықты өндірістің емес, айырбас саласының категориясы  ретінде қарап, нарықтық қатынастардың  субъектісіне сатушы, сатып алушы  және тұтынушы жатқызылады.

Нарықтың мәнін  дәлірек Ю.Я. Ольсевич айтқан: «Нарықты әдеттегідей айналым саласына теңей салу»... «дұрыс емес, себебі, өндіріс, бөлу, тұтынудың тұла бойы «нарықтық таңбамен сызылған».

   «Нарық - өзін-өзі  реттеуші ұдайы  өндіріс жүйесі, барлық  элементпен буындар  төлем қабілеттілігі бар сұраным мен ұсынымның тұрақты әсерінде болады».

  Нарықтың атқаратын рөлі оның жалпы түрдегі қызметі арқылы ашыла түседі.

Нарықтың атқаратын  қызметтері:

  • ұдайы өндіріс  процессін үнемі қамтамасыз ететін реттеуші;
   -  ұсынымнің көлемі мен құрылымының  жедел өзгеруі және оның сұраным төлем қабілетіне икемделуі;
   - Экономикалық  оқшауланған тауар өндіруші мен  тұтынушылар арсын байланыстыратын  буын;
   - экономиканің  жағдайы туралы объективті ақпарат  көзі;
   - тауар  мен еңбектің қоғамдық маңызын  анықтау және мойындаушы құрал;
   - бәсеке  арқылы тиімсіз шаруашылық түрінен  экономиканы суықтыру, санациялау, тазалау;
   - құрылымдық  тұтыну, тұтынысынан (табыстың осы  кездегі деңгейіне қарай) ыңғайлы  рациональдіні таңдауға тұтынушыны  экономикалық мәжбүр ету;
   - өндірістік  шығындарды төмендетуге тауар  өндірушілерді экономикалық ынталандыру  және оларды өте қажетті қоғам  аясына жұмсау;
   - тауар  өндірушіні жоғары сапалы және  жоғары еңбек өнімділігіне экономикалық  тұрғыдан мәжбүр ету.

Нарықтың өызметінің көп түрлілігінің ішінде ерекшксі реттеуші рөл атқаруы болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процессін тиімді және үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтың реттеуші рөліін әкімшілік басқарудың ауыстыруы экономикалық жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп, сәйкессіздікке, тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсудегі қозғаушы күші рөлін жоюға алып барады.

  Нарықтың келесі  қызметі – ақпараттық. Тауар бағасы  мен қызмет көрсету, банктегі  депозит пен несиеге проценттік (пайыздық) өсімнің призма арқылы  тұрақты өзгеруі  нарықтық экономиканың барометріне әрі айнасына айналды. Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы да нарық хабар жеткізеді.

   Нарықтық механизм  «санациялық» (сауықтыру) қызметті  де атқарады.Бәсекенің көмегімен  ол қоғамдық өндірісті тиімсіз  бірыңғай шаруашылықтан тазалап,  үміт артатындардың дамуына ыңғайлы  жағдай жасайды.

  Біздің нарық терең монополияланған. Нарықтағы барлық тауарлардың 50-70% солардың өндірген өнімін құраса, онда кәсіпорын (фирма) қызметі монополияланған саналады. Сондықтан нарықтан ортаны қалыпқа келтіру үшін бәсекелестер әлемін жасау қажет. Бұл нарықтың қатынастардың табиғи күй-жайы.Осы жағдайда тауар өндірушілер марапатталып, кәсіпкер өндіріспен айналысады және өнімді шығаруға қызыға түсіп, өндіріске белсене кіріседі.

  Нарықтың қажеттілеу  қызметтеріне – тауардың қоғамдық  мақызын мойындау, еңбекті материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.

Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы

Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда  болды. Оның ерекшіліктері неден  деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру онай шаруа емес.Себебі, біздер әлі кунге дейін өз халқымыздың , жеріміздің тарихын білмейміз.Мысалы , Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан патриархалдық –феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан.Оны қазақтардың көшпелі мал-шаруашылығымен айналасумен байланыстырады.Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте төиен болды,тауарлы ақша нарықтық қатынастардың қалыптасуын жағдай болған жоқ дейді.Менің бұл пікіріме әркім күмәнін, өз пікірлерін айта жатар.

      Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты  шарты: Өндіріс құрал-жалдықтарына жекеменшік .Ал Қазақстанда  өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық  меншік болды,Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал-шаруашылығы жағдайына жер өндірісінің шарты ғана емес , сонымен бірге  оның негізгі құралы да болды.

      Жерге феодалдық меншіктің күшею қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыс байланысты.Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген Қазақстанды  отарлау саясаты мықтап әсер етті. Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына,өркендеуіне жағдай жасады.Шындығында айырбас, сауда  қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды.Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды.Академик С.Бәйішевтің мәлеметтері бойынша, Қазақстанда малмен сауда жасау,әсіресе  XVI ғасырдан бастап мықтап өріс алған,оның едәуір  бөлігі айырбас , шетке шығарып өткізу үшін өндіріліп отырған.

      Өздеріңізге белгілі, қазақтардың күн көрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды,егіншілікпен жеткілікті көлемде айналыспаған деген жалған тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді.Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік , оңтүстік-шығыс аудандарда орналасқан болатын.Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну ғана емес , басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған.Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды.

      Сонымен бірге нарықтық қатынастардың  қалыптасуына белгі бір дәрежеде дамыған қолөнер  кәсібі де,өнеркәсіп те әсер Қазақтар үй бастырды, жүннен мата тоқылды,терінен  былған иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді, киім тікті,киіз бастыкілем тоқыды.Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін , ретінде де шығарылатын болды.

      Қорыта  айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы сауданың дамуы патриархалдық-феодалдық  шаруашылық ыдырауына ,капиталистік элементтердің  пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ, оны түгелдей іріте алматы.Оның негізгі себептерінің бірі – Қазақстанда өнеркәсіп дамуының арта қалғандығы еді .

      Қазірге тәуелсіз Қазақстан Республикасының  алдында жоғарыда көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр.Негізгі стратегиялық мақсат-демократияны дамыту,меншіктік қатынастарды реформалау, нарықтық экономиканы өндіру болыптабылады.

      Біздің  алдымызда да нарықтық экономиканы  реттеу жүзінде жинақталған бай  тәжірибиесін қолдану қажеттігі  тұр.Әрине олардың бәрі біздің жағдайымызға сәйкес бола қоймайды және олай болуға тиісте емес.

    Нарықтық экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы

  Нарықтық экономиканың  негізгі шаруашылық  субъектілеріне үй  шаруашылығын, фирма  және үкіметті  жатқызамыз. Бұл субъектілер бір-бірімен ресурс нарығында, қаржы мен тұтыну нарығында өзара іс-әрекет жасап, шығыс пен кірісті айналым жасайды. Мұның өзі кестелік түрде көрсетілген.

               Үй шаруашылығы материалдық (жер  мен капитал) және адами (еңбек  пен кәсіпшілік) ресурстарды өткере (өткізу)отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады.Соңғылары тауар өндірісіне қажетті сұраным ресурстарын талап етеді.Сұраным мен ұсыныстың өзара әрекеті әрбір ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді.Үй шаруашылығы тұтыным нарығында тауарға сұраным жасай отырып, ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал, фирмалар өз өнімін өткере отырып, ақшалай табыс алады.

Үй шаруашылығы  тапқан табыстың барлығын өнім сатып  алуға жұмсамайды, белгілі бөлігін жинайды(қор) және ресурстар мен салықты төлеуге жұмсайды.

  Фирмалар өндіріс  ресурстарын біріктіреді және  қозғалысқа келтіріп, өнім шығарады, қызмет көрсетеді және осы  тауарды ұсынады. Оларды нарықта  сату фирманың ақшалай табысын  қалыптастырады. Үй шаруашылығы сияқты фирмалар да алынған табысты (өткруден түскен табыс) ресурстарды төлеуге толық жұмсайды. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықтарды төлейді, инвистицияны жүзеге асырады және т.б.

   Табыс пен  шығындардың айналуы үкіметке  кәдімгідей әсер етеді және ол елді мемлекеттің басқару қызметін жүзеге асырып, экономиканы әр деңгейде – жалпы мемлекеттен аймаққа дейін – реттеп отырады.

   Үкімет фирмалардан  салық алып, жеке кәсіпорындарға  дотация, субсидия береді және  кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады.

Үкімет жұмысымен  қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне, ұлттық өнімнің  қозғалысы мен құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Салықтан түскен ақшалай қаржыны шоғырландырып, үкімет жалақыны, трансферттік төлемдерді (мемлекеттік зейнет ақы, табыс азарға көмек ақы, жұмыссыздарға көмек ақы) төлейді. Құқықтық негізде қамтамасыз етіп, экономиканы тиімді дамыт үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады. Демек, табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі қозғалыста болып теңгеріледі. Түпкі есепте (нәтижеде) өндірістің жалпы көлемін байқатып, тұрғындардың жұмыстылығымен табысы көрсетіледі.

   НАРЫҚТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Аукциондар Консультациялық –  делдалдық фирмалар
Биржа мен  брокерлік конторлар Бизнестің коммерциялық орталықтары
Банктер Сақтандыру және аудиторлық компаниялар
Коммерциялық  орталықтар және компаниялар Жарнамалық – ақпараттық қызметтер
Мемлекеттік резервтік және сақтандыру қорлары Складтық, элеваторлық, тоңазтқыштық және транспорттық шаруашылық
Баға мен  стандартты бақылаушы мемлекеттік инспекция Сауда үйлері
Мемлекеттік салық инспекциясы Маркетингтік зерттеу  орталықтары
Бағалы қағаздарды бақылау инспекциясы Көтерме сауда орталықтары
Құқық қорғау органдары Кадрларды дайындау орталықтары
Лизингтік компаниялар Жәрмеңкелер
Кеден қызметтері Өндірушілердің әртүрлі  ассоциациясы
Тұтынушыны  қорғайтын қоғам Және басқалар

Информация о работе Өндіріс шығындары және фирма табысы