Экономикалық талдаудағы топтастыру әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 08:42, реферат

Описание

Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Гудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді

Содержание

ҚІРІСПЕ

І-бөлім. Нарықтық экономикада қор биржасының қажеттілігі
1.1. Қор биржасының міндеттері
1.2. Қор биржасының мәні
1.3. Қор биржасының қатысушылары

ІІ -бөлім. ҚР қор биржасының жағдайы

2.1. Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
2.2. "Қазақстан қор биржасы" 2011–2013 жылдарға даму стратегиясы


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

жансая.docx

— 120.54 Кб (Скачать документ)

 

Тұрар  Рысқұлов  атындағы  Қазақ экономикалық  университеті Казахский экономический университет им Т. Рыскулова




 

 

«Қаржы» факультеті

 

СОӨЖ

Тақырыбы: ҚР қор биржасының жағдайы

 

Пәннің атауы: «БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ»

                                          Мамандық: «Қаржы» 2 курс 3 жылдық

                                                   Оқыту нысаны: кешкі

              Орындаған Сазанова Ж.Б

 

                                

 

 

 

 

 

 

Алматы 2012 жыл

 

 

 

Жоспар:

 

 

ҚІРІСПЕ

 

І-бөлім. Нарықтық экономикада қор биржасының қажеттілігі  

1.1. Қор биржасының міндеттері  
1.2. Қор биржасының мәні  
1.3. Қор биржасының қатысушылары

 

ІІ -бөлім. ҚР қор  биржасының жағдайы

 
2.1. Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы

2.2. "Қазақстан қор биржасы" 2011–2013 жылдарға даму стратегиясы 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 
  
  
  
  
  
  

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ 

 

 

     Бағалы  қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Гудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар бағалы қағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда. XVI—XVII ғғ, Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.      

Ал  бұл бағалы қағаздарды саудалайтын  орынды биржа деп атайды. Біздің елдегі биржалар 1991 жылдары дүниеге  келіп біршама оң нәтижелер берген болатын, кейін бірте-бірте олардың ауқымы тарылып дәл қазір бар болғаны екі биржа ғана қалды. Ал бағалы қағаздар нарығы дамымай отыр. Тек қана Үкіметтің бағалы қағаздарымен саудалар жүреді де қояды. Келешекте олар дамып біздер акциялар сатып алып, дивидендтер алып жүретін шығармыз деп ойлаймын.

   Мемлекеттің биржалық сауданы ұйымдастыру есебінен алған үлкен экономикалық пайдасы ішкі және сыртқы сауданы, тауар биржаларының қызметін реттейтін бірнеше заң актілерінің қабылдауға маңызды фактор болды. Шындығына келгенде объективті нарықтық баға нақ осы биржада қалыптасады, тек биржа ғана ауыл шаруашылық өнімдері, сондай-ақ кейбір өнеркәсіптік тауарлар рыногында бизнеспен айналысатындардың бәріне қалыптасқан жағдайда еркін және дер кезінде бағдар ұстауға мүмкіндік береді. Сол тоқсаныншы жылдары биржалардың облыстарға жанар-жағармай, газ, құрылыс материалдарын, машиналар мен құрал-жабдықты, азық-түлікті адал бәсекелестік пен еркін баға белгілеу шарттарымен орталықтандырылған түрде беруге нақты мүмкіндіктері болды. Мұның өзі сатып алу бағасын төмендетуге ықпал етті. Сол кезеңде Қазақстан биржалары алдында биржа ісін ұйымдастыруда, биржалардың пәрменді бірлестіктерін құруда қол жеткен шептерді сақтап қалу міндеті тұрды. Олар өздері бірігіп Қазақстанның биржа одағын құрды.

 

 

 

 І-бөлім. Нарықтық экономикада қор биржасының қажеттілігі  

1.1. Қор  биржасының міндеттері  
     

Бағалы  қағаздардың екінші реттегі нарығының  қайнаған ортасы қор биржасы белгілі  бір сипатта ұйымдастырылып, мұнда  бағалы қағаздарды сатып алу, сату ісі  жүреді. Бұл биржалардың  пайда болуы нарықтық қатынастардың дамуының объективті салдары. Мұндай институттардың өмірге келуі ішкі зат, ауыл шаруашылығы тауарлары, соңынан бағалы қағаздарды сатудың ұлғаюымен түсіндіріледі. Аталған тауарлардың белгілі  ерекшеліктері бұлардың биржалық тауарға ауысуын сипаттайды. Белгілі бір ережелермен сипатталатын ұйымдық құрылымы саудаласу,  нақты  сату, тауарды  көрсетпей-ақ  жүргізуге  мүмкіндік  береді.

Биржа мынадай қызметтер  атқарады:  

- құнды қағаздарды сатып алушы  мен сатушыларды  кездестіреді;

- құнды қағаздар курсын тіркейді;

- акция түрлерімен облигацияларға  инвестордың қатынастарын жинақтайды;

- бағалы қағаздарды тікелей сату  мен сатып алу жүретін орнын  белгілейді. Капиталдың бір саладан  (кәсіпорыннан) басқа салаға ауысуының   механизмін  зерттейді.

   Бүкіл елдің және жекелеген салаларының  іскерлік белсенділігінің экономикалық барометрі саналатын биржалар экономиканың құрылымдық бағытын қайта бағалауға  көмектеседі. Биржаны акционерлік  қоғам ретінде, яғни жеке кәсіпкерлік  шарт бойынша немесе мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдастыруға болады. Бірінші жағдайда олар акционерлер меншігінде, екіншісінде мемлекеттік меншігі, оның жұмысы жарғы негізінде жүреді. Мұнда биржаны ұйымдастырумен қызметі анықталады, мүшелерді, оларды қабылдау белгіленеді. Биржаны биржа комитеті басқарады.      

Қор биржасы дегеніміз - бағалы қағаздар /акция, облигация/ сатылатын және сатып алатын, өзінінің тұрақты орыны мен жұмыс уақыты бар, қатаң белгіленген тәртіппен тұрақты түрде әрекет жасайтын қаржы мекемесі. Қор биржасы, негізіне шығарылған және айналыста жүрген қағаздарды қайта сататын екінші кезектегі бағалы қағаздар нарығына қызмет етеді. Биржаға биржа коммерциясының мұқият тексеруінен /экспертиза/ өтетін бірінші класты бағалы қағаздар жіберіледі.     

Нарықты экономиясының маңызды  элементі бола тұра, қор биржасы  бағалы қағаздарды сату арқылы уақытша  бос ақша құралдарын жинақтап таратуға мүмкіндік жасайды. Биржада бағалы қағаздарды сатып алу - сату биржалық курс негізінде жүзеге асырылады. Биржалық курс - бұл қор биржасында айналыста  жүрген бағалы қағаздардың сатылу бағасы. Биржалық курс дивидендтің шамасынан  тікелей тәуелділікте, ал қарыз процентінен  кері  тәуелділікте  болады. Оны мына формула түрінде көрсетуге болады:     

Ан = 100%      

Бұңда,       Ан    -акция нарқы немесе биржалық курс                      

 Д   -  дивиденд                       

 КП    - қарыз проценті.       

 Бұл формуланың экономикалық  мағынасы мынада: егер акцияны сатып алушы банкте дивидендіне тең кіріс алғысы келсе,  банкте  акция нарқына тең сома салуына тура келер еді.     

Мысалы, акцияның ең төменгі (номинальды) бағасы 100 теңге делік. Ал оған алынатын дивидендтің  шамасы - 10 теңге. Қарыз  процентінің шамасы - 5 процент. Онда акцияның нарқы немесе сатылу  бағасы 200 теңге /A = 10 : 5 ∙ 100% болады. Басқаша айтқанда,   биржалық курс соғұрлым жоғары болады, неғұрлым акционерлік кәсіпорынның табыстылығы /рентабельділігі/ жоғары болса. Қарапайым акцияның биржалық курсы облигацияның және артықшылықтарымен пайдаланылатын акциялардың курсына жоғары болады, себебі - ол акциялар бойынша табыстың шамасы алдын-ала белгіленбейді, сондықтан олар коньюктуралық ауытқуларға сезімтал келеді. Тіркелген биржалық курс биржа бюллетеньдерінде жарияланады және мерзімді баспасөзде қайта басылып отырады.     

Бағалы қағаздар курсы қозғалысының ең белгілі қорытынды көрсеткіші Доу-Джонс индексі болып табылады. Ол XIX ғасырдың аяғынан бері "Доу-Джонс энд компани" фирмасы жариялап келе жатқан, АҚШ-тың бір топ аса іpi компанияларының акциялар курсының орташа көрсеткіші. Берілген индекс, Нью-Йорк қор биржасының жабылу кезеңіндегі белгілі бір компаниялар тобының (30 өнеркәсіп компаниялары, 15 қоғамдық пайдалану кәсіпорындары, 20 теміржол компаниялары және барлық 65 корпорацияның жалпы орташа көрсеткіші) арифметикалық орташа көрсеткіші түрінде көрінеді. Осындай орташа алты облигациялар тобында да есепке алынады.      

Қазіргі кезде 60 –тан астам  елде 200-ге жуық қор биржалары бар. Cолтүстік Америкада - 15 биржа (Канаданың 5 биржасын қосқанда), Европада - 100-ден астам,  Орталық жене Оңтүстік Америкада - 20 биржа бар, ал басқалары Африка, Азия мен Австралияда. Әрбір өндірісі дамыған елде кем дегенде бір қор биржасы бар. Дүниежүзіндегі 14 іpi биржалардың алтауы америкадағы биржалар болып табылады (1-кесте). Біздің елімізде қор биржаларын құру процесі жаңа ғана басталып жатыр.      

1-кесте. Дүние жүзіндегі  ірі қор биржалары

Биржалар

Млн. доллар

Нью-Йорк

1923,2

Токио

392,3

Орталық-Батыстық (АҚШ)

79,1

Лондон

76,4

Осако

61,8

Тынық мұхит

36,8

Торонто

31,7

Америка

26,7

Амстердам

20,0

Париж

19,8

Филадельфия

17,9

Бостон

14,4

Стокгольм

10,8

Монреаль

7,5


 

      

Жалпылама тілде айтар болсақ биржаны үлкен  тоғанға теңеуге болады. Ал тоғанға  әртүрлі жақтан сулар ағып келеді, яғни мұнымен қаражаттарды көзге  елестетеміз. Ал тоғаннан ағытылған  су әр бағытта ағады, яғни мұныңыз өндірістің әр саласы немесе сол саладағы компания деп топшылаймыз. Қор биржасының осы тоғанның байлауларын (шлюздерін) ашатын су мұраптары олар брокерлер. Иә, мен қор биржасын осылайша түсінемін.      

Осы қор биржасында істейтін кейбір компаниялар сауда саттықтың қандай бағытта жиі болатынын және қай шамада баға белгіленетінін біліп байиды. Олардың қатарына «Квантум» хеджер қоры бар атақты бай адам Соросты жатқызуға болады.  Немесе әлемдегі байлығы екінші орында болып келе жатқан Уоррен Баффетті атауға болады. Біздің елде оқта текте «Қазақмыс» корпорациясының бағалы қағаздары немесе «Казцинк» бағалы қағаздары сатылып жатады, бірақ бұл сирек әрі біз бақылай алатындай жайда емес. Қор биржалары бізде эмбриональдық күйде десек қателесе де қоймаймыз.   

Қор биржасының міндеттері:      

1. Құнды қағаздар саудасын өткізетін орынды ұйымдастыру, яғни орталықтандыру.      

Биржаның қатысушылары сауданың жүйесін және биржадағы көрсетілген  ережелерді сақтауға міндетті.     

Биржа тек қана биржадағы сауданы жүргізе білетін емес, сонымен қатар биржа қызметтерінің тиімді орындалуын қамтамасыз ете алатын жоғары мамандырылған персоналды қамту керек.     

2. Бірқалыпты биржалық бағаны қалыптастыру. Қатысушылар биржада сауда шарттарымен келісу үшін және оны талдау үшін ғана емес, сондай-ақ құнды қағаздардың тиімді бағасын қалыптастыру үшін жиналады.      

Биржа сонымен қатар биржалық саудасы процесінде белгіленген бағаның анықтылығын, сенімді болуын қамтамасыз етеді.     

Көрсетілген міндеттерді  жүзеге асыру үшін биржа эмитент  пен оның құнды қағаздары туралы баға белгілеу шартын стандарттауы, ақпарат құралымдарын пайдалануы ақпараттардың ашық болуын қамтамасыз етеді,     

3.    Уақытша бос ақша қаражаттарының аккумуляциясы және меншік құқығын беру.      

Биржа құнды қағаз сатып  алушыларын тарта отырып эмитенттерге өзінің қаржылық міндеттіліктерінің орнына оларға инвестицияға керекті қаржыларды алуға жағдай жасайды, яғни бір жағынан жаңа қаражаттардың облигациясына бір жағынан меншік иелерін кеңейтуге жағдай жасайды.     

4. Биржа саудасының ашық болуын және жариялығын қамтамасыз ету.     

Биржа орталықтанған биржалық ақпараттың таралуына жауап береді.     

Сонымен қатар ол айналымдағы  құнды қағаздардың курсына әсер ететін үкіметтің кез келген шешімдерін алуға және түсініктеме беруі керек.     

5.   Арбитражбен қамтамасыз ету      

Арбитраж — бұл дауларды кедергісіз шешу механизмі. Бұл міндетгі шешу үшін биржа, арбитраж комиссиясын құрады. Оның құрамына биржалық сауданы жүргізу және дауларды шешуде тәжірибелері бар тәуелсіз тұлғалар кіреді.     

6. Биржа заңында бекітілген келісім шарттардың орындалуын қамтамасыз ету.     

Бұл міндеттерді орындау  ондағы айналымдағы құнды қағаздардың сеніміділігін нығайтады.     

Биржа айналымына листингтен өткен, талаптарға сай келетін құнды қағаздар жіберіледі. Осы міндеттерді орындай отырып биржа есеп айырысу кезінде делдалдық қызмет атқарады.     

7. Биржа саудасына қатысушылардың тәртібі кодексін этикалық стандарттарын реттеу.     

Бұл міндеттерді орындау үшін арнайы келісімшарт қабылданады. Бұл спецификалық сөздерді қолдануын және олардың қатаң қолдануын қадағалау жария етіледі, яғни, сауда орны мен тәсілі белгіленеді (биржалық зал, терминал, экран, телефон) сонымен қатар келісімдер жасалатын уақыт аралығы және саудаға қатысушыларға белгілі бір квалификациялық талаптар қойылады. Биржа өңделген стандарттармен тәртіп кодексін қадағалап айыппұл санкцияларын қолдануы керек.

1.2. Қор биржасының мәні     

Бағалы  қағаздардың екінші реттегі рыногының  қайнаған ортасы қор биржасы. Қор биржасы белгілі бір сипатта ұйымдастырылып, мұнда бағалы қағаздарды сатып алу, сату ісі жүреді. Бұл биржаның пайда болуы нарықтық қатынастардың дамуының объективті салдары. Мұндай институттардың өмірге келуі шикізат, ауыл шаруашылығы тауарлары, соңынан бағалы қағаздарды сатудың ұлғаюымен түсіндіріледі. Аталған тауарлардың белгілі ерекшеліктері бұлардың биржалық тауарларға ауысуын сипаттайды.     

Информация о работе Экономикалық талдаудағы топтастыру әдісі