Экономикалық талдаудағы топтастыру әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 08:42, реферат

Описание

Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Гудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді

Содержание

ҚІРІСПЕ

І-бөлім. Нарықтық экономикада қор биржасының қажеттілігі
1.1. Қор биржасының міндеттері
1.2. Қор биржасының мәні
1.3. Қор биржасының қатысушылары

ІІ -бөлім. ҚР қор биржасының жағдайы

2.1. Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
2.2. "Қазақстан қор биржасы" 2011–2013 жылдарға даму стратегиясы


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

жансая.docx

— 120.54 Кб (Скачать документ)

 

2.2 "Қазақстан қор биржасы" 2011–2013 жылдарға даму стратегиясы

 

   "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – Биржа) 2011–2013 жылдарға даму стратегиясы Биржаның аталмыш кезеңдегі негізгі даму бағыттарын анықтап, Биржа өз алдына қойған мақсаттардың тізімін белгілейді.  
 
2011–2013 жылдарға негізгі стратегиялық даму бағыттарын анықтауда, Биржа төменде берілген қағидаларға жүгінеді.

  • Қазақстандық қор нарығын дамыту мемлекет масштабындағы мәселе болып табылады және дамудың негізгі позициялары бойынша барлық уәкілетті мемлекеттік органдар мен қаржылық ұйымдардың, соның ішінде Биржаның, өзара келісімін талап етеді.
  • Биржа қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік мақсаттарды жүзеге асыруға, қаржылық сектордың тұрақтылығын арттыруға, дағдарыстан кейінгі кезеңдегі инвестициялық белсенділікті ынталандыруға, еліміздің қаржылық секторына инвесторлар мен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың сенімін нығайтуға барынша себепші болуды көздейді.
  • Биржа, диверсификациялау және бәсекелеске қабілеттігін арттыру арқылы, экономиканың тұрақты және баланстандырылған өсуінің мемлекеттік стратегиясын жүзеге асыруға, жағымды инвестициялық климатты қалыптастыруға, капитал нарығы арқылы экономикаға инвестициялардың өсуіне, ұлттық қор нарығына қазақстандық "көгілдір фишкаларды" табысты шығаруға барынша себепші болады.
  • Биржа Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының сауда-саттық алаңының операторы болып табылады, оның көздеген мақсаты 2020 жылға дейін азиялық өңірдегі жетекші халықаралық аймақтық қаржы орталықтарының ондығына кіру.
  • Биржа инвесторлық базаның өсуіне, тұрғындардың инвестициялық мәдениетін және қаржылық сауаттылығын арттыруға, еліміздің қор нарығына жинақтарды тартуға себепші болуды көздейді.
  • Биржа өзінің мәртебесін жоғарылатуға және ұлттық сауда-саттық ұйымдастырушысынан аймақтық деңгейдегі халықаралық биржаға өсіп, 2020 жылға дейін азиялық өңірдегі жетекші биржалардың қатарына қосылуға ұмтылады.
  • Тарихи қалыптасқандай, Биржа еліміздің жалғыз және әмбебап қаржылық биржасы болып табылады, еліміздің қаржылық нарығының аса маңызды инфрақұрылымдық интситуттарына жатады және стандартталатын барлық қаржы құралдардың сауда-саттығын ұйымдастыруға ұмтылады.
  • Биржа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ірі акционері болып табылады және осы мәртебесін, қазақстандық қор нарығында есеп айырысудың интеграцияланған және тиімді жүйесін құру мақсатында, әлі де сақтауды көздейді.
  • Биржа коммерциялық ұйым болып табылады, сондықтан қаржылық тұрақтылықты және бизнестің үздіксіздігін сақтай отырып, пайда табысын максимизациялауды мақсат етеді.
  • Биржа, қызметтері Қазақстан қор нарығын дамытуға бағытталған мемлекеттік мекемелермен, жеке ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен біріге отырып, қаржылық секторды дамытуға жұмсалатын күш-жігердің тиімділігі мен келісімділігін арттыру мақсатында, осы күш-жігерлерді біріктіруге ниеттенеді.

Көзқарасы

 
Биржа, Қазақстан қаржы нарығы инфрақұрылымының маңызды элементі бола тұрып, ұлттық капитал нарығына қатысушылардың талаптарына  сәйкес болуға, қаржылық жүйенің тұрақты  дамуына себепші болуға, соның  ішінде мемлекеттің осы бағыттағы  стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға белсенді қатысуға ниеттенеді.  

Миссиясы 

 
Биржа ұсынатын қызметтер тізімін  үнемі кеңейтіп және олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, отандық және шетелдік инвесторлар мен эмитенттерге, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына тартымды сауда-саттық алаңы болуы тиіс.  

Мақсаты

 
2014 жылға дейін Биржа сауда-саттық  ұйымдастырудың халықаралық стандарттарына  сай, отандық және шетел инвесторларына, эмитенттеріне және бағалы қағаздар  нарығына кәсіби қатысушыларына  қаржы құралдарының тартымды  және бәсекелеске қабілетті ұлттық  нарығының замани инфрақұрылымдық  институты, ұлттық экономиканы  қорландыруға арналған тиімді сауда-саттық алаңы болуы тиіс.  

Дамуының негізгі стратегиялық бағыттары

  1. Биржалық нарықтың капиталға айналуын және Биржа айналысындағы бағалы қағадардың өтімділігін көтеру, Биржа көрсететін қызметтер және қаржы құралдар тізімін кеңейту.
  2. Биржа брендін күшейту, оның акцияларының құнын өсіру және халықаралық мойындалуына қол жеткізу мақсатында, Биржа қызметінің барлық аясында халықаралық стандарттарды енгізу.

Міндеттері 

 
Дамуының стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру мақсатында, Бижа өз алдына төменде берілген негізгі міндеттерді қояды. 
 
Листингілік компаниялардың тізімін кеңейту

  • "Самұрық-Қазына" ҰӘАҚ" АҚ Тобы компанияларын Қазақстандағы IPO-ға шығару бойынша Биржа және "Самұрық-Қазына" ҰӨАҚ" АҚ келісілген өзара әрекеттерін активизациялау.
  • Шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарын Биржаға шығару үшін қажетті жағымды жағдайлар жасау үдерісіне белсене қатысу.
  • Негізгі активтері Қазақстанда орналасқан компаниялардың бағалы қағаздарын Биржада орналастыруды ынталандыру.
  • Жаңа листингілік компанияларды тартуға бағытталған және ең үздік шетелдік тәжірибеге негізделген маркетингілік қызметті күшейту.
  • Компаниялармен кері байланысты арттыру арқылы Биржаның листингілік компаниялармен қарым-қатынасын нығайту.
  • Биржалық аукциондарды ұйымдастыру, өткізу және бағалы қағаздардың бастапқы орналастыру кезіндегі процедураларды жетілдіру.
  • Биржа листингіне инфрақұрылымдық облигацияларды енгізу арқылы борыштық бағалы қағаздардың ұлттық нарығын кеңейту және оларды ұйымдастырылған қор нарығында орналастыру үшін жағдай жасау.
  • Биржаның сауда-саттық жүйесі арқылы орналастырылған, листингілік облигациялардың үлесін арттыру үшін жағдай жасау.

Инвесторлық базаны кеңейту

  • Жаңа бөлшектік инвесторларды тарту және инвесторлардың белсенділігін арттыру бойынша Биржа мен "АӨҚО" АҚ күш-жігерлерін біріктіру.
  • Бөлшектік және институциялық инвесторларды оқытуда Биржаның рөлін арттыру.
  • Биржаның өз мүшелеріне қатысты клиенттерге бағытталу қызметін күшейту.
  • Биржаның сауда-саттық алаңына шетел инвесторларының қол жеткізу мүмкіндігіне жағымды жағдайларды қалыптастыру бойынша Биржа мен "АӨҚО" АҚ және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ күш-жігерлерін біріктіру.
  • Шетел ақпараттық провайдерлермен жасалатын индекстер арқылы ұлттық қор нарығын алға бастыру.
  • Инвесторлар мен сауда-саттыққа қатысушылары үшін жағымды жағдайлар қалыптастыруға бағытталған, Биржаның тарифтік саясатын жетілдіру.
  • Қазақстандық бағалы қағаздар нарығында жұмыс істейтін жоғары білікті мамандарды даярлау және қайта даярлау үдерісіндегі Биржа белсенділігін арттыру.

Саудаланатын қаржы құралдарының тізімін ұлғайту және олардың  өтімділігін арттыру.

  • Биржалық маркет-мейкерлер институтын әрі қарай жетілдіру.
  • Туынды қаржы құралдарының биржалық нарығын дамыту.
  • Биржада саудаланатын бағалы қағаздардың (басымдылық – акциялар мен туынды қаржы құралдары) айналымдылығының (өтімділігінің) деңгейін жоғарылату.
  • Шетел валюталарының биржалық нарығын әрі қарай дамытуды қамтамасыз ету.
  • ETF (Exchange-Traded Funds) бағалы қағаздарының Биржадағы айналысына қажетті жағдайлар жасау.
  • Қазақстандағы ұйымдастырылған қор нарығына шетелдік беймемлекеттік бағалы қағаздарды тартуға себептесу.

Биржалық нарықтың айқындылығын арттыру.

  • Бағалы қағаздар эмитенттері беретін ақпараттардың толықтығы мен сапасына қойылатын талаптарды күшейту жағынан, Биржада ақпараттар ашу бойынша халықаралық тәжірибені енгізу.
  • Листингілік компаниялар және/немесе бағалы қағаздарды рұқсат ету бастамашыларымен электрондық құжатайналымы жүйесін енгізу.
  • Ағылшын тілінде ақпарат ашатын эмитенттердің тізімін кеңейту.
  • Биржаның интернет-сайтында бағалы қағаздар эмитенттерінің құжаттар мұрағатын құру және олардың тиімділігін қамтамасыз ету.
  • Аффилиирленген тұлғалар және инсайдерлер туралы ақпараттар ашу бойынша талаптарды енгізу.
  • Нақты уақыт тәртібінде сауда-саттықтар туралы биржалық ақпараттарды ақылы негізде берудің сапасын және сенімділігін арттыру, биржалық ақпараттарды сату көлемін ұлғайту.
  • Инвесторларға және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларына Биржа ұсынатын есептік мәліметтердің сапасын арттыру (нарықтық бағалау, индикаторлар, өтімділік класы).
  • Биржалық ақпаратты мемлекеттік тілде ұсыну.

Инвесторлар мүддесін қорғау деңгейін арттыру.

  • Контрагенттердің тәуекелін бақылау және шектеу мақсатында Биржа мүшелерінің қаржылық жағдайына мониторинг жасау және тәуекелдерін үнемі бағалау жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Биржаның ресми тізіміне бағалы қағаздарды шығарғандағы қаржылық кеңесшілердің (Биржа мүшелерінің) жауапкершілігін арттыру.
  • Облигация ұстаушылар өкілдерінің рөлін арттыру.
  • Ұйымдарға Биржа мойындайтын аудиторлық ұйымдар тізіліміне кіруге рұқсат ету жүйесін жетілдіру, және аудит сапасына мониторинг жасау.

Технологиялық даму

  • Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында тиімді клирингілік жүйесін және халықаралық стандарттарға сай есеп айырысудың замани жүйесін енгізу.
  • Биржаның бағдарламалық-техникалық кешенін, соның ішінде сауда-саттық жүйесі мен сауда-саттықтан кейінгі инфрақұрылымын, өнімділігі, сенімділігі, функционалдығы, интерфейсі, масштабталуы және мэтчингінің замани деңгейін қамтамасыз етуімен, модернизациялау.
  • Биржа қызметінің үздіксіздігін және мәліметтерді қорғау жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету.

Халықаралық ынтымақтастық

  • Халықаралық қаржы ұйымдарымен және шетел биржаларымен ынтымақтастық аясын кеңейтіп, ұзақмерзімді серіктестік қатынастарды орнату.
  • Әлемдік биржалар федерациясына толық мүшелік алу (WFE).
  • Биржалық ақпараттарды, Қаржылық ақпараттарды таратушылары және тұтынушыларының халықаралық Ассоциациясы (FISD) нұсқаған, стандарттарға сәйкес тарату.

Корпоративтік құрылым және басқаруды жетілдіру.

  • Биржаның стратегиялық мақсаттары мен дамуының негізгі бағыттарына сәйкес, биржалық топтың оңтайландырылған құрылымын қалыптастыру.
  • Қаржылық тұрақтылықты, Биржаның даму тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның бәсекелеске қабілеттілігін арттыру.
  • Биржалық топтың қызметіне корпоративтік басқарудың халықаралық стандарттарын әрі қарай енгізу.
  • Биржаның бизнес-үдерістерін ұйымдастыру жүйесін жетілдіру, Биржа қызметінің ортамерзімдік бизнес-жоспарлау жүйесін енгізу.
  • Ұлттық және халықаралық деңгейде тартымды Биржа брендін қалыптастыру.
  • Стратегиялық мақсаттарға, жұмыс тиімділігінің көрсеткіштеріне және Биржаның қаржылық тұрақтылығына қол жеткізуге байланыстырылған, кадрлық саясатты және персоналды басқару жүйесін дамыту, еңбекті бағалаудың адекватты жүйесін енгізу.
  • Биржаның ақпараттық, инвестициялық, есептік және дивиденділік саясаттарын жетілдіру.

Стратегия Биржалық кеңестің 2011 жылдың 24 ақпанындағы № 3 шешімімен бекітілді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

   Қор биржасының өзінің сатылатын және сатып алынатын акциялардың бағасын белгілеуге тікелей қатысы жоқ.  Оларды нарық белгілейді. Бағалар сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады. Бірақ биржада нарықтық бағаларды айқындау үшін арнайы жағдайлар жасалған. Сатып алушылар қай жерде болса да және қашан болса да тауарды мүмкіндігінше арзанырақ сатып алуға, ал сатушылар – мүмкіндігінше қымбатырақ сатуға тырысады. Қор биржасы – нарықтардың барлығының ішіндегі ең серпінді нарық. Биржа сұраныс пен ұсыныстың өзара еркін әрекеттесуі үшін барлық кедергілерді жоюға тырысады. Биржадағы мәмілені жасаған сәтте, бағалардың арасалмағы сатушы мен сатып алушы үшін ең оңтайлы болатындай етіп жасауға болады.

   Егер сатушы акцияларды ең жоғары бағаға сатса, бұл сатушыға пайдалы болар еді де, бірақ сатып алушы үшін пайдасыз болар еді. Егер сатып алушы акцияларды ең төмен бағаға сатып алса, бұл оған пайдалы болар еді де, бірақ сатушы үшін мүлде пайдасыз болар еді. Бұл орайда, әрине, әңгіме жоғары және төмен бағалардың ақылға қонымды шектері туралы айтылып отыр. Себебі, биржаға нарықтың беталысымен мүлде мөлшерлес келмейтін, ақылға сыймайтын төмен немесе жоғары бағаға сатып алу немесе сату ниетімен шығатын болса, бұл сұраныс та емес, ұсыныс та емес. Бұл әншейін орындалмас қиял ғана, салиқалы инвесторлар ондай қиялдарға жол бере алмайды.

   Оңтайлы бағалар  туралы мәселеге оралатын болсақ, биржада мәміле жасаудың бағасы  – бұл сатушы үшін мәміле  жасалған сәттегі мүмкіндігінше  оңтайлы жоғары сату бағасы, ал  сатып алушы үшін – мүмкіндігінше  оңтайлы төмен сатып алу бағасы. Кәдімгі базарда сіз өзіңізге  керекті тауар арзанырақ сатылатын  жерді байқамай өтіп кетуіңіз  мүмкін. Биржада бұлай болуы мүмкін  емес. 
   

   Жоғарыда  айтылғандарды қорытындылай келе қазіргі таңда Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамымағандығынан қор биржаларының біздің елде дамымағандығын байқаймыз. Біз айтып өткен фьючерстік сауда бізде атымен жоқ. Ал тауарлар биржасы да осындай халде. Трейдерлер (дилер) ұғымын екінің бірі естімеген де. Яғни нарықтық экономикаға көшуде біздің реформалардың ішінде жіберілген қатесі осы қор биржаларының дәйекті дамымауы деп айту орынды. Бұл қорытындыға қарап қор биржаларын оқып үйренудің қажеті аз деген ұғым тумаса керек, қайта алдын ала қор биржаларынан хабардар болып олардың нарықтық экономикадағы рольдерінің үлкен екеніне назар аударуымыз керек. Алдымызда қор биржаларының өркениетті нарығы қалыптасатынына сенімдімін.  

 
 

ҚОЛАДНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  

Информация о работе Экономикалық талдаудағы топтастыру әдісі