Халықаралық валюта жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 12:56, курсовая работа

Описание

Дүниежүзілік қаржы нарығында валюта нарығындағы операциялардың рөлі аса маңызды болып келеді. Осы жағдай ұлттық қаржы нарығы либерализациясы шарттарына сай ірі капитал құйылымдарына байланысты орнады. Валюталық нарық қаржы нарығының ең ірі сегменті болып табылады. Мұндағы орташа жылдық операциялар көлемі жылына 1,0- 1,3 трлн долларды құрайды. Сондықтан, валюта нарығының құрылымын, жұмысын білу - онда жүргізілетін опеациялардың, компнаияның халықаралық нарықтағы іс-әрекетінің табыстылығының кепілі болып табылады.

Содержание

Кіріспе

I-бөлім Валюта нарығы. Валюта динамикасы
1.1.Валюта және оның түрлері. Валюта курсы
1.2.Валюта нарығының мәні: түрлері, дамуы
1.3Қазақстан Республикасының валютасы
II-бөлім Халықаралық валюта жүйесі
2.1.Халықаралық валюта жүйесінің эволюциясы
2.2.Халықаралық валюта жүйесінің мәні, түрлері,
элементтер
2.3. Халықаралық валюта жүйесіндегі халықаралық
қаржы ұйымдарының рөлі

Қорытынды
3 Валютаны реттеу
3.1 Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен үдістері
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Валюта1.doc

— 161.50 Кб (Скачать документ)

  Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлар мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтер үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлер және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұғалардан туындайды.

  Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық  капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.

  Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда - саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:

-                     шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшеюі;

-                     байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;

-                     әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;

-                     банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;

-                     коммерциялық валюталық мәмілелерімен салыстырғанда алыпсатарлық және арбитраждық валюталық  мәмілелер көлемін ұлғайту.                                                                  

  Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.

  Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.

  Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б. бар.

  Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін ) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады.

   Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық нарық «қара нарықпен» толықтырылуы мүмкін. «Қара нарықтың» болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы, пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып,  көше нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәнижесінде «қара нарықтың» әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.

  Институтциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер, банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын білдіреді.

  Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің операцияларын ірі коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады.  Валюталық нарықтардағы валюталық мәмілелердің 95 % дейін банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді.  Мұндай сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік береді.

  Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе девиздік  банктер деп аталады.

  Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға  қатысу дәрежесі көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б байланыс жүйелерінің жағдайына, банк саясатына байланысты.

    Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі, бірақ кейбір елдерде Орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін валюталық биржалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда жүргізіледі.

  Дүниежүзілік тек өте ірі банктерінде валюталық департаменттер және валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар, өз клиенттерінің тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта жұмыс жасайтын банктерге, өздерінің клиенттері мен банк арасындағы  делдалдық рольді жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар банктік қызметкер болса жеткілікті.

  Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланған банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі, үш валюталармен операциялар жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.

  Брокерлік фирмалар 30 % жуық валюталық операцияларға қызмет етеді және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екі банкінің арасында - валюталарды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал ролінде де жүреді.

  Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір миллион доллар үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірибедегідей сатып алушы мен сатушы тең бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге төленіп отырады.

  Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк - клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы мыналар: котировка процесінің үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез - келген бағамен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандағы құпиялық және өз бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындағы іскерлік ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім және сыйластық болғанда ғана мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады.

  Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиенттердің  есебінен де, сондай-ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады. Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалай белгілер түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формасында – шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта түрінде болады.

  Аударым – бұл басқа елдегі банк - корреспондентіне өзінің клиентінің өтініші бойынша және оның есебінен телеграфтық немесе пошталық аударым негізінде белгілі бір ақша сомасы шетелдік алушыға төлеу туралы банктің бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлттық  валютаға шетел валютасын сатады және шетел валютасын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау барысында есеп айырысу жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы қорғауға кепіл береді.

  Банктік чек – шетелдік банк - корреспондентке чекті ұстаушының ағымдық шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің жазбаша бұйрығы. Экспортер, ондай чекті ала отырып, оны өзінің банкіне сатады.

  Банктік вексель – осы елдің банктің шетелдік банк корреспондетке берген траттасы (аудармалы вексель). Импортерлер өздерінің банктерінен бұл вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне                           (несие берушілеріне) жіберу арқылы өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің корреспондентінің шотын қажетті валюталық қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады.

  Несиелік айналыс құралдары халықаралық төлем айналымынан алтын мен  шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердің арасында корреспонденттік қатынастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы корреспонденттік шоттарды жүргізу тәжірибелерінің таралуына қатты ықпал етті. Бұл өз кезегінде операцияларды қолма - қолсыз түрде жүргізуге, есеп айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.

   Халықаралық есеп айырысулардың сызбалы механизімін былай беруге болады: тауарды экспорттаушы сатқан тауары үшін импорттаушыдан алған шетел валютасына жататын чек, аударым және басқа да төлем құжаттарын өз елінде коммерциялық банкіге сата отырып, оның орнына экспорттық өндіріс үшін қажетті ұлттық валютаны алады. Коммерциялық банк өзінің шетелдегі банк - корреспондентіне бұл төлем құжаттарды жібереді де төлеушілер мен борышқорлардан, жіберілген құжаттар бойынша валюталық қаражаттарды төлеуін талап етеді. Алынған шетел валютасындағы соманы шетел банкі экспортер банкінің корреспонденттік шотына түсіреді. Халықаралық есеп айырысулардың осындай механизмі қолма - қол ақшаны пайдаланусыз,  қарама - қарсы талаптарды өзара есепке алу жолымен банк – корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық операциялары бойынша барлық есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

1.3 Қазақстан Республикасының валютасы

 

Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір - ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді.

Теңгенің - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды.

Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары мынадай номиналдардан тұрды:

–        1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар;

–        1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар;

–        1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар ( бастапқыда қағаздан жасалған).

Кейіннен айналысқа :

–        1994 жылы 1993 жылғы номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар ;

–        1995 жылы 1994 жылғы номиналы 1000 теңгелік банкноттар ;

–        1996 жылы 1996 жылғы номиналы 2000 теңгелік банкноттар;

–        1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);

–        1999 жылы 1998 жылғы номиналы 5000 теңгелік банкноттар;

–        2000 жылы 1999 жылғы номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар :

–        2000 жылғы номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар ( дизайны өзгертілген );

–        2001 жылғы номиналы 100 теңгелік банкноттар;

–        Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар ;

–        2003 жылғы номиналы 100 теңгелік банкноттар;

–        1999 жылғы номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар шығарылды:

–        2003 жылғы номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.

 

Республикада ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және ескерткіш монеталар да қолданылады . Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие , бірақ олар негізінен мәдени - ағарту мақсатында шығарылған . Әдеттегідей , олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

         2 Халықаралық валюта жүйесі

 

 

2.1 Халықаралық валюта жүйесінің эволюциясы

 

Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде құрылып, 1867жылы басшы елдердің өкілдері қатынасқан Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсімделді.

     Екінші дүниежүзілік валюта жүйесі 1922 жылы Генуя халықаралық экономикалық конференциясында қатысушы мемлекеттердің  рәсімделді. Бұл Генуя валюта жүйесі конференцияда келісімге келуші  30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын дивизді стандартқа негізделіп құрылды. Ол дивиздің принципі бойынша банкноталар алтынға емес вексельге және чекке, яғни дивиздерге айырбасталады.

  Девиз деген кез-келген формадағы шетел валютасы.

  Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі  1944 жылы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-ның Бреттон - Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды. Сонымен бірге алғашқы рет резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітіледі.

  Төртінші (қазіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында ХВҚ-ға мүше мемлекеттердің Кингстонда (Ямайка) қол қойған келісімімен дүниеге келіп, Ямайка валюта жүйесі деп аталды.

  Ямайка валюта жүйесінің бұрынғы жүйеден айырмашылығы:

-                     алтын өзінің монетарлық қызмет атқаруын тоқтатты, яғни енді бірде-бір валютаның құрамында алтын жоқ: ХВҚ-ң өзгерген жарғысына сәйкес алтын құн өлшемі ретінде және валюта бағамын есептеуге де қолданбауы тиіс. Сөйтіп алтын паритетінің, алтынның  ресми бағасының, шетел орталық банктері мен үкімет орындары үшін американдық қазынашылықтың долларлық резервтерді алтынға айырбастауы жойылғандығы заңмен бекітілді.

Информация о работе Халықаралық валюта жүйесі